Басым бөлігі: ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын түсінеді Кейбірі: деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерге талдау жасап,қорытынды жасай алады
Ұйымдастыру. суреттерді байланыстыра отырып бүгінгі тақырыбымыз не жайында екендігін оқушылар болжау жасайды. Нені көріп тұрсыңдар? Қандай сұрақтар туындады? Қандай қорытынды шығара аласыз? Оқушыларға сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Оқушылар өз жұмыстарын сынып алдында таныстырып, бір-бірін сұрақ-жауап алуын ұйымдастырыңыз.
Өзін-өзі бағалау
Презентация
35мин
БСМ Әлімхан Ермеков туралы бейнефильмнен үзіндіні көрсетіп, сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз:
Бейнеролик кім туралы?
Бейнероликтің негізгі идеясы қандай?
Бейнероликте қазақ халқының қандай мүдделік мәселесі көтеріледі?
Қандай тарихи фактілер айтылады?
Сабақтың тақырыбын ашыңыз.
Зерттеу сұрақтары:
Қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі қандай?
Ұлт мүддесін қорғауда Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Әлімхан Ермеков, Уәлитхан Танашевтың саяси көшбасшылық қызметтері қалай көрініс табады?
Т Сыныптың 4 топқа бөліңіз. Әр топ берілген критерийлер бойынша қажетті деректерді, мәліметтерді, оқулықтарды таңдап, қазақ зиялыларының қоғамдағы алатын рөлі мен қызметін зерттеп, қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтірудегі ұлт зиялыларының әсерін анықтайды.
Критерийлер: Тұлғаның өмірлік ұстанымынан қоғамдық көріністі айқындауы;
Б Топтар өз зиялыларын таныстырып болған соң, «Ұлт зиялыларын не біріктірді? Қандай ортақ идеяларды ұстанды? Ұлттық мүдделерді қорғауда қандай іс-әрекеттер жасады?» деген сұрақтар арқылы тапсырманы қорытындылаңыз.
Б Картамен жұмыс түрін ұйымдастырыңыз.Қазақ зиялыларының келіссөз нәтижесінде, қазақ жерінің құрамына қосқан өңірлерді көрсетуді ұсыныңыз. Олар: Жайық пен Ертіс өзендері, Ақмола және Семей облыстары, Атырау өңірі.
Т Топтарға БОАК пен ХКК-нiң Қырғыз Автономиялы Социалистік Республикасын құру туралы (1920 жылдың 20 тамызындағы) декретін ұсынып, төмендегі сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіңіз. Сұрақтар:
Декреттің құндылығы неде?
Сол кездегі тарихи жағдай қандай болды?
Бұл құжаттан қазақ халқының қандай үміті орындалуы мүмкін?
Б Тапсырманы қорытындылау мақсатында декретке сай өзгерістердің маңыздылығын анықтатып, маңыздылық тізбегін құрастыруды тапсырыңыз.