Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Дайын өнімдерді сұрыптау жəне тексеру



Pdf көрінісі
бет54/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   375
Дайын өнімдерді сұрыптау жəне тексеру – жарма дақылдарынан 
жарма алудың соңғы сатысы.
Дайын өнімдерді сақтайтын қораптарға жіберер алдында 
барлық заттар сұрыптағыш жəне тексергіш машиналарға түсуі 
тиіс. Бұл операциялардың міндеті – жарманың сапасын жақсарту, 
оның құрамындағы тұтас құнды ядроның мөлшерін көбейту. Жар-
маны тексеруде ядроны түрлі ұсақ бөлшектерден, ұнтақтан, темір 
қоспалардан, т.б. қоспалардан тазалап, шығарылатын жарманың са-
пасын стандартқа сай келтіреді.
Жарманы тексерудің кең тараған жүйесінің операциялары:
- тексерілетін жармаға сəйкес келетін саңылауы бар електе елеп, 
ірі жəне уақ бөлшектерді (ұсақ жарма, ұнтақтарды) айырып алу;
- қауыздалмаған, құндылығы төмен дəндерді бөліп алу үшін ірі 
жарманың (күріштің, сұлының) ұсақ бөлшектерін триерді қолданып 
бөліп алу;
- жел сорғышты қолданып, қабыршақтарды, ұнтақты бөліп алу; 
- фотоэлектрлік сеператорды қолданып, түсті күріш дəнін айы-
рып алу;
- магнит сеператорларын қолданып, темір қоспаларын бөліп алу.
Барлық өнімдер дайын заттар бөліміне жіберер алдында өлшеуден 
өтеді. Бұл жалпы жəне нөмірлі жармалардың шығымын, жанама 
өнімдердің (ұсақ дəндердің, ұнтақтың, т.б.) шығымын бақылауға 
мүмкіндік береді.
Жарма бөлімінің жарамсыз заттарын бақылау
Жарма зауытының қауыздау бөлімінде жармадан басқа да жарам-
сыз заттар жəне ұнтақ, қауыз алады.
Ұнтақ – бағалы жемнің бірі болып есептеледі. Оның құрамы 
ұнтақталған эндоспермнің бөлшектерінен, ұрықтық, тұқымдық 
қабықтардан, ұрықтық бүршіктерден тұрады. Химиялық құрамы 
қауыздау жəне ажарлау жүйесінің жұмыстарына байланысты 
əрдайым өзгеріп тұрады.
Ұнтақтарды қаптауға жіберер алдында тексеруден өткізеді. 


106
Өйткені ажарлау мен жылтырату машиналары електерінің ақауынан 
ұнтаққа ірі ядроның бөлшектері қосылып кетуі мүмкін.
Ұнтақты елеуіш, центрофугал, буратты пайдаланып бақылайды. 
Жарма дақылдарынң түріне байланысты ұнтақты 063, 08, 1,4 
нөмірлі електерде елеп одан өткендерін алады, ал сырғымасын жел 
сорғышқа, ядроны қабықтарынан тазалап (ұнтақталған ядроны 
тексеретін машинаға жібереді), ұнтаққа арналған қорапқа түсіреді. 
Жарма зауытында алынатын ұнтақтардың шығымының мөлшері 
бірқалыпты болмайды. Мысалы, күріште 13%, қарақұмықта 3-6%, 
тарыда 9-10% сұлы мен асбұршақта – 11%, арпадан ячнелі жарма 
өндіруде 19% , ал перловка өндіруде 40% болады.
Қауыздау кезінде бөлініп алынатын дəннің сыртқы қабықтары 
жарма дақылдарының көпшілігінің гүлді қабықтары, қарақұмықтың 
ұрықтық бүршігі, асбұршақтың тұқымдық қабығы, оның құрамында 
аздаған ұнтақ болады.
Егер желсорғыштың жұмыс режимі бұзылса, қабықтармен бірге 
ұнтақтар, ядроның бөлшектері, кейде ірі ядро да кетеді. Қабықтың 
құрамындағы ядроның бөлшектері, ұнтақтар, дəн бөлшектерінің 
мөлшері 1,5%-дан аспауы керек. Ол үшін електі машиналарды, 
желсорғыштарды дұрыс қолданып бөліп алу қажет. Қабықтарды 
көбіне отынға жəне жемдік ашытқы алуға пайдаланады, кейде 
химиялық əртүрлі заттар – пластмасса, құрылыс материалдарын 
шығаруда қолданылады. Қабықтың көлемдік мөлшері өте төмен 
жəне ол дақылдың түріне байланысты 130-180 кг/м
3
. Бір тонна 
қабықтың көлемі 6-7 м
3
-ке тең.
Жарма зауыттарында қабық шығымы өте жоғары, əсіресе сұлы за-
уытында ол өңделетін дəн массасының 80%-ын құрайды. Қабықтың 
құрамындағы ядроның бөлшектері нормадан (оның салмағынан 1,0-
1,5%) аспауы үшін оны тексеріп отыру қажет. Тексерудің мақсаты 
– ұнтақты, ядроның бөлшектерін центрофугалды қолданып, елеп 
бөліп алу.
Қабықты тексеру қатарынан 2-3 рет желсорғыштан өткізуден 
тұрады. Камерада сорылған ауаның құрамындағы ядро, дəннің 
бөлшектері жəне жеңіл қоспалар бөлінеді. Бөлінген қабық қорапқа 
түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет