Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет257/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   375
7.9-суретНегізгі дефекацияны 
жүргізуге арналған аппарат


416
шырын құю жəшігінің 
5 бақылаудағы бөлігі арқылы шығарылып 
алынады да, шибердің 
4 көмегімен екі ағынға бөлінеді: біріншісі 
алдын ала дефекацияға жіберіледі, ал екіншісі - сүзу орнына жəне 
кейіннен өңдеуге беріледі.
ІІ сатурация. Осы ІІ сатурацияны жүргізудегі негізгі мақсат – 
шырынның құрамындағы əкті жəне ерігіш кальций тұздарының 
концентрациясын төмендету, себебі шырыннан кальций тұздарын 
толығымен шығарып алмаса, жылу алмастырғаш аппараттар-
да шөгінді түзілуіне 
жол беріледі, соған орай 
жылудың шығындалуы 
мен сахарозаның жойылуы 
арта түседі. ІІ сатурацияны 
алғаш қысына ұқсас сатура-
торда жүргізеді, бірақ оның 
шырын үстіндегі кеңістігі 
кіші көлемде болады, 
себебі І сатурациядағыға 
қарағанда ІІ сатурация ке-
зінде шырын аз көпіреді. 
ІІ сатурацияны жүргізер 
алдында шырынды 93-
97ºС дейін қыздырады 
жəне 10 мин аралығында 
сату рациялайды.Үдерісті 
белгілі оңтайлы қалыптағы 
сілтілік дəрежесіне жет-
кенше – 0,02-0,03% СаОН 
жəне рН мөлшері 9,0-9,5 болғанша жүргізеді. ІІ сатурацияланған 
шырынның оңтайлы сілтілігі ондағы калий тұздарының неғұрлым 
төменгі дəрежеде болуына сəйкес келеді, ол шырындағы қант емес 
заттардың құрамына тəуелді болады жəне бұл тұрақты үлес болып 
саналмайды. Сатурациялаушы газдың ІІ сатурациядағы пайдаланы-
лу коэффициенті 50% құрайды, бұл шырындағы сілтіліктің І сатура-
циямен салыстырғанда аз мөлшерде болуымен дəлелденеді. Бұдан 
əрі қарай ІІ сатурациядағы шырынды сүзеді.
Шырынның (қою шырынның
) сульфиттелуі. Бұл диффузион-
ды шырынды тазарту үрдісінің соңғы сатысы. Ол ІІ сатурациядағы 
сүзілген шырынды күкірттің қостотығымен өңдеуді білдіреді, 
7.10- сурет. Қарама-қарсы
ағынды торлы сатуратор


417
қостотықты қант зауытындағы арнайы пештерде күкіртті жағу 
арқылы алады. Сульфиттеуге қою шырынның қоспаларын да, диф-
фузионды аппаратқа берумен жүзеге асырады.
Сульфиттеуші газда 10-15% SО2 болады. Шырын бойымен газ 
жіберген кезде күкіртті газ пайда болады, ол төменгі молекуляр-
лы бояғыш заттарды қалпына келтіріп, оларды түссіздендіреді. ІІ 
сатурациядағы шырынның түсі сульфиттелгеннен кейін 20-30% 
төмендейді.
Бұл құбылыс күкірттің қостотығының əсер етуінен буланды-
ру қондырғысында да жалғаса береді, сөйтіп шырынның қарайып 
кетпеуіне жəрдемдеседі.
Күкірт қышқылы шырынды түссіздендіріп қана қоймайды, 
ол шырынның сілтілігін жəне қою шырынның тұтқырлығын 
да төмендетеді, сондықтан сілтілік қасиеті бар калий карбона-
ты мен натрий бейтарап сульфиттерге айналады. Бұл жағдай шы-
рын мен қою шырынның сүзу кезіндегі жағдайларын жақсартады, 
қанттың кристаллдану құбылысын жəне кристаллдардың кристалл-
дану аралығындағы ерітіндіден бөлінуін жеңілдетеді. Күкіртті 
қышқылдың жəне оның тұздарының тағы бір қабілеті, карбонильді 
топтағы редукциялаушы қосындыларды (глюкоза, фруктоза, манно-
за) шектеуі болып табылады жəне сол арқылы шырындағы бояғыш 
заттардың түзілуіне жол бермейді. Шырынды негізінен, бүрккіш не-
месе сұйық сыздықты əрекеттерді қамтамасыз ететін сульфитатор-
ларда сульфиттейді. Күкіртті қостотықты пайдалану коэффициенті 
90-98% құрайды. Сульфиттелген шырындағы оңтайлы рН деңгейі 
8,5-8,8, қою шырында - 7,8-8,2, суда – 5,5-6 болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет