Талия ХАБРиЕВА
–
Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия
үшін Еуропалық комиссиясының (Венециандық
Комиссияның) мүшесі, Ресей Федерациясының
Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы
құқықтану институтының директоры, Ресей ғылым
академиясының вице-президенті, заң ғылымдарының
докторы, профессор
39
заманға сай регламенттеуін орнатқан қолданыстағы 1995 ж. Конституцияны қабылдаумен олар біржола
ресімделді [5]. Осы кезеңде кодекстер, жаңа конституциялық-құқықтық координаттар жүйесінде
қоғамдық қатынастарды реттейтін басқа жүйе құрушы заңнамалық актілер әзірленді.
Бірінші кезекті тәртіппен халық билігінің конституциялық құндылықтарының, билік бөлінісінің,
идеологиялық және саяси алуан түрлілігінің мазмұнын ашатын ашық билікті ұйымдастыру және жүзеге
асырудың заңнамалық базасын құру жүзеге асырылды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 3,
5-баптары) [6]. Сайлау жүйесінің негізі бекітілді [7], жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрылу
тәртібі, өкілеттіктері және өзара іс-қимыл механизмдері белгіленді [8], әкімшілік-құқықтық құрылысы
анықталды [9], басқа мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық
бірлестіктердің құқықтық мәртебесі регламенттелді [10].
Бұрынғы социалистік экономикалық жүйені өзгерту күрделілігін ескере отырып, бүкіл халықтың
игілігін көздейтін экономикалық дамудың конституциялық міндетін шешуге бағытталған жекеменшік
саласының құқықтық негізін құру үрдісі тым ұзақ дамыды (ҚР Конституциясының 1-бабының екінші
бөлімі). Оның негізгі элементтері Азаматтық кодекс, жекешелендіру, шаруашылық қоғамдар, банктер
және банк қызметі, табиғи монополиялар және реттелетін рыноктар, инвестициялар, жеке өзіндік құқық
қатынастарының басқа сегменттері және қатысушылары туралы заңдар болды [11] .
Жалпы алғанда, заңнаманы конституционалдаудың осы 1995 ж. мен 2003 ж. аралығындағы кезеңінде
24 конституциялық заң, 11 кодекс, 1027 заң қабылданды [12].
Қазақстанның сол кездегі заң шығару саясатын бағалай отырып, оның мынадай ерекшеліктерін атап
өтуге болады.
Біріншіден, мемлекеттік билікті Конституция және заңдар негізінде жүзеге асыру туралы
конституциялық талапқа сәйкес (ҚР Конституциясының 3-бабының төртінші бөлімі) заңның үстемдігі
қағидатын біртіндеп бекіту [13]. Олардың мазмұны да өзгерді. Ол конституциялық құндылықтар мен нор-
маларды көбірек іске асыру бағытында дамыды.
Екіншіден, мемлекет пен қоғамның жаңа жағдайына трансформациялық өтудің ерекшеліктері
қоғамдық қатынастарды дамытудағы және реттеудегі басымдықтарды белгілегенде мемлекеттің жетекші
рөлін сақтауды алдын ала белгіледі.
Үшіншіден, мемлекет пен қоғамды өзгерту міндеттерін бірте-бірте шешу ниеті басым болды. Бұл
экономикалық реттеу үлгісінде жақсы байқалады. Осылайша, егер Ресейде 1993 жылғы Конституцияның
алғашқы жылдары негізгі күш үдемелі нарықтық дамуға бағытталған болса, Қазақстанда тиімді әрекет
етіп жүрген мемлекеттік реттеу, ішкі рынокты қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту механизмдерін
сақтап, нарықтық экономика элементтерін кезең-кезеңмен енгізу тенденциясы басым болды [14, с. 234.].
Төртіншіден, заң шығарушы Қазақстан халқының ежелгі дәстүрлерін сақтауға тырысты. Алғашқы
заңдардың бірі тарихи-мәдени мұраны сақтауға және пайдалануға арналғаны кездейсоқ емес [15].
Қазақ тілін сақтауға [16], ұлты қазақ адамдардың (оралмандардың) [17] Қазақстанға оралыуына көп
назар аударылды.
Бесіншіден, осы кезеңге Қазақстан заңнамасының озық дамуы тән. Ол кеңестік кезеңнен кейінгі
кеңістікте біріншілердің бірі болып Парламенттің комитеттері мен комиссияларының қызметін
регламенттейтін [18], сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы [19], әкімшілік рәсімдер туралы
[20], атаулы әлеуметтік көмек туралы [21], қылмыстық сот іс қатысушыларын мемлекеттік қорғау ту-
ралы [22] заңдарды қабылдады.
Құқықтық мемлекет құндылықтарының мазмұнын ашатын конституционалдаудың тек қана көрінісі
емес, оны жүргізудің негізгі құралдарының бірі болып табылатын «Нормативті құқықтық актілер тура-
лы» Қазақстан Республикасының заңы ерекше назар аударуға лайық (ҚР Конституциясының 1-бабының
1-бөлімі). Заң, оларға иерархиялық құрылған және ішінен өзара байланысты, бірыңғай қағидалар бойын-
ша дамитын нормативті құқытық актілер жүйесінің белгілерін бере отырып, Республиканың нормативті
40
құқықтық актілер жиынтығын үйлестірді [23]. Кейіннен кеңестік кезеңнен кейінгі көптеген республика-
лар Қазақстанның жолын қуды: Беларусь (2000 ж.), Өзбекстан (2001 ж.), Қырғызстан (2009 ж.), Грузия
(2009 ж.), Әзербайжан (2010 ж.), Тәжікістан (2010 ж.) және Түркменстан (2010 ж.).
Оны қабылдау идеясы жарты ғасырға жақын талқыланғанына қарамастан, Ресейде осындай заң жоқ
[24].
Жаңа ғасырдың бірінші онжылдығының айтарлықтай бөлігін қамтып алған Қазақстанның заң
шығармашылығының екінші - «бейімделу» кезеңі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың
маңызды проблемаларын шешуге және қолданыстағы құқықтық реттегіштерді конституциялық
қағидаттар мен нормалар негізінде түзетуге бағытталған болатын. Олардың сақталуын бақылауды ал-
дын ала конституциялық бақылау тәртібінде Конституциялық Кеңес жүзеге асырған, бұл конституциялық
негізсіз заңнамалық бастамалардың едәуір санын тоқтатуға мүмкіндік берді [25].
Ресейдегі сияқты, Қазақстанның осы заңнамалық даму кезеңі заңдардың жоғары жаңартылуымен
ерекшеленді. Осылайша, 2014 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша 1994 жылғы 27 желтоқсандағы
Азаматтық кодекстің жалпы бөлімі 97 рет жаңартылды; оның ішінде 2003 және 2011 жж. аралығында
52 рет. Басқа заңдар да осыған ұқсас серпінді көрсетеді. Сол кезеңде 1995 жылғы 31 тамыздағы «Бан-
ктер және банк қызметі туралы» Заңның 70 өзгертулерінің жартысынан көбі және 1995 жылғы 21
желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Заңның 26 өзгертулерінен 60%-ғы жуығы енгізілді.
Заңнамалық актілерді түзетуді үдету ең алдымен заң шығарушылардан экономикалық, әлеуметтік
және саяси өмірдің жаңа сын-қатерлеріне орай шұғыл әрекет етуді талап ететін қоғамдық қатынастардың
қарқынды дамуынан туындаған болатын.
Сол кездегі заңнаманы дамытудың көрнекті белгісі көп заңдардың мазмұнын күрделендіру болып
табылатын, бұл олардың реттеу затына жиі сай келмейтін. Мысалы, әнгіме сайлау туралы заңнама ту-
ралы болса [26] оның негізгі адресаты сайлаушылар болып табылады, бұл оның ережелерінің ба-
рынша қолжетімділігін сақтау қажеттілігін керек етеді. Бірақ ресейлік заң шығарушылар сияқты,
қазақстандықтар сайлау заңнамасын «технократтау» – оны негізінде сайлаудың ұйымдастырушыларына
бағытталған техникалық нормалармен толықтыру жолына түсті [27].
Осындай жағдайлар заңнаманың қоғамдық өмірдің негізгі реттеушісі ретіндегі мүмкіндіктерін
төмендетуі мүмкін.
Конституционалдаудың екінші кезеңінің келесі белгісі – заңнаманы дамытуды, соның ішінде
заңнаманы көбінше әлеуметтендіру және оны әділдік, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау
деген конституциялық құндылықтардың жаңа иерархиясында дамытуды оңтайландыру [28].
Дәл осы уақытта Қазақстан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы [29], мүгедектерді әлеуметтік
қорғау [30], көпбалалы отбасыларды қолдау [31], экологиялық сақтандыру [32], жеке кәсіпкерлік [33],
арнайы әлеуметтік қызметтер туралы [34] заңдар сияқты әлеуметтік салалар үшін маңызды актілерді
қабылдады.
Жалпы алғанда, заңнаманы конституционалдаудың осы кезеңінде 20 конституциялық заң, 8 кодекс
және 900 заң қабылданды [35].
Соңғы жылдары заңнаманы дамытудың жаңа, «жетілдіруші» кезеңі келді, оның тірек нүктелерінің бірі
– 2011 ж. Қазақстан, Беларусь және Ресейдің ортақ кеден одағын құруы болып табылды. Осы кезеңде
заңнаманы қандай да бір түбегейлі өзгерту міндеттері қойылған жоқ. Сонымен бірге, ол оны ағымдағы
жетілдірумен шектелмейді. Жетілдіру ауқымымен және міндеттерді шешу әдісімен ерекшеленеді, бұл
жаңа заңдарды қабылдауды талап етуден басқа, құқықтық ықпал етудің жаңа әдістері мен құралдарын
қолдануды да талап етеді [36].
Заңнаманы дамытудың үшінші кезеңі, ең алдымен, заңнамалық даму бағытын жылжытумен сипатта-
лады. Егер бұрын экономикалық бағытталған салаларға басым мән берілсе, қазірде заңнаманың барлық
салаларының теңдестірілген дамуы байқалады [37].
41
Мысалы, әкімшілік заңнамасының негізгі объектісі көпшілік қызметтердің, техникалық реттеудің,
әкімшілік араласу шегінің мәселелері негізгі объект болып табылады, бұны мемлекеттік қызметтер ту-
ралы [38], рұқсаттар және хабарламалар туралы [39], әкімшілік тәртіпсіздік үшін жауапкершілік туралы
[40] және т.б. заңнамалық актілер жақсы көрсетеді. Негізгі бағыт – әкімшілік тосқауылдарды төмендету.
Осы мақсатта заңнама әкімшілік органдардың өкілеттіктерін егжей-тегжей регламенттейді және,
шенеуниктердің озбырлығын жібермейтін қосымша кепілдіктерді белгілейді. Осындай жаңашылықтардың
бірі, оған сәйкес заңмен белгіленген мерзімде әкімшілік органмен қарастырылмаған мәселе бойынша
шешім қабылданған деп есептелетін қағидатты енгізу болып табылды.
Еңбек заңнамасы, еңбек нарығының өз бетімен дамуын қамтамасыз ете отырып, жаңадан дамуда [41].
Негізгі экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды ресурстық сүйемелдеуді реттейтін заңнама
жетілдірілуде [42].
Аталған өзгерістер жеке, әлеуметтік-топтық және жалпымемлекеттік мүдделердің тепе-теңдігін
қамтамасыз етеді. Сонда мемлекеттің мақсаты оның халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі функ-
цияларымен одан сайын орайластырылады, бұл Қазақстанның 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнайы
әлеуметтік қызметтер туралы» және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тура-
лы» заңдарында анық байқалады.
Жетілдірудің екінші белгісі – құқықтық ықпал ету әдістері композициясының өзгеруі. Реттеудің жаңа
императивті және диспозитивті тіркестері пайда болды. Осылайша, оларда дәстүрлі түрде тараптардың
теңдестігі болмайтын көпшілік салаларына шарттық және келісушілік рәсімдерді пайдаланумен байланы-
сты жеке құқық элементтері жиі кіре бастайды. Осылайша, қылмыстық іс жүргізуде кінәні мойындау ту-
ралы мәмілелерге, медиация механизмдеріне рұқсат етіледі, ал қылмыстық-атқару өндірісіне қоғамдық
бақылау элементтері енгізілді [43].
Өзін-өзі реттеу құралдары экономикалық реттеу механизмдері жүйесіне одан гөрі кең енгізіледі, бұл
нарықтық қатынастарды дамытудың объективті үрдістерімен байланысты. Бизнестің өзін-өзі басқаратын
ұйымдары туралы [44], жеке микроқаржылық ұйымдарды құру туралы [45], инновациялық бастамаларды
қолдау туралы [46] заңдар қабылданды.
Осы үрдістер, әлеуметтік келісім-шарттарды пайдалану үшін мүмкіндіктерді ашып, әлеуметтік
заңнама саласын кеңінен қамтиды. Олар экологиялық құқықта да, мемлекеттік немесе жергілікті
органдар мен жеке тұлғалар арасында жасасатын табиғатты пайдалану шарттары форматында да
қарқынды дамуда.
Тұтас алғанда, соңғы жылдары жеке құқықтық және көпшілік –құқықтық құралдардың кең синтезі
бағытына беталыс байқалады, бұл мемлекеттік-жеке серіктестік интситуттарын дамытудың, мемлекеттік
корпорациялардың, басқа түп негізі қоспалы құқықтық заңды тұлғалардың, атап айтқанда, ақпараттық
технологиялар және энергиямен қамтамасыз ету сияқты салаларда, жаңа құқықтық кешендердің және
тіпті заңнама салаларының пайда болуының түрткі күші болып табылды.
Жетілдіру кезеңінің келесі белгісі – конституциялық қағидаттар мен нормаларды толығымен іске
асырудың қажетті шарты ретінде заңнамалық реттеудің жүйелілігін және сапасын қамтамасыз ету.
Нормативті құқықтық актілер санын ұлғайтумен байланысты заңнаманы экстенсивті дамытудан салмақты
заңнамалық саясатқа көшуге беталыс байқалады.
Қабылданған актілер саны азаяды: 2012 жылдың 1 қаңтары мен 2014 жылдың 15 шілдесі аралығында
тек қана 2 конституциялық заң, 1 кодекс және 271 заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Әкімшілік құқық бұзушылык туралы кодексі сияқты
ескірген және тиімсіз заңнамалық актілерді жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылады. Осы акт 2001
жылдың 30 қаңтарынан бастап (оны қабылдау күнінен бастап) 200 реттен астам жаңартылды, бірақ оның
ішкі ақауларын түзетудің сәті түспеді. Сондықтан 2014 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасында
жаңа Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс қабылданды.
42
Заңнаманың әлеуметтік салаларын жүйелеуді тереңдету міндеттері шешілуде, бұны жаңа кешенді,
соның ішінде ғылым туралы [47], көші-қон үрдістері туралы [48], діни бірлестіктер туралы заңнамалық
актілер куәландырады [49] .
Және, ақыр аяғында, қазақстандық заңнаманы жетілдіру кезеңінің төртінші негізгі белгісі - мемле-
кеттер арасындағы ынтымақтастық және тату көршілік қатынастар деген конституциялық құндылықтарды
іске асыру нысаны ретінде ықпалдастыру үрдістерін қамтамасыз ету (Қазақстан Конституциясының
8-бабы).
Кеден одағы және еуразиялық экономикалық кеңістік аясында ықпалдастыру үрдістерін дамыту
экономикалық қызметті құқықтық реттеудің көпдеңгейлі жүйесін құрды [50]. Осы саладағы заңнама
тек конституциялық-құқықтық ғана емес, халықаралық шарттармен және Кеден одағы органдарының
құқықтық актілерімен белгіленген халықаралық-құқықтық координаттар жүйесінде дамуда.
Заңнаманы мұнан былайғы жетілдіру тереңдігіне кейіннен, тауарлардың, қызметтердің, капиталдың
және жұмыс күшінің еркін қозғалысын, жалпы экономикалық саясатты жүргізуді және олармен құрылған
бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Одақ мемлекеттерінің заңнамаларын үйлестіруді қамтамасыз
ететін Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартты бекіту әсер етеді.
Бірақ, осы жағдайларда Қазақстанның заңнамасы, күмәнсіз, өзіндік ерекшелігін және оның өткен
мемлекеттік және құқықтық даму жолын көрсететін және заңнаманы конституционалдауды және құқықты
іске асыру практикасын одан әрі тереңдетуге бағытталған оған тән белгілерді сақтайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. зерттеулер әлемде 1990 жылдан бастап осы күнге дейін 130 конституция қабылданғанын
көрсетті. Кейбір елдерде конституциялар бірнеше рет бірбірін алмастырып отырды. Осылайша, осы
кезде Нигерде 5, Бурундиде – 4, Нигерия мен Фиджиде – әрқайсысында 3 негізгі заңдар әрекет етті. Басқа
мемлекеттердің басым көбінде конституциялық мәтіндерді тұрақты жаңарту немесе түзету үрдісі
жүріп отырды. Осылайша Молдованың 1994 жылғы конституциясына түзетулер алты рет енгізілді
(51 баптан 37 өзгертілді). Өзбекістанның 1992 жылғы Конституциясы бес рет жаңартылды (128
баптан 30 өзгертілді). Әзербайжанның 1995 ж. Конституциясы екі рет түзетілді (51 бапқа 72 өзгеріс
енгізілді). Грузияның 1995 жылғы Конституциясында 109 баптан 58 өзгертілді, оның үстіне, оның
мәтініне сегіз жаңа бап енгізілді. 15 жыл маңызды өзгерістерсіз жүрген ресей Федерациясының Консти-
туциясына (тек қана федерация субъектілерінің құрамы және олардың атаулары нақтыланды) 2008
және 2014 жж. 13 баптың мәтінін өзгерткен және Конституцияның 1 бабын алып тастаған түзетулер
енгізілді.
2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тура-
лы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы №254 Заңы
3. Gicquel J., Gicquel J.-E. Droit constitutionnel et institutions politiques. 25e ed. P.2011; Constitutional
Law: Principles and Policies, 4th Edition (Aspen Student Treatise Series), 2011; Katz A. Staatsrecht. Grundkurs
im offentlichen Recht. 18.Aufl. Munchen. 2010.
4. Толығырақ: Қазіргі ресей заңнамасын конституционалдаудың кезеңдері және негізгі бағыттары
(Ресей Федерациясы Конституциясының жиырмажылдығына)// Конституциялық сот төрелігі журна-
лы, 2013. № 6 (36).
5. Баймаханов М.Т. және басқ. (жауап.ред.) ҚР Конституциясы. Ғылыми-пракикалық түсіндірме.
Алматы: Раритет, 2010; Кубеев Е.К. , Амандықова С.К. ҚР Конституциясы. Теоретикалық-құқықтық
талдау. Алматы: Білім, 2008.
6. Сапарғалиев Г.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Академиялық курс. Ал-
маты: Заң әдебиеті, 2006.
43
7. ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464
Конституциялық Заңы; ҚР «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы №2592
Конституциялық Заңы.
8. ҚР «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы
№2733 Конституциялық Заңы; ҚР «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы
18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық Заңы; ҚР «Қазақстан Республикасының Парламенті
және оның депутаттары туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы №2529 Конституциялық Заңы; ҚР
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №2737
Конституциялық Заңы; ҚР «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі ту-
ралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 Конституциялық Заңы.
9. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы.
10. «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2709
Заңы; «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан
Республикасының 1997 ж. 7 марыдағы №101-1 Заңы; «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан
Республикасының 1996 ж. 31 мамырдағы №3 Заңы және т.б.
11. Қазақстан Республикасының 1994 ж. 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі);
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 1 шілдедегі № 409-1 Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі);
«Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 2 мамырдағы №2255 Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының
1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы; «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 23
желтоқсандағы № 2721 Заңы; «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Қазақстан Республикасының
1998 ж. 31 наурыздағы № 214 Заңы, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкерлігі бар
серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22 сәуірдегі № 220 Заңы, «Табиғи моно-
полиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 ж. 9 шілдедегі № 272
Заңы; «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1994 ж. 3 қарашадағы №
213 Заңы; «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы № 373 Заңы.
12. Есептер нормативті құқықтық актілерді ресми жариялауды жүзеге асыратын интернет-ре-
сурс ретінде белгіленген ҚР «Әділет» нормативті құқықтық актілерінің ақпараттық–құқықтық
жүйесінің деректері бойынша жүргізілді (http: adilet.zan/rus).
13. Президенттің заң күші бар жарлықтарын қабылдау негізінде Қазақстан тәуелсіздігінің
бірінші бес жылына тән болды. Осылайша, мысалы, Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімі Президенттің
жарлықтарымен тек үш рет жаңартылды - 1995 ж. 31 тамызда, 1995 ж. 5 қазанда, 1996 ж. 27 қаңтарда.
14. Гамарник Г.Н. Қазақстанның экономикасын басқару: әдіснама, көзқарастар, іске асыру жолда-
ры. - Алматы. -2002; Жақұпова А.А. ҚР өнеркәсібінде жеке кәсіпкерлікті дамыту. // Қазақстан жаңа
даму үлгісіне бағытталған жолда: Өсу тенденциялары, әлеуеті және императиві Ч. 8. - Алматы, 2005.
15. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының
1992 ж. 2 шілдедегі № 1488-XII Заңы.
16. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 11
шілдедегі № 151 Заңы.
17. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 13 шілдедегі Заңы.
18. «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан
Республикасының 1997 ж. 7 марыдағы №101-1 Заңы.
19. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шілдедегі
№ 267 Заңы.
20. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 ж. 27 қарашадағы Заңы.
44
21. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2000 ж. 17
шілдедегі Заңы.
22. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан
Республикасының 2000 ж. 5 шілдедегі № 72 Заңы.
23. «Нормативті құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 ж. 24 наурыздағы
№ 213 Заңы.
24. Осындай заңды қабылдау идеясы алғагқы рет 1970 жылдары негізделген болатын. 1990-шы
жж. «Ресей Федерациясының нормативті құқықтық актілері туралы» федералды заңның жобасы
дайындалған болатын. В 1996 жылы ол Ресей Федерациясы Федералды жиналысының Мемлекеттік ду-
масымен бірінші оқылымда қарастырылды және қабылданды, бірақ осы сатыдан жоғары өткен жоқ.
«Ресей Федерациясының нормативті құқықтық актілері туралы» заңының жаңа жобасы 2013 жылы
дайындалды. Толығырақ: «Ресей Федерациясының нормативті құқықтық актілері туралы» федерал-
ды заңның жобасы (бастамалы заң жобасы). М.: Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Заң шығару
және салыстырмалы құқықтану институты, 2013.
25. Алдын ала конституциялық бақылаудың артықшылығы ол заңның конституционалдығын оны
қабылдау алдында немесе күшіне енуі алдында бағалауға мүмкіндік беретінінде тұрады. Сондықтан,
ресей ғалымдарының көбі РФ Қонституциялық сотына осындай құқық беруді ұсынады. Осы мәселе
бойынша қар.: Душников В.А. алдын ала бақыла // эж- ЮРИСТ. 2005 ж. № 12; Лазарев JI.B. Ресейдің
Конституциялық Сотының құқықтық ұстанымдары. М. 2003 ж.
26. Қар.: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 28
қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңы, 19.06.1997 ж. № 133, 08.05.1998 ж. № 222, 06.11.1998 ж.
№ 285, 06.05.1999 ж. № 375, 28.06.1999 ж. № 407, 14.04.2004 ж. № 545, 15.04.2005 ж. № 44, 22.12.2006
ж. № 208, 19.06.2007 ж. № 268, 09.02.2009 ж. № 124-IV, 14.06.2010 ж. № 289-IV, 03.02.2011 ж. № 404-IV,
03.10.2013 ж. № 133-V Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарының редакциялары.
27. Осы мәселе бойынша В.И. Лафитскийдің РФ Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Ресей сай-
лау технологияларын оқыту орталығының интернет- порталы үшін сұхбатын қар.
http://www.rcoit.ru/actual/detail.php?ID=:16808&sphrase_id=2776
28. Заңнаманы әлеуметтендіруді дамыту заңдылығы туралы толығырақ қар.: Хабриева Т.Я.
Әлеуметтік заңнаманы дамытудың негізгі бағыттары және проблемалары //Ресей құқығы журналы.
2014, № 7.
29. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 ж. 12 сәуірдегі
№ 36 Заңы.
30. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 ж. 12 сәуірдегі №
39 Заңы.
31. «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» Қазақстан
Республикасының 2005 ж. 28 шілдедегі № 63 Заңы.
32. «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 ж. 13
желтоқсандағы № 93 Заңы.
33. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 ж. 31 қаңтардағы № 124 Заңы.
34. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 ж. 29
желтоқсандағы № 114-IV Заңы.
35. 2004 мен 2011 жж аралығын қамтитын кезең бойынша есептер ҚР «Әділет» нормативті
құқықтық актілерінің ақпараттық–құқықтық жүйесінің деректері бойынша жүргізілді.
36. Хабриева Т.Я. Заңнаманы тұрақтандыру, жетілдіру және заң ғылымының міндеттері//Заң:
тұрақтылығы мен серпіні. М, 2007; Атқарушы биліктің федералды органдар жүйесінде заң шығару
қызметін ұйымдастыру / Т.Я. Хабриеваның ред.. М., 2005.
45
37. Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылық жағдайы туралы 2012. Қазақстан
Республикасы Конституциялық кеңесінің 2012 ж. 12 маусымдағы № 09-3/1 Жолдауы.
38. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 ж. 15
сәуірдегі № 88-V Заңы.
39. «Рұқсаттар және хабаламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 202-V Заңы.
40. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 Әкімшілік құқық бұзушылық тура-
лы кодексі.
41. Хабриева Т.Я. Әлеуметтік заңнаманы дамытудың негізгі бағыттары және проблемалары //Ре-
сей құқығы журналы. № 7.
42. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының
2009 ж. 4 шілдедегі № 165-IV Заңы; «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 ж. 6
қаңтардағы № 528-IV Заңы.
43. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы №206 Қылмыстық-іс жүргізу кодексі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықты қорғау қызметін жетілдіру
және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 ж. 9 қарашадағы № 490-IV Заңының, 2011 ж. 28
қаңтардағы № 402-IV Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2014 ж. 5 шілдедегі №
234-V Қылмыстық-атқару кодексі және т.б.
44. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан
Республикасының 2014 ж. 4 маусымдағы № 129-V заңы.
45. «Микроқаржылық ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2012 ж. 26 қарашадағы №
56-V Заңы.
46. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер туралы» Қазақстан
Республикасының 2014 ж. 10 маусымдағы 2014 г. № 207-V Заңы.
47. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 ж. 18 ақпандағы № 407-ІV Заңы.
48. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 ж. 22 шілдедегі № 477-ІV
Заңы.
49. «Дін қызметі және діни ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 ж. 11 қазандағы
2011 г. № 483-IV Заңы.
50. Хабриева Т.Я. Қазіргі заманғы сын-қатерлердің халықаралық ықпалдасуы жағдайында РФ
құқықтық жүйесін үйлестіру //Шетел заңнамасы және салыстырмалы құқық журналы. № 1, 2014.
46
Қ
азақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында достас Қазақстанның
халқын осы тамаша мерекемен құттықтап, елге жылдан жылға өркендей беруді және әлемдік
қауымдастықпен тығыз және жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды тілегім келеді.
Қазақстан тәуелсіздік жылдары бойы өз экономикалық, саяси- әлеуметтік дамуында қарқынды алға
басып келе жатыр, және ел өз алдына 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына кіру мақсатын
қойғаны әбден заңды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы өзін деморкатиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның үстіне ҚР Конституциялық Кеңесі
қаулыларының бірінде белгіленгендей, «өзін орнықтырады» деген сөз тіркесі Қазақстанның үдемелі да-
муын белгілейді [1] .
Мемлекеттің құқықтық және деморкатиялық ретінде қалыптасу немесе «орнығу» үрдісі – бұл ұзақ
құқықты жетілдіру, экономиканы дамыту, басқа елдермен жемісті ынтымақтасты нығайту жолы. Барлық
осы құрамдастар тек мемлекетішілік құқықтың нормаларымен ғана емес, халықаралық құқықтың норма-
ларымен де реттеледі, халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ-ның қалт етпейтін бақылауында тұр.
Осы мерейтоймен байланысты шағын мақалада, мен тұтас Қазақстан Республикасының және
маңызды көпшілік билік органдарының бірі ретінде - Конституциялық Кеңестің адам құқықтарын қорғау
саласындағы қызметінің кейбір мәселелеріне тоқтағым келеді. Негізгі Заңның 72-бабына сәйкес ҚР
Конституциялық Кеңесіне ел өмірі үшін маңызды бірнеше өкілеттіктер берілген, олардың ішінде мен
(мақалада көтерілген мәселереге байланысты) мыналарды атап өткім келеді: осы мемлекеттік орган Пар-
ламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін
қарайды; Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін
қарайды; Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН
ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЕЛДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: |