113
Ұнтақ пен ядроны бөліп алғаннан кейін қауыздың құрамы 40%
клетчаткадан, 20% минералды заттардан, 2-5% ақуыздан, 1,5% май-
дан тұрады. Қауыздың көлемдік өлшемі 100 кг/м
3
.
Дайын заттардың шығымы. Сапасы тұрақты күріштен алынған
дайын заттардың шығымы ажарланған немесе жылтыратылған жар-
ма шығарумен байланысты.
Қауыздалған дəнді (ядроны) РС-125 маркілі ажарлағыш постав-
ты қолданып, төрт рет ажарлайды. Бірінші ажарлау жүйесінде АІ-
БШМ маркілі ажарлаушы машинаны қолдануға болады. Көптеген
заттардың көрсеткіштері АІ-БШМ машинасының РС-125 машина-
сына қарағанда ажарлау сапасының жоғары екенін көрсетеді. Бірақ,
онда ұнтақталған дəн мөлшері көбейеді.
Ажарлауда ядроның сыртқы қабаттары, ұрықтары алынуына бай-
ланысты оның химиялық құрамы біраз өзгереді. Ажарлауда 10-15%-
дай ұнтақ алынады жəне едəуір мөлшерде ұсақ ядро шығады. Сынық
жарманың шығым мөлшерін азайту үшін күріштің шыны дəнін 14,4-
15,2%-ға дейін, ұнды, дəнді 13,4-13,6%-ға дейін ылғалдау керек.
Ұсақ ядроны ажарлау үшін бөлек ажарлаушы машина қойылады.
Жарманы жылтырату. Жарманың сыртқы көркін жақсарту
үшін оны жылтыратады. Ол үшін жылтыратқыш поставты қол-
данады. Оның барабанының айналу жылдамдығы – 10 м/с. Жыл-
тырату кезінде жарманың сыртын жылтыратады, ұнтақ пен кедір-
бұдырлардан тазартады.
Достарыңызбен бөлісу: