Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


-сурет. Арпаны сулау, дезинфекциялау жəне жуу 9.5-сурет



Pdf көрінісі
бет277/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

9.4-сурет. Арпаны сулау, дезинфекциялау жəне жуу
9.5-сурет. Дəнді сулайтын аппарат


457
күбінің периферииі бойынша аударылатын дəнді бөлетін сегнер 
дөңгелек арқылы шығуына алып келеді. 
Дəнді сулау əдістері. Жоғарыда айтылғандай, дəнді сулау алдын-
да жуу мен дезинфекциялау жүргізіледі. Жуатын жəне дезинфекция-
лайтын зат ретінде сілті (сөндірілмеген əк, натрий гидроксиді, неме-
се каустик содасы) жəне қышқыл (хлорлы əк, судың асқын тотығы, 
перманганат калий) ерітіндісі қолданылады.
Дəнді жуу мен дезинфекциялау алдын-ала 1/3 көлемді сумен тол-
тырылып, сосын тазартылған, сұрыпталған жəне өлшенген дəн са-
лынып, деңгейі дəннен көп болатын аппаратты сумен толтырып жу-
атын жəне дезинфекциялайтын аппаратта жүргізіледі; қоспа ауамен 
немесе басқа да затпен араластырылады да 1-1,5 сағ тыныштыққа 
қойылады, сосын жеңіл қоспалар алынып тасталып, суынан айры-
лады, жаңа су құйылып, дезинфекциялайтын ерітінді салынады да, 
араластырылып, 2-3 сағ тыныштықта қалдырады да, суды аппарат-
тан шығарып тастайды. 
Одан əрі дəнді 10-17 
0
С температурада жібітеді.
Дəнді сулаудың мынадай: су жəне ауа ағымында үздіксіз ауалы-
су, суландыру, ауалы-суландыру жəне пневматикалық тəсілдері 
қабылданған. 
Ауалы-сулы сулау əдісі. Мұндай əдіспен сулағанда дəн 
кезегімен суда, ауада болады. Жеңіл қоспаларды (үстіне көтеріліп 
шыққан ұсақ жəне бос дəндер, қабықтар жəне əртүрлі қоспалар) 
алып тастаған соң дəнді жуып суда (4-6 сағ), ауада (2-3 сағ) бірнеше 
рет кезектестіріп ұстайды. Суда немесе ауада тұрған дəннің арасы-
на əр сағатта 3-5 мин аралықта көмірсу диоксидін шығарып тастау 
үшін ауа үрлеп отырады. Температурасы 10-15 
0
С екінші суланатын 
суға дəнді дезинфекциялау үшін зарарсыздандырғыш қосады. Арпа 
спирт өндірісінде 38-40% ылғалдылыққа дейін 20 сағ аралығында, 
сыра өндірісінде 43-47% ылғалдылыққа дейін 48-72 сағ аралығында 
жібітіледі. 
Ауалы-сулы əдісте 15-20 мин жібітілгенде суда еріген оттегі 
толығымен дəнге жұмсалып, анаэробты тыныс алу жүреді. Ауамен 
оқтын-оқтын желдету мəселені толық шеше алмайды. Сондықтан да 
дəннің анаэробты тыныс алу болмайтын, сулау əдісі кеңінен тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет