Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Қауыздалған өнімдерді сұрыптау



Pdf көрінісі
бет51/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   375
Қауыздалған өнімдерді сұрыптау
Дəнді қауыздауда сапасы мен тағамдық құны əртүрлі заттар 
алынады: қауыздалған дəн, қауыздалмаған дəн, ұнтақталған дəн 
бөлшектері, ұнтақ жəне қауыз. Осы заттар бір-бірінен бөлініп, 
өңделіп, құндылығына қарай пайдаланылуға тиісті. 
Қауыздалған дəннен – ең құнды, аса бағалы өнім, ажарлап жыл-
тыратып жарма өндіреді.
Қауыздалмаған дəнді қайтадан қауыздауға қайтарады.
Ұнтақталған дəннің бөлшектері (күріштің, қарақұмықтың жəне 
бұршақтың) қосымша өңдегеннен кейін тағам ретінде пайдаланы-
лады, ал тарының жəне сұлының ұсақтарын құрама жем ретінде 
қолданады.
Ұнтақты да құнды жем ретінде қолданады.
Сұлының, бұршақтың, арпаның қауызын құнды жем ретінде, ал 
күріштің, қарақұмықтың, тарының қауыздарын – жемдік ашытқы 
дайындауға, отын ретінде, т.б. пайдаланады.
Қауыздаудан кейін алынатын заттар құрамының мөлшері 
қауыздалатын дəннің түрі мен сапасына, қауыздаудың дұрыс 
жүргізілуіне, қауыздаушы машинаның түріне жəне қауыздауға 
түсетін астықтың құрамына (бірінші немесе екінші рет қауыздау), 
режиміне байланысты.


100
2.2-кестеде дəнді бірінші қауыздаудан кейінгі алынатын 
өнімдердің құрамы берілген.
Қауыздаудан алынған өнімдерді сұрыптау үшін орындалатын 
операциялар: електе елеп ұнтақты жəне майдаланған ядроны бөлу, 
желдетіп қауызды бөлу, ядро бөлшегін машинада қауыздалмаған 
дəннен бөлу.
Ұнтақтың жəне ұнтақталған ядроның бөлшектері дəн мен ядро-
дан кіші болғандықтан, оларды бөліп алуға болады. Саңылауы 1,0-
1,5 мм темір електі електен немесе сымнан тоқылған 056 немесе 063 
мм-лік електен өткен бөлшектерді ұнтаққа жатқызады.
2.2-кесте. Бірінші қауыздаудан алынған заттардың құрамы
Заттар
Бірінші қауыздаудан кейінгі шығым мөлшері, %
Резеңке білікті 
станокта
Қауыздаушы 
поставта
Декалы станокта
қарақұмық
тары
Тұтас ядро
69,2
63,1
40,6
68,0
Қауыздалмаған дəн
8,9
12,8
44,5
15,0
Ұнтақталған ядро
4,1
2,4
1,1
1,1
Ұнтақ
0,8
0,9
0,4
0,6
Қауыз
17,0
20,8
13,4
15,3
Барлығы:
100,0
100,0
100,0
100,0
Ұнтақталған ядроға 1,6х200 (қарақұмық үшін) жəне Ø1,4-2,5 мм-
лік темір електерден өткен бөлшектер жатады жəне олар ұнтақтың 
елегінен сырғып түсуі керек (тары мен сұлының ұсақ дəндері, егер, 
олар жемге қолданылатын болса).
Жарма дақылдарының түріне қарай қолдынылатын електер 
2.3-кестеде берілген.
2.3-кесте. Ұсақ ядро мен ұнтақты бөліп алуға қолданатын електер
Дақылдар
Електің номірі (мм)
Ұсақ ядролар
Ұнтақтар
Өткені
Сырғыма
Өткені
Тары
Ø1,4
№056
№056
Қарақұмық
1,6х20
№08
№08
Сұлы
Ø2,0
№063
№063
Күріш
Ø2,7
Ø1,5
Ø1,5
Арпа
-
-
№056
Бидай
-
-
№063
Майда 
асбұршақ
Ø2,5
Ø1,0
Ø1,0


101
Қауыздалған дəннің құрамынан ұнтақталған ядроны, ұнтақты, 
қауызды бөліп алу жеңіл болса, ал қауыздалған дəннен қауыздалмаған 
дəнді бөліп алу қиынға түседі. Өйткені олардың бірінен бірінің 
айырмашылығы шамалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет