Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген


кодексі бойынша заңды тұлғалар. Ұғымдар мен жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата02.12.2023
өлшемі109,03 Kb.
#131619
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Занды тұлғаларға сипаттама

кодексі бойынша заңды тұлғалар. Ұғымдар мен жалпы сипаттама.
Алматы, 1996.)
Мәселен, ҚР 2000 жылғы 25-желтоқсандағы «Ауыл
шаруашылығы серіктестері мен олардың қауысдастықтары (одақтары)
туралы» заңында тағы бір нысаны: ауыл шаруашылығы серіктестері
енгізілген. Коммерциялық ұйымдардың арасында: акционерлік қоғам,
шаруашылық серіктестері, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорын
болып бөлінеді. 

Коммерциялық емес ұйымдардың коммерциялық ұйымдардан басты
ерекшелігі сол осы ұйымдардың өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде
табысты алмайтыны және алынған табысты қатысушылары арасында
бөлмейтіні, жарғылық мақсаттарға жетуге жұмсайтыны.
4


● 
Коммерциялық ұйым – өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс
алуды көздейтін ұйым. Бізді бәрінен бұрын қызықтыратыны
 к
оммерциялық
ұйымдар, біз соларға толығырақ тоқталамыз
.
Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 27-желтоқсанындағы Азаматтық
кодексі (жалпы бөлім), Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші
бар 1995 жылғы 2 –мамырдағы № 2255 “Шаруашылық серіктестері туралы”
жарлығы, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 22-сәуірдегі № 220-1
“Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
туралы” заңы, Қазақстан Республикасының 2003 ж. 13 –мамырдағы № 415-II
“Акционерлік қоғамдар туралы” заңы, Қазақстан Республикасы 1995 ж. 5-
қазандағы № 2486 “Өндірістік кооператив туралы” заңы, Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 19-маусымдағы 2335 «Мемлекеттік кәсіпорын
туралы» заңы" коммерциялық

ұйымдардың құрылуы мен қызметін реттейтін


негізгі заңнамалық актілер болып табылады.
Бүгінгі таңда ҚР АК корпорациялар, холдингтер, фирмалар мен өзге де
сондай ұүрылымдар нысанындағы заңды тұлғалардың құрылуын көздейді.
Бұдан әрі “шағын кәсіпорын” ұғымы жоғалып кетті 1998 жылғы 1-қаңтарда
әділет органдарда қайта тіркеуден өтуі тиіса. Мысалы «кәсіпорын»
ұғымының өзінің қайта қаралуына байланысты орын алды. Бұрын кәсіпорын
қоғамдық қатынастардың субъектісі болып табылады, енді - бірыңғай
мүліктік кешен ретінде сатуға және сатып алуға болатывн объект. Мұндай
түсінік кәсіпорын” ұғымының батыстағы тұжырымдамасына сай келеді және
көптеген себептер бойынша бұрынғыларынан асып түседі. Онда мынадай
сұрақ туындайды: бір тұлға құрған ұйымды (бұрынғы “шағын кәсіпорынды”)
қалай атауға болады?
Бұған жай жауап бар және ол батыс тәжірибесінен алынған: бұл
“компания”, яғни, қолданыстағы заңнамамыз бойынша, толық, коммандиттік
серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік немесе акционерлік қоғам. 
Белгілі бір нысандағы коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлер арасында
түрлі дәрежеде танымал болып отырған фактісін атап кетпеуге болмайды.
Мәселен, Алматы қ-сы Әділет Департаментінің деректері бойынша тіркеуден
өткен 55 мың ұйымның арасында бірінші орында жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер - 95 пайызға жуығы, одан кейінгі орында акционерлік
қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен ұйымдық-құқықтық нысандар.
Сондықтан шаруашылық серіктестіктеріне, өндірістік кооперативіне
қысқаша сипаттама берген жөн. Акционерлік қоғамдар туралы толығырақ сөз
етпейміз, себебі заңды тұлғалардың осы ұйымдық-құқықтық нысаны шағын
кәсіпкерлікке жатпайды. Кәсіпкер деп өз атынан және өз қаражаттары
(меншікті немесе қарызға алған) есебінен тауарлар мен өнімдерді өндіру,
сату немесе сатып алу жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмет көрсету
арқылы пайда табу мақсатындағы қызметті (кәсіпкерлік қызметті) ұдайы
(тұрақты) негізде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз.
5


Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік берген.
Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкілетті
органдар қамтамасыз еттеді.
Кәсіпкерліктің құқықтық реттеу режимі қажет екенін дәл осы жерде айта
кетуіміз қажет.Негізгі қай салада болмасын құқықтық режимнің екі түрі:
жалпыға бірдей рұсат етілген яғни диспозитивтік түрі, сондай-ақ рұсат беру
арқылы көрініс табатын императивтік түрі белгіленгенді.Кәсіпкерлік
қызметте әрбір жасалатын әрекет (іс-қимыл) жөнінде арнайы нормативтык-
құқықтық акт қабылдау арқылы оны реттеу сияқты қызметтер қажет емес.
Кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан кепіл,
экономикалық негіз ретінде-жеке меншік нысаны, құқықтық негізгі ретінде-
заңдар бар.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға
құрмай-ақ осы қызметпен айналысуға патент алған кезден бастап құқылы.
Патент бір мезгілде азамттың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөніндегі куәлік
және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып
табылады.
Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында; мердігерлік шарт және өзге де
азаматтық-құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратын; көтерме
және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ
өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді, оған қоса импорттық
өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде
немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен жылына ең төменгі жиырма
жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден
босатылады, яғни қызметтерін заңды тұлға құрмай жүзеге асырады.
Өз қызметінің негізі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейдін
(коммерциялық) ұйым заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік
кәсіпорындар, толық серіктестіктер, (коммандиттік) сенім серіктестіктер,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер, өндірістік кооперативтер жатады.
Оны шағын және орта кәсіпкерлік, яғни жеке кәсіпкерлік сондай-ақ
мемлекеттік кәсіпкерлікке бөлу кәсіпкерліктің экономикалық негізінің заңды
маңызын бөлуге және реттеуге себебін тигізеді. Кәсіпкердіктің түрлері
заңдар арқылы белгіленеді, сондықтан олар оның құқықтық негізі болып
табылады.
Мысалы, заң жүзінде кәсіпкерліктің түсінігі берілген және жоғарыда
аталған субьектілерден басқа да қызмет түрлері мен субьектілер туралы
айтылған қызмет түрлеріне мыналар жатады: инновациялық қызмет; ойын
бизнес; шоу-бизнес; венчурлік фирмалар; шағын кәсіпкерлік
инфрақұрылымы. Субьектілер: заңды тұлға құрайтын жеке адамдар және
қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және
активтердің жалпы құна орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген
есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды
тұлғалар болып табылады.
6


Мемлекеттік кәсіпкерліктің бір түрі ретінде әкімшілік-аумақтық біліктің
меншігі негізінде жүзеге асырылатын қызметті айтуға болады.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні болады дегендей. Белгілі ғалым М.К.
Сүлейменовтың айтуы бойынша, ешқандай меншік нысаны болмайды, тек
меншіктің түсінігі және меншік құқығы мүлікті өз ұйғарымы бойынша
пайдалану.
Сонша дәстүрлі қалыптасқан түсінік бойынша меншік нысаны 3
бөлінеді: Мемлекеттік (республикалық және коммуналдық); ұжымдық
(кооперативтік, арендалық, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б.);
азаматтардың (өзіндік және жеке мееншік). Қазіргі кезде меншіктің 2 түрі
көрсетілген: мемлекеттік және жеке меншік (мемлекттік емес меншік). Жеке
меншік азаматтардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың
бірлестіктерінің меншігі болып табылады. Ал қоғамдық ұйымдар мен діни
бірлестіктерінің меншіктерін қайда қосуға болады деген сауалға, жеке
меншікке деп айта аламыз.
Ал егер аралас жеке меншік, мемлекеттік меншікке негізделген
кәсіпкерлік болса бақылау пакеті мемлекеттік емес құрылымның қолында
болған жағдайда ғана қызмет кәсіпкерлік болып есептелінеді.
Мемлекет меншік иесі ретінде кәсіпкелік қызметтің субьектісі бола
алмайды. Сондықтан аралас меншік бар жердегі мемлекеттік заңды тұлға
өзінің шаруашылықты жүргізу құқығын жүзеге асырушы кәсіпкер ретінде
көрініс табады. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту барысында кәсіпкерлікпен
айналысатын мемлекеттік органдардың қызметтерін бақылап, шектеп және
тежеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет