Зерттеулер қорытындысы бойынша құс етінің балаусалық деңгейіне қорытынды беру.
Құс етінің балаусалық дәрежесін анықтауға арналған органолептикалық зерттеулерді МЕМСТ 7702.0-74 бойынша жүргізеді, ал осы мақсаттағы микроскопиялық және химиялық сараптаманы МЕМСТ 7702.1-74 бойынша регламенттейді.
Органолептикалық, химиялық, микроскопиялық сараптауларды жүргізу үшін жәшіктерден үш ұша (тушка) сынамасын алады. Алынған сынама үлгілерін орама және мөр соғылған күйінде жолдама құжатпен зертханаға жібереді.
Құс етінің балаусалығының дәрежесінің қорытындысын органолептикалық бағасы бойынша береді, ал егер құс етін органолептикалық бағасы бойынша балаусалығы күмәнді категорияға жатқызатын болса, химиялық және микроскопиялық сараптама жүргізеді.
Органолептикалық бағасы мен химиялық және микроскопиялық сараптамасы қорытындысы сәйкес келмесе жаңадан алынған 5 түрлі үлгіден қайталап құс етінің сараптамасын жүргізіді. Содан кейін оның санитарлық бағасына қорытынды шешім береді.
Органолептикалық зерттеу кезінде сыртқы түрін және тұмсықтың тұсын, ауыз қуысының кілегей қабатын, көз алмасын, ұшаның үстін, тері асты және ішкі май ұлпаларының жағдайын, кесіндідегі бұлшық етін, оның консистенциясы мен иісін, сорпаның мөлдірлігі мен иісін анықтайды.
Құс етінің әр түрлі деңгейдегі балаусалығының органолептикалық көрсеткіштері 12 кестеде көрсетілген.
Құс етінің балаусалығын химиялық сараптамасын жүргізу үшін аммиак және аммоний тұздарын анықтау, пероксидазасын анықтау (бұл әдіс суда жүзетін және балапандар етіне қолданылмайды). Ұшатын май қышқылдарының көлемін анықтау, майдың қышқыл санын және асқын тотығы санын анықтау әдістері қолданылады.