302
Нанның тағамдық құндылығы
Нанның тағамдық құндылығы қазіргі таңдағы тамақтану тео-
риясына сəйкес, тамақтанудың үш функциянан тұрады. Біріншісі –
ағзаны энергиямен қамтамасыз етуге негізделген, екіншісі – ағзаны
пластикалық заттармен, оның ішінде ең алдымен. ақуыз, сондай-ақ май
жəне көмірсулармен қамтамасыз ету, үшінші қызметі – ағзаның өмір
тіршілігін реттеуге қажетті биологиялық белсенді заттармен – фер-
мент жəне гармондармен қамтамасыз ету. Соңғы кездері тамақтанудың
төртінші қызметі анықталған, яғни иммунитет өндіру ол тамақтағы
толыққұнды ақуыздар мен витаминдердің құрамына байланысты.
Атап өтілген тамақтану қызметтерін іске асыру, ең алдымен тағам
өнімдерінің тағамдық құндылығын қалыптастырумен соның ішінде
нанның күнделікті жəне жаппай қолданыстағы ең маңызды тағам
өнімі ретінде үлкен рөл атқаруымен байланысты.
Барлық азық-түліктер сияқты нанның да тағамдық құндылығы –
нанның дерлік маңызды қасиеттерін интегралды сипаттайтын ұғым.
Бұл ұғым өз кезегінде негізгі тағамдық заттармен жəне энергиямен
адамның физиологиялық қажеттілігіне берілген өніммен қамтамасыз
ету деңгейін сипаттайды.
Нанның тағамдық құндылығы – оның энергетикалық
құндылығымен (витаминдер, минералды компоненттер, ауысты-
рылмайтын аминқышқылдары, қанықпаған май қышқылдары)
анықталады, сондықтан да нанның химиялық құрамы, нандағы
ақуыздар, майлар, көмірсулар, В тобының витаминдері, мине-
ралды заттар – нанның тағамдық құндылығының сипаттамасы-
на айтарлықтай əсер етеді. Тағам рационының жеткілікті жəне
толыққұндылығын бағалау үшін тағамдық заттар мен энергияға де-
ген адамның нормативті тəуліктік қажеттілігін білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: