Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары


Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары



бет2/4
Дата06.03.2023
өлшемі103,61 Kb.
#71858
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары
«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Соңғы уақытта табысты болу үшін оқушыларға білім қаншалықты қажет болса, дағды да соншалықты қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Алған білімді күнделікті өмірде қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.


ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл Бағдарламада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет «жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады».
Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте):


1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар



Құндылықтар

Дағдылар

  • шығармашылық жэне сын тұрғысынан ойлау;

  • қарым-қатынас жасау қабілеті;

  • өзгелердің мәдениетіне жэне көзқарастарына қүрметпен қарау;

  • жауапкершілік;

  • денсаулық, достық жэне айналадағыларға қамқорлық көрсету;

- - өмір бойы оқуға дайын болу

  • сын тұргысынан ойлау;

  • білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

  • проблемаларды шешу қабілеті;

  • ғылыми-зерттеу дағдылары;

  • қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

  • жеке жэне топпен жүмыс істей білу қабілеті;

- АКТ саласындағы дағдылар

Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген қүндылықтар мен дағдылар ескерілген. Мүны жалпы білім беру бағдарламаларының негізінде әзірленген жэне осы қүндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған «Математика», «Алгебра» жэне «Геометрия» пәндерінің оқу бағдарламасынан көруге болады.


Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:



  • пән мазмүнын жобалауда спиральділік үстанымы, ягни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырып бойынша жэне сыныптар бойынша күрделендіру);

  • таным заңдылыгы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дагдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

  • білім беру деңгейлері жэне түтас оқу курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі;

  • бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;

  • бөлімдер мен ұсынылган тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;

- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет