Мемлекеттік тіркеу мәліметтері соның ішінде коммерциялық ұйымдарға
арналған фирмалық атау заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге өткізіледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері – қызметкерлерінің саны ең көп дегенде
50 адам болатын және де бір жылдағы орташа алғандағы активтерінің жалпы
құны алпыс еселі есептіктік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын заңды тұлғарды (серіктестіктер мен өндірістік кооперативтер)
тіркеу туралы ерекше айтқан жөн. Соңғы жылдары күшіндегі заңға енгізілген
өзгерістерге сәйкес шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне жататын
серіктестіктер мен өндірістік кооперативтер 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей
тіркеуден өтеді және өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысымен бекітілген 1997 жылғы 29-қазандағы № 1382 және 1998 жылғы
21 қыркүйектегі №928 Типтік жарғыларының негізінде жүзеге асырады.
Осымен қатар олар тұрған жерлерін куәлендіретін құжатты көрсетуге
міндетті емес.
Типтік жарғы бойынша ЖШС және ҚЖС мемлекеттік тіркеуден
өткізгенде әділет органдарына тек қана белгіленген үлгідегі Өтінішті,
мемлекттік тіркеуге төленетін жинақ туралы құжатты ұсынады
Достарыңызбен бөлісу: