Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет94/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   375
Құрауыштарды мөлшерлеу. Құрама жем өндірісіндегі маңызды 
үдеріске құрауыштарды мөлшерлеу мен араластыру жатады. 
Құрама жемге енетін құрауыштарды дұрыс өлшемеу оның 
қоректік құндылығын төмендетіп, кей жағдайда малды ауруға 


177
ұшыратады. Сондықтан машина жоғары дəлдікпен жұмыс істеуі ке-
рек. 
Мөлшерлеу – рецепт бойынша белгіленген құрамажем құ-
рауыштарын өлшеу немесе көлеммен мөлшерлеу. Мөлшерлеудің 2 
əдісі бар: 1) көлемдік; 2) таразылық.
Көлем бойынша өлшейтін машиналар өнімді бірлік уақытта (1 
минутта) бірдей көлемде өлшейді, ал масса бойынша өлшейтін 
машиналар оны белгіленген мөлшерде үлеспен немесе үздіксіз 
өлшейді.
Көлемдік өлшеу құрауыштардың үздіксіз мөлшерленуін, ал 
таразылық мөлшерлегіштің конструкциясына байланысты үлеспен 
немесе үздіксіз мөлшерленуін қамтамасыз етеді.
Көлемдік мөлшерлегіш машиналардың таразылыққа қарағанда 
өлшеу дəлділігі төмен, өйткені өлшенетін өнімдердің массасы уақыт 
аралығында ұнтақтау ірілігі, ылғалдылығы бойынша өзгеруі мүмкін. 
Сондықтан көлемдік мөлшерлегіштерді жүйелі тексеріп тұру керек. 
Мөлшерлегіштердің түрлеріне мыналар жатады: 
Ⱥɜɬɨɦɚɬɬɵ ɦԧɥɲɟɪɥɟɝɿɲɬɟɪ 
Ʉԧɥɟɦɞɿɤ 
ɬɚɪɚɡɵɥɵԕ 
Ԛɡɞɿɤɫɿɡ ɠԝɦɵɫ 
ɿɫɬɟɣɬɿɧ 
Ԛɥɟɫɬɿɤ 
Ԛɡɞɿɤɫɿɡ 
ɠԝɦɵɫ 
ɿɫɬɟɣɬɿɧ 
Ȼɚɪɚɛɚɧɞɵ
Ɍɚɪɟɥɤɚɥɵ
ɲɧɟɤɬɿ
ɥɟɧɬɚɥɵ
ɜɢɛɪɚɰɢɹɥɵ
Ⱥɜɬɨɦɚɬɬɵ 
ɬɚɪɚɡɵɥɵ 
ɦԧɥɲɟɪɥɟ-
ɝɿɲ 
Ɍɚɪɚɡɵɥɵ 
ɬɪɚɧɫɩɨɪ-
ɬɟɪɥɟɪ 
Көлемдік мөлшерлегіштің ішіндегі кең таралғаны 
тарелкалы 
мөлшерлегіштер. Оның түрлері: ДДТ - əртүрлі құрауыштарды 
мөлшерлеу үшін; ДТ, МТД –ЗА – минералды шикізатты мөлшерлеу 
үшін; ДТК, ДД – витаминдер, микроэлементтерді мөлшерлеу үшін. 
3.5-суретте тарелкалы мөлшерлегіш сызба күйінде берілген. 
Өнім мөлшерлегіш алдындағы қораптан мөлшерлегіштің 
қабылдау шөмішіне түседі, шөміштің коникалық бөлігінде өнім 
айналып тұрған қалақшалар (2) арқылы қопсытылып, дискінің 
12–298


178
бетіне табиғи құлама 
бұрыш жасап түседі. Өнім 
дискімен бірге айналғанда 
тырнағыш (скребок) одан 
өнімді тартып алып, науа 
арқылы құрастырмалы 
тасымалдауышқа береді, 
одан өнім араластырғышқа 
барады.
3.6-суретте көлемдік 
прин цип пен 
мөлшерлеу 
сызбасы көрсетілген. 
Əр мөлшерлегіш құрау-
ыш тардың белгілі тобына 
арналған (көлемдік масса, 
біркелкілігі жəне сусыма-
лы бойынша). 
Құрама жемге көп 
мөлшерде енетін құрауыштарды мөлшерлеу үшін 2-3 мөлшерлегіш 
қолданылады. Мөлшерлегіштің жұмысы біркелкі болуы үшін оған 
өнім үздіксіз түсіп тұруы керек. Ол үшін мөлшерлегіш алдындағы 
қорапта дайындалған өнімнің қоры болуы керек. Көлемдік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет