Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Екі сұрыпты қара бидай ұнын тарту тəсілінің техно-



Pdf көрінісі
бет17/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

1.9. Екі сұрыпты қара бидай ұнын тарту тəсілінің техно-
логиялық сызбасы
Қара бидайдан екі сұрыпты ұн тарту тəсілін пайдалану арқылы 
еленген (сеяная) жəне ұнтақталған кебексіз (обдирная) ұн алынады. 
Ұнның жалпы тұрақты шығымы 80%, оның 15%-ы еленген, 65%-
ы ұнтақталған ұн. Алдыңғы қатарлы диірмендерде еленген ұнның 
мөлшері 30%-ға жетеді. Кебектің шығымы 17%. Стандарт бойынша 
еленген ұнның күлділігі 0,75%-дан аспауы керек, №38 жібек електен 
өткен ұн 90%-дан кем болмауы қажет.
Екі сұрыпты еленген жəне ұнтақталған қара бидай ұнын алу 
тəсілінің технологиялық сызбасы керсетілген. Сызба құрамы бес 
жармалау жəне үш ұнтақтау жүйелерінен тұрады.
1.10-кестеде қара бидайдан екі сұрыпты ұн тарту тəсілінің 
ұнтақтау жүйелерінің технологиялық сипаттамалары көрсетілген.
1.10-кесте.
Көрсеткіштері
Жүйелер
Жармалау
Ұнтақтау
I
II
III
IV
V
1
2
3
n, 1 см
4,5
5,5
7,0
8,0
9,0
9,5
11,0
11,0
V, %
10
10
12
12
14
10
10
10
Жылдам айналатын біліктің жылдамдығы 6 м/сек, жыл-
дамдықтарының қатынасы – 2,5, сүйір бұрышы 35°, доғал бұрышы 
65°, біліктердің тістері қарама-қарсы орналасқан. Алдыңғы төрт 
жармалау жүйелерінің білік станогынан кейін БМ маркілі ұрғыш ма-
шиналары қойылған. Соңғы кебекті екшеу үшін АІ-БВУ маркілі ма-
шина қойылған. Оның елегінен сырғып түскен қабыршақтар кебекке 
жіберіледі, ал електен өткені ұнын айырып алуға елеуішке түседі. 
Ол ұнтақталған кебексіз ұнға жатады.


35
І жəне II жармалау жүйелері елеуішінің соңғы №32 капрон 
електерінен сырғанап түскен, құрамы барлық түрлі жармалардан 
тұратын өнімдер І ұнтақтау жүйесіне түседі, одан еленген жəне 
ұнтақталған кебексіз ұн алынады. I жəне II жармалау жүйелерінен 
70%-дай жармашықтар мен ұн алынады, ал III жармалау жүйесіне 
түсетін заттарда эндоспермнің мөлшері өте аз болады. Сондықтан 
елеуіштен алынатын сырғыма өнімді бірден V жүйеге жіберуге бо-
лады.
3-ші ұнтақтау жүйесінің елеуішінен алынған сырғыма заттарды 
III немесе IV жармалау жүйесіне қайтарады. Басқа жүйелерден алы-
натын сырғыма заттарды бір жүйеден келесі жүйеге түсіреді. Елен-
ген ұнды тексеретін елеуіштен алынған сырғыма затты ұнтақталған 
ұнды тексеретін елеуішке, ал одан алынған сырғыманы 3-ұнтақтау 
жүйесіне жібереді. Еленген ұнды I, ІІ жармалау жəне І-ұнтақтау 
жүйелердің елеуішінен алады. Өйткені бұл жүйелердің заттары 
таза эндоспермнен тұрады. Еленген ұнды алу үшін №46,49 капрон 
електерін қолданады, ал тексеретін елеуіште №32 капрон елегін пай-
даланады. Ұнтақталған кебексіз ұнды №16,18 капрон електері ар-
кылы тексереді. 1.11-кестеде қара бидайдан екі сұрыпты ұн тартуда 
қолданылатын режимдер көрсетілген.
Еленген ұнның – 27,1% жармалау, 4,9%-ын ұнтақтау жүйелерінен 
алады. Ұнтақталған кебексіз ұнның 32,5%-ын жармалау, ал 20,0%-
ын ұнтақтау жүйелерінен алады.
1.11-кесте. Қара бидайдан екі сұрыпты ұн тартуда қолданылатын режимдер
Аттары
Жармалау жүйелері
I
II
Тексеретін електің нөмірі
08
08
Өндіру, % (жүйеге түскен 
заттың мөлшеріне қарай)
40-50
50-60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет