Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында қолданылатын түйінді құжаттар мен терминдер - Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
- Оқу бағдарламас
- Оқу жоспары
- Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
- Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
- Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
ҚР МЖМБС білім алушылардың дайындық деңгейіне, білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне және оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.
Оқу бағдарламасыбілім беру деңгейі бойынша пән тұжырымдамасын, мағат санын, бағалау жүйесін және т.б. сипаттайтын құжат.
Оқу бағдарламасының құрылымы:
1. Түсіндірме жазба
2. «Математика» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
4. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
5. «Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру: оқу жүктемесінің бөлінуі; оқу пәнінің мазмұны; оқу мақсаттарының жүйесі; ұзақ мерзімді жоспар
Оқу жоспары:
Оқу бағдарламасының үйлесімділігі Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалган талдау оқу бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр. Оқу бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» оқу багдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді. Демек, оқу бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер жэне бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс. Мұны төмендегі сызбадан (1-сурет) көруге болады: