Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Ұнтақталған өнімдерді ірілігі бой-



Pdf көрінісі
бет12/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

1.5. Ұнтақталған өнімдерді ірілігі бой-
ынша сұрыптау
Ұнтақталған өнімдерді ірілігі бойынша 
бөлу негізі үдерістердің бірі.
Білікті станоктарда ұнтақтау нəтижесінде 
ірілігі бойынша əртүрлі заттар пайда бола-
ды. Осыған байланысты сұрыптау опера-
цияларының жұмысы қиындайды. Егер 
елеуіш машиналарына біркелкі өнімдер 
түссе, онда олардың жұмыс тиімділігі жоғары 
болады. Елеп бөлу операциясының жұмыс 
тиімділігін арттыру үшін еленетін өнімдерді 
алдын ала фракцияға бөлген өте тиімді.
Даяр өнімдерді елеу арқылы – ұн, ке-
бек алынады. Жарма зауыттарында елеу 
үдерісінің рөлі өте жоғары. Електе елеп, жар-
мадан ұнтақты жəне нөмірлі жармаларды 
алады.
Шикізаттардың, əсіресе, астық дақылда-
рының майдалану біркелкілігі құрама жем зауыттарында жүреді.
Ұнтақталған өнімдердің жіктелуіМайдаланған заттарды бөлу 
үшін саңылауы əртүрлі елеуіштер – елегіштер қолданылады.
Електерді метал сым, капрон, жібек капронды жəне синтетикалық 
материалдардан тоқиды. Синтетикалық материалдар: капрон, ней-
лон, полиамидтер. Електерді тоқу түріне байланысты селдірлі 
(ажурные), селдірлілеу жəне т.б. топтарға бөледі. Сондай-ақ електер 
ауырланған немесе жеңілденген топтарға бөлінеді.
1.6-сурет. 1 ж.ж. 
ұнтақталған заттарды 
бөлудің сызбасы


23
Електердің нөмірі жəне саңылауы төмендегі 1.3, 1.4, 1.5, 1.6-ке-
стелерде берілген.
Електер нөмірі бойынша бөлінеді. Егер металл сымды електің 
нөмірі №056 болса, оның саңылауы 0,56 мм. Жармаларды елеуге 
арналған жібек капронды електің саны 1 дм өлшемге сəйкес келеді. 
Егер електің нөмірі №270 болса, онда 10 см-де немесе 1 дм-де осын-
ша саңылау бар деп есептеледі. Ұнды елеуге арналған жібек електің 
саңылау саны 1 см-ге сəйкес келеді. Егер №35 жібек елек болса, 
онда 1 см-ге осынша саңылау болады, капрон електер үшін осылай 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет