* 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары»
* 1992 жылы – «О моём времени»
* 1994 жылы – «От Сталина до Горбачёва»
* 1994 жылы – «Ақиқаттан аттауға болмайды»
Марапаттары
Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (шаруашылық пен мәдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері үшін еңбекте ерекше көзге түсіп, өздерінің аса үздік жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, халық шаруашылығын өрге бастыруға, ғылым мен техниканы дамытуға, КСРО-ның күш-қуатын нығайтып, даңқын шығаруға ат салысқандары үшін ең жоғары құрметті атақ), (1972, 1976, 1982 ж.)
8 Ленин ордені (КСРО Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1930 жылғы 6 сәуірдегі қаулысымен бекітілген КСРО ең жоғарғы мемлекеттік наградасы)
Еңбек қызыл Ту Ордені (Кеңестік Ресейдің ең жоғары наградасы болды. Ұрыс алаңында көрсеткен ерен ерлігі үшін, батылдығы үшін жеке тұлғалар, сондай-ақ әскери бөлiмдер, қалалар, кемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар марапатталды)
Медальдар
Қызықты ақпараттар
Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.* Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 шаршы метр.
Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"– деп таңданады.