Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Пастила массасын дайындау



Pdf көрінісі
бет226/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   375
Пастила массасын дайындау. Желімді пастила негізінде агар-
дан, ал қайнатылған пастила мармелад сілікпесінен тұрады. Пасти-
ла сілікпесі мармеладтан басқалау болады. Ол ұсақ көбіршіктерден 
тұрады. Сол көбіршіктердің көлемі 99%-ға дейін жетеді. Ол 


368
көбіршіктердің қабырғалары сұйық заттардан тұрады. Олар тұрақты 
болу үшін оған жұмыртқа ағын қосады. Сонда оның тығыздығы 
400 кг/м
3
-ке жетеді. Осы көбіршіктер тұрақты болу үшін оған агар 
ертіндісін немесе мармелад массасын қосады.
Осы қоспаны 50°С-қа дейін ысытқанда альбумин ақуыздары ко-
агуляцияланып, біртұтас денеге айналады да, қатаяды. Сол тұрақты 
көбіршік құру үшін алма мен қант қоспасының ылғалдылығы 
42-44% болу керек. Осы ылғалдылық пайда болу үшін алма 
езіндісінің ылғалдылығы 88% болу керек, ал алма мен қанттың 
арасындағы қатынас 1:1-ге тең болу қажет. 
Пастила массасын толассыз істейтін немесе оқтын-оқтын істейтін 
машинада бұлғайды. Онда Т-пішінді қалақ орнатылған. Ол 200-250 
айн/мин жылдамдықта айналып бұлғайды. 
Сол кезде агар-қант-сірне шырынды бөлек дайындайды. Оның бір 
бөлігі қант, 0,5 бөлігі сірне жəне 0,02 бөлігі агардан тұратын шырын-
ды жылан құбырға құйып қайнатып, оның ылғалдылығы 20-22%-ға 
жеткенше суытады. Шырынды 85-90°С-тағы температурада бұлғау 
машинасындағы қант-алма езіндіге жəне жұмыртқа ағына қосады. 
Оған жəне дəмдік, хош иісті заттар салады да 3-4 мин араластырып 
бұлғайды. Ылғалдылығы 32-38%-дық дайын пастила массаны болат 
шанаққа құйып алып қалыптауға жібереді. 
Пастиланы қалыпқа құю. Дайын болған пастила массасын 
пастила құятын машинада тақтайшаға немесе дюралюминийден 
істелген қалыпқа құяды. Оның түбіне екі жақты клеенка немесе 
резіңке сіңірілген мата төселеді. Оны аздап шырынмен сулайды, 
сонда ол қалыпқа жабысып, қатпарланбайды. 
Қалыпқа құйылған пастила массаны суытқанда сілікпеге айна-
лады. Суығанда аздап кеуіп, тақтайшаның бетінде жұқа қабыршақ 
пайда болады. Онда ол жартылай қатты затқа айналады, жабы-
спайтын күйге келеді. Пастила массаны сілікпелендіру жəне 
кептіру бірнеше сатыда жүргізеді: 1) 18-20°С-та сілікпелендіру, 
2) 32-35°С-та оның сыртында қабыршақ пайда болу сатыла-
ры. Бірінші сатыда желдетілмейді, ал екінші сатыда 1м/сек 
жылдамдықта өтпе желде желдетіледі. Сонда оның ылғалдылығы 
3-4%-ға төмендейді. 
Егер бөлек бөлме немесе қондырғы жоқ болса, оның цех ішінде 
25-30°С-та жақсы желдетіп те жүргізуге болады. Онда ол 6-8 сағат 
тұру керек. Содан соң сілікпеленген пастила тақтайшаларды кеседі.
Сілікпеленген пастила тақтайшаларды қабыршағын төмен 


369
қаратып таспалы транспортерде дөңгелек пышақтармен ұзынынан 
тіледі. Тіліктердің жалпақтығы 70 мм. Сонан соң тіліктер 
көлденеңінен кесетін пышақтар арқылы бөлек пастилаларға кесіледі, 
кептіруге жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет