Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Түйіршікті құрама жемнің сапа көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет101/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   375
Түйіршікті құрама жемнің сапа көрсеткіштері.
Түйіршікті құрама жемнің иісі, көгерген, бұзылған иіссіз, түсі 
шашыранды құрама жем сияқты немесе одан кішкене қаралау.
Ылғалдылығы 
– 14,5% дейін.
Қолдану мақсатына байланысты оның диаметрі əртүрлі.
Жас құсқа арналған түйіршіктің диаметрі 2-3 мм.
Үлкен құсқа (тауық, үйрек, күркетауық) – 4,7 мм аспауы, 
еметін торайлар мен 4 айға дейінгі енесінен айырған торайларға 
– 4,7-9,7 мм
ірі қараға – 4,7-19 мм
үлкен қойға – 4,7-12,7 мм
балықтарға – 4,7 мм аспауы керек.
Жасалынған түйіршіктер, əсіресе балықтарға арналған мына 
көрсеткіштерге сай болуы керек:
Түйіршіктің ісінуі – түйіршіктің суға түскен уақыттан бастап 
өзінің алғашқы формасын жоюға дейінгі уақыт аралығымен сипат-
талады. Балыққа арналған түйіршіктің ісінуі
 – 10 мин кем емес, ал 
құс пен шошқаға – 3минут.
Түйіршіктің үгітілуі – Ø4,7-7,7 мм гранул үшін - 8% аспауы, 
Ø9,7 мм үшін - 22% аспауы керек.
3.6. Құрама жем өндірісінде технологиялық үдерісті ұйым-
дастыру жəне жүргізу
Құрама жем зауытындағы технологиялық үдерісті жүргізу сыз-
басын “Құрама жем, ақуызды –витаминді қосымша, карбамидті 


189
концентрат өндірісіндегі технологиялық үдерісті ұйымдастыру 
жəне жүргізу Ережесіне” сай таңдайды. Үдерістің үздіксіз жүруі 
шикізаттарды дайындау технологиялық желілерінің санына, ұн-
тақтағыш пен мөлшерлегіш алдындағы қораптарға, сонымен қатар 
желі жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
Дайындау желілері технологиялық қасиеттері ұқсас, тазалау, ұн-
тақтау жəне басқа өңдеу түрлері біртекті болып келген шикізаттар ға 
арнап құрастырылады. Дайындау желілерінің саны кəсіпорынның 
өнімділігі мен шығарылатын өнімнің түріне байланысты 12-18 
жəне одан да көп болады. Əр дайындау технологиялық желілерінің 
өнімділік қабілеті рецепт бойынша өңделетін шикізаттың ең көп 
мөлшерін дайындауға есептелінеді. Дəнді дақылдар желісі 3.11-су-
ретте берілген. 
Дəнді дақыл желісі – əртүрлі дəнді дақылдарды (сұлы, арпа, тары, 
жүгері, асбұршақ, жасымық, сиыржоңышқа, қара бидай, бидай, 
қытайбұршақ, қонақтары), сонымен қатар дəнді бірінші өңдеуден 
кейінгі алынатын дəнді өнімдерді кезекпен тазалап, ұнтақтауға 
арналған.
Дақылды тазалау үшін əртүрлі құрылмалы сепараторлар 
қолданылады, бірақ міндетті түрде ауалы електі. Үш елек қатары 
бар сепараторда електердің мына түрлерін орнатады: қабылдау 
елегінде – домалақ саңылаулы №200 торлы төсем немесе №18 сым 
тор; сұрыптау елегінде – домалақ саңылаулы №100-160 сым төсем;
жинақтау елегінде – домалақ саңылаулы №10-14 сым төсем.
Қоймадан келген шикізатты ауалы – електі сепараторда 
(1) органикалық жəне минералды қоспадан тазалайды. Дəнді 
дақылдарды тазалағаннан кейінгі алынған қалдықтағы жарамды дəн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет