Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Апельсин, лимон бөліктері пішінді мармелад



Pdf көрінісі
бет225/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   375
Апельсин, лимон бөліктері пішінді мармелад. Олардың пішіні, 
түсі сол жемістердің түсіне, пішініне ұқсас жасалып шығарылады. 
Олардың шығарылу технологиясы алдыңғы жазылған мармеладты 
шығару технологиясымен бірдей. Тек оларға осы жемістердің иісін, 
дəмін беру үшін, апельсинді жəне лимон майын қосады. 
Дайын масса құбырлы аппаратқа түсіп, батон түрінде шығады. 


367
Ол аппарат диаметрі 39-40 мм түбінен орнатылған құбырлардан 
тұрады. Оның түбі жабық. Оларға мармелад массасы толтырыла-
ды. Мармелад масса сілікпеленіп болған соң, құбырлардың сырты-
на 2-4 минут бу жіберіп, оларды 70-80°С-қа дейін ысытады. Сон-
да мармеладтың құбырмен арасындағы жігі ашылады. Оның астын 
бұрыңғысындай етіп, агар мен жұмыртқа ағынан тұратын қоспамен 
қаптайды үстіңгі бетін сары немесе қызғылт сары түсті мармелад-
пен жабады. Көлденеңінен бөлшектерге кесіп, қант сеуіп, кептіріп 
дайындайды. Мармеладтың ылғалдығы 15-18%, редуцирленген 
заттарының мөлшері 10-15% болу керек.
6.3.2 Пастила өндірісі
Пастила деп жеміс-жидек, қант жəне жұмыртқа ақуызын қосып 
бұлғап жасалған тəтті тағамды айтады. Оған агар ертіндісін немесе 
мармелад массасын тағамдық қышқыл, эссенция жəне бояу заттары 
да қосылады. Егер оған агар қосылса оны желімді, ал мармелад мас-
сасы қосылса қайнатылған деп айтады. Оның ішінде желімді пасти-
ла көбірек шығарылады. Оны төртбұрыштап кесіп немесе қалыпқа 
құйып зефир түрінде шығарады. 
Желімді кесілген пастила
Желімді кесілген пастила алма езіндісін, сірне, қант, жұмыртқа 
ағын немесе одан басқа да көбіршіктендіретін, мысалы, қаймағы 
алынған сүт ақуызын қосып та шығара береді. Алма езіндісінің ор-
нына өрік, шетен, мүк жидегін, мандаринді де қолданып шығаруға 
болады. 
Дəмін кіргізу үшін жеміс-жидек қайнатпаларды жəне эссенция 
түсін жақсарту үшін əртүрлі бояу заттарды қосады. 
Шикізаттарды дайындау. Алма езіндісіне аз дегенде 12-14% 
құрғақ заттар болып, ол жақсы сілікпеге айналатын болу керек. 
Сондықтан оны қайнатып, суалтады. Ол тізбектелген ағымды 
желісінде өтеді немесе оны жай ауасыз кеңістікті аппараттарда 
қайнатып та қойылтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет