Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


-сурет. Қабыршақты елек Балғалы ұнтақтағыш 3.4-суретте  көрсетілген. 3.4-сурет



Pdf көрінісі
бет93/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   375
3.3-сурет. Қабыршақты елек
Балғалы ұнтақтағыш 3.4-суретте 
көрсетілген.
3.4-сурет. Балғалы ұнтақтағыш:
1 – цилиндрлі елек беті; 2 – 
балғалар; 3 – дискілер; 4 – ротор; 
5 – қоректендіргіш механизм; 
5 – қабылдау шөміші; 7 – қақпақ; 
8 – еңкіш бет.


176
балғаның өлшемі мен формасы, елек саңылауының өлшемі, балға-
ның айналу жылдамдығы, балға мен елек арасындағы қашықтық 
жатады.
Ұнтақтау қарқындылығына балғаның айналу жылдамдығы 
əсер етеді. Құрама жем өндірісінде қолданылатын ұнтақтағыштың 
балғасының айналу жылдамдығы ұнтақтағыштың түріне байланы-
сты 58-100 м/сек.
Балға мен елек бетінің арасындағы қашықтық үлкен болса, 
өнім қабаты ұлғайып, өнім бөлшегіне балғаның əсер етуі кемиді. 
Арақашықтық аз болса, өнім қабаты тығыздалып, қысу əсеріне 
жақсы жағдай туады, яғни ұнтақтау тиімділігі жоғарылайды. Дəнді 
дақылды ұнтақтаудағы саңылау өлшемі – 4 мм, күнжара, бор мен 
тұзды ұнтақтауда – 7-10 мм.
Дəннің ылғалдығы өскен сайын ұнтақтағыштың өнімділігі 
төмендеп, электр қуатының меншікті шығыны жоғарылайды. 
Өндірістік типтегі құрама жем зауыттарында құрауыштарды 
бірнеше машинада ұнтақтайды. 
Ұнтақтағыштың жұмысының технологиялық тиімділігі өнімнің 
ұнтақталу дəрежесі, өнімділігі, 1 т шикізатты өңдеуге кететін электр 
қуатының өзіндік шығынымен анықталады. Қауызды дəнді дақыл-
дарды ұнтақтағанда ұнтақтағыштың өнімділігі 30-31% төмендейді. 
Бор мен тұзды ұнтақтау тиімділігі де оның ылғал сақтауына бай-
ланысты.
Ірі кесектен тұратын құрауыштарды (күнжара, собығы бар жүге-
рі) ұсақ ұнтақтау үшін оларды балғалы ұнтақтағышта ұнтақтау 
алдын 
да алдын ала тісті валкалы ұнтақтағыш, уатқыштарда ірі 
ұнтақтайды.
Білікті (валкалы) ұнтақтағыштар ұнтақтайтын өнім түріне бай-
ланысты күнжара тақтасын ұнтақтауға арналған күнжара уатқыш 
– ЖЛ-1, А1 – ДЖЛ жəне собығы бар жүгеріні ұнтақтауға арналған 
– жүгері уатқыш болып бөлінеді. 
Күнжарауатқыштың жұмысы былай жүргізіледі: күнжара 
кесектері таспалы тасымалдауышпен немесе қолмен машинаға 
беріледі, онда олар айналып тұрған валка тістерінің əсерінен өлшемі 
40-50 мм аспайтын кесектерге ұнтақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет