91
қабатына елегіш қабілеті жоғары саңылауы ұзын електі қояды.
Електің кинематикалық көрсеткіштерін дəннің түріне, мөлшеріне,
сусымалдығына байланысты таңдайды.
Желді-електі сепараторда ірі қоспалар толық, аса уақ жəне
жеңіл қоспалардың 95%-ы алынуы қажет. Дақылдардың ішінен уақ
дəндері мұқият бөлініп алынуы тиіс. Өйткені олар қауыздалмайды,
ал қауыздалмаған дəнді жармадан бөліп алу өте қиын болады.
Дақылдардың уақ дəндерін бөліп алу үшін əртүрлі елеуіш машина-
ларды қолданады.
Қысқа қоспаларды – қарамықшаны бөлгіш, ұзын қоспаларды
– қара сұлыны бөлгіш машиналарды қолданып тазалайды.
Қарамықшаны бөлгіште 90%-дан астам, қара сұлыны бөлгіште 80%-
дан астам қысқа немесе ұзын қоспалар бөлініп алынады. Күрішті,
жүгеріні дайындағанда бұл машиналарды қолданбайды.
Тас-балшықтан тазалау үшін АІ-БОК, АІ-БКВ, АІ-БКР, т.б.
маркілі бөлгіштерді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: