Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Бидайды сұрыпты ұн таратуға дайындаудың тех-



Pdf көрінісі
бет9/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

1.4. Бидайды сұрыпты ұн таратуға дайындаудың тех-
нологиялық жүйесі
Астықты көп сұрыпты, əсіресе жоғары жəне бірінші сұрыпты ұн 
тартуға дайындағанда неше түрлі машиналарды пайдаланып дəнді 
мұқият тазалайды. Əсіресе, дəнді ылғалдау мен булау үшін, оны əдейі 
1.2-сурет. Қара бидайды 
ұнтақталған кебексіз 
ұн алуға дайындаудың 
технологиялық сызбасы: 
1 – тазаланбаған астық 
қораптары; 
2 – араластырғыш; 
3 – автоматты таразылар; 
4 – желді електі 
сепараторлар; 5 – магниттік 
сепараторлар; 6 – тас бөлгіш 
машина; 7 – қарамықша 
бөлгіш машина; 8 – қара 
сұлыны бөлгіш машина; 
9 – қораптар; 10 – АІ ЗШН-З 
машинасы; 11 – ылғалдаушы 
аппарат; 12 – дəн сақтағыш 
қорап; 13 – білік станогы.


17
арналған қорапқа салып, біраз уақыт сақтауға көп көңіл бөлінеді. 
Егер элеваторда ұсақ дəн бөлініп алынбаса, онда оны бөліп алудың 
жолын ескереді. Бір ұн тарту партиясын жасауға арналған сапасы 
əртүрлі бірнеше партияны бөлек-бөлек дайындап, булап болғаннан 
кейін арнаулы қораптарға жібергеннен кейін оларды араластырған 
жөн. Бидайды сұрыпты ұн тартуға дайындағанда қауыздауда 
ЗШН машинасын қолданбайды. Өйткені ұрықтық қабыршағынан 
айырылған дəннің тұқымдық қабыршағы мен алейрон қабаты жеңіл 
үгітіліп, ұнға қосылып кетіп, оның сапасын төмендетеді, түсін 
күңгірттендіріп, күлділігін жоғарылатады.
1.3-суретте бидайды көп сұрыпты ұн тартуға дайындаудың 
технологиялық сызбасы көрсетілген. Тазаланбаған бидайдың 
қорабынан əртүрлі партияның дəндері жеке-жеке өлшеніп, ірі жəне 
1.3-сурет. Бидайды көп сұрыпты ұн алуға дайындаудың технологиялық 
сызбасы: 1 – тазаланбаған дəннің қораптары; 2 – мөлшерлегіш; 3 – 
араластырғыш; 4 – дəнді жылытқыш; 5 – скальператор; 6 – желді сепаратор 
АІ БВЗ-10; 7 – АІ-ЗШН-20 сепараторлары; 8 – тас бөлгіш; 9 – қара сұлыны 
бөлгіш машина; 10 – қарамықша алғыш машина; 11 – жуғыш машина; 
12 – ылғалдағыш машиналар; 13 – ТІ-БУВ-10 машиналары; 14 – бірінші 
ылғалданған дəннің қораптары; 15 – екінші ылғалданған дəннің қораптары; 
16 – қырғылау машинасы ЗНН-10; 17 – желдік сепаратор БПС-10; 18 – щет-
калы машина БШП-10; 19 – І жармалау жүйесінің алдыңғы қорабы.
2–298


18
жеңіл қоспаларды бөліп шығару үшін сепараторларға жəне АІ-
БВЗ-10 маркалы желдік сепараторларға түседі, одан кейін АІ-
ЗСШ-20 сепараторларына түседі. Бұл сепараторда дəн екі фракцияға 
– ірі (75%) жəне ұсақ (25%) бөлінеді. Ірі фракцияда тек қана ұзынша 
қоспалар, ал ұсақ фракцияда ұзын жəне қысқа қоспалар болады. Бұл 
екі фракция жеке-жеке АІ-БОК тас бөлгіш машинасына түседі де, 
мұнда ірі фракция тағы екіге бөлінеді. Бұл бөлігі шамамен барлық 
дəннің 25% -на жақын болады. Бұл басқа қоспалармен салыстырғанда 
таза. Сондықтан оны одан əрі тазалаудың қажеті жоқ. Екінші бөлігі 
шамамен 50% шамасында. 
Онда тек қана ұзынша қоспалар болады. Сондықтан ол тек қара 
сұлыны бөліп алатын машинаға түседі. 
Ұсақ фракциясыда тас алғыш машинаға түседі, ол екіге 
бөлінеді. Бір бөлігінде шамамен 5%-ға жуық қысқа қоспалар бо-
лады. Сондықтан ол қарамықшаны бөліп алатын машинаға түседі. 
Ал қалған 20%-ға жуығы ұзын жəне қысқа қоспалардан тазалауды 
қажет етеді. Сондықтан триерлерден кейін олардың барлығын қосып 
ылғалдау мен булауға жібереді. Ірі жəне ұсақ дəнді бөлек ылғалдап, 
булаған жөн. Осымен дəнді тазалау мен дайындаудың бірінші саты-
сы аяқталады. Бұл дəнді алдын ала тазалау сатысы деп аталады.
Ылғалдау жəне булап дайындау астықты ұн тартуға дайындаудың 
екінші сатысы. Сызбада дəнді суық сумен жуып, ылғалдау тəсілі 
көрсетілген. Егер шынылығы төмен дəнді дайындайтын болса, онда 
бір рет ылғалдап, арнайы қорапта белгілі уақыт сақтайды. Егер 
шынылығы жоғары дəнді дайындайтын болса, онда оны екі рет 
ылғалдап, екі қорапта сақтап суды сіңіреді. Қорапта сақтау мерзімі 
арнаулы «Ережеде» дəндердің қасиеттеріне байланысты көрсетілген. 
Ылғанданған дəнді қорапта сақтау кезінде оның құрылымы 
көптеген өзгерістерге ұшырайды. Дəннің ақуыздары мен крахмал 
түйіршіктері ісініп ұлғаяды, бірімен бірінің байланысы нашарлай-
ды, дəннің қабыршықтары мен крахмалдың арасындағы байланыс-
тар да нашарлайды. Осы өзгерістердің арқасында дəнді жармалау 
кезінде ол оңай ұнтақталып, көптеген жарма мен жармашықтар пай-
да болады, кейін олардан керегінше сапалы ұн алуға мүмкіншілік 
туады. Екіншіден, ылғалданған, жұмсарған қабыршықтардан ірі, 
күлділігі жоғары кебек алынады. Қабыршықтардың үгітілуі нашар 
болғандықтан, олар ұнға аз қосылады да, ұнның сапасы жақсарып, 
күлділігі төмендейді. Соған байланысты одан жоғары сапалы 
сұрыпты ұн алуға мүмкіншілік туады.


19
Дəнді жармалау кезінде оның қабыршықтары аз уатылуы 
үшін бірінші жармалау жүйесінің алдында оны 0,3-0,5%-ға дейін 
ылғалдап, 15-30 минут арнаулы қорапқа салып қояды. 
Дайындаудың соңғы үшінші бөлімінде дəннің сыртын құрғақтай 
қырғылау жəне щеткалы машиналармен, ал қалып қойған қоспалар 
мен шаңды АІ-БСШ-20 жəне БПС сепараторларында тазалайды. 
Дəнді тазалағанда ол бірнеше рет магниттен өтеді. Магнитті ап-
параттар жуғыштың, қырғылау жабдығының (обойканың), щет-
калы машиналардың алдына жəне астықты тазалап болған соң 
ұнтақтауға жіберудің алдарында орналастырылады. Ең соңында 
дəнді қораптардан кейін мөлшерлегіш арқылы өлшеп жібереді. 
Сызбаның басында дəнді ауа райы суық кезде арнайы 
жылытқышты қолданып, 15-20
0
С-қа дейін жылытады. 
Ұн тартуға жіберілетін астықтың мөлшерін анықтау үшін 
технологиялық сызбаның басында жəне дайындаудың аяғында авто-
матты таразылар қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет