Қазақстандық телекоммуникация және байланыс саласының журналы


«Кселл» компаниясы жыл сайынғы «east capital Award 2013»



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.03.2017
өлшемі15,65 Mb.
#9073
1   2   3   4   5

«Кселл» компаниясы жыл сайынғы «east capital Award 2013»

сыйлығының  үздік компаниясы болып танылды

«Кселл» ұялы байланыстың табыс көлемі мен абоненттер саны жағынан жетекші провайдері 2013 

жылдың 7 қарашасында Стокгольмде өткен жыл сайынғы оныншы «East Capital Award 2013» 

сыйлығында «Үздік IPO» номинациясында үздік компания болып танылды



Kcell Компаниясының атқарушы 

директоры Али Аган 2013 жылдың 7 

қарашасында Стокгольмде марапат-

тау рәсімінде «East Capital Award» 

сыйлығын қабылдады. «East Capital 

Award» сыйлықтары дамушы және 

шекаралас нарықтардағы жетістіктер 

үшін беріледі.

“East Capital” жыл сайынғы оныншы 

рәсімінде IPO үшін осындай беделді 

сыйлыққа ие болу зор мәртебе. «Кселл» 

Қазақстан нарығындағы жетекші 

позицияларды иеленіп, бүгінгі күнге 

дейін ұстап келеді және 2012 жылдың 

аяғындағы Қазақстандық және Лондон 

қор биржаларындағы листингтен кейін 

акционерлерге  тұрақты табыстылықты 

қамтамасыз етіп келеді. Осы марапат 

компанияның басқарушылық ұжымының 

және қызметкерлерінің беріліп жұмыс 

істеулері мен кәсіпқойлықтарының айқын 

белгісі " — деп атап өтті Али Аган, «Кселл» 

АҚ бас атқарушы директоры “East Capital 

Award” марапаттау рәсімінде.

Питер Элам Хаканссон, «East 

Capital» төрағасы: «East Capital» мара-

паттары компанияның инвестициялық 

кеңістігіндегі үздік жетістіктерін мойын-

дайды. Осы аймақтағы тұрақты зерттеулердің, 

компанияға жиі жолығулардың арқасында біз 

жыл сайын елеулі нәтижелерге қол жеткізген 

және әсерлі әлеует танытқан компанияларды 

анықтаймыз».

«Кселл» компаниясы аймақтағы ең 

сәтті орналастыруды жүргізді. Ол өзінің 

озат басқарушылық ұжымымен және әлем 

бойынша телекоммуникациялық ком-

паниялар ішінде ең жоғарғы дивиденд 

төлеулерімен жақсы танымал. Тұтастай 

телекоммуникациялық әлемде орын 

алып отырған жазылымдардың қысқаруы 

байқалатын жоғары бәсекелі нарықта жұмыс 

істей отырып, «Кселл» EBITDA көрсеткішін 

55 пайыздан астам деңгейде ұстап қала 

алды- бұл әлемдегі телекоммуникациялық 

компаниялардың арасындағы ең жоғарғы 

көрсеткіш, абоненттердің саны бойынша 

нарық үлесі 50 пайызға жауық деңгейде 

және табыс дәрежесін сақтай алды. 2012 

жылдың желтоқсанында «Кселлдің»IPO-

ға шыққан сәттен бастап компания 

акционерлері пайыздық үлеспен АҚШ 

долларымен бір акцияға шаққанда 67 пайыз 

көлеміндегі табысқа ие болды». 

«East Capital» — дамушы және үдеме 

нарықтарда маманданатын компания. 

Он жыл бойы «East Capital» олардың 

инвестициялық кеңістігіне енетін «Үздік 

өсім», «Үздік IPO», «Жыл жаңалығы» және 

биылғы жыл бекітілген «Үздік корпоративтік 

басқарма» атты номинацияларда озық ком-

панияларды анықтайды.



17 қазан Күні «КсЕлл» АҚ 2013 

жылдың 3 тоқсанына есепті жариялады. 

Есепке сәйкес компания табысының 

деңгейі 3,0 пайызға артып, 48,749 

миллион теңгені құрады. Дауысты 

қызметтерден түсетін табыс 3,1 пайызға 

төмендеп, 37,469 миллион теңгені 


жаңалықтары

10

ағылшын тілін жаңартылған 



«Күнделікті сөз орамымен» үйренеміз!

дамуының есебінен табыстың өсімін 

көрсеттік. Табыстың өсуі мен шығындарды 

тиімді бақылауды жүзеге асыру баста-

масын үйлестіру бізге EBITDA бойынша 

рентабельділік көрсеткіштерін 55 пайыз-

дан жоғары деңгейде тоқсан бойы сақтап 

тұруға тағы да мүмкіндік берді.

Біз бұрынғыдай компания үшін негізгі 

бағыт ретінде ақша ағымын тудырумен 

қоса, деректерді беру қызметтерін ұсыну 

есебінен табысты ұлғайту мүмкіндіктерін 

қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салым 

жатырмыз. Сонымен қатар, біз ресур-

старымызды барынша пайдалану және 

құрады, ал сол кезде деректерді беру 

қызметтерінен түсетін табыс 43,3 пайызға 

артып, 6,796 миллион теңгені құрады. 

Сонымен қатар, қосымша қызметтерден 

түсетін табыс 22,7 пайызға артып, 4,481 

миллион теңгені құрады. Компанияның 

абоненттік қоры осы тоқсанда 174,710 

абонентке артып, 14 миллион 251 мың 

пайдаланушыны құрады. 

«2013 жылдың үшінші тоқсанында 

біз нарықтағы мықты көшбасшылық 

орнымызды сақтап қалып, деректерді 

беру қызметтеріне сұраныс пен өз 

абоненттік қорымыздың әрі қарай 

клиенттерімізге қызмет көрсету сапасының 

аса жоғары тиімділігін қамтамасыз ету 

мақсатында өзіміздің ішкі құрылымымызды 

қайтадан дұрыс қалыпқа келтіруді жүзеге 

асырып жатырмыз. Күрделі бәсекеге 

қабілетті және нормативті-құқықтық 

ортада біздің Компания талаптарға сай 

және клиенттеріміздің өзгеріп отыра-

тын қажеттіліктерін әрдайым алдын-ала 

болжап отыруға кепіл беру үшін, біз 

өзіміздің өнімдер бойынша ұсыныстарымыз 

бен технологияларымызды жетілдіруді 

жалғастырып жатырмыз» — деп атап өтті, 

бас атқарушы директор Али Аган. 

BriTiSh council жәнЕ Kcell 

«Күнделікті сөз орамы» ұялы сервисінің 

жаңа нұсқасын іске қосты, осының 

көмегімен Kcell-дің барлық абоненттері 

British Council материалдарын пайдала-

на отырып, ағылшын тілін СМС арқылы 

үйрене алады.

«Күнделікті сөз орамының» 

жаңартылған нұсқасына «Менің отбасым», 

«Жұмыс», «Ауа райы», «Бос уақыт» және 

т.б. секілді кең таралған сөз тіркестері 

мен көп қолданылатын сөздер қосылған. 

Бұл қызметтің ағылшын тілін үйренуді 

жаңадан бастап жатқандарға да, соны-

мен қатар, белгілі бір тілдік дайындығы 

бар пайдаланушыларға да пайдасы 

тиеді.

Қызметке жазылғаннан кейін, 



пайдаланушылар апта бойы күнделікті 

ағылшын тілінде жаңа сөз, оның орыс 

және қазақ тіліндегі аудармасын және 

сол сөздің қолданылуы мысал ретінде 

көрсетілген сөз орамын алып отырады. 

Апта соңында пайдаланушылар жаңа 

сөздер бойынша тексеру тестін алады. 

Әрбір жазылушы өзіне сай деңгейді 

таңдай алады: бастауыш, орта немесе 

күрделі.


Ағылшын тілін үйренуге арналған 

«Күнделікті сөз орамы» қызметіне 

қосылу үшін Easy, Medium немесе Hard 

(қалаған күрделілік деңгейіне қарай) 

сөздерімен 1515 нөміріне хабарлама 

жіберу қажет. Осыдан кейін абонент 

күніне бір рет хабарлама алып отырады. 

Қызмет құны күніне 7 теңгені құрайды.



Kcell дата-центр

Kcell Cloud

Интернет-канал

Клиент

данные

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

12

13

Kcell Cloud — бұлтты бағындырамыз



«Бұлтты технологиялар» — бұл термин қазір 

барлығының құлағында. Олардың қалай жұмыс 

істейтіндігі  және  біздің компания ұсынатын Kcell Cloud 

жаңа қызметінің не екені туралы осы мақала әңгімелейді

Айша Арынова, Дмитрий Парамонов және Санжар Бимамиров

«Бұлт» терминін алғаш 

ойлап тапқан 

адам тарихта қалды, бірақ бұл терминнің 

өзі «Бұлтты технологиялар» ретінде  IT 

индустриясы саласының дамуына түрткі 

болды. Сондай-ақ «Бұлтты есептеу-

лер» термині сленг болып табылады, 

ғылыми тұрғыда технологияның бұл 

түрі «Бөлінген есептеулер» деп аталады. 

Бірақ «Бөлінген есептеулер» терминімен 

қызметті сату өте қиын және осы орайда 

«Бұлт» термині сәтті сіңіп кетті.   

«Бұлтты есептеулер» деректермен 

және қосымшаларды сақтап, олармен 

алшақтан Интернет арқылы  жұмыс 

істеуге мүмкіндік береді. Басқа сөзбен 

айтқанда бұл интернет арқылы қол 

жетімді ресурстар. Бұл қызмет қажетті 

инфрақұрылымды құруға қаражат 

жұмсамай  жаңа бағдарламада жедел 

жұмыс істей бастау керек болғанда, 

деректерді өңдеу қажет болғанда өте 

қажет.

«Бұлтты» қызметтердің негізгі үш 



түрі бар:

IaaS (Infrastructure as a Service)-

деректермен және бағдарламалармен 

жұмыс істеп, оларды сақтау үшін 

инфрақұрылымды ұсыну.

PaaS (Platform as a Service)– сақтауға 

арналған орынды және клиентке өз 

бағдарламалары мен қосымшаларын 

өз бетімен жазуға мүмкіндік беру үшін  

арнайы бағдарламаларды беру. Қазіргі 

сәтте осы қызмет түрлері өңделу үстінде.   

SaaS (Software as a Service) –Microsoft 

Outlook, Microsoft Office, Sharepoint, Lynk, 

1C, SAP сияқты қосымшаларды ұсыну.

Өз абоненттеріне  ең заманауи тех-

нологияларды ұсынуға тырыса отырып, 

біздің компания   IaaS қызметтерін ұсына 

бастады және жақын арада PaaSи SaaS-ді 

енгізе бастайды. 

«Бұлтты» қызметтерге жеңіл 

қосылыңыз-Интернет-қосылыс пен ло-

гин/пароль қажет.  

«Бұлтты» қызметтердің басты 

артықшылықтарына «Бұлтты» жылдам 

құруды, қолдануға қажетті ресурсты 

таңдау икемділігін және әлемнің кез 

келген түпкірінен қол жетімділікті  

жатқызады. Қызметке қосылғаннан 

кейін де пайдаланушы жабдық, 

инфрақұрылым құру және электр қорегі  

шығындарының азайғанын көреді. 

Осылайша, пайдаланушы серверлер 

мен бағдарламаларға күтім көрсету, 

қолдау жөніндегі бар қамқорлықты бізге,    

Кселл-ге табыстайды. Ал өзі жұмыстың 

жеңілдігіне және машақаттың 

жоқтығына рахаттанып жүреді.   

Кселл-ң Бұлт қызметі  Кселл Күн 

Орталығы инфрақұрылымында жұмыс 

істейді, ал ол өз кезегінде TIA 942 стан-

дарты бойынша құрылған. Серверлер 

Dell™ и HP™өнімдерін жеткізушілерден 

сатып алынған.  Негізгі және резервтік  

электр қорек жүйесі орнатылған, электр 

генераторы қосылған. 

Клиенттерде ең басты сұрақтардың 

бірі туындайды:  Ал деректердің 

қауіпсіздігі ше? VMWare™ виртуал-

дандыру технологиясы Кселл-ң Бұлт 

қызметінің ерекшелік қасиеті  болып 

табылады. Бұл технология барлық 

серверді  Кселл Күн орталығында  

тұтас бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік 

береді, ол серверлердің қайсы бірі істен 

шыққан күннің өзінде барлық деректер 

мен бағдарламаларды сақтап қалады.  

Виртуалдандыру жүйесі деректерді 

барынша  жақсы қорғауды қамтамасыз 

етеді.  Пайдаланушы өзі үшін бөлінген 

қосылыс арқылы (VPN) өз «Бұлтына» 

ғана қол жеткізе алады.  Кселл-ң Бұлт 

қызметін сыртқы шабуылдардан бранд-

мауэр қорғайды, Кселл күн орталығына  

қызметкерлердің белгілі бір тобы ғана 

нақты қол жеткізе алады.   

Өз қаражатын үнемдеп,  бизнесін 

дамытуға қаражат босатуды, яғни  ка-

питалды шығындарды операциялық 

шығындарға айналдыруды көздейтін 

орта және шағын бизнес  компаниялары 

осы қызметтің  негізгі пайдаланушысы 

болады деп болжанып отыр. Компаниялар 

үшін өз инфрақұрылымын құруға қаражат 

жұмсамау тиімді болады.  Артылып қалған 

қаражатты компаниялар өз бизнесін әрі 

қарай дамытуға салуы мүмкін.  Компания-

лар қойма жайларында қозғалатын тауар 

бойынша деректерді, бейнеконференц-

байланыс жазбаларын, терминалдардан/

есептеуіштерден/автотрекингтен алынған 

деректерді  сақтауы мүмкін. Ал бастысы 

Компаниялар өздерінің бағдарламалары 

мен қосымшаларына арналған  өз вирту-

алды машиналарын құра алады, осылайша  

Кселл инфрақұрылымында өз бизнесін 

дамыта алады.  

Әлемде осы қызмет түрі  кең 

қолданысқа ие болды. Мәселен, Ресейдегі 

«Бұлтты» қызметтер нарығына қарап 

көрелік. Ресейде «Бұлтты» қызметтер 

нарығы 2011 жылмен салыстырғанда  

2012 жылы  150%-ға артып, бүкіл 

ІТ қызметтері нарығының  2,31% 

құрады. Болжамдар бойынша «Бұлтты» 

қызметтерді пайдалану 2015 жылы бүкіл 

ІТ қызметтері нарығының  4,23% -на дейін 

өсуі мүмкін.  

Кселл сондай-ақ осы қызметті да-

мытып,  біздің клиенттерімізге дайын 

қосымшаларды ұсынуға әріптестік шарттар 

жасасуды жоспарлап отыр. Қазір  біздің 

Клиенттерімізді қызықтыратын түрлі 

қосымшаларды тестілеу жүргізіліп жатыр. ●

МарКет


қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

14

15



DualCarrier:

3G эволюциясы 

жалғасуда

Иван Глущенко



ұялы байланыс — қашықтықтан қатынас жасаудың ең оңай 

тәсілдерінің бірі, қазіргі заманғы адамға онсыз өмірін елестету 

қиын-ақ. Сонымен қатар бұл әлемдегі қарқынды эволюция 

жүріп жатқан технологиялардың бірі.  Отыздан астам жыл 

ішінде онда көптеген түбегейлі өзгерістер мен жақсартулар 

орын алды. Және де олардың әрқайсысы абоненттерге 

көптеген жаңа мүмкіндіктер туғызды. Үстіміздегі жылы 

Kcell DualCarrier технологиясының арқасында3G-интернетті 

бұрынғыдан жылдамдатты

тарихтан аз ғана мәлімет

Алғашқы буын жүйелерін әзірлеу сонау 1970-ші жылы басталған бола-

тын. Бірақ Ұялы телефондардың жетілдірілген қызметі, немесе AMPS 

(AdvancedMobilePhone Service), өз жұмысын 1978-жылдың шілде айында 

ғана бастады. Кейіннен 1981-жылы Дания, Швеция, Финляндия мен Нор-

вегияда Солтүстік ұялы телефондар жүйесі (NordicMobileTelephoneSystem), 

немесе NMT-450 құрылды. Алғашқы буын желілері шектеулі ғана або-

ненттер санына қолжетімді болып, желілер арасындағы роумингке қол 

жеткізу мүмкіндігі болмаған, сондықтан алғашқы буынның артынша 

ұялы байланыстың екінші буыны пайда болды. Екінші буын желінің 

сапалық көрсеткіштерін едәуір жақсартты. 2G-дің ең танымал стандарты 

GSM болды. Айтпақшы, Қазақстанда ең алғашқы GSM операторы дәл осы 

Kcell болды. 1999-жылы пайда болған GPRS деректерді пакеттеп беру 

технологиясы ұялы телефондарды 2G желісінде пайдалануға және олар 

арқылы Интернетке кіруге мүмкіндік берді. 2G желісінде деректерді ұялы 

байланыс арқылы таратудың эволюциясындағы келесі кезең – АEDGE 

дерек беру жылдамдығын секундына бірнеше килобитке дейін арттырды. 

Сөзімізге орай, қазақстандықтар GPRS-ке де, EDGE-ге де 2004-жылы Kcell-

дің арқасында қол жеткізген.

Алайда ұялы телефон пайдаланушыларына  2G бере алатын 

қызметтер жиынтығы мен өткізу жылдамдығы жеткіліксіз болып 

қалды. Сөйтіп, жылдамдығы секундына  2Мбит құрайтын үшінші де-

рек беру буыны пайда болды. 3G пайдаланушылары бұрынғыдан гөрі 

ауырлау қолданбаларды жүктеп, көлемді бейнефайлдарды көруге, 

бейнелі қоңыраулар шалуға мүмкіндік алды. Соның арқасында өз ұялы 

телефондары арқылы Интернетке кіретін адамдар саны едәуір көбейді. 

2010-шы жылдың қаңтарын 2009-жылғы қаңтар айымен салыстырсақ,  

интернет-трафиктің 1Мб-тының орташа бағасының төмендеуі 29%-ды 

құрады. 2011-жылғы қаңтар айындағы көрсеткіштерді 2010-жылғы 

қаңтар айындағымен салыстырсақ, ол төмендеу 19%-ды құраған. Ал 

енді 2012-жылғы қаңтар айындағы интернет-трафиктің 1 Мб-тының 

орташа бағасының төмендеу көрсеткішін алсақ, ол  2011-жылғы қаңтар 

айындағымен салыстырғанда 83%-ды, 2013-жылы 2012-жылғы қаңтар 

айымен салыстырғанда 39%-ды құрады. Интернет-трафиктің орташа 

бағасының төмендеу үрдісі әлі де жалғасуда.  Бұл Интернетке арналған 

лимитсіз және пакетті ұсынымдарды іске қосудың арқасында болып 

отыр. 2013-жылдың  9 айы ішінде компаниямызда дерек беру қызметінен 

түскен түсім 40,4%-ға өсіп, 18,400 млн теңгені (13,102) құрады. Дерек 

беру көлемі 115,4%-ға ұлғайып, 10,720,270 Гб (4,976,087) болды. Соны-

мен қатар 1 Мб үшін төмен тариф белгіленген қызметтер пакетін ұсыну 

арқылы дерек беру көлемінің өсімі біршама тежеліп қалды, бұл ARMB-ді 

(яғни бір мегабайттың орташа құнын) 1,7 теңгеге (2,6) дейін төмендетті.

2010-жылғы қараша айында Kcell Алматы және Астанада үшінші буын 

желілерін іске қосатынын ресми түрде жариялады. Ал 2011-жылдың 

ақпан айында Азиада кезінде осы аса ауқымды спорттық іс-шараның 

көптеген қонақтары HSPA+ технологиясының арқасында файлдарды 14 

Мбит/сек. дейінгі жылдамдықпен жүктей алды. Және де, компанияның 

мәліметі бойынша, 2009-жылдың қаңтар айынан бастап 2013-жылғы 

маусымға дейінгі кезеңде Kcell желісіндегі интернет-трафик 166 есе 

артқан.


Үстіміздегі жылдың күзінде Kcell алғашқылардың бірі болып 

DualCarrier технологиясын іске қосуды жүзеге асырды. Бұл технология 

деректерді базалық станциядан абоненттің құрылғысына дейін 42,2 

Мбит/сек-ке дейінгі жылдамдықпен беруге мүмкіндік туғызады. Бұл тех-

нология Kcell-дің 249 қала мен кентті қамтитын бүкіл 3G желісінде жұмыс 

істейді. Ол файлдарды 2G стандартына қарағанда 42 есе жылдам жүктеуге 

мүмкіндік береді. Іс жүзінде бұл 15 Мб-тік файлды Сіз 2G желісінде 1 ми-

нут ішінде жүктесеңіз, 3G жылдамдығымен 30-ақ секунд ішінде жүктейсіз 

деген сөз! Әсер ете ме? Әрине!

Көптеген телефон өндірушілер бүгіннің өзінде DualCarrier 

қолданылатын тұтқаларды өндіріп шығаруда. Мен VOX.com оқушыларына 

арнап Қазақстанда сатылатын немесе жуық арада сату орындарына 

келіп түсетін DC-HSDPA (DualCarrier) қолданылатын смартфондар мен 

планшеттердің модельдері кестесін дайындадым. Ол кестені 34 беттен 

оқып, өзіңізге ұнағанын таңдап алыңыз. 



МарКет



Смартфонды қалай 100 

пайыз істетуге болады, 

немесе «Шәйнектерге» 

арналған жадынама

Иван Глущенко

сіз өз смартфоныңыздың функцияларын 100 пайыз 

пайдаланатыныңызға сенімдісіз бе? Оның көмегімен SMS 

жолдап, қоңырау шалуға, фотосуретке түсіруге, фильмдер 

көріп, музыка тыңдауға ғана болады дейсіз бе! Ұтқыр 

қолданбалар арқылы смартфоныңыздың мүмкіндіктерін көп 

есе арттырып, оны пайдаланудың ондаған жаңа тәсілдерін 

табуға болады. Олар смартфоныңызды навигациялық 

картаға да, кино жарқағазына да, тұрмыстық техниканы 

басқару пультіне де айналдыра алады! 

«Ұтқыр қолданба» дегеніміз не

Ұтқыр қолданба дегеніміз — 

смартфоныңыздың жадына қондырылып, 

оның бүкіл функцияларын пайдалануға 

мүмкіндік беретін программа. Ұтқыр 

қолданбаны сатып алып, смартфонға 

қондыру ережесі жеке компьютерге про-

грамма қондыруға өте ұқсас болып келеді. 

Смартфоныңызға сурет салуға арналған 

қандай да бір редакторды қондырғыңыз 

келсе, қолданбалар дүкеніне кіріп, өзіңізге 

қажеттісін сатып алуыңыз керек немесе 

оны тегін қондырып ала аласыз. Және 

де қолданбалар дүкенінің өзі — сіздің 

смартфоныңыздағы қолданба. Оны 

смартфонның мәзірінен табу оп-оңай: 

егер смартфоныңыз Android негізінде 

жұмыс істейтін болса, қолданбалар дүкені 

PlayMarket деп аталады, iOS негізінде 

істейтін смартфондарда ол AppStore 

деп, WindowsPhone-мен істейтіндерінде 

WindowsStore деп, Symbian негізінде 

істейтіндерінде NokiaStore деп, ал 

басқаларында өзгеше аталады. 

Қандай да бір қолданбаны қондыру 

үшін сіз өзіңізді белгілі бір смарт-

фон моделін пайдаланушы ретінде 

сәйкестендіретін есептік жазбаны жасауға 

тиіссіз. Қолданбалар дүкенін іске қосқан 

кезде сізге өтуге ұсынылатын тіркеу рәсімі 

аса оңай және оған санаулы минут қана 

жұмсалады. Бұл орайда көңілге қонымды 

жайт — тіркеу рәсімін бер рет қана өтесіз, 

одан әрі қарай оған автоматты түрде кіре 

бересіз. 

Әрбір қолданбалар дүкенінен 

қолданбалардың көптеген санаттар мен 

кіші санаттарға жіктелген ауқымды тобын 

табуға болады, олардың ішінде негізгі 

бірнешеуін бөліп көрсетуге болады.



Бизнес

Бұл топқа ең алдымен 

кеңсе жұмысы үшін 

пайдалы қолданбалар 

кіреді, олар: құжат редак-

торы, код сканері, электрондық визитка 

салғыш, биржалық бағам контроллері, іс 

жоспарлағыш, сөздік, тілмаш, күнтізбе, 

өлшем конвертері. Осы қолданбаларды өз 

смартфоныңызға жүктеп алсаңыз, сіз ноут-

бук немесе жеке компьютеріңізге тәуелді 

болмай, күнделікті іскерлік міндеттеріңізді 

жолда жүріп-ақ орындай аласыз. 

денсаулық және спорт

Смартфонға жүктелген 

«спорттық» қолданбалар 

көмегімен сіз өзіңіздің 

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

16

17



күнделікті неше шақырым және қандай 

жылдамдықпен жаяу жүргеніңізді, сол кезде 

неше калория жойғаныңызды бақылап 

қана қоймай, жаттығулар бағдарламасын 

өз бетіңізше құра аласыз. Смартфон 

өндірушілердің кейбіреулері денсаулық 

пен спортқа пайдалы қолданбаларды 

әзірлеуде елеулі табысқа ие болып отыр. 

Мәселен, Samsung смартфонының соңғы 

модельдерінде (GalaxyS4, GalaxyNote 3) 

электрондық таразы, білезік, Samsung сағаты 

сияқты қосымша аксессуарлардан дерек 

жинап, сізге дене шынықтыруда белсенділік 

таныту мөлшерін және лайықты диетаны 

таңдап ұсынатын Shealth қолданбасы бар. 

саяхаттау 

Қазіргі заманғы 

сматфондардың 

әрқайсысының дерлік 

ішіне қондырылған 

GPS қабылдағышы (ағылш. 

GlobalPositioningSystem — жаһандық орын 

алу жүйесі) бар. Ол кез келген уақытта, кез 

келген жерде дерлік және кез келген ауа-

райында сіздің қай жерде тұрғаныңызды 

және қандай жылдамдықпен жылжып 

бара жатқаныңызды анықтауға мүмкіндік 

береді. Смартфонның осы мүмкіндігі әртүрлі 

навигациялық қызметтер мен карталар-

да кеңінен қолданылады. WindowsPhone 

негізінде жұмыс істейтін барлық 

смартфондарға алдын-ала қондырылған 

HereMapsи HereDrive қолданбасы ең 

қолайлы және қызметі аса жақсы карталар 

болып саналады. Ол карталардың өзгелерден 

артықшылығы — олар бүкіл әлемді қамтыған 

(Жер шарындағы 196 ел), оларда дауыстық 

еске түсіру қызметі бар және саяхаттау 

кезінде аса маңызды мәселе — бұл карталар-

ды саяхатқа шығар алдында бір рет жүктеп 

алып, оффлайн тәртібімен де қолдануға бола-

ды. Бұл сізге роумингте жүргенде интернет-

трафикті үнемдеуге ғана емес, смартфон 

аккумуляторының зарядын да сақтап қалуға 

септігін тигізеді. Өзге карталардың ішінен 

кеңінен танымал болып жүрген GoogleMaps, 

Navitel, 2GIS және Яндекс карталарын атап 

өтуге болады. Олар арқылы сіз жолдарды, 

үйлерді және тағы басқа да нысандар-

ды көріп қана қоймай, қонақ үйлердің, 

мұражайлардың, мейрамханалардың т.б. 

ұйымдардың орналасқан жерлері мен олар-

мен байланыс түзуге қажетті ақпаратты біле 

аласыз. Сонымен қатар Яндекс картасынан 

сіз қалаңыздағы қай көшелерде кептеліс бар 

екенін анықтап, төңіректегі басқа жолдарды 

таңдап, аса қымбат уақытыңызды үнемдеу 

мүмкіндігін иеленесіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет