Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет262/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   375
Жом. Бұл қантсыздандырылған жоңқалар. Оның құрғақ заттары 
пектинді заттардан (шамамен 45%), целлюлоза мен гемицеллюлоза-
дан (шамамен 20%), ақуыздардан, күл мен қанттан (2-4%) құралады. 
Жом мал жемі ретінде балғын күйде жəне кепкен күйде де пайда-
ланылады. Жомды малға шикі күйде дайындағанда, құрғақ заттары 
12-14% дейін болатындай етіп сығымдайды, ал кептірілетін түрін 
дайындағанда – құрғақ заттарын 22-25% жеткізеді. Диффузионды 
қондырғының əр түрінен шығарылған жом əр түрлі болады, КДА 
алынғанда ол қызылшаның салмағымен 70%, құрғақ заттары 7-8% 
көлемінде алынады. Осы көрсеткіштер ауытқып отырады жəне ол 
қызылшаның ұлпасының көлеміне жəне оның сапасына, сондай-ақ 
өзге де жағдайларға тəуелді болады.
7.2. Сұйық қант өндіру
Сұйық қантты өндіру үшін шикізат ретінде құмшекер алы-
нады. Сұйық қантты алудың технологиялық схемасы келесідей: 
центрифугада айналдырылып алынған құмшекер, кептіру бөлімін 
айналып өтіп, клерлеп бұлғау орнына түседі, мұнда оны құрғақ 
заттары 64-67% болғанша суда ерітеді. Тиеу-түсіру жұмыстарын 
механикаландыру мақсатында, орау қалау, қаптарды тасымалдау, 
оларды аударып түсіру, еріту, сүзу сияқты еңбекті қажет ететін 
жұмыстарды атқаруды жеңілдету мақсатында стандартқа сəйкес 


425
сұйық қант үш түрлі категорияда – жоғары, бірінші, екінші 
сұрыпта шығарылады.
Жоғары жəне бірінші категориядағы сұйық қантты сүзеді 
жəне адсорбентпен тазартады, оны алкогольсіз өнімдер өндіруде, 
кондитержəне нан өнеркəсібінде пайдаланылады.
7.3. Рафинад қант өндіру
Қызылшадан өндірілетін құмшекер жəне құрақтан алынатын 
қант шикізатында біршама деңгейде қант емес заттар (бояғыш зат-
тар, күлді элементтер жəне т.б.) болады, олар қантқа сарғыш түс 
береді, татымдылық жəне иіс береді. Қантты рафинадтаудағы негізгі 
мақсат – жоғары сапалы, құрамындағы таза сахарозасы стандартқа 
сай 99,9% кристаллды өнім алу. Рафинад қантты құмшекер түрінде 
де, кесек рафинад қант түрінде де (сығымдалған: кесектелген жəне 
құйылған сипаттағы; жылдам еритін, оның ішінде кіші орамдағы 
жол жүруге арналған) өндіріледі. Сығымдалған рафинад қантын 
жеке кесектеп шығарады.
Қантты рафинадтаудағы басты үрдіс – сахарозаны қант емес 
заттардан бірнеше қайтара кристаллдандыру жəне қою шырынды 
адсорбциялау жолымен тазарту болып табылады. Рафинад қантты 
өндіру кезінде кристаллдандыруды екі топқа бөліп қарастырады: 
рафинадты (2-3 сатыда) жəне өнімдік (3-4 сатыда).Рафинад қантты 
тек алғашқы екі немесе үш айналымда алу нақтыланған, ал келесі 
айналымдарда қойыртпақты қантсыздандыру жəне алынған 
сарғыш қантты қайтадан адсорбциялық тазартуға жібереді жəне 
кристаллдандырып рафинадқа айналдыруға береді. Сөйтіп ра-
финадты қант өндірісінде бірнеше қайтара кристаллдандыруды 
жүргізеді, сонымен қатар əрбір кристаллдандыруды өткізгеннен 
кейін қою шырынды механикалық жəне адсорбциялық тазартуды 
жүргізіп отырады.
Сығымдалған рафинад қантын өндірудің технологиялық схе-
масы келесідей кезеңдерді қамтиды: құмшекерді өлшеу жəне 
елеу; рафинад шəрбатын жəне клерсті дайындау; шəрбаттың 
құрамынан механикалық қосындыларды шығарып тастау; шəрбатты 
адсорбциялық түрде тазарту; шəрбатты утфельге дейін жеткізіп 
қайнату; салқындату жолымен кристаллдандыру; кристаллдар-
ды центрифугалау жəне ағарту, рафинад ботқасын алу; рафинад 
ботқасын сығымдау; алынған брикеттерді кептіру жəне салқындату; 
28–298


426
рафинад қантын бөлшектеу жəне орау; қоймаға орналастыру жəне 
сақтау.
Құмшекер өндіріске жеткізілген кезде оны автоматты тара-
зыларда өлшейді, қосындылардан тазартады (жіптер, қаптың 
түктері жəне т.б.) жəне шəрбат пен клерсті дайындау үшін береді. 
Рафинадты шəрбатты кəдімгі құмшекерден дайындайды. Клерс – 
бұл құмшекердің ең таза сападағы түрі мен рафинад қантының 
қалдықтарынан дайындалатын шəрбат. Шəрбаттың темпера-
турасы 75ºС болады. Дайын болған шəрбатты құрамындағы 
қоспалардан тазарту үшін міндетті түрде гравий мен фильтро-
перлит арқылы сүзеді, содан кейін шəрбатты ағарту үшін жəне 
минералдық қоспалардан тазарту үшін адсорбциялық тазартуды 
жүзеге асырады. Шəрбатты адсорбциялық тазартуды жүргізу 
үшін түйіршіктелген белсенді көмірді немесе кейде əр түрлі 
санаттағы ұнтақталған көмірді қолданады. Ал ағарту үшін 
ион алмастырғыш шайырды қолданады – ол жасанды түрде 
алынған органикалық заттар болып табылады, өзінің ионда-
рын қант шəрбатындағы осыған ұқсас атаудағы басқа зарядтағы 
иондарға жылдам алмастыру қабілетіне ие. Ағартуға бағытталған 
кездегі шəрбаттың температурасы 80ºС аспауы керек жəне рН 
мөлшері 7,1-7,3 құрайды. Шəрбатты реактордан жəне қосымша 
құралдардан тұратын ион алмастырғыш құрылғыда ионитпен 
тазартады. Ағартылған шəрбатты вакуум-аппаратқа əрі қарай 
қоюландыру үшін жібереді. Рафинадты шəрбаттан утфельді 
қайнату қант қызылшасы өндірісіндегі утфельді қайнатудан еш 
айырмашылығы болмайды, бірақ рафинадты утфельді жыл-
дам қайнатады, ол мұндағы қайнатылатын шəрбаттың жоғары 
тазалығымен жəне онда неғұрлым жоғары концентрациядағы 
құрғақ заттарының болуымен дəлелденеді. 
Рафинад кристаллының утфелін құрамындағы құрғақ затта-
ры 91,5-92,0% жеткенше 75ºС температурада қайнатады. Дайын 
болған утфельді утфель араластырғыш-кристаллдандырғышқа 
қосымша кристаллдандыру үшін түсіреді. Мұнда оның белгіленген 
тығыздығын ұстап отыру үшін утфельді сұйылтады, оған тазар-
тылып қанықтырылған шəрбатты қосып бірге кристалдандырады. 
Қант кристаллдарын бөліп алу үшін утфельді үздіксіз қозғалыстағы 
центрифугада айналдырып өңдейді. Оның тор көзді елеуіштерден 
тұратын төрт көлденең барабаны болады, олар центрифуганың 
тура бойымен бірінен кейін бірі орналасқан, айналу жиілігі 800-¹. 


427
Барабандардың диаметрі қанттың жылжуына қарай ұлғайып оты-
рады. Бірінші жəне үшінші барабандар айналатын жəне ілгері-
кейінді қозғалыста болады. Центрифуганың өзі көлденең кожухқа 
бекітілген, оларда бірінші қойыртпақты екіншісінен бөліп отыра-
тын қалқашалар орналасқан. Қантты ультрамарин қосылған клерс 
арқылы ағартады.Центрифугалағаннан кейін жəне ағартқаннан 
кейін рафинад ботқасын алады, ол кристаллдардан жəне оларды 
бүркеп тұратын ылғалдандырғыш клерс қабыршақтарынан тұрады. 
Рафинадты ботқаның ылғалдылығы дайын рафинад қантының 
қажетті қаттылығына тəуелді жағдайда реттеліп отырады жəне 1,5 
тен 2,9% аралығында ауытқып отырады. Қатты рафинад қантын 
өндіру кезінде рафинад ботқасына клерстің жеткілікті мөлшерін 
қалдырып қояды, бұл жағдай кристаллданған сахарозаның 
қанттың монокристаллдарын сығымдағаннан кейін кептіру ба-
рысында қатырып тастауына арналады. Ботқаның сығымдауға 
түсірілген кездегі ылғалдылығы 2,4-2,6%, ал температурасы 
60-65 ºС құрауы тиіс.
Рафинад ботқасын сығымдау үшін бір жақты сығымдаудың екі 
түрін: циклді қозғалыстағы төрт бұрышты кесектерді сығымдауға 
арналған дискілі (шеңберлі) жəне үздіксіз қозғалыстағы кубикті не-
месе параллепипед пішініндегі брикеттерді сығымдауға арналған 
роторлы (барабанды) жабдықтарды пайдаланады. Рафинадты 
ботқаның физикалық-механикалық қасиеттеріне жəне сахарозаның 
кристалдарын бір-біріне жабыстыра түсетін сығымдау күшіне 
тəуелді жағдайда брикеттер тығыздығы мен пішіні жағынан əр түрлі 
болып шығады. Кептірілген жəне салқындатылған брикеттерді дұрыс 
пішімдегі рафинад қанты кесектеріне, белгілі бір тығыздықтағы жəне 
салмақтағы сұрыптарға бөліп орнықтырады. Сығымдалған шикі ра-
финад қантын кептіру бір-бірінен ерекшеленетін екі кезеңде жүзеге 
асырылады. Бірінші кезең ылғалды қарқынды түрде бөліп шығаруға 
арналады, екінші кезең – кептіру үрдісін күрт төмендетумен си-
патталады. Рафинад кесектерін негізінен тоннельді қарама қарсы 
ағындағы конвективті кептіргіштерде кептіреді. Рафинад қантын 
кептірудің ұзақтығы 8-10 сағ. созылады. Тығыз сығымдалған рафи-
надты (ылғалдылығы 2,3% астам) кептіру кезінде вакуум-кептіргішті 
пайдаланады. Вакуумда брикеттерді кептіруге арналған жалпы ай-
налыс ұзақтығы 5-6 сағат.


428


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет