185
Түйіршіктелген құрама жемді тасымалдау жеңіл, оған сыртқы
ортаның əсері онша əсер етпейді, көлемі аз болып келеді.
Түйіршікті құрама жемнің жемдік бағалығына жақсы əсер
ететін фактор – бу əсерімен стерильдеу, соның əсерінен көгергіш
саңырауқұлақтар 95% дейін жойылады.
Құрама жемді түйіршіктеу мына үдерістерден тұрады: шашы-
ранды құрама жемді сығымдау алдында бақылау; сығымдағыш-
түйіршіктегіштің араластырғышында шашыранды құрама жемді
гидротермиялық өңдеу; сығымдағышта сығымдау; суытқыш ко-
лонкада түйіршікті суыту; түйіршіктен қиыршық алу; түйіршікті
бақылау (ұсақ бөлшекті бөлу) жəне түйіршікті сұрыптау.
Түйіршікті сығымдау жəне қалыптау түйіршіктегіштің матри-
цасында жүргізіледі. Бұл сығымдағыш- түйіршіктегіштің негізгі
жұмыс органы.
Құрама жемді зауытта 2 əдіспен түйіршіктейді -құрғақ жəне сулы
(ылғалдап).
Достарыңызбен бөлісу: