Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Диффузионды шырынды алдын ала дефекациялау



Pdf көрінісі
бет254/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   375
Диффузионды шырынды алдын ала дефекациялау. Бұл үрдісті 
жүргізуде диффузионды шырынға абайлап, болмашы мөлшердегі из-
вестьпен əсер етеді, мұндағы мақсат коллоидті дəрежедегі заттардың 
жəне жоғары молекулярлы қосындылардың ең көп мөлшерде шөгуін 
туғызу, бірқатар қышқылдардың, мысалы кальций тұздарының бей-
тараптануы мен шөгіндіге айналуын, сонымен қатар негізгі дефека-
циялау кезінде төзімді болатын тұнбаны алуға қол жеткізу. Осы са-
тыда қызылшаның салмағымен алғанда 0,2-0,3% əк жұмсалады.Қант 
емес заттардың коагуляциялануы рН мөлшері 10,8-11,6 дейінгі кез-
де жоғары болатыны байқалады. Сөйтіп диффузионды шырынның 
қантты емес заттарының жоғары мөлшерде шөгуіне ыңғайлы орта 
қалыптасады. Алдын ала дефекация кезіндегі тұнба əрі қарай оған 
қалған əкті қосып, негізгі дефекацияны жүргізген кезде айтарлықтай 
ерімейді. Алдын ала жүргізілетін дефекацияны атқарғанда рН деңгейі 
оңтайлы қалыпқа жететіндей етіп, бүкіл əкті араластырып, бірден 
(оңтайлы алдын ала жасалатын дефекация) жүргізеді немесе рН 
мөлшері жайлап көтерілетіндей қалыпта 20...30 мин аралығында 
оңтайлы дəрежеге жеткенше (прогресті дефекация) жүргізеді. Əкті 
араластырылған диффузионды шырынның температурасына тəуелді 
жағдайда оны алдын ала дефекациялауда салқын, жылы, ыстық деп 
бөледі. Бірінші жағдайда гидроксид кальцийді [(Са(ОН)2] темпера-
турасы 50ºС диффузионды шырынға қосады, екінші жағдайда – 50-
60ºС температурадағы шырынға, ал ыстық дефекация жағдайында 
шырынды 85-88ºС дейін қыздырады. Алдын ала дефекациялауды 
жүргізу режимі өңделудегі қызылшаның сапасына тəуелді жағдайда 
таңдап алынады. Сапасы жоғары қызылшаны өңдеу барысында 
алдын ала дефекациялауды салқын да, ыстық та қалыпта жүргізе 


412
береді, алайда ыстық əдіспен алдын ала дефекациялаудағы шырын 
жақсы сүзіледі. Қызылшаның сапасы төмен түрін өңдегенде салқын 
(жылы) əдіспен алдын ала дефекациялауға баса мəн беріледі, өйткені 
бұл кезде шырынға ыдырағана қуыздардың жəне пектинді заттардың 
өнімдерінің өтіп кетуі аз мөлшерде болады. Қант зауыттарын-
да диффузионды шырынды тазартуда салқын əдіспен қарқындата 
алдын ала дефекациялаудың,І сатурациялау алдындағы құрама 
қалыптағы салқын-ыстық негізгі дефекациясының жəне ІІ сатураци-
ялау алдындағы қосымша ыстық əдіспен жүргізілетін дефекацияның 
типтік технологиялық схемасы қолданылады. Осы схемаға сəйкес 
(7.7-сурет) диффузионды шырын мезгадан тазаланғаннан кейін 
дефекатор алдындағы орынға түседі, мұнда шырынның ІІ жəне 
І сатурациясындағы тұнбаның суспензиясымен жəне əкті сүтпен 
баяулап араластырыла отырып рН мөлшері 10,8...11,6 жеткенше 
жүргізіледі. Известің жалпы жұмсалуы қызылшаның салмағымен 
алғанда 0,2...0,3% СаО құрайды. Шырындағы известің əсерінен 
ондағы қышқылдардың бейтараптануы жүреді, заттардың коллоид-
ты дисперстілігі жəне жоғары молекулярлық қосындылардың коа-
гуляциялануы, нашар еритін кальций тұздарының шөгуі туындай-
ды. Сонымен, алдын ала дефекациялауда көп мөлшерде қант емес 
заттардың шөгуіне жол беріледі де, белгілі бір қабілеті бар тұнбаны 
алуға қол жеткізіледі. Оңтайлы алдын ала дефекациялауды көлденең 
орналасқан дефекаторда (7.8-сурет) жүргізеді, ол цилиндрлі кор-
пустан 
3, қалақшалы бұлғауыштардан 4, көбік түсіргіштен 1 жəне 
тұнбаны араластырғыштан 
5 тұрады. Диффузионды шырын, І 
сатурациядағы шырын жəне дефекацияланған шырын жекеле-
ген патрубоктар арқылыдефекатордың төменгі бөлігіне беріледі. 
Қарсы айналымдағы қалақшалар 
2 шырынның дөңгелене айналуы-
на кедергі жасайды. Алдын ала дефекацияланған шырын құятын 
қорапшаларға қарай жылжытылып, аппараттың негізгі дефекация-
лау бөліміне түседі. Қарқынды алдын ала дефекациялау көлденең 
орналасқан секциялы дефекаторда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет