Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет49/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   375
Жарма дақылдарын ажарлау
Дəннің ең сіңімді, ең қымбат бағалы ядросын адамға жұғымсыз, 
организм қабылдамайтын сыртқы қабыршақтарынан айыруды 
қауыздау дейді.
Қауыздау кезінде күріштің, тарының, сұлының, қонақ жүгерінің 
жəне арпаның гүл қабықтары, қарақұмықтың, бидайдың, жүгерінің 
ұрық қабықтарын, бұршақ пен жасымықтың қабықтарын бөліп алады.
Қазіргі жарма зауыттарында негізінен бес түрлі жармалау ма-
шинасы қолданылады: білікдекалық станок, резиналы білікті ста-
нок, қауыздаушы постав, тас дискілі қауыздаушы машина, соққыш 
машина. Бұл машиналар түрі біркелкі дақылдарды қауыздайды, ал 
басқаларға жарамайды. 
Барлығы он жарма дақылдарының бір-бірінен көп айырмашылығы 
бар: оған анатомиялық құрылысы, қабықтар мен қабыршықтарының 
ядромен байланысы, құрылымдық-механикалық қасиеттерінің 
ерекшеліктері, т.б. жатады.
Қауыздау машиналарын дəнге механикалық əсер ету түріне байла-
нысты үш топқа бөлуе болады: бірінші топ – қысып жылжыту; екінші 
топ – бір рет немесе бірнеше рет соғу жəне үшінші топ – үйкеу.
Бірінші жағдайда, бір бет екінші бетке қарағанда қозғалыста бо-
лады. Оған бір бет жылжуда немесе екі бет əртүрлі жылдамдықта 
қозғалыста болады. Бұл жағдайда, қауыздау аймағында дене беттер 
аралығында сығылып қабықтары бүлінеді, беттер аралығындағы са-
лыстырмалы жылдамдық əсерінен қауыз ядродан бөлінеді. Бұл əдіс 
қауызы ядромен тығыз орналаспаған дақылдар үшін тиімді. Аталған 
əдіс негізінен үш машинаға тəн: білікдекалы станоктар, қауыздағыш 
поставтар жəне біліктері резинамен қапталған машиналар.
Дəнді бір немесе бірнеше рет соғу барысында қалақтармен 
алынған дəн шағылдырғыш бетке бір немесе бірнеше рет соғу 
нəтижесінде қауыздайды. Осы əдіспен қауызы ядромен тығыз неме-
се бос байланысқан дақылдарды қауыздайды (сұлы, бидай, жүгері 
жəне арпа).
Үйкеу арқылы абразивті немесе қатты бетке қабықтары ядро-
мен қосыла өскен дақылдарды (бидай, арпа, т.б.) қауыздайды. Он-
дай машиналарға қауыздан ажарлаушы АІ-ЗШН типтілер жатады. 
Олардың жұмыс істеу прициптері:
- қысу жəне жылжыту, сондықтан декалы білік станогында тары мен 
қарақұмықтың қабықтары, резиналы білікті станокта күріштің қабығы, 
қауыздаушы поставта сұлы мен күріштің қабықтарын ажарлайды;
7–298


98
-үйкелу, болат немесе құм-тас үстіне үйкелу нəтижесінде 
қабыршақтары қауыздағыш-ажарлағыш ЗНШ маркілі, т.б. машина-
ларда ажарланып, босатылады;
- соғу арқылы дəн тас-құм немесе болат үстіне соғылады да 
сұлының, арпаның, т.б. қабықтары босап, ажырап қауыздалады. 
Қауыздау жүйесінің сапалы жұмысына əсерін тигізетін жағдайлар: 
- дəннің құрылымдық-механикалық қасиеттері – ядроның 
мықтылығы, қабығы мен ядроның арасындағы байланыстың жəне 
қабықтарының беріктігі;
- дəннің толықтығы, ірілігі жəне біркелкілігі;
- дəннің ылғалдылығы, əсіресе ядро мен қабықтың 
ылғалдылықтарының айырмашылығы;
- ылғалдау жəне булау режимдері;
- астық массасындағы қауыздалған дəннің мөлшері;
- қауыздаушы машиналардың түрі, олардың қолдану жағдайы, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет