Қазақстандық тренд тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мем лекетке: сырттай көзқарас



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата12.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1751
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

Тахер ХиКМАТ 
– 
Иордан Хашимит Корольдігінің   
Конституциялық Сотының  төрағасы 
ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ АДАМ 
ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛІ

117
Президент 
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің 
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда 
Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Ол конституциялық заңға сәйкес 
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары 
жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Республика Президенті болып тумысынан 
Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын 
Республика азаматы сайлана алады.
Президент, мемлекет басшысы ретінде - біріншіден, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің ныша-
ны әрі кепілі және, екіншіден,  мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін, және 
өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Осы стандартқа сәйкес 
билік жүйесінің үйлесімді тежемелер мен тепе-теңдіктер механизмін  қалыптастыратын  барлық қалған 
элементтері жинақталған.  
Президенттің өкілеттіктері Конституцияда анық белгіленген, олар Үкімет басшысын тағайындауды 
(Парламент Мәжілісінің келісімін алғаннан кейін), парламенттік сайлаудың күнін белгілеуді, заң күші бар 
жарлықтарды шығаруды,  төтенше жағдайды жариялауды, халықаралық келісімдерге қол қоюды, Республика 
Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретіндегі қызметін,  Республиканың мемлекеттік наградалары-
мен марапаттауды, құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды беруді  қамтиды, бірақ онымен шектелмейді. 
Президент Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан 
кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін таратуға құқылы. Бірақ Парламентті таратуда президенттік 
өкілеттік абсолютті емес: Парламент төтенше жағдайларда, немесе соғыс жағдайында, және президенттік 
мерзімнің соңғы алты айы ішінде, сондай-ақ, бұдан бұрынғы таратудан кейін бір жыл ішінде таратылмайды.
Президент  науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген 
жағдайда, қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда 
жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Бірақ, Республика Президентін 
қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін 
мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.
Атқарушы билік: Үкімет 
Конституцияда Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, алқалы орган 
болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты деп жазылған. 
Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында жауапты, Палата депутаттары жалпы санының кемінде 
үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі 
есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын 
орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату ту-
ралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы.
Конституцияға сәйкес, Үкімет, бұдан басқа,  саясаттың басты бағыттарын дамытуда жұмыс істейді 
(әлеуметтік, экономикалық, сыртқы және қорғаныс саясаты салаларында), Парламентке республикалық 
бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді, Пар-
ламентке заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік меншікті 
басқаруды ұйымдастырады және министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және 
жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Республиканың министрліктері, 
мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық 
немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы 
органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
Конституция ұжымдық министрліктік жауаптылық қағидатын сақтайды, ол бойынша барлық Үкімет 
мүшелері Үкіметпен қабылданған шешімдер мен шараларды қолдайды. Бірақ, Үкіметтің жүргізіп отырған 

118
саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не ол лау-
азымнан босатылуға тиіс.
Парламент 
Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан тұрады: Сенат 
 
(Жоғарғы палата) және Мәжіліс  (Төменгі палата). Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен 
әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі 
адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі 
мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика 
Президенті тағайындайды.
2007 жылғы конституциялық  реформалар  Парламентті және Қазақстанды бұдан былай  демократи-
яландыру үрдісін нығайтуға тиіс болған. Олар сайлау жүйесін араласқан мажоритарлық жүйеден жалпы 
ұлттық электоратқа негізделген пропорционалды жүйенің  жабық  тізіміне өзгертті. Жаңа ережелер бой-
ынша мәжіліс 107 орынға  көбейтілді.  Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты  жалпыға бірдей, тең және төте 
сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қалған  тоғыз депутатты Қазақстан 
халқы Ассамблеясымен  сайлануы тиіс. 
Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті және оның жұмысына қатысады. 
Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық 
қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгіленген жазалау 
шараларын қолдануға әкеп соғады. Осы ережелер олардың болмауын дәлелдейтін орынды себептер 
болмаған жағдайда, сайланған депутаттардың Парламентке жүйелі түрде қатысуын қамтамасыз етеді. 
Парламенттің өкілеттіктері, Конституцияда жазылғандай,  Заң шығару бастамасы және мақұлдау 
құқығы (соның ішінде, Конституцияға түзетулер), мемлекеттік бюджетті талқылау және бекіту және 
тағайындауларды мақұлдау. Заң жобалары Үкіметпен әзірленеді және заң шығарушы органға талқылау 
үшін ұсынылады.  
Бюджетке қатысты барлық шешімдер Парламенттің алдын ала мақұлдауын талап етеді. Бірақ, Сенат 
Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын 
тағайындауына келісім беру сияқты дербес тағайындауларға қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға 
тартылады. Парламенттің әр Палатасы дербес Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке 
тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын 
бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
2007 жылғы конституциялық  реформамен Парламентке кейбір қосымша өкілеттіктер берілді, соның 
ішінде Мәжіліс мерзімнен бұрын таратылған жағдайда Сенатқа Мәжілістің заңнамалық функцияларын 
іске асыру бойынша жаңа өкілеттікті беру.  Бұдан басқа, бірінші рет Үкімет тек Президенттің алдында 
ғана емес, Парламенттің алдында да жауап беретін болды. Мәжіліске енді Үкіметке сенімсіздік білдіру 
үшін бұрынғыдай дауыстардың үштен екі бөлігі емес, тек дауыстардың көпшілігі ғана қажет.
Конституциялық Кеңес
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Конституциялық Сот құрылды және Конституцияға қайшы 
болғандықтан Президенттің бірнеше жарлығын және атқарушы биліктің актілерін тоқтату демократияның 
белгілері болды. Бірақ 1995 жылы  Конституциялық Сот Конституциялық Кеңеспен ауыстырылды, ол 7 
(11 орнына) мүшеден тұратын болды, оның 3-і Президентпен тағайындалады (Кеңестің Төрағасы және 
екі мүшесі). Екі мүшесі тиісінше, Сенатпен және Мәжіліспен тағайындалады. Мүшелерінің жартысы үш 
жылда бір рет ауысып отырады.  
Конституциялық Кеңестің өкілеттігі елдің мемлекеттік саясатына қатысты барлық қызметінің 
заңдылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Олар Республика Президентінің, Парламент депутаттарының 
сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешуді, Пар-

119
ламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін  қарауды, Республиканың 
халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарауды қамтиды. 
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері  
Конституцияның  II бөлімі негізгі құқықтар мен бостандықтарды көздейді. «Адам және азамат» деп 
аталған бөлім демократияның саяси және идеологиялық қағидаттарын, құқықтардың теңдігін, ұлттық 
сана-сезімнің қалыптасуын, этникалық және діни ерекшеліктерін толығымен сипаттайды Конституция 
мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық деген қағидатты бекітеді, сондықтан ол билікті тікелей 
республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. 
Конституция идеологиялық және саяси саналуандықты таниды,  бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жи-
налыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығын 
қамтиды.  Ол барлық азаматтарға тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға 
және мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығына кепілдік береді.
Азаматтардың жеке құқықтарына қатысты Конституцияда Адам құқықтары мен бостандықтары 
әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, және егер олар басқа адамдардың құқықтары 
мен бостандықтарын бұзбаса, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмесе, 
олардан ешкім айыра алмайды.  Конституцияда заң мен сот алдында теңдік қағидаты бекітіледі, оған 
сәйкес,  тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, 
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бой-
ынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 
Конституциямен өмір сүруге құқығы да бекітілген. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ, 
адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай 
қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Конституция әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, 
ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына кепілдік береді. Ол, сондай-ақ сөз бен цензураға тыйым 
салынған шығармашылық еркіндігін, ар-ождан бостандығына құқығын, бірлесу бостандығына құқығын  
қамтамасыз етеді. Конституция еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығын 
бекітеді. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол 
беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір 
кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
Одан әрі Конституция азаматтарға өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі 
анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге, өз ана тілін және мәдениетін қолдануға, білім алуға және 
шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді.   
Конституция сондай-ақ жеке меншік құқығын, неке мен отбасын, денсаулықты  қорғауға ден қояды.  
Ол азаматтарға мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес  мемлекеттік оқу орындарында тегін 
орта білім алуына кепілдік береді. 
Конституцияның тағы бір кепілі – ең жоғары заң күші және ол Республиканың бүкіл аумағында 
тікелей қолданылатыны. Сондай-ақ, барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын 
халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне 
қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты бо-
лып табылады. 
Ақыр соңында, Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарын реттеу қағидаларын адамның 
және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, 
адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына 
қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін болғандай енгізеді.  Жоғарыда аталған қағидалардың 
шегінен шығатын қандай да бір құқықтарды және бостандықтарды шектеулер конституцияға қайшы деп 
танылуы тиіс.

120
Қ
азіргі демократиялық конституциялық мемлекет іргелі конституцияның үстемдігі ұғымына 
негізделген.
Конституция – мемлекет құрылымында бірге тұратын адамдар тіршілік қарекетінің негізгі 
мәселелерін басқаратын құқықтық қағидаттар жинағы. Конституциялық құқықтың үлгілі мәселелері, 
атап айтқанда, мемлекеттің негізін, ұйымдастырылуын және мақсаттарын, мемлекеттің функциясын 
жүзеге асырудың негізіне алынған қағидаттарды (заңнама, үкімет/әкімшілік, сот билігі). Мемлекет пен 
қоғам арасындағы қатынастарды, сондай-ақ, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы vis-à-vis жағдайын 
қамтиды.
Конституцияның үстемдігі мемлекетпен қолданылатын кез келген шаралар конституцияға негізделуін 
немесе конституцияға сәйкес келуін білдіреді. Бұл конституционалдық талабы барлық мемлекеттік 
функцияларға – заң шығарушылыққа, сондай-ақ, үкіметке және/немесе әкімшілікке және сот билігіне 
қатысты.
Бірақ, конституцияның үстемдігі таза теоретикалық ұғым шегінен жоғары тұруы қажет. Ол практикада 
тиімді жүзеге асырылуы тиіс. Бұл мақсатта демократиялық конституциялық мемлекетке конституцияның 
сәйкестігін қамтамасыз ететін мекемелер қажет. Құқықтың үстемдігі орнатылған  демократиялық мем-
лекетте осындай мекемелер арасында «конституцияның қорғаншысы» ретінде Конституциялық Сот ең 
маңызды болып табылады.
 Мемлекеттік биліктың кез келген актісінің конституцияға сәйкестігіне кепілдік бере отырып, және, ең 
алдымен, жеке тұлғаның негізгі құқықтарын қорғай отырып, конституциялық әділет өте маңызды рөлді 
Герхард ХОльЦиНГЕР 
– 
Австрия Республикасы
Конституциялық Сотының  төрағасы
ҚҰҚЫҚТЫҢ ҮСТЕМДІГІ  
ЖАҒДАЙЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ 
ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ 
ОРНАТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

121
атқарады, өйткені бұл құқықтық үстемдігін қолдаудан басқа, демократияны күшейтуге және, осылайша, 
мемлекеттің саяси тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік жасайды. 
Конституциялық мекемелер олардың белгілі бір функцияларын орындауда өте маңызды саяси рөл 
атқарады, олар заң мен саясат шекарасында тұрады. Ең алдымен, Конституциялық Сот – конституциялық 
құқықпен белгіленгендей, шынайы сот, яғни, мемлекеттің заң шығарушыдан, үкіметтен және/немесе 
мемлекеттік басқарудан тәуелсіз автономды мекемесі. Оның шешімдері тек қана құқықтық нормаларға, 
ең алдымен мемлекеттің жоғары құқықтық нормасы ретінде, конституцияға негізделген. Бірақ, сонымен 
бірге біз конституциялық сотпен қабылданған шешімдердің айтарлықтай саяси салдары болуы мүмкін 
екенін ескеруіміз қажет.  
Атап айтқанда, Ханс Кельзеннің (Ганс Кельзеннің – жауап. ред. еск.) конституциялық әділет туралы 
ұғымына негізделген, адамдарды, билікті білдіретін, барлық конституциялық соттармен жүзеге асыры-
латын, демократиялық заңдастырылған органмен қабылданған конституциялық заңдарды шолу. Осыған 
орай, бір жағынан, конституциялық сот және екінші жағынан, парламент пен үкімет немесе парламенттік 
көпшілігі бар саяси партиялар арасында белгілі бір дәреже шиеленіс пайда болады. Заңдарды олардың 
конституцияға сәйкестігі жағынан қарастырғанда,  конституциялық сот заң шығарушы әрекеттерінің 
саяси көлемін құрметтеуге тиіс. Демек, конституциялық сот құқықтық ереженің мақсаттылығы неме-
се пайдалылығы туралы шешім шығара алмайды. Мақсаттылығы жетпейтін заңды конституцияға сәйкес 
емес деуге де болмайды. Сонымен бірге, конституциялық сот оның конституцияға сәйкестілігіне кепілдік 
беруге тиіс. Демек, егер құқықтық ереже конституциямен қайшы келсе, конституциялық сот, заңды жою 
саяси тұрғыдан орынсыз болып көрінсе де, оны конституцияға сәйкес емес деп жоюға тиіс.
Құқықтық ережелердің конституцияға сәйкестігін бағалаған кезде, әсіресе, негізгі құқықтардың 
мәнмәтінінде, күрделі, маңызды сұрақтар пайда болады.  Конституциялық сот осындай сұрақтарға жау-
апты қамтамасыз етуге тиіс. Конституциялар, әдеттегідей, көптеген жалпы терминдерді қамтиды, ал заң 
шығарушыға арналған нақты ұйғарымдар онда азғана. Алайда, конституциялардың ережелердің, олардың 
белгісіз сипаты себебінен, заң шығарушы үшін ешқандай заң күші жоқ деп айту дұрыс болмайды. Заң 
шығарушыға рұқсат етілген көлем өте кең, бірақ оның шегі белгіленуі мүмкін. Конституциялық Сот кон-
ституциямен белгіленген еркіндік дәрежесін орнатады және заң шығарушының конституцияда баяндалған 
«құқық-саясат» әрекеттер көлемінен асқаны, аспағаны туралы шешім қабылдайды. Конституцияның 
нормативті мазмұнына сәйкестігін қарастыру өкілеттігі шегінде, Конституциялық Сот заң шығарушымен 
қабылданған шешімді өз актісімен ауыстыруға міндетті. Бұл конституциялық сотпен қарастырылуға жат-
пайтын заң шығарушының «құқық-саясат» саласындағы әрекеттер көлеміне қатысты емес.
Конституциялық соттың бұл шолу функциясы демократиялық қағидаттарға қайшы деп есептеу 
қате болады. Керісінше, құқықтық нормаларды конституциялық сотпен шолу демократия қағидатын 
жүзеге асыруға қызмет етеді, өйткені заң шығарушы үшін міндетті және оның іс-әрекетін белгілейтін 
конституциялық құқықтың ережелері одан да кең демократиялық консенсуске негізделген. Осылайша, 
заң шығарушының конституциямен байластырылғаны, демократиялық заңдастырылған заң шығарушы 
жоғары заңдастыру актімен байластырылғанын білдіреді. Демек, конституциялық сот заң шығарушының 
конституцияға сәйкестігін қарастыра отырып, демократиялық функцияны жүзеге асырады. 
Бұдан кейінгі есепке алуға қажетті тармақ - бұл, конституцияға, әдеттегідей, өзгерістерді енгізу оңай 
емес. Конституцияда «сақталатынның» барлығы кепілді күшінде болып қала береді. Бұл, атап айтқанда, 
құқықтар мен бостандықтарға қатысты. Саясат тілімен айтқанда, ұзақ мерзімді әрекеттілігінің кепілі құзырлы 
азшылықты абсолютті көпшіліктің басым болуынан қорғауды қамтамасыз етеді. Егер конституциялық сот 
– демократиялық заңдастырылған заң шығарушының құрметіне – оның шолу көлемінен «саяси» проблема-
ларды алып тастауға тиіс болса, конституцияның бұл қорғаныш функциясы тиімсіз болар еді.  Сондықтан, 
демократиялық себептер бойынша конституциялық сот осы міндетті қабылдаудан бас тартпауы тиіс. Демо-
кратия саяси күштердің плюрализмінсіз және саяси идеялар арасындағы бәсекесіз мүмкін емес.

122
II.
Бұрынғы коммунистік мемлекеттерде конституциялық сот төрелігі идеясы Батыс әлемінде белгісіз 
емес теориялық түсінік негізінде қабылданбады. Британдық парламенттің үстемдігі доктринасы неме-
се souveraineté nationale француз ұғымы сияқты, марксистік-лениндік конституциялық теория билік 
(өкілеттіліктер) бірлігі қағидатына негізделген болатын. Осы жағдайды ақтау үшін пайдаланатын 
негізгі дәлел ең аз демократиялық заңдылық дәрежесіне негізделген жұмысшылар тобының егемендігін 
білдіретін сайланған жиналыспен қабылданған шараларды кез келген шолуға жол берілмейтіні болған. 
Шынында, бұл дәлел тоталитарлық бір партиялық диктатурадағы әрекетті күш құрылымын заңдастыру 
үшін қызмет еткен. Билікті тотальды, яғни, шектеусіз пайдалану кез келген саяси немесе сот талдауы ны-
санын, демек,  құқықтың үстемдігін де алып тастайды.
Тек мемлекеттік билік бірлігінің және халықтың мүдделерін білдіретін органның шектелмеген 
билігінің социалистік догмасынан бас тартқаннан кейін ғана конституциялық сот төрелігі идеясы осы 
мемлекеттерде күшіне ене алды. 
Аса маңызды Конституцияны түсіндіру функциясын орындау Кеңес одағы мемлекет ретінде жойылып, 
идеологиялық темір перде біржола түрілгеннен кейін құрылған конституциялық соттарға жүктелген бола-
тын.  Диктатурадан немесе авторитарлық режимнен құқықтың үстемдігі орнатылған демократиялық мем-
лекетке өту кезеңінде конституциялық соттар үшін ең қиын проблема конституциялық құқық тұрғысынан 
«жүйені өзгертуге» бет бұруда тұратын. Материалдық құқық көзқарасынан, шешуге жататын ең маңызды 
мәселелер «қылмыстық құқыққа қатысты «өткенмен қақтығысу» мәселесі, мүліктің орнын толтыру 
құқығын қалпына келтіру мәселесі, сондай-ақ конституциямен кепілдік берілген негізгі құқықтар және 
оларды шектеу мүмкіндіктері болатын.
Конституциялық соттар үшін басқа аса маңызды проблема конституциялық органдар құрылымы 
шегінде олардың өз орнын белгілеу болып табылатын, соның ішінде басты мәселе, мекемелердің қайсысы 
конституциялық істерде соңғы сөзді айтатыны. Соңғы онжылдықтардың саяси оқиғалары көрсеткендей, 
бұрынғы коммунистік мемлекеттердің көбінде олардың конституциялық соттары мықты орынға ие болған.
Соңғы онжылдықтар ішіндегі халықаралық оқиғаларға байланысты, ұлттық конституциялық сот-
тар арасындағы тәжірибемен және идеялармен алмасу, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейдегі 
ынтымақтастық айтарлықтай маңызға ие болды.  
Соңғы жылдары көптеген өңірлік және халықаралық ұлттық конституциялық соттар қауымдастықтары 
құрылды. Бұл қауымдастықтардың мақсаты қауымдастыққа мүше соттар арасында конституциялық құқық 
және конституциялық әділет мәселелері бойынша ақпарат және пікір алмасу болып табылады. Сонымен 
бірге, бұл қауымдастықтар демократия мен құқықтың үстемдігі кепілі ретінде конституциялық соттардың 
тәуелсіздігін сақтау және нығайтуда маңызды рөл атқарады. Осы мәнмәтінінде конституциялық сотқа 
жүктелген міндеттерді дұрыс және тиімді орындау, соттың басқа мемлекеттік органдармен, үкіметпен болса да, 
парламентпен болса да, қатынастарында қауырттылыққа әкеп соғатынын есте сақтау қажет. Сондықтан, осы 
ұйымдар, оларға қатысушылардың бірінің қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда, саяси деңгейде қабылданған 
шаралар арқылы конституциялық соттар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатына қызмет етеді.
III.
Конституциялық соттың ең маңызды «Конституцияның қорғаншысы» функциясы жоғары 
жауаптылықты тұспалдайды, бұл туралы конституциялық соттың әр мүшесі білуі тиіс. 
Бұл жауаптылық арнайы кәсіптік рухты талап етеді: сот біліктілігінің жоғары деңгейіне, конституцияға 
қамқорлық жасауға және оны құрметтеуге, партиялық саясат пен әлеуметтік және жеке мүдделерге 
қатысты немқұрайдылыққа және әділ шешім қабылдауға дайындыққа  негізделген конституциялық 
соттардың қатынасы. Бұл – конституциялық сотқа міндеттерді, олар қаншалықты қиын болғанына 
қарамастан, мемлекет және қоғам пайдасына шешуге мүмкіндік беретін қатынас.

123
Сонымен бірге бұл – конституциялық сотқа, сот қызметінің тиімділігі үшін елеулі алғы шарты ретінде 
адамдардың рухани қолдауына жетуге мүмкіндік беретін қатынас. Оның міндеттерін дұрыс орындау 
үшін конституциялық сотқа сенім артатын қалың бұқара, кез келген конституциялық сот үшін, егер ол 
өз міндетін саяси немесе әлеуметтік тұрақсыздық уақытында да орындағысы келсе, ең қамбат капитал 
болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет