Қазақстан Тәуелсіз ел болғаннан кейін, ондағы әскери шендердің бар



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.03.2017
өлшемі3,15 Mb.
#9886
1   2   3   4   5   6

ететін күрделі жұмыс. Ел мен 

елді, жер мен жерді жалғап жат-

қан тақтайдай жол болса, қа-

рым-қатынас оңайлап, тауар 

арзан дап, қарапайым адамдар 

үшін на ғыз қолайлы жағдай 

жасалар еді. Алайда Батыс 

Қазақстан облы сы үшін дәл осы 

жол мәсе лесі күрмеуі қиын түйін 

болғалы қа шан?!

GSM Қазақстан/ Kcell 

компаниясы қалың 

бұқараның ұялы 

байланысқа 

қолжетімділігін арттыруға 

мүдделі. Компания 

басшылары бұл тек 

қызмет көрсету сапасын 

жақсарту емес, оған қоса 

бағаны арзандату екенін 

де жақсы түсінеді. 

Сондықтан осы бағыттағы 

жұмысын әрмен қарай 

жалғастырады. Онысын 

өзіміз де көріп жүрміз: 

соңғы жылдары GSM 

Қазақстан/ Kcell ұялы 

байланыс пен интернет 

қызметінің бағасын бірте-

бірте төмендету 

шараларын жүзеге 

асыруда. 

Қаржы қазынаға 

түспей ме?

СА

ЛЫҚ



Биыл бюджет алдындағы салық төлеу-

ші лердің жалпы қарызы 1 млрд 683 млн 

теңгеге жетіп отыр. Сала өкілдері бұл 

олқылықтың орнын толтыру үшін 25 мау-

сымға дейін бизнес өкілдері мен заңды 

тұл ғалардың салық органдары алдындағы 

қарыздарын айыппұлсыз қабылдады. Осы 

мерзімге дейін қарыздарын жапқандарға 

ешқандай қосымша үстеме айыппұл 

салынбаған. Сондықтан мүмкіндікті жеке 

кә сіп керлер, тұрғындар тиімді пайдала ну-

лары, ол үшін әрбір азамат осы уақытқа 

де йін өзінің төлеген салықтарын тағы бір 

тек серуден өткізулері тиіс. 



Семейбек ҚАЛЖАНОВ, өндіріп алу 

бөлімінің бастығы:

– Көбінесе қателіктерді жеке кәсіп-

керлер жібереді. Олардың арасында заңды 

тұлғалар да бар. Кейбір кезде консалтингтік 

компаниялар кесірінен болып жатады. 

Есепшілер де ондай олқылықтарды жіберуі 

мүмкін. Құжаттар дұрыс толтырылмайды. 

Қарапайым қателіктер: тиісті жолды толтыр-

майды, басқа жерге жазылады. Соның бар-

 лығы қателік болып шығып, төленген са лық 

есепке алынбайды. Қарыз пайда бола ды. 

Роллан КЕМЕРБАЙ, 

Семей 

Семей өңірінде жеке кәсіп-

керлер мен заңды тұлғалардың 

салық органдары алдында 

қарыз дары көбейген. «Қарыз-

дың көпшілігі тұрғындардың 

са лық төлеу кезіндегі сал ғырт-

тығынан туындайды» дейді 

ма мандар. Көп жағдайда тө лем 

құжаттарының үлгілерін толты-

ру, есепшоттарды жазу кезінде 

кеткен қателіктерден құйылған 

қаржы қазынаға түспей қалуы 

мүмкін. Сондықтан жеке және 

заңды тұлғалар салықтың дұрыс 

аударылғандығын мұқият 

тексеріп отырулары тиіс. 

Болатбек МҰХТАРОВ

100-дiк банкнотында үш өл-

шемдi қорғаныш жолағы мен 

сиясауыттағы қоңырау бей не-

ленген. Жаңа ақшаның бұл 

қор ғанышы арқылы оның түп-

нұс қалығын оңай анықтауға 

бо лады. Купюраны еңкейткен 

кез де үш өлшемдi көк қорға-

ныш жолағында бiр-бiрiне 

жыл житын және өзгеретiн қо-

ңыраулар мен 100 санының 

су реттерi көрiнедi. Сондай-ақ 

банк нотты еңкейткенде, сия-

сауыт тағы жез түстi қоңырау 

жа сыл түске өзгередi. 



Ел экономикасының жартыжылдық қорытындыларын 

шығарған сейсенбілік Үкімет отырысында ҚР экономикалық 

даму және сауда министрі Жанар Айтжанова ішкі жалпы 

өнім 8 пайызға өскенін мәлімдеген болатын. «Бірінші 

жартыжылдықтың қорытындысы Қазақстан экономикасы 

даму траекториясына шықты деп айтуға мүмкіндік береді. 

Алдын ала бағалау бойынша есептік кезеңде ІЖӨ өсуі 8%-ды 

құрады», – деген еді сонда министр. Алайда өткен жылдың 

қорытындысы бойынша ІЖӨ 1,1 пайызды ғана құрағанын және 

сол кезде Үкімет басшысының экономика өсімі 7 пайыздан асса, 

«жасанды түрде тежейміз, өйткені ол қауіпті» дегенін білетін 

көзіқарақты жұрттың көкейінде осыған байланысты сауал 

туындайтыны белгілі. 

Айбын БАҚЫТҰЛЫ

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№126 (352) 29.07.2010 жыл, бейсенбі          



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



БЕЙТАРАП ПІКІР

Ким СЕРІКБАЕВ, 

әскер ғылымының профессоры, запастағы полковник:

– Әрине, шендерді ұлттық нақышқа сай өзгерткеніміз дұрыс. 

Жас тардың рухын көтеру үшін ата-баба дәстүрлеріндегі рух бе-

ре тін, күш беретін символикалық нышандардың болғаны жақ-

сы-ақ. Бірақ бұған өте мұқият қарап, терең зерттеуіміз керек. 

Қа зір бірден шендерді өзгертіп тастайтын болсақ, көпші лік тің 

ара сында түсінбеушілік пайда болады. Сондықтан мұны ақылмен 

ше шіп, бірте-бірте енгізгеннен ұтарымыз көп болатыны сөзсіз.

Дайындаған Серік ЖҰМАБАЕВ

Ғылыми қалашықтар құрмайынша, индустриялық-инновациялық дамуға қол жеткізе аламыз ба?



Ғарифолла 

ЕСІМ, 

сенатор:

Атамұрат 

ШӘМЕНОВ, 

экономика 

ғылымының 

докторы, 

профессор:

Мұрат 

ЖҰРЫНОВ, 

ҰҒА президенті:

? А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Ғылыми қалашықтар салуды кез келген елдің әлеуеті көтере бермейді. 

Мұндай қалашықтар, негізінен, кеңестік кезеңде көптеп салынды. Кеңес 

Одағының экономикалық күш-қуаты жағынан әлемдік державалардың 

санатында болғанын жақсы білеміз. Ресейдің Мәскеу облысында Пущино-

на-Оке ғылыми қалашығында алты бірдей биологиялық ғылыми зерттеу 

институты орналасты. Осындай бірнеше қалашыққа КСРО-ның заңды 

мұрагері Ресей ие болып қалды. Әрине, ғалымдарға жағдай жасап, барлық 

инфрақұры лымдарды бір ортаға шоғырландырған дұрыс. Қалашықтар 

салуға да біраз уақыт керек. 

Сондықтан біз көштен қалмас үшін индустриялық-инновациялық 

бағдарламамызды жүзеге асыра беруіміз қажет. Өскемендегі Шығыс 

Қазақстан техникалық университеті жергілікті ғылыми зерттеу орындарымен 

және зауыттармен бірігіп, үлкен технопарк құрды. Қазір өте жақсы жұмыс 

істеп жатыр. Міне, осылай университеттер мен ғылыми зерттеу орталықтарын 

біріктіруіміз қажет. 

– Ғылыми қалашықтар салу өткеннің ісі деп түсінемін. 

Президенттің өзі ғылыми орталықтарды білікті универ-

ситеттердің маңына топтастыруды айтып жүр. Осы 

бастаманы жүзеге асырсақ, ұтылмаймыз деп ойлаймын. 

Алғашқы тәжірибе ретінде Астанадағы Назарбаев 

университетін ашып жатырмыз. Міне, осы орталықта 

білім мен ғылым ұштаспақ. Осындай оқу орындарын 

облыс орталықтарынан ашу жекелеген қалашықтар сал-

ғаннан тиімдірек болады. Себебі арнайы ғылыми қала-

шықтар салу уақытты да, қаржыны да көптеп қажет етеді. 

Сондықтан заманауи үлгідегі әмбебап университеттерді 

ашуды қолға алып, соларды кеңінен насихаттауымыз 

керек. 

– Өте жақсы ұсыныс екен. Бұл – шетелдерде бар тәжірибе. 



Англияның Манчестер қаласында бір ғана университеттің 

маңына зерттеу орталықтары мен инфрақұрылымдары 

орналастырылған. Қаланың ішінде тағы бір қала бар. АҚШ-

тың Принстон университетінде де ғылымға қажетті барлық 

құрылымдар шоғырландырылған. Арнайы қалашық тұрмақ, 

кезінде жеке қалашық болады деп салынған университет-

теріміздің территориясы кеңейгеннің орнына жыл сайын 

тарылып барады. Индустриялық-инновациялық даму туралы 

айтамыз да, ғалымдардың жағдайын жасауды естен шығарып 

аламыз. Күнін көру үшін екі-үш университетте дәріс оқып 

жүрген профессорлардан қандай ғылыми жаңалық күтуге 

болады? Сондықтан ғылыми қызметкерлердің алаңсыз 

жұмыс істеуі үшін арнайы ғылыми қалашықтар салынғаны 

дұрыс деп ойлаймын.



Дайындаған 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

САЯСИ БЮРО

АЙМАҚ

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Бақытбек СМАҒҰЛОВ, Ауған соғысы 

ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары

Болат САЙЛАН, Ауған соғысының ардагері

тарих ғылымының кандидаты, доцент

Біз тәуелсіз мемлекетпіз. Өз тіліміз, өз 

дініміз, өз дәстүріміз бар. Сондықтан біз-

дегі Қарулы Күштер саласындағы жүргі зі-

летін бұйрықтар да, ісқағаздары да мем-

ле кеттік тілде жүргізілуі – міндет. Бұл тіпті 

ұлт тық сананы оятады. Кезінде бізге кеңес 

үкі меті орыс тілін қалай тықпалады? Кез 

кел ген ауыл баласы әскерге барса, міндетті 

түр де орыс тілін меңгеріп шығатын. Міне, 

осын дай идеология жүрді. Енді біз неге 

осы ны жүйелі түрде жүргізе алмаймыз? 

Егер осыны қолға алсақ, бұл еліміздегі 

кей бір тіл білмейтіндерді қазақ тіліне үй-

ретуге таптырмас құрал болар еді. Неге? 

Се бебі елімізде орыс, өзбек мектептері 

көп. Тіпті қазақ мектебін бітірген түлек тер-

дің арасында да өз ана тілін жетік біл мей-

тіндер бар. Сондықтан оларды 18 жастан 

асып, әскерге жібергенде, әрбір әскери 

орын дарда қазақ тілін насихаттау идео ло-

гиясы жақсы жүрсе, қазақ тілін білмейтін 

ба лалардың барлығы бір-екі жылда-ақ 

ана тіліне сусындап, тілді жақсы меңгеріп 

шы ғар еді. Сондықтан бұл – қазақ тілінің 

бола шағы үшін өте қажет дүние. Әскерге 

бар ған жастарымыздың барлығы тек шен-

дер ге ғана емес, онда қазақ тілін үйрету 

мә селесі ерекше қолға алынса, болашақта 

елі мізде қазақ тілі үстемдік алар еді. Бір 

өкі ніш тісі – бізде алғаш рет ант қабыл да-

ғанда қазақ және орыс тілінде қатар жүр-

гізетін болдық. Егер өз ана тілін біл меген 

адам ертең Отанын қорғайды деген ге 

сенуге бола ма? Мұндай екі тілде ант қа-

былдауға рұқсат беру ешқандай мем ле-

кеттің тәжірибесінде жоқ. Сондықтан ант 

қа былдауды тек қана бір тілде жүргізуіміз 

қа жет. Сонымен қатар «Товарищ полков-

ник», «лейтенант», «сержант» дегенді қою 

керек. Оның барлығы – кеңес үкіметінің 

сар қыншағы. Мәселен, қазақта, бұрынғы 

түр кілерде «взвод», «батальон» дегендер 

бол маған, есесіне, қазақтың әскери-әкім-

шілік шендері — «онбасы», «жүзбасы», 

«мың басы», «қолбасшы», «әскербасы» 

деп аталған. Тіпті Кенесары кезіндегі мем-

ле кеттік әскери атаулар қатарына «мер ген-

басы» деген атау да енгізілген. «Мер ген-

басы» деп – құралайды көзге атқан ерекше 

отряд бастығын айтқан. Алайда кеңес 

кезін де осындай тілімізге қолайлы әрі ұғы-

нықты атаулардан айырылып қалдық. Енді 

осы ның барлығын қайтадан қолға алу қа-

жет. Тәуелсіз елдің өзінің ұлттық мента ли-

тетіне сай шендері болғаны дұрыс. Шен-

дер ді «онбасы», «жүзбасы», «мыңбасы» 

деп өзгерткеннен ешқандай қиындық жоқ. 

Тек құлық болса болғаны... Мен мұны әс-

керге қатысқан Қазақстанның азаматы 

ретінде және әскердің жай-жапсарын бір 

кісідей білетін байырғы жауынгер ретінде 

айтып отырмын. Өйткені мен көп мем ле-

кеттерге бардым. Бұрынғы туысқан елдер-

дің көпшілігі әскери таңба, әскери бұйрық, 

әс кери шендердің барлығын өздерінің 

ұлттық нақыштарына сай өзгерткен. Ал біз 

әлі жүрміз. Сондықтан кеңес үкіметінен 

қал ған сарқыншақтардан арылып, өзі міз-

дің ұлттық символымызды, Тәуелсіз мем-

ле кет екендігімізді айғақтайтын ұлттық ар -

хаикалық шендермен алмастыру қажет. 

Оның үстіне, лейтенант, сержант, 

майор, полковник, генерал, маршал де-

ген дер – орыстардан емес, Еуропада пай-

да болған терминдер. Қазір мұндай әскери 

атақтар мен лауазымдарды дүние жүзінің 

90 пайызға жуық мемлекеті қолданады. 

Енді біз Тәуелсіздік алдық деп, бұдан бір-

жолата бас тарту, меніңше, көп жағдайда 

түсініксіздік туғызатын секілді. Онымен 

қоса, орта ғасыр мен қазіргі жағдайды 

мүлдем салыстыруға келмейді. Ол кезде 

заман басқа, заң басқа болды. Орта ғасыр-

дағы әскери терминдердің көпшілігі Шың-

ғыс ханның тактикасымен жүзеге асқан 

болатын. Ал қазір кәсіби әскер құрылды. 

Қазіргі таңдағы қорғаныс жүйесі – дүние-

жү зілік ұйымға мүше болған халықаралық 

деңгейде әрекет ететін үлкен құрылым. 

Сондықтан бұған ескі терминдерді қосу 

дұрыс емес деп ойлаймын. Қазір біз бүкіл 

дүниежүзіне танымал мемлекет болғаннан 

кейін, барлық елдермен байланысты 

нығайту үшін халықаралық терминдермен 

жүргеніміз орынды. 

Онымен қоса, жасыратыны жоқ, әлі 

күнге дейін біздің әскерлерде орысша не-

месе еуропалық терминдер қатар қолда-

ны лады. Тіпті бұйрықтардың берілуі де 

орыс ша жүргізіледі. Сонымен қатар біздің 

әс кери саладағы жоғарғы қолбасшы лар-

дың, полковниктен бастап, генерал дары-

мызға дейін, барлығы әскери жоғары оқу 



Қолданыстағы әскери шендерді ұлттық архаикалық 

шендермен алмастыратын уақыт жеткен жоқ па?

орындарын Мәскеуде бітірген. Олардың 

көпшілігі орыстілді тактикаларды жетік 

мең герген. Сондықтан әскери шендерді 

қа за қыландырамыз деп, түрлі түсінбестік-

тер ге ұрынып қалуымыз мүмкін. Меніңше, 

бұл жерде халықаралық терминдерден 

қа шудың керегі жоқ секілді. 

Жарияланған құпия құжаттардың саны 

92 мыңды құрайды. Оның басым бөлігі 

әскери шенділердің баяндамалары мен 

есеп берулері екен. Сондықтан жария ла-

нымдар Пентагонның соңғы алты жыл ба-

ры сындағы Ауғанстандағы соғыс сая са-

тынан хабар береді. 

Алдымен Барак Обама әкімшілігі бұл 

құ жаттардың Джорд Буш тұсындағы би-

ліктің саясатына тән екенін және қазір 

олар дың ескiріп қалғанын айтып жал-

тарды. Артынан «бұл құжаттар мүлде Пен-

та гондікі емес, БАҚ құралдары ойдан құ-

рас тырып шыққан туынды» дегенді алға 

тарт ты. Қалай десек те, жұртшылықты дау-

рық тырған бұл құжаттар АҚШ пен Еуро па-

ның қарапайым азаматтары үшін Ауған-

стан дағы соғыстың бекер әурешілік екенін 

дә лелдейтіндей. Себебі бұл құжаттар ауған 

же ріндегі тәліптердің әлсіреп жатпағанын, 

қайта, керісінше, жылдан-жылға күшейе 

түскенін, ол аз болса, Пәкістан әкімшілігінің 

жа сырын қамқорлығына ие болып отыр-

ға нын баяндайды. Құжаттарда Ислам-

абад тың екіжақты саясат ұстанып отыр-

ғаны, АҚШ-тың қаржылай көмегіне ие 

бола отырып, жасырын түрде тәліптерге 

жақта сып отырғаны айтылады. Сондай-ақ 

ауған тә ліп терінің қолында тікұшақтар мен 

ұшақ тарды қағып түсіре аларлықтай қуатты 

қарулардың бар екені жазылған. Ал Пен-

тагон қызметкерлері өздерінің ресми 



Ауған соғысы дауға айналып барады

мінбердегі баяндамаларында тәліптердің 

мұндай артықшылықтарын осы күнге дейін 

сөз еткен емес. Америкалық басылымдар 

АҚШ әкімшілігінің Исламабадпен тәліптер-

дің ауыз жаласып, ортақ саясат ұстанып 

жүр генін біле тұра, Пәкістанды қаржы лан-

дыруын ессіздікке балайды.

Құжаттардың арасында сондай-ақ 

АҚШ әскерінің қателіктерінен қаза тапқан 

Ауғанстанның бейбіт тұрғындарының есебі 

берілген. Тағы бір жазбада жауын гер-

лердің дәстүрлі емес, дөрекі әскери әдіс-

тәсілдерге жүгініп, соның нәтижесінде 

бей біт тұрғындардың жапа шегіп жатқаны 

ай тылған.

Тәуелсіз сарапшылардың көпшілігі әш-

ке реленген осы ақпараттарға сүйене оты-

рып, «Ауғанстандағы соғыс еш нәтиже 

беріп жат қан жоқ» деген тұжырымдамалар 

жасап та үлгеруде. Ұзын сөздің қысқасы, 

ғалам тор да жарияланған құпия құжаттар 

АҚШ-тың Ауғанстандағы миссиясын 

«босқа са былу» деп бағалайды. 



«САСҚАН ҮЙРЕК...»

Халық тарапынан қатты сынға алынған 

АҚШ әкімшілігі «ел-жұрттың қытымыр 

көңіл күйін жұмсарту үшін бұл құжаттарды 

сен с а ция тудырып, қоғамда сілкініс жасау 

үшін АҚШ, Британия және немістің үш га-

зеті ойдан құрастырып шықты» деген уәж 

ой лап тапты. Бейсенбі күні осындай мәлім-

де мені АҚШ әкімшілігі ресми түрде жария-

ла ды. Олардың айтуынша, бұл қадам Ба-

рак Обама бастаған АҚШ әкімшілігінің 

бе делін түсіру үшін жасалған. Кім біледі? 

Бұл да мүмкін. Себебі 1971 жылы АҚШ 

өзі нің Вьетнамдағы миссиясын жүргізіп 

жат қанда «Нью-Йорк таймс» басылымы 

дәл осылай құпия құжаттарды жариялап 

жі бер ген еді. Редакцияға бұл мәліметті 

қыз метінен босаған жоғары шенді әскери 

ма ман береді. Бұл құжаттар АҚШ әскерінің 

Вьет намға негізсіз қоқан-лоқы көрсетіп 

жатқанын әшкерелеп, нәтижесінде  Амери-

ка халқы өз әкімшілігіне қарсылық білдір-

ген болатын. Ендеше, бұл жолғы оқиға да 

ескі ден қалған қолтаңба болуы мүмкін.



АҚШ-ТЫҢ АУҒАНСТАНДЫ ТАСТАП 

ШЫҒУЫ КІМГЕ ТИІМДІ?

Бұл күнде АҚШ-тың Ауғанстандағы 

мис сиясының аяқталуын қолдайтындар аз 

емес, соны мақсат тұтқан топтардың қолы-

мен жасалған әрекет болуы да әбден мүм-

кін. Бұл тұрғыдан келгенде, АҚШ-тың Ау-

ғанстаннан бойын аулақ салуы кімге пай-

далы, кімге зиян екенін анықтау оңай іс 

емес. Мәселен, Ресей тарапы Ауғанстан ның 

АҚШ әскери күштерінен азат болғанын 

қалайды. Ал Орталық Азияның өзге елде-

рі не бұл керек пе? Бюджеті жер бетіндегі 

өзге елдердің әскери шығынының қосын-

ды сынан асып түсетін АҚШ әскерінің ша-

масы жетпей жатқан радикалды күштерге 

еркін дік берілсе, аз уақыт ішінде-ақ Ау ған-

с тандағы доминанттылығын арттырып, 

бүтін аймаққа лаң салуы әбден мүмкін. 

Оның үстіне, елдігі шайқалған Қырғызстан 

тә ліп тердің Орталық Азияға енуіне дайын 

есік емес пе? Ендеше, АҚШ әскері Ауғанс-

тан ның ресми үкіметін күшейтуге әлі де бір-

шама күш салуы қажеттілік. Себебі бұл ай-

мақта радикалды топтардың ықпалы сейі-

лер емес. Бір ғана мысал, өткен апта да ғы 

әлемдік деңгейдегі беткеұстар саясат кер лер 

жиналған  Ауғанстандағы  халық ара лық 

конференцияға Қазақстанның сырт қы істер 

министрі Қанат Саудабаев ке ліп қонған 

әуежайдан ат шаптырым жерде бір неше 

жа рылыс қатар орын алғаны мә лім. Кеше 

ғана тәліптер Ауғанстанның За буль елді ме-

кені губернаторының үйіне жарылыс қойып, 

отбасы мүшелерін жарып жіберді. Ен деше, 

Ауғанстанның орталық қалалары мен ел 

бастаған шенеуніктерінің қауіпсіздігі қам-

тамасыз етілмей тұрғанда, АҚШ әс ке рінің 

кері қайтарылуы Ауғанстанмен көр ші лес 

елдер үшін тіпті де қолайлы бола қой мас.

Сәкен КӨКЕНОВ

Өткен жексенбі күні Американың WikiLeaks интернет 

порталы Американың Ауғанстандағы соғысы жөніндегі құпия 

архивті жариялап жіберді. Артынша оны The New York Times 

басылымы мен немістің Der Spiegel газеттері толық көшіріп 

басты. Бұл жағдай АҚШ әкімшілігін үлкен дауға қалдырды 

десе де болады. Барак Обама билікке келгелі Ақ үй маңында 

дәл осы деңгейде шу көтерілген емес. Сасқалақтаған АҚШ 

әкімшілігі аптаның алғашқы күнінен бері бір сөзін екіншісі 

жоққа шығаратын бірнеше ресми мәлімдеме жасап үлгерді. 

ОЙТҮРТКІ


Расында, түрік дөнері қазір тек 

Алматы ғана емес, еліміздің барлық 

қалалары бұрышынан ыңғайлы орын 

тауып алды. Өзбек палауы мен кәуабы 

бірінші кезекте болса, лағман, ганфан 

секілді Шыңжаң тағамдары да одан 

қалыспайды. Соңғы кездері оған жапон 

сушиі, итальян пиц цасы, тіпті тай дас-

тарқаны да қосылды. Ал асқазанның 

«қы тайлануы» жайлы та қырып тіпті түп сіз 

терең тұңғиыққа бас тары сөзсіз. 

Қазақстанның басы Астана болса да, 

жүрегі – Алматы. Көлемі, географиялық 

жағ дайы, этникалық құрамы және қар-

жылық ресурсы қалаға аспаздық және 

гас трономдық жағынан қолайлы жағдай 

ту дырды. Мегаполис асханасының кос-

мо политтік сипат алуы да осы фактор-

ларға тікелей байланысты. Кафе, мей-

рам хана атауларының да «Сальвадор», 

«Ве неция», «Версаль», «Пекин» болуы 

осы ның айғағы. Бұл жағдай, әрине, қа-

зақ тың ұлттық асханасына айтарлықтай 

үлкен қауіп туғызуда. Қазы-қарта, жал-

жая, шұжық, ет қолданыстан қалды дей 

алмағанымызбен, көп нәрсе өзгерген. 

Мәселен, қалталы қазақтардың көбі етті 

үйде әзірлегеннен гөрі, қонағын мей рам-

ханадан тойдыруды тәуір көрсе, үйде ет 

ас қандарының өзі нанын қолдан илеп, 

жаю ға ерініп, дүкеннен жайма, кеспе са-

тып ала салуға құмар. Осылайша уақыт 

өте біртіндеп біз тіпті өз тағамымызды 

әзір леу технологиясын қалай ұмытып 

қал ғанымызды да білмей қалуымыз кә-

дік. 


Ғасырлар бойы қалыптасқан тіршілік 

заңы бойынша, адам немен қоректенсе, 

болмыс-бітімі де соған ұқсап кетеді. 

Қазақ қой мен жылқы етін жегендіктен, 

қойдай жуас әрі жылқы секілді текті де 

асау болып қалыптасты. Ал енді бүгінде 

қазақтың қарны да өзгеріске ұшырап, етті 

бөтенсу деген қазаққа мүлдем жат 

құбылыс орын алып жатқанға ұқсайды. 

Күлкілі естілсе де, бұл – рас. Сондай-ақ 

асқазаны сүтті керек етпейтіндер де күн 

санап көбейіп жатса керек. Қазақтың 

ұлттық тағамы не гі зінен ет пен сүттен 

тұратынын ескерсек, бұл жайт 

тың 

қауіптілік деңгейін өзіңіз ба 



ғамдай 

беріңіз. Ал өткен ғасырдың 30-жыл да-

рындағы аштықта қазақтар сүт пен ет тен 

ай ырылу себебінен қырылды емес пе? 

Ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап 

қалу үшін біз ұлттық тағамтану саясатын 

қалыптастыруымыз шарт. Керек десеңіз, 

бұл – кезек күттірмейтін мәселе. Оны қа-

лай жүзеге асыру керек дегенге келсек, 

ал дымен қазір нарықты жаулап алған 

фас тфудқа тойтарыс берерлік тағамдар 

ой лап шығарудан бастау керек секілді. 

Мә селен, чипсы орнына ұсақ шибауыр-

сақ тар, йогурт орнына сұйық ірімшік, тіп-

ті соңғы кездері бауырсақ пен қуырдақ 

екеуін қосып, «бауырдақ» атты тез әзір-

ленетін тағам пайда болды да емес пе? 

Кеш те болса қымыз бен шұбат құты лар-

ға құйылып, супермаркет сөрелеріне шы-

ға бастады. Бірақ әлі де ұлттық тағам да-

ры мыздың тегеуріні тым әлсіз. Жасалып 

жат  қанынан  жоғалтып  жатқанымыз 

басым болып тұр ғанда, қазақтың қарны 

етті бөтенсігені бы лай тұрсын, осылай 

қарап отыра бер сек, шөп-шаламды қана-

ғат тұтатын қа уым ның қақ ортасынан 

ойып орын ала тын күн де алыс емес 

сияқ ты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет