Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Қауыздалмаған дəнді қауыздалған дəннен (ядродан) бөліп



Pdf көрінісі
бет52/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   375
Қауыздалмаған дəнді қауыздалған дəннен (ядродан) бөліп 
алу (крупоотделение). Жарма зауыттарында бірінші қауыздаудан 
кейінгі қауыздалған дəн мен қауыздалмаған дəннің қоспасын бөліп 
алуда екі əдіс қолданылады: 1. Қауыздалған дəн мен қауыздалмаған 
дəннің қоспаларын бірінен соң бірін бірнеше қауыздаушы машина-
дан қабықтары түгел аршылып болғанша өткізеді; 2. Қауыздаушы 
машинадан кейін басқа заттармен бірге қауыздалған дəнді (ядроны) 
бөліп алып, қауыздалмаған дəнді қайтадан қауыздауға жібереді.
Бірінші əдіске мысал ретінде тары дəнін конвейерлік тəсілмен 
қауыздауды алуға болады. Бұл тəсіл бойынша бірінші қауыздау 
жүйесінен кейін ұнтақты, ұнтақталған дəнді, қауызды бөліп алып, 
қауыздалмаған жəне қауыздалған дəндердің қоспаларын бірге 
екінші рет қауыздау машинасына жібереді. Бұл əдіс бойынша дəннің 
барлығын қауыздау керек болғандықтан, 3-4 жүйелерді қолданады. 
Сондықтан оның кемшілігі – қауыздалған ядро қайтадан машинаға 
түскен соң ұсақталып, ұнтақ пен ұсақ дəндердің мөлшері көбейеді 
де, тұтас дəннің мөлшері азаяды, жарманың жалпы шығымы кемиді, 
қауыздаудың сапасы төмендейді.
Жарма зауыттарының көбінде екінші əдісті қолданады: бір 
қауыздау жүйесінен қауыздалып шыққан ядроны бөліп алып, 
қауыздалмаған дəнді қайтадан қосымша немесе сол қауыздаушы 
жүйеге қайтарады. Бұл əдістің артықшылығы ұнтақталған дəн мен 
ұнтақтың мөлшері азаяды, тұтас ядроның жəне жоғарғы сұрыпты 
жарманың шығымы көбейеді. Қауыздау жүйесінің сапасы, қауыздау 
жəне ядро бүтіндігі жоғары болады. 
Жарма зауыттарында ядроны қауыздалмаған дəннен бөліп алу 
үшін електі машиналарды, триерлерді, жарма бөлгіш машиналар-
ды (падди-машина), желді бөлгіш үстелдерді, т.б. машиналарды 
қолданады.
2.2.4. Жарма алу бөлімінің жүйелері
Жарма бөлгіш машиналар жұмысының технологиялық са-
пасын бағалау
Жарма бөлгіш машинаға түскен қоспаларды бөлгенде машина-


102
лардан екі зат алынуы тиіс: 1) ядро, оны тікелей жармаға (қарақұмық 
ядрицасы) немесе ажарлап, жылтыратып (күріш пен сұлының 
ядросы), жармаға жібереді, 2) қауыздалмаған дəн, оны қайтадан 
қауыздауға жібереді (23-сурет).
Егер сұрыптағыш машинаға түскен затты 100% деп алсақ, онда 
оның құрамын былай жазуға болады: 
К + Н = 100%, мұндағы К – 
қауыздалған дəннің мөлшері % есебімен; 
Н – қауыздалмаған дəннің 
мөлшері, % есебімен.
Бөлу жүйесінде екі зат алынады. «А» əрпімен көбінесе 
қауыздалған дəндерден тұратын (құнды заттардың шығым мөлшері), 
ал «В» əрпімен көбіне қауыздалмаған дəндерден тұратын заттардың 
шығым мөлшерін белгілесек, онда 
А+В=К+Н=100% есебімен.
Егер сұрыптағыш машина дұрыстап, жақсы жұмыс істесе, онда 
А=К-ге, В=Н-қа тең болуы керек. Бірақ қазіргі сұрыптағыштар 
ондай нəтиже бере алмайды: қауыздалмаған дəннің құрамында 
қауыздалған, ал қауыздалған дəннің ішінде қауыздалмаған дəндер 
болады. Сондықтан сұрыптағыш машиналардың жұмыс сапасын 
анықтап білу керек.
Сұрыптағыш машинаның технологиялық сапасы, оған түскен 
қоспаларды дұрыс бөлу – α (альфа) жəне β (вета), сұрыпталған 
ядроның тазалығы γ (гамма) арқылы анықталады. Бұл үш 
көрсеткіштердің екеуі сұрыпталған дəндердің мөлшерін көрсетеді. 
α – бөлініп алынған қауыздалмаған ядроның мөлшері, ол бөліп 
алған ядроның (К
1
) машинаға түскен қоспалардың ішіндегі ядроның 
мөлшеріне (К) қатынасы:
Į =

(2.5)
β – сұрыптап алынған қауыздалмаған дəннің мөлшері, ол 
бөліп алған дəннің мөлшерінің машинаға түскен қоспалардың 
құрамындағы қауыздалмаған дəндердің мөлшеріне қатынасы 
арқылы есептеледі:
ȕ = ; 
(2.6)
γ – сұрыптап алынған қауыздалған дəндердің тазалығын 
көрсетеді, ол сұрыпталып алынған қауыздалмаған дəндердің 
құрамындағы таза ядроның (К
1
), сұрыпталып алынған дəндердің 
жалпы мөлшеріне қатынасы арқылы есептеледі:


103
Ȗ = 
;
(2.7)
Сұрыптау жүйесінің технологиялық сапасы – η
кр.
, осы үш 
коэффицентті көбейту арқылы анықталады:
η
кр.
= α·β·γ; (2.8)
2.3-суретте қауыздалмаған жəне қауыздалған дəндердің 
қоспаларын падди-машинаны қолданып сұрыптаудың сызбасы 
көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет