464
Алдымен дəнді жуғыш аппаратқа 3 жууға, дезинфекциялауға
жіберіп, асты жағынан жоғарыға қарай үздіксіз су жібере отырып
жеңіл қоспаларын алып тастайды. Сосын дезинфекциялайтын
ерітінді қосып, зарарсыздандыру үшін дəнді ұстап тұрады. Содан
кейін ерітіндіні ағызып тастайды да дəнді сумен жуып, жаңа суда
6-8
сағаттай ұстап тұрады, сосын сулы-дəнді қоспаны насос арқылы
уыт өсіретін аппаратқа
4 жібереді. Шнекті араластырғыш оны елек-
терге біркелкі етіп таратып шығады. Дəнді оқтын-оқтын суланды-
ру қондырғы
1 жəне салқындатқыштың көмегімен сумен суланды-
рып, салқындатылған ауамен желдетеді. Сулау ұзақтығы 42 сағат
аралығында. Сосын дəнді температурасын 14-18
0
С
деңгейде ұстап
тұрып, ылғалдығы 85-98% жəне температурасы 14-18
0
С
болатын
салқындатылған ауаны желдеткішпен
2 оқтын-оқтын бере отырып
өндіреді.
Уытты кептіруді кептіргіш агенттің температурасын əрдайым
жоғарылата отырып бес сатыда жүргізеді. Ыстық ауа желдеткішпен
8 жылугенераторынан
9 өсіретін аппараттың елек астындағы
кеңістігіне астыдан жоғары қарай беріліп отырады. Кептіру режимі
9.7-сурет. Статикалық уытханада
уыт өндірудің аппаратуралық-
технологиялық сызбасы
465
жаңа өсірілетін уыттың сапасына байланысты болады. Ашық түсті
уытты кептіру ұзақтығы 24-36 сағ. Кептіру аяқталған соң ыстық
уыттың əр қабатына ауа үрлеу арқылы уытты 40-50
0
С-ға дейін суы-
тады. Суытылған уыт тасымалдағышқа
10 салынып, нориямен
5 ал-
дымен бункерге
6, сосын өскіндерін алу үшін
машинаға 7 жіберіледі.
Статикалық уытхана тасымалдау операциясын азайтады,
технологиялық циклді жəне ыдыстың металсыйымдылығын
қысқартады, уыттың шығындалуын жəне судың меншікті шығынын
төмендетеді. Бірақта мұндай əдісте технологиялық үдерісті реттеу
қиын.
Достарыңызбен бөлісу: