Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет95/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   375
3.5-суретТарелкалы мөлшерлегіш:
1 – қабылдау қорабы; 2 – айналдырғыш 
механизм; 3 – жылжымалы науа; 4 – диск; 
5 – тырнауыш; 6 – шығару науасы.
3.6-сурет. Көлемдік 
мөлшерлеудің 
технологиялық сызбасы:
1 – мөлшерлегіш 
алдындағы қорап; 2 – 
көлемдік мөлшерлегіш; 
3 – магнитті қалқа; 4 – 
жинақтаушы тасымалда-
уыш.


179
мөлшерлегіштің жұмысын сменасына 2 реттен кем емес тексеріп 
тұру керек.
Өндірістік корпустың мөлшерлеу қабатында рецепт жазылған 
тақта ілінеді. Тақтаға бормен рецептің нөмірі, құрауыштардың ре-
цепт бойынша мөлшері, 1 минутта мөлшерлегіш өлшейтін өнімнің 
есептелінген массасы жазылады. Сонымен қатар əр мөлшерлегішке 
оның өнімділігі жазылған қағаз ілінеді. Басқа рецепт бойынша 
құрама жем өндіруге көшкенде əр мөлшерлегіштен 15-60 с бойын-
да мөлшерленетін өнім алу арқылы бақылап, қажетті өнімділікке 
көшіреді. Нормадан асып кеткен ауытқушылық байқалса 
мөлшерлегішті қайталап реттейді.
1 минутта мөлшерлегішке берілетін өнім мөлшерін формула 
арқылы анықтауға болады:
Q=V х γ х h (3.2)
Мұндағы: V – бір айналымда дискіден алынған өнім мөлшері, м
3
;
γ – өнімнің көлемдік массасы, т/м
3
;
h – дискінің айналу жиілігі, об/мин.
Соңғы кезде көп қолданылатын əдіс – 
таразылық əдіс. Қазіргі 
құрама жем зауыттарында тек таразылық əдіс қолданылады. Өйткені 
ол рецепт бойынша өнімді дəл өлшейді, ал оның қазіргі жағдайда 
құрама жемге көптеген бағалы заттарды: балық ұны, құрғақ сүт, 
қантты аздаған мөлшерде енгізуде рөлі жоғары. Сонымен қатар 
бұл əдіс үдерісті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондықтан 
көлемдік мөлшерлеуді таразылық мөлшерлеуге алмастыру құрама 
жем өндірісінің алдында тұрған үлкен міндет.
Таразылы мөлшерлеу əр құрауышты өлшеу үшін батареяға 
біріктірілген автоматты үлестік таразылы мөлшерлегішті қолдану 
арқылы жүзеге асырылады. Əр мөлшерлегішті қажетті масса 
өлшеуге дайындайды. Мөлшерлегіштер белгілі уақыт аралығында 
автоматты түрде босайды. 
Кейбір құрауыштарды өлшеу үшін таспалы таразылы 
мөлшерлегіштерді қолдануға болады, онда өнімнің белгіленген 
мөлшері үздіксіз жинақтаушы тасымалдауышқа түсіп тұрады.
Қазіргі кезде жүккөтерімділігі əртүрлі көпқұрамды таразылы 
мөлшерлегіштер кең қолданылуда, онда құрауыштар қоректендіргіш 
арқылы кезекпен ең көп жүккөтерімділігін қамтамасыз еткенше та-
разылы мөлшерлегіштерге түсіп тұрады.
Мөлшерлеу үдерісін қолмен, жартылай автоматты жəне 


180
автомат ты режімдерде басқаруға болады. Таразылы мөлшерлегіштер 
берілген бағдарламаға сай автоматты режімде жұмыс істеуі ке-
рек. Бұндай жағдайда жұмыс істегенде бір рецептен екіншісіне 
көшкенде перфокартаны ауыстырса болғаны. Сонымен қатар қызмет 
көрсететін адамдардың қателік жасауы болмайды, мөлшерлеудің 
қажетті дəлдігі қамтамасыз етіліп, қызмет ететін қызметкерлер саны 
қысқарады, өйткені мөлшерлеу жүйесі автоматты режімде жұмыс 
істейді.
Құрама жем құрамына əртүрлі мөлшерде кіретін барлық 
құрауыштарды дəл мөлшерлеу үшін бірнеше көпқұрамды тара-
зылы мөлшерлегіштерді қолданады. Жүккөтерімділігі аз таразы-
лы мөлшерлегіштерде құрама жем құрамына аз мөлшерде енетін 
құрауыштар өлшенеді.
Массасы бойынша өлшеу үшін таразылы автоматты мөлшерлегіш 
жəне шөмішті (ковшты) көпқұрамды таразылар қолданылады. 
Таразы мынадан тұрады: каркас, қоректендіргіш, шөміш, цифер-
блатты көрсеткіш, механизмді автоматты басқарқыштан тұрады.
Құрауыштарды мөлшерлегішке беретін əр ағызу құбырын 
патрубоктың сегіз саңылауының біріне бекітеді. Бұл құбырлар 
өлшеудің дəлдігін қамтамасыз ету үшін мейлінше қысқа болуы ке-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет