12
дəндерді шынылығына қарай үш топқа бөледі; шынылығы 75%-
дан жоғары жəне 20%-дан төмен астықты бөлек құяды.
Бидайдың
көлемдік өлшеміне (1 л дəннің салмағы) қарай: 750г/л-ден жоғары,
750-690 г/л-ден төмен деп жіктеп бөлек-бөлек орналастырады. Би-
дай сағызының мөлшеріне қарай: 25%-дан жоғары, 25-20%, 20%-
дан төмен топтарға бөледі. Қара бидайды да осы тəртіппен орналас-
тырады, бірақ көлемдік өлшемдері бойынша 1 л дəнінің салмағы
700г/л-ден жоғары, 700 ден 650г/л-ге дейін жəне 650г/л-ден
төмен
деп бөледі.
Бидай мен қара бидайды ылғалдылығына қарай: 14%-ға дейін,
14%-дан 15,5%-ға дейін жəне 15,5%-дан 17,0%-ға дейін, сондай-ақ
17,0%-дан жоғары деп топтап, бөлек орналастырады. Ол
топтардың
арасындағы айырмашылықтар 2%-дан аспауы керек.
Əртүрлі сападағы бірнеше партиялардан бір ұн тарту парти-
ясын құру. Жоғары сапалы, шығымдылығы «Ережелерге» сай ұн алу
үшін тартуға арналған бидай партиясының сапасы да «Ережелерде»
көрсетілген талаптарға сай болуы керек. Сондықтан сапасы əртүрлі
астық партияларынан белгілі бір тұрақты
сапалық көрсеткіштерге
сəйкес келетін бір партия құрастырады. Оның мөлшері диірменнің
28-30 тəуліктік жұмысына жететіндей болуы керек. Мұндай бір пар-
тияны есептеп, құрғанда құрастырушы əр
партияның мөлшері мен
сапасын, күздік жəне жаздық, қатты жəне жұмсақ түрлерін, жаңа
бидай мен ескі бидайды, сондай-ақ олардың сағызының мөлшері
мен сапасына қарай араластырады.
Партияларды құрастыру
шынылығына, ылғалдылығына, сағызының мөлшері мен сапасына,
күлділігіне, типіне қарай жүргізіледі. Көбінесе осы
көрсеткіштердің
біреуі арқылы есептеп қосу тəсілі кең тараған.
Күлділігі бойынша араластырғанда күлділігі жоғары дəнді
күлділігі төмен дəнмен араластыру керек, сонда қоспа партияның
жалпы күлділігі 1,97%-дан аспауы керек.
Шынылығы арқылы
араластырғанда қоспа партияның шынылығы 50-60%-дың арасында
болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: