Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата02.12.2023
өлшемі109,03 Kb.
#131619
1   2   3   4   5   6   7   8
1.Заңды тұлға түсінігі
Ең алдымен заңды тұлға ұғымын анықтап алайық және оны негізгі
белгілер деп атаймыз. Заңды тұлға – ұйымдастырылған, құрылған және
құқықтар мен міндеттіліктер жүктелген мүліктік қатынастардың субъектісі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (33-бабы) сәйкес төмендегідей
белгілерге жауап беретін:

меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкi бар

сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретін

өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен
мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын 

сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға
деп танылады. 
Заңды тұлға құқықтық қабілетке ие болады, яғни ҚР АК сәйкес өзінің
қызметімен байланысты құқықтары бар болып, міндеттіліктерді көтере
алады. Осыған орай заңды тұлғаның дербес баланс немесе сметасы және
өзінің атауы жазылған мөрі болуы тиіс. Азаматтық кодекс заңды
тұлғалардың екі түрін анықтады. Оған сәйкес коммерциялық және
коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді. Осы кодекс және ҚР 2001
жылғы 16-қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» арнайы
заңымен («Қазақстан Республикасындағы коммерциялық емес ұйымдар
туралы» мынадан қараңыз, Кәсіпкердің шағын кітапханасы, «Секрет +
Сервис» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі; Алматы, 2004 ж.
қаңтары, № 3 (16) коммерциялық емес ұйымдардың төмендегідей ұйымдық-
құқықтық нысандары анықталған: (мемлекеттік және жекеше) мекемелер,
(жекеше, корпорациялық, қоғамдық, мемлекеттік) қорлар, тұтыну
кооперативтері, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, коммерциялық
акционерлік қоғамдар, қауымдасдықтар (одақтар) нысанындағы заңды
тұлғалардың бірлестіктері. Аталған тізбе толық емес сипатта және
заңнамалық актілерде коммерциялық емес ұйымдардың өзге де нысандары
қарастырылуы мүмкін. 
(Басин Ю.Г. Қазақстан Республикасы Азаматтық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет