Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет57/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   375
Бірінші, дəнді қауыздау. Қазіргі жарма зауыттарында күрішті 
негізінде резеңке білікті ЗРД қауыздау машинасын қолданып 
қауыздайды. Бұл машина сапалы қауыздауды қамтамасыз етеді жəне 
электр қуатын аз жұмсайды. Күрішті қауыздауда біліктерінде рези-
насы бар АІ-ЗРД қолданылады. Технологиялық сызбасы 2.5-2.6 су-
реттер.
Жылдам айналатын біліктің жүрісі 9,2 м/сек, жылдамдықтарының 
қатынасы – 1,4:1 болуы қажет. Біліктердің арақашықтығын қауыздау 
коэффиценті 85% кем болмауын жəне ұнтақталған дəннің 2%-дан 
көп болмауын қамтамасыз ететіндей қылып белгілейді.
Екінші, қауыздалмаған дəндерді бөлу. Дəнді резеңке білікті ЗРД 
машинасын қолданып қауыздағанда ұсатылған ядро мен ұнтақталған 
ұнтақтардың шығымы аз болады. Сондықтан осыны қолданып 
қауыздаудан алынған заттарды бөлудің əртүрлі сызбасын қолдануға 
болады. Ең жай сызба бойынша желсорғышпен ұнтақты, қауызды 
2.5-сурет. Қарақұмық (а) 
жəне тарыны (б) қауыздау 
үшін (І) жəне (ІІ) білікті 
декалы станоктың жұмысшы 
органдарының орналасу 
сызбасы 
1 – білік; 2 – дека. 
2.6-сурет. Білігінің резинасы бар 
қауыздаушы АІ-ЗРД: 1 – қабылдау 
қондырғысы; 2 – білікті қосу айыру 
механизмі жəне жұмыс аралығын 
реттеу; 3, 4 – жоғарғы жəне төменгі 
біліктер; 5 – өнімді шығару; 
6 – электродвигатель; 7 – қауызды 
желдететін ауа каналы; 


112
жəне ұсақ дəндерді бөліп алып, қауыздалған жəне қауыздалмаған 
дəндерді падди-машинада бөледі. 
Сондықтан қауыздаудан алынған заттарды бөлуді, ең алдымен 
ұнтақтар мен ұсақ дəндерді бөліп алудан бастаған дұрыс болады. Қазіргі 
уақытта ұнтақ пен жарылғыш дəнді бөліп алу үшін АІ-БРУ елеуішін 
қолданады. Қауыздалған жəне қауыздалмаған дəндердің физикалық 
қасиеттерінің əртүрлі болуына байланысты, елеуіште олардың біразын 
бөліп алуға болады да, падди-машинаға аз мөлшері түседі. Осы се-
бептен қолданылатын жарма бөлгіш машиналардың саны азаяды. 
Күріштен жарма алудың жалпы сызбасы 44-суретте көрсетілген.
Көптеген зерттеулерден алынған мəліметтер бойынша, 
саңылауының мөлшері 0,5-5,5 мм електі қолданып, қауыздалмаған 
дəндердің жартысын бөліп алуға болады, ядроның мөлшері 30-35%-
дан аспайды. Саңылауының мөлшері 3,8 мм електен өткен 30%-ға 
дейінгі заттың құрамындағы қауыздалмаған дəннің мөлшері 1%-дан 
аспайды. Електің 1,5 мм-лік көзінен өткені ұнтақты құрайды. Осы 
електерден алынған сырғымалар қауыздалмаған жəне қауыздалған 
дəндердің қосындысын құрайды, оларды сорғышта қауыздардан 
бөліп падди-машинаға сұрыптауға түсіреді.
Падди-машинадан жəне елеуіштен алынған қауыздалмаған 
дəндерді əдейі арналған сырғыма жүйесінде де қауыздайды. 
Падди-машинадан жəне елеуіштен алынған, құрамында 
қауыздалмаған дəннің мөлшері 1%-дан аспайтын, ядроны ажарлау 
жүйесіне жібереді. 
Үшінші, ядроны ажарлау. Күріш жармасын өндіруде жарманың 
шығымы мен сапасы ядроны ажарлаумен тығыз байланысты. Ұсақ 
жармалардың көпшілігі осы ядроны ажарлау кезінде пайда болады.
Бөліп алынған ұсақ жарманы қосымша ажарлап, кейіннен 
желсорғышпен тексереді. Тас-құм қоспаларын бөліп алу үшін желді 
бөлгіш үстелді қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет