Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет14/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41

Жүру және жаяу жарыс


Адам баласының табиғи жүріу бар. Екінші – жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін яқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайда кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттық жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
ЖАЯУ ЖАРЫС, ж/атл. Бағдарламасындағы негізгі түрлердің бірі. Мұнда спортшылар 5, 10, 15, 20, 25, 30, 50 км.- ге және 1 сағат, 2сағат, бойы жаяу жүріп жарысқа түседі. Бірақ спортшылар ірі чттар мен О.о-да 20 және 50 км қашықтыққа жүріп жарысады. Жарыс негізінен тас жолдың үстімен өтеді. Жарыс кезінде адамның тәніне өте үлкен күш түседі. Жарысқа қатысушылар мәреге жеткендер 5 кг. Дейін салмағын жоғалтады.
Жүру.
Жүру табиғи қолданбалы жаттығу. Жүру механизмі қозғалысты тікелей реттеуші тері, бұлшық ет түйсіктеріне белгі беретін тітіркендіргіштер болып табылады.
Жүру кезінде үлкен бұлшық ет топтары, қызметке түсіп, тыныс алу, қан айналу жүйелерінің қызметін күшейтеді.
Сапта жүру оқушыларды тәртіптілікті ұйымдастыруға көмектеседі.
Мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды дұрыс, көркем, ұқыпты жүруге уйрету. Жүруге үйрету сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру кезінде арнайы ұйымдастырылады.
Оқушылар жүруге дұрыс дағдылану үшін, оларды 1сыныптан бастап, қимылды ырғақ арқылы сол аяқтан бастап жүруге уйретеді.
Жүруге үйрету барысында аяқтың ұшымен, еңкейіп, үлкен адыммен, бөксені жоғары көтеріп, аяқты қайшылап, аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру ұсынылады. Бұл тапсырмалар әр түрлі екпінде орындалады. Дұрыс жүру: денені еркін ұстау; денені, басты тік ұстау; иық артқа қарай ашылған, қолмен аяқтың қимылдары еркін (егер оң аяқ алда болса, сол қол алда болу керек).
Жүруге бірте-бірте үйрету әдісі:

  1. Еліктеп жүру әдісі.

  2. Аяқтың ұшымен, еңкейіп, тығылып жүру.

  3. Аяқтың ұшымен аяқты тік ұстап жүру.

  4. Аяқтың сыртқы қырымен жүру.

  5. Қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру (қол белде, иықта, баста, артта, арқада, алда, жоғарыда, жанда).

  6. Қолды әр түрлі қалыпта ұстап аяқтың ұшымен жүру.

  7. Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып жүру.

  8. Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып, қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру.

  9. Кең, еркін адым жасап, тұрғаны дұрыс ұстап жүру.

  10. Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен жүру.

  11. Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен қолды шапалақтап жүру.

  12. Ұжымның санауы бойынша ырғақпен жүру.

  13. Екпінді өзгертіп жүру (санау, шапалақтау).

  14. Ені 20 см белгілі сызық арқылы жүру.

  15. Бөксені көтеріп жүру.

  16. Белгіленген сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.

  17. Аяқтың ұшымен бөксені көтеріп жүру.

  18. Аяқтың ұшымен белгіленген сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.

  19. Белгіленген сызықтың ортасымен екпінді өзгртіп жүру.

  20. Үлкен адымдар жасап жүру.

Денеге түсетін салмақты қолмен жасалатын қосымша қимылдар, сонымен қатар жүруді, жүгірумен алмастыру, қосымша тапсырмалар арқыла ұлғайтуға болады.
Мұғалім денеге түсетін салмақты әр сыныптың бағдарламасы арқылы ұлғайтуға болады және соған сәйкес қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет