Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Жеңіл атлетиканың шығу тарихы



бет2/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Жеңіл атлетиканың шығу тарихы


Тез жүру, жылдам жүгіру, жақсы секіру, қаруды алысқа және дәл лақтыру ерте замандардан бастап-ақ дұрыс бағаланды. Жүгіруден, секіру мен лақтырудан жарысуды адамдар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында бастағаны белгілі болып отыр.
Ертедегі Грецияда мұндай жарыстар жиі өткізіліп тұрды. Б.
з. д. 776 жылдан бастап бұл елде әрбір төрт жылдан кейін өткізіліп тұратын Олимпиадалық ойындарға мән берілді. Алғашында мұндай Олимпиадалық ойындар жарысы жүргізуден ғана өткізіліп тұрды. Кейіндері бұл ойындардың бағдарламасына ұзындыққа секіру, диск және найза лақтыру дегендер енгізілді. Содан кейін басқа да көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығулары енгізілген болатын. Ақырында бес негізгі жаттығудан тұратын олимпиадалық жарыс жарыс түрлерінің кешені қалыптасты. Бұл кешен пентатлон немесе, қазіргі кезде айтылып жүргеніндей, бессайыс деп аталды. Пентатлонның құрамына бір ғана қашықтыққа (192м 27см) жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, қашықтыққа диск лақтыру, нысанаға найза лақтыру және күрес енді.
Адамзаттың материалдық және рухани мәдениеті өсіпжетіле түсуіне байланысты жүгіру, секіру, лақтыру сияқты жаттығулардың мәні мен міндеті біртіндеп кеңейе түсті. Олар адамның денесін шынықтыратын, ең бастысы, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту мен үйлесімді дамып-жетілуін қамтамасыз ететін жаттығулар ретінде пайдаланылатын болды.
Жеңіл атлетиканың дене шынықтыру жаттығулары кешенінің негізін бұрынғысынша, жоғарыды атап өтілген адамның табиғи және өмірлік мәні бар қимыл-қозғалыстары: жүру, жүгірі, секіру және лақтыру құрайды. Және бұл жаттығулар бұрынғысынша «жеңіл атлетика» дейтін бір жалпы атаудың астына бірігіп, қазіргі Олимпиадалық ойындардың аса маңызды түрлерінің бірі болып табылады.
«Жеңіл атлетика» дейтін бұл спорттық атау – шартты ұғым. Ол қазіргі спорт түрлері біртіндеп өріс ала бастаған XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болды. «Жеңіл атлетика» тіркесі мамандардың пайымдауы бойынша пайда болғанынан бастап «ауыр атлетика» деп аталған күрес, бокс сияқты денеге салмақ түсіретін жаттығуларға қарама-қарсы қойып атаудың негізінде жасалып, қалыптасқан.
Оның пайда болуын болжап білу мүмкін емес, сірә адамзатпен бірге пайда болған шығар? Себебі, алғашқы қауымдық тіршілік үшін жақсы жүгіре білу, секіру, дәл көздеп, жақсы лақтыру керек болған ғой. Ал алғашқы жарыстардың ерте дүниедегі О.о-да біздің жыл санаушымыздан көп бұрын өткендігі белгілі. Содан бері әлденеше ондаған ғасырлар өтті, ж/атл-ның түрлері жан-жақты кеңейіп, оның жаңа түрлері пайда болды, жаттығуларды орындау әдістері байыды, тәсілдері түрленді, құрал-жабдықтардың сандары көбейді, ыңғайландырылды, жетілді, жүгіру қашықтықтары өзгерістерге ұшырап атлеттер ж/атл-ның жеке түрлеріне мамандана бастады. Ерте дүниедегі жеңіл атлетикалық жаттығулар мүсіншілердің еңбектерінде, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тұрмыс заттары кезінде көптеп табылды.
Халықар. ж/атл бірлестігі (федерациясы) 1912 жылы құрылды. Оның құрылуы түрлі халықтар. Жарыстардың ұйымдастырылуына, ж/атл-ның дүниежүзінде кең қанат жаюына ықпал етті. Е. ч-ты 1934, Е. Кубогі 1965, жабық стадиондағы Е.ч-
ты 1966 жылдан бастап өткізіле басталды. Сондықтан халықаралық бірлестіктің 1960 жылғы ұйғарымы бойынша О.одың чемпиондары Ә.ч-ттары болып есептелініп келді. Тек 1987 ж. Бастап ашық және жабық стадиондарда Ә.ч-ттары, ал Ә. кубогі 1997 жылдан бастап өткізіле бастады.
Ж/атл-мен айналысу адамның бойында күш пен шапшаңдықты, шыдамдылық пен ептілікті, батылдық пен ерік үшін дамытып оны өзіне сенімді етеді, денсаулықты нығайтып, дененің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды. Ж/атл. түрлерінің көптігі әрі күрделілігі соншама онымен айналысу адамға жанжақты әсер етеді. Оның дарытатын, дамытатын сан қилы қасиеттері адамның өміріне кез-келген уақытта қажет. Сондықтан да еліміздегі дене тәрбиесінің негізі болып есептелінетін «Президенттік сынаманың» бағдарламасына енетін спорт түрлерінің жартысына жуығы ж/атл-лық жаттығулар болып табылады.
Ж/атл-ның жүгіру түрлерімен жылдың қай мезгілінде де, қай жерде де айналысуға болады, ал секіру, құралдарды лақтыруды үйрену үшін жағдай, маман жаттықтырушылар керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет