Қазақстандық тренд тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мем лекетке: сырттай көзқарас



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата12.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1751
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

Маргарет сКОК 
– 
Карлетон Университеті жанындағы 
Норман Патерсонның халықаралық қатынастар 
мектебінің бас ғылым қызметкері, Канаданың 
Қазақстан Республикасындағы елшісі қызметін 
Қырғыз Республикасында және Тәжікстан  
Республикасында қоса атқарушы (2006-2009 жж.)
ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕСІ:  
МАРГАРЕТ СКОКТЫҢ ШОЛУЫ

67
бағдарламаларға белсенді жәрдемдесуде.   Ядролық, биологиялық қарудан бас тарту, 1949 жыл мен 1991 
жыл аралығында 500-ден астам ядролық жарылыстардан кейін ядролық қаруды сынайтын полигондарды 
жабу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға арналған Қазақстанның бейбіт бастамаларын 
да елемеуге болмайды. Босқандардың, балалардың құқықтарын сақтау және іске асыру, гендерлік белгі 
бойынша, этникалық топтарды, ұлттық азшылықтарды кемсітуге тыйым салу  адам құқықтарын қорғау 
саласындағы позитивті беталысты куәландырады.  Конституцияның ережелерін, қолайлы инвестициялық 
жағдайды жасау, Конституцияның және қолданыстағы заңнаманың  үстемдігі  саласындағы заңдарды 
іске асыру маңызды болып табылады. Осындай аумағы ауқымды елде қалаларды, аудандарды, ауылдарды 
кешенді дамытудың басымдығы орташа тапты қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.   Қазақстанның басты 
экспорты –шикі мұнайға  және минералды ресуртарға сұраныс өсуде (Бүкіләлемдік банктің мәліметтеріне 
сәйкес). Экономиканың дамуы ІЖӨ 5,5 % -дан 6 %-ға дейін өсуіне мүмкіндік береді.  2014 жылдың мау-
сым айынан бастап іске асырылған жаңартылған инвестициялық режим инвестициялық ағымдарды тарту 
үшін оң әсер етеді.  Сонымен бірге, Ресей айналасындағы жағдай Қазақстанға инвестицияларды тартуға 
жағымсыз әсер етуі мүмкін. Экономиканы әртараптандыру экономикалық даму саласының басым бағыты 
болып сақталады. Қызмет көрсету, спорт, мәдениет, білім беру секторына инвестициялар қазақстандық 
брендті әлемдік аренада оң жағынан танытып,  өз нәтижесін  берді.
Үздіксіз дағдарыстар жағдайында жарқын үміт, алынған бағыт және алдағы кедергілер арасында 
теңгерім жасау күрделі міндет, бірақ көздеген бағыт бойынша кәміл қадам басып келе жатқан Қазақстан, 
оның халқы, Үкіметі, Президенті үшін бұл шешілетін міндет.

68
Қ
азақстанның 1995 жылғы Конституциясы жоғарғы заң ретінде Қазақстан халқының алғашқы 
егеменді мемлекетінің нысанын, сипатын және қағидаттарын бекітеді.  Қазақстан Республикасы 
кеңестік нысандағы  одақтық  республикадан  егеменді президенттік республикаға ауысты, онымен 
салыстырғанда Болгария өзінің 1350-жылдық тарихында 1330 жыл орталықтан басқарылатын мемлекет 
болып, кейін коньюнктуралық ойларымен «парламенттік демократия» деп аталатын нысанға ауысты, оның 
нәтижесі соңғы 24 жыл ішінде байқалады. Қазақстан Конституциясы жарияланғаннан кейінгі баспасөз 
конференциясы барысында «Президенттік республика нысаны демократияны шектемей ме?» деген 
сұраққа Н.Назарбаев Франция үлгісін келтірді, онда бұдан да мықты перзиденттік республика нысаны 
орнықтырылған, алайда, бұл француз халқының демократиялық бостандықтарын ешқандай дәрежеде 
азайтпайды. Оның сөзі бойынша, Қазақстан Республикасы өзін «демократиялық, зайырлы, құқықтық 
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады». Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституция-
сына даму да, өрлеу де қағидаттары салынған.
Конституцияны осы қоғамның Негізгі заңы ретінде құру практикасында алғашқы рет, Президенттің 
ұсынысы бойынша мына қағидаттар негізге алынды: барлық жалпыұлттық проблемаларды шешудің басты 
шарты ретінде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық; тұтас қоғам игілігіне экономикалық даму; олардың 
ежелгі борышы ретінде барлық қазақтандықтардың патриотизмі; қоғамның барлық проблемаларын 
демократиялық жолмен шешу; қажет болған жағдайда бүкілхалықтық референдумдарды өткізу және т.б.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев және оның  командасы кеңес дәуіріндегі ескі мемлекеттік 
институттардың жұмыс істеу нысандары мен қағидаттарын ауыстырмай, осы конституциялық қағидаттарды 
қазақстандық қоғамның  өмірінде іске асыра алмайтынын жақсы түсінеді. Осылайша, Жоғарғы Кеңес ор-
нына Президенттің үстем рөлі бекітілді, сондай-ақ, заң шығарушы билік органы ретінде қос палаталық 
парламенттің функциялары мен құқықтары сипатталды. Екіншіден, Конституциялық Сот орнына 
Конституциялық Кеңес құрылды. Көпұлтық мемлекет ретінде Қазақстанда алғаш рет, және әлемде де 
алғаш рет  сайланатын Мәжіліс депутаттары арқылы жаңа қоғамды құруға заңнамалық бастамаларды 
Петко ГАНЧЕВ 
– 
Еуразия-София Геосаяси орталығының 
төрағасы, Болгарияның Беларусь 
Республикасындағы елшісі (2005-2009 жж.),   
философия және саяси ғылымдарының  
докторы, профессор
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
КОНСТИТУЦИЯСЫ ТУРАЛЫ

69
енгізу құқығы бар Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Қазақ және орыс тілдерінің мәртебесі 
туралы мәселе де ешқандай шайқалыссыз шешіледі, бұл қазақ тілін жандандыру перспективаларын аша-
ды және, сонымен бірге, Қазақстанның этникалық алуан түрлілігін нығайтады. Алғаш рет Ұлттық Банк 
құрылды және өз ұлттық валютасы – теңге енгізілді.   
«Құқықтық және әлеуметтік мемлекет» ретінде мемлекеттік меншіктің басым рөлі туралы ескі кеңестік 
көзқарасты, сондай-ақ, неолибералдардың нарықтың іргелі рөлі және мемлекеттің араласпауы туралы 
көзқарасын еңсере отырып, Қазақстан елдің Конституциясы арқылы барлық меншік нысандарының тепе-
теңдігін бекітеді. Экономикалық байланыстардың ашықтығы және жаһандануы жағдайында Конститу-
цияда нарықтың рөлі де, сондай-ақ мемлекеттің стратегиялық, заң шығарушылық және реттеушілік рөлі 
де бекітілді. Қоғамның экономика саласындағы бизнестің еркіндігіне кепілдік беру үшін, конституцияда  
әлеуметтік нарықтық шаруашылық үлгісі бекітілді.
Бұл барлық өндіріс үрдісінің субъектілері өкілдерінің өз құзыреті шегінде, осы үрдісті басқаруға 
меншік нысанына қарамастан қатысуын білдіреді. Оның үстіне, түрлі табиғи немесе жасанды 
монополиялардың нарықтан үстем болу талпынысын бейтараптандыру үшін нарық жұмысының әмбебап 
бәсекелес тәртібі бекітілді.  
 . Қазақ халқының дәстүрлеріне сүйене отырып, Конституция барлық табиғи байлықтар – жер үсті 
және жер асты пайдалы қазбалар халыққа, мемлекетке  мәңгі тиесілі екенін бекітеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық бостандықтары жаңа экономикалық іргетаста 
құрылады – тегін денсаулық сақтау, тегін орта білім беру, барлық этностардың, діндердің және дін 
ұстанудың теңдігі. Сонымен бірге, экстремистік, саяси және діни құрылымдардың қарқындауы байқалған 
кезде, Конституция оған салмақты кедергі жасап, азаматтардың тыныштығын және қоғамдық дамудың 
тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

70
1991 
жылдың желтоқсан айында жаңа геосаяси ақиқат пайда болды – Кеңес одағы 
күйреді. Оның кеңістігінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер өмірге келіп, Тәуелсіз Мемле-
кеттер Достастығы құрылды (ТМД).
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан едәуір табыстарға жетті және бүгінгі таңда КСРО күйрегеннен 
кейін құрылған тәуелсіз мемлекеттер арасында ерекше орынға ие.
Қазақстандықтардың экономиканың нарықтық үлгісін орнықтырудағы, демократиялық реформа-
ларды бірізді жүргізудегі жетістіктері аса маңызды.
Қазақстан – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтағы, 
Шанхай ыньымақтастық ұйымындағы ықпалдастыру үрдістерін үдетудің тұрақты бастамашысы.
Республиканы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) Төрағасы етіп 
сайлау Қазақстанның жоғары халықаралық беделін тану болып табылды.
Халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие, қоғамдық құрылыстың, жеке тұлғаның құқықтық 
мәртебесінің, мемлекеттік құрылыстың негіздерін, сондай-ақ мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі 
басқару органдарының қызметін ұйымдастыру негіздерін бекітетін қоғамның және мемлекеттің Негізгі 
заңы, яғни Конституция мемлекеттегі қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін барлық жүйенің өзегі 
ретінде сипатталатын, негізгі құқық көзі болып табылады.  
Қазіргі түсінікте Конституция қоғам мен мемлекеттің негізін бекітетін және өркениетті мемлекеттің 
демократиялық дамуының заңдылығын білдіретін күрделі тарихи, әлеуметтік және құқықтық құбылыс 
болып табылады. 
«Конституция» терминінің өзі латын тілінен шыққан, оның мағынасы - орнату, құру, ұйымдастыру. Антиктік 
дәуірде түрлі құқықтық актілер осылай аталған. Осы сөздің қазіргі мәніндегі алғашқы конституциялар 
буржуазиялық революциялардың бәрін қамтитын жеңістің қорытындысы ретінде, адамзаттың адамгершілік 
көзқарасын нығайта отырып, жеке тұлға бостандығының жоғары құндылығын және мемлекеттің озбырлығы 
мен мемлекеттік билікті шектеу қажеттілігін жете түсінген кезеңде, XVIII ғасырда пайда болды.
Андрей ТРЕБКОВ 
– 
Халықаралық заңгерлер  
одағының төрағасы

71
Нағыз халықтық конституцияны қабылдау – азаматтық қоғам кемелділігінің, оның мемлекеттік 
билік қызметінің шегін және нысандарын белгілеу және оны тиімді бақылауды жүзеге асыру 
қабілеттілігінің көрсеткіші. Өркениетті қоғамның Конституциясы халық еркін білдіретін акті болуы тиіс. 
Жалпыдемократиялық бастауларды бекітуден тұратын конституцияның мәні, олардың шеңберінде адам 
мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылатын және кепілдік берілетін мемлекеттің негіздерін 
орнықтыруда өз көрінісін табады.
1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының 
Конституциясы демократиялық мемлекеттің конституциялық даму тәжірибесін көрсете отырып, 
конституциялық заң шығармашылығының халықаралық стандартарына сәйкес келеді және оның мәні 
мен мазмұнын белгілейтін жалпыадамзаттық құндылықтарға кепілдік беруге міндеттелген.
Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына арналған халықаралық конференцияда, ел Президенті 
қадірменді 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ол өз басы, ел Президенті ретінде, қолы бос болмауына 
қарамастан, Негізгі заңның жобасымен жұмыс істегені, түрлі елдердің қаншама конституцияларын оқып, 
конспектілеп алғаны, жобаның ең даулы ережелері бойынша көптеген пікірталастарға қатысқаны туралы 
баяндады. 
Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің негізгі заңдарының жобаларын әзірлеуге қатысқандардың ұлы еңбегі 
лайықты табыспен аяқталды. Осы нәтиже баршаға мәлім. ТМД елдерінің көбінде, соның ішінде Қазақстан 
Республикасында да, қолданыстағы конституциялар әлемде демократиялық қоғамның міндеттеріне сәйкес 
келетіндер ретінде танылады, олар әлемдік конституциялық үрдістің жалпы тенденцияларын көрсетеді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің барлық конституцияларында басты орында адам 
құқықтары. Оларды сақтау және қорғау – мемлекеттің конституциялық міндеті. Онда мемлекет қоғамдық 
әлем шыңында тұрған бұрынғы құндылықтар жүйесі қабыл алынбады. Конституцияларда елмен бекітілген 
халықаралық шарттар мемлекеттің құқықтық жүйесінің бөлігі болып табылатыны, ал адам құқықтары 
мен бостандықтары адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес қолданылатыны тура-
лы ереже бекітілген. 
Қазақстанның Конституциясы елдің ұлттық келісім және азаматтық бірлік жағдайында бірізді дамуы 
үшін кең мүмкіндіктерді ашты.
Қазақстанның Негізгі заңының 4-бабында оның ең жоғары заңды күші бар екені және Республиканың 
бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатыны, яғни мемлекеттегі қоғамдық қатынастарды барлық құқықтық 
реттеу жүйесінің өзегі ретінде сипатталатын құқықтың басты көзі болып табылатыны бекітілген. 
Қабылданатын нормативті құқықтық актілер Коснтитуцияға сай болуы және оған қайшы болмауы тиіс.
Осыған орай, құқықтың үстемдігі идеясын халықаралық деңгейде бекіту тұрғысынан да, тәжірибе 
алмасу және заң кәсібін дамыту тұрғысынан да, күмәнсіз, түрлі мемлекет заңгерлерінің ынтымақтастығы, 
аса маңызды болып табылады. 
Осы жылдар ішінде Халықаралық заңгерлер одағы мен Қазақстанның заңды құрылымдары ара-
сында жемісті ынтымақтастық орнықты. Халықаралық заңгерлер одағы тұрақты негізде Қазақстанның 
Конституциялық Кеңесімен, Жоғарғы сотымен, Парламентімен, Бас прокуратурасымен және басқа құқық 
қорғаушы органдармен тұрақты негізде өзара әрекеттеседі.
Бұл үрдіс жыл сайын тереңдеп келе жатыр. Бүгінгі күні Қазақстан заңгерлер одағы және Қазақстан 
криминологиялық қауымдастығы Одақтың мүшесі болып табылады. Осы құрылымдардың өзара іс-
қимылы құқықтық саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі ынтымақтастықтың форматын кеңейтуге 
мүмкіндік жасайды. 
Заңгерлер бірлігінің түп негізі, ең алдымен, қоғамдық қатынастар мен адамдар тәртібінің әмбебап-
жалпыға бірдей реттегіші ретінде ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗІ болып табылады. Құқықпен жұмыс істеген кезде 
заңгерлер әрдайым тұтас мемлекет пен қоғамға қатысты проблемаларға шығып отырады. 

72
Достастық елдерінің конституцияларын салыстырмалы талдау ТМД шеңберінде жүріп жатқан 
мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құқықтық мәртебесін реттейтін конституциялық-құқықтық 
нормаларды ықпалдастыру, бірегейлендіру және үйлестіру үрдістерін куәландырады. 
Ресей, Қазақстан және басқа ТМД елдерінің Конституцияларында қоғамдық бірлестіктердің 
конституциялық негіздерін белгілейтін баптар бар. Мысалы, әр азаматтың бірлесу бостандығына 
құқығы бекітілген (Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабының, 1-тармағы және Ре-
сей Федерациясы Конституциясының 30-бабының 1-тармағы). Қоғамдық бірлестіктер қызметінің 
бостандығына кепілдік беріледі (Ресей Федерациясы Конституциясының 30-бабының 1-тармағы). 
Қазақстан Республикасының Конституциясы (23-бап, 1-тармақ), қоғамдық бірлестіктердің қызметі 
заңмен реттеледі деп белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша (5-бап, 2-тармақ) Қоғамдық бірлестіктер ісіне 
мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге 
мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.
Ары қарай қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесін реттейтін конституциялық нормаларға 
жүгінейік.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-тармағындағы ереже ден 
қойдырады.
Онда, атап айтқанда, былай делінген:
 Қоғамдық бірлестіктер әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, 
шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
ТМД елдерінің барлық Конституциялары қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігін бекітеді. 
Сондай-ақ, олардың мақсаттары мен әрекеттерінде конституциялық құрылыстың негіздерін күштеп 
өзгертуге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық ұйымдар 
қызметіне тыйым салу көзделеді.
Конституцияға сәйкес және оны орындау үшін қоғамдық бірлестіктер туралы заңдар қабылданды. Бұл 
заңдар қоғамдық бірлестіктердің, соның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Заңгерлер 
одақтарының қызметін толық регламенттейді.
Қазіргі жағдайда азаматтарды құқықтық ақпараттандыру және құқықтық оқыту мәселелеріне 
қандай көзқарас болу қажет екені туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 
әрдайым айтып отырады. Ол «XXI ғасыр табысты қоғам – заңды сауатты білетін адамдар қоғамы» деп 
баса айтқан.
Заңды сауатты білу негізі – бұл, ең алдымен, Конституцияны білу. Сондықтан әлеуметтік жетілдірудің 
маңызды мәселесі халықтың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Мұны балабақшадан және 
мектептен бастап, колледждерде және жоғары оқу орындарында, әр жұмыс орында жалғастыру қажет. 
Бұл барлық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың, барлық меншік нысандарының 
жұмыс берушілерінің міндеті.

73
Қ
азақстанның Конституциясы КСРО күйрегеннен кейін әлемнің саяси картасындағы жаңа тәуелсіз 
мемлекеттердің пайда болуын біріншілердің бірі болып белгіледі. Өз мәнінде ол  кеңестік 
жүйенің әлеуметтік-экономикалық дәстүрлерін ол қабылданған кездегі жаңа уақыт  ақиқатымен 
үйлесімін де, сондай-ақ жаңа қалыптасқан егеменді мемлекеттің қоғамдық құрылысқа қатысты одан 
гөрі демократиялық критерийлерін де көрсетеді. Қазақстанның Негізгі заңының ең маңызды сипа-
ты – бұл қазіргі заманғы конституционализмнің негізгі жетістіктері мен қазақстандық мемлекеттілік 
ерекшеліктерінің епті үйлесімі – мәдени-этникалық та, халықтық-психологиялық та, әкімшілік-
басқарушылық та, әлеуметтік-экономикалық та тұрғысынан солай.   
Бұл рете тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Оның 
сарқылмас қуаты, айбынды саяси қайраты және даму стратегиясын анық көруі перзиденттік респбуликаға 
тән мемлекет басшысына конституциялық құқықтары мен жауапкершілігін беруді алдын ала белгілейді.
Бірақ бұл, саяси тәжірибемен расталғандай, республика азаматтарының  негізгі бостандықтарын 
ешқандай шектемейді, оларға азаматтық қоғамға тән құқықтарға кепілдік бере отырып, мемлекеттің 
қоғамның әр азаматы алдындағы жоғары әлеуметтік жауапкершілігін белгілейді. Осы орайда, әр 
азаматтың заң алдында теңдігіне және қоғамдық игілікті үлестіру жүйесіне де, сондай-ақ барлық меншік 
нысандары арасындағы плюрализмге де кепілдік беретін конституциялық нормалардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – «жаңа демократия» деп аталатын жаңа құрылымдардың 
ең үдемелі негізгі заңдарының бірі деп баса айтуға болады. 
Захари ЗАХАРиЕВ 
– 
Ресей және ТМД елдерінің 
халықтарымен достастық федерациясының 
төрағасы,профессор (Болгария Республикасы)

74
ҚАЗАҚСТАН КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ:  
ТОТАЛИТАРИЗМНЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ
К
еңес Одағының қарқынды ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, бір жағынан, 
жаһандану үрдісін жеделдетті, ал екінші жағынан, өңірлерге бөлу және жалпы құндылықтарға 
негізделген көпқырлы ықпалдастыруды құру тенденциясын күшейтті. Қоғамдық дамудың 
социалистік үлгісінен экономикалық, саяси, гуманитарлық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастыққа 
көшу ірі тарихи масштабта өріс алды. 
Әлем жаһандық деңгейде бір біріне қарсы тұрған әскери-саяси блоктары бар қарама-қарсы 
құрылымнан көпполюсті, көпөңірлік жүйеге қарай жылжыды. Бұрынғы КСРО аумағында пайда болған 
мемлекеттер тобы қазіргі әлемде өз орнын іздей бастады. 
Әлемдегі ықпалдастыру толқынының үдеуі, күткендей, түркі әлеміне де әсер етті. Нәтижесінде, ортақ 
тілі, діні, тарихы пен мәдениеті сияқты жалпы құндылықтары бар Әзірбайжан мен Қазақстан тәуелсіздікке 
ие болды, бұл мемлекеттеріміз арасында қатынастарды дамытуға талпынысты өрістетті.
Қазақстандық-әзербайжандық қатынастар тарихының, соның ішінде біртұтас мемлекет құрамындағы, 
көпғасырлық барысы, қазіргі уақытта елдеріміздің тепе-тең әріптестік қатынастарын дамытудың негізі бол-
ды. Мемлекеттің екеуі де осы кезеңде өзінің әлемдік саясат жүйесіндегі мәртебесін анықтау, жетекші әлемдік 
державалармен өзара қатынастарды құру, халықаралық- құқықтық аясына кіру проблемаларын шешуде.
Фархад АБДуллАЕВ 
– 
Әзербайжан Республикасының
Конституциялық Сотының төрағасы,
заң ғылымдарының  докторы  
II. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ЖӘНЕ БАСҚА 
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫ

75
Бүгінгі таңда Қазақстан – Еуразияның ірі мемлекеттерінің бірі, халықаралық саясаттың салмақты 
субъектісі. Ұтымды геосаяси орыны, өңірлік лидер рөлін бекітетін бастамалар, сондай-ақ, басқа 
айтарлықтай маңызды белгілері оның халықаралық саяси аренадағы мәртебесін көрсетеді. Әзербайжан 
мен Қазақстанның өзара қатынастары екі жаққа да барлық еуразиялық тұжырымдаманы одан әрі дамыту 
үшін аса маңызды болып табылады, ішкі ұлттық-мемлекеттік дамудың көптеген проблемаларын шешуде 
позитивті рөльді атқара алады. Осындай тәжірибе біздің елдерімізді және халықтарымызды өзара бай-
ытады, олардың ежелгі достығы дәстүрін жаңа жағдайда күшейтеді. Тәуелсіздікті алғаннан кейін біздің 
елдеріміз дезинтеграциялық үрдістердің зиянын барынша азайту үшін және өз қатынастарын ортақ 
мүдделер, тату көршілік және өзара сыйласу негізінде құру үшін бар күштерін шоғырландырды.
Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қазіргі саяси қатынастар 1992 
жылғы 30 тамызда орнатылған болатын. 
Елдеріміз арасындағы қатынастар бірнеше негізгі деңгейлерде құрылған. Олардың арасында 
екіжақты қатынастар басым болып табылады. Соңғы 20 жыл ішінде елдер арасында саясат, экономика, 
мәдениет, қауіпсіздік саласындағы 90-нан астам құжатқа қол қойылды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Әзербайжан үшін Карабах мәселесінде әділ, ақылға салынған 
көзқарасты ұстанатын негізгі әріптестердің бірі болды, бұны біздің халық жоғары бағалады. 1991 жылдың 
қазан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып Әзербайжан мен Армения ара-
сында татуластырушылық ынтасын көрсетті. 
Республиканың жалпыұлттық көшбасшысы әзербайжан халқының Президенті Гейдар Әлиев басқарған 
кезде Қазақстанмен қатынастар жаңа деңгейге шықты. 
1996 жылғы 16 қыркүйектегі кездесуде Гейдар Әлиев былай деді: «…Бүгін, Қазақстан мен Әзербайжан 
тәуелсіз, егеменді мемлекет болғанда, біздің қатынасымыз жаңа сапалы сипатқа ие болды және осы 
қатынастарды тереңдету және дамыту үшін біздің мүмкіндігіміз де қажеттілігіміз де бар. Әзербайжан 
осыған мүдделі. Біздің қатынастарымыздың келешегі тұрғысынан мен осы жұмыс сапарына үлкен үміт 
артам …». Жұмыс сапары шын мәнінде жемісті болып шықты. Сапар аясында Әзербайжан Республикасы 
мен Қазақстан Республикасы арасындағы Қатынастар негізі туралы шартқа қол қойылды. Құжатта тарап-
тар өзара қатынасын достас мемлекеттер ретінде құрып, саяси, экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, 
экологиялық, мәдени және басқа салалардағы өзара іс-қимылын тәуелсіздік пен егемендік, тең құқықтық, 
өзара тиімділік және бір-бірінің ішкі істеріне араласпаушылық негізінде дамытады. Шартта, сондай-ақ, та-
раптар олардың мүдделеріне қарсы бағытталған қандай да бір одақтарға немесе блоктарға қатыспайтыны, 
екінші тарапқа қарсы агрессияны іске асыру үшін өз аумағын, коммуникациялар жүйесін және басқа 
инфрақұрылымдарды үшінші мемлекеттің пайдалануына жол бермейтіні белгіленді.
2000 жылғы сәуір айындағы тағы да бір жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Әзербайжан 
Республикасының Президенті Гейдар Әлиев пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаевтың Бірлескен Декларациясына қол қойылды, онда Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Респу-
бликасы XXI ғасырда өзара іс-қимылды арттыру жолында одан әрі қадам басуға, саяси, экономикалық, мәдени, 
гуманитарлық және басқа салаларда қазақстандық-әзербайжандық қатынастарға жаңа сапалы сипат беруге 
бел байлағандығын растады. Гейдар Әлиевтің басшылығы жылдары екі мемлекет бірнеше форматтар аясында, 
соның ішінде түркі тілдес мемлекеттердің, ЭЫҰ және басқа саммиттер аясында табысты ынтымақтасты.
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев сыртқы саясаттағы қалыптастырылған 
бағытты табысты ұстануда. 2004 жылғы наурыз айындағы ресми сапар барысында мемлекет басшылары 
Ильхам Әлиев пен Нұрсұлтан Назарбаев мұнай-газ секторында жүзеге асырылып жатқан ірі ауқымды 
жобалардың, және, атап айтқанда, Қазақстанның Баку – Тбилиси – Джейхан жобасына қатысуының 
айтарлықтай маңызын атап өтті. 
2011 жылдың қазан айында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен Қазақстан 
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әзербайжан Республикасы Президентінің және 
Қазақстан Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясына» қол қойды.

76
Қол қою рәсімі барысында Ильхам Әлиев Қазақстан Әзербайжан үшін жақын, стратегиялық 
серіктес болып табылатынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев мырза өз кезегінде Әзербайжанды негізгі 
экономикалық және саяси серіктес деп атады. Ол Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі бойынша 
көршілес екенін атап өтті, ал Каспий – Қазақстанның Кавказға, Қара теңізге және Еуропаға шығу үшін 
көлік артериясы. Сонымен бірге, Президент Назарбаев Әзербайжан мен Қазақстанның түпнегізі бір 
екенін және олар түрік әлеміне жататынын,  осыны екі мемлекеттің одан әрі тығыз өзара іс-қимылында 
пайдалану қажеттілігін атап өтті.
Жемісті мемлекетаралық қатынастармен қатар құқықтық салада да ынтымақтастық дамуда. Осы 
мәнмәтінінде, ӘР Конституциялық сотының және ҚР Конституциялық Кеңесінің ынтымақтастығына 
тоқталсақ болар еді. Біздің конституциялық бақылау органдары бұрыннан жылы қатынастарды орнатып 
келеді. ӘР Конституциялық соты өз қазақстандық әріптесінің практикасын ықыласпен бақылайды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №283 Жарлығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясының (Еуропа 
Кеңесінің Венециандық Комиссиясы) мүшесі болғаны мәлім. Осы Комиссия қызметінің басты мақсаты 
конституциялық бақылау органдарының құқықтық мемлекеттің негізгі құндылықтарын жылжытудағы, 
демократиялық институттар жұмысының тиімділігін арттырудағы және заңның үстемдігі қағидатын іске 
асырудағы, негізгі құқықтар мен бостандықтарды, әсіресе, азаматтардың қоғамдық институттардың 
қызметіне қатысу құқықтарына қатысын нығайтудағы; жергілікті және өңірлік өзін-өзі басқару 
органдарының демократияны дамытуға қосатын үлесін кеңейтудегі ынтымақтастығы болып табылады.
2013 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Азиялық 
конституциялық соттар қауымдастығының және балама институттарының – адамзаттың жалпы 
құндылықтарын – демократияны, адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді жылжыту 
жөніндегі Азия елдерінің конституциялық әділет органдарының ашық өңірлік алаңшасының мүшесі бо-
лып табылады. 
Осылайша, біздің конституциялық бақылау органдарымыз екіжақты деңгейде де, сондай-ақ, 
халықаралық ұйымдар аясында да ынтымақтасады. 
1995 жылғы Конституцияны қабылдауына дейін Қазақстанда Конституциялық Сот болатын, бірақ 
жаңа Негізгі заңға сәйкес конституциялық бақылау органы ретінде Конституциялық Кеңес құрылды. 
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің оның алдындағыдан түбегейлі айырмашылығы, 
ол көбінесе сот функцияларын емес, конституциялық бақылау функцияларын жүзеге асыратынын-
да, олардың арасында басты функция Конституциялық Кеңестің Қазақстан Республикасының барлық 
аумағында құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету мақсаты. Конституциялық Кеңестің заң шығармашылық 
қызметі Конституцияны қорғау және оның «тірі құқық» ретінде жұмыс істеуі үшін, нақты конституциялық 
заңдылықты қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің басты қағидаттарының бірі және өркениетті қоғам тіршілігінің 
негізі бола тұра, заңдылық көпшілік мүдделерін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын 
қорғау және елдегі құқық тәртібін сақтау үшін қызмет етеді. Ол мемлекеттік органдардың қызметін анық, 
толық регламенттеуді де, сондай-ақ, заңдарды және басқа нормативті актілерді мүлтіксіз сақтауды да 
және орындауды да болжайды. Заңдылық мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында тек қана заңдар 
негізінде құрылатын қатынастарды орнатуды көздейді, оның үстіне оларды сақтау жөніндегі міндеттілік 
екі тарапқа да жүктеледі. Құқықтық мемлекетте заңдылық тәртібін сақтау тек субъективті құқықтар мен 
бостандықтарды іске асыратын субъектілерге ғана емес, биліктің заң шығармашылық қызметінің сапа-
сына, қолданыстағы заңнаманың анықтығына және қарама-қайшылықсыздығына да бірнеше талаптар 
қояды. Заңдылықтың жағдайы заңның үстемдігін іске асырумен тікелей байланысты, ал оның тәртібі 
адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз етумен байланысты. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, сондай-ақ, Конституциялық Кеңестің 
құқықтық ұстанымдарын талдау заңдылық ұғымында Республикадағы заңдылықтың негізгі қағидаттары 

77
ретінде түсіндіріле алатын бірнеше құрастырушыны бөліп шығару үшін негіз болады. Заңдылықтың 
негізгі конституционалдық қағидаттарына Конституцияның үстемдігі қағидатын, адам құқықтары мен 
бостандықтарының басымдығы қағидатын және билікті бөлу қағидатын жатқызуға болады.
Мемлекеттік егемендікке ие болу және әлемнің саяси картасында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мем-
лекет пен биліктің отандық үлгісін құру қажеттілігіне себепші болды. Ел түбегейлі өзгерістер дәуіріне қадам 
басты. Президент Н.А.Назарбаев қазіргі заманғы қазақ мемлекеттілігін орнықтыру үрдісінің азаматтық қоғам 
дамуының және, мемлекеттің аса маңызды элементі ретінде, мемлекеттік басқару нысанының демократиялық 
институттарын орнықтырудың қазіргі деңгейіне сайма-сай перспективасын белгіледі. Санаулы тәуелсіз даму 
жылдары ішінде Қазақстан Республикасы нағыз демократиялық мемлекет ретінде орнықты, оның азаматта-
ры өзін еркін, өркениетті қоғамның толық құқықты мүшелері ретінде сезінді.
Қазіргі қазақ мемлекетін қалыптастырудың және басқару нысанын дамытудың бірінші кезеңі 1990 
жылдың 25 қазанында Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декла-
рацияны қабылдаудан басталды. Декларация Қазақ КСР мемлекеттік билігіне үстемдік, дербестік, Ре-
спублика ішінде, сондай-ақ, Одақтық шартпен белгіленген сыртқы қатынастарда толықтық берді. 1993 
жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі егеменді тәуелсіз мемлекеттің 
алғашқы Конституциясын қабылдады, оның Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, халыққа 
қызмет етуге міндеттенген, азаматтардың кең құқықтары мен бостандықтарын жариялап, халықтың 
еркін білдіретін жаңа мемлекеттік органдарды құруда маңызы зор болды, Сонымен бірге, Қазақстан 
Республикасының 1993 жылғы үлгідегі Конституция жаңа мемлекеттегі проблемаларды көрсете алма-
ды. Бұл мемлекеттік, экономикалық өмірге, адам құқықтары мен бостандықтарына және т.б. қатысты 
мәселелер. Басқару жүйесі туралы мәселе үзілді-кесілді шешілген жоқ.
Президенттің құқықтары шектелген болатын, бұл оған реформаларды іске асыру бойынша дербес 
саясатты жүргізуге мүмкіндік бермеді, сондықтан өмір өзі Конституцияны қайта қарау мәселесін қойды. 
Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы дайындалды, және 1995 жылғы 30 тамызда 
жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі, барлық 
заңнаманы дамытудың негізі. Қазақстан Республикасының Конституциясы түрлі көпшілік билік 
органдарының норма шығармашылық жөніндегі құзыретін бекітеді, осындай норма шығармашылықтың 
мақсаттарын, конституциялық заңдармен, заңдармен, Президенттің жарлықтарымен, ҚР мемлекеттік билік 
органдарының нормативті құқықтық актілерімен реттелетін қоғамдық қатынастар салаларын белгілейді, 
оның үстіне ол құқықтың басқа салаларын дамыту үшін көптеген базалық ережелерді қамтиды.
Осылайша, азаматтық заңнама меншік нысандарының алуан түрлілігі және теңдігі туралы, 
экономикалық кеңістіктің біртұтастығы туралы, экономикалық қызметтің және кәсіпкерліктің еркіндігі 
туралы, адал бәсекелестікті қолдау туралы конституциялық қағидаттарды есепке ала отырып құрылған 
(26, 88, 89 б. және т.б.). Еңбек заңнамасы еңбек еркіндігі туралы, демалыс алу құқығы туралы, жылсайынғы 
төленетін демалыс алу құқығы туралы, еңбек дауларын шешу құқығы және т.б. туралы конституциялық 
ережелер негізінде құрылған (24 б.). Отбасылық заңнама ҚР Конституциясының 27 б. отбасын, ананы 
және баланы мемлекеттік қорғау туралы, ата-ана мен балалардың негізгі құқықтары мен міндеттері 
туралы ережелерін, ескере отырып құрылған. Кез келген нағыз демократиялық мемлекеттегі сияқты, 
ҚР Конституциясы тек конституциялық құқықтың ғана емес, қазақстандық құқық жүйесінің барлық 
салаларының негізгі көзі болып табылады. 
Осылайша, жоғары заң күшіне және тұрақтылыққа ие, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, азаматтық 
қоғам институттары, мемлекетті ұйымдастыру және көпшілік биліктің жұмысы саласындағы қоғамдық 
қатынастарды бекітетін және реттейтін Республиканың Конституциясы тәуелсіз, егеменді мемлекет 
Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңін бастаған акт болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретінде, белгілі бір 
кезеңде Конституция демократияның даму деңгейін белгілейтін, осы қоғамдағы тұлғаның құқықтары 

78
мен бостандықтарын көрсететін, меншікке және шаруашылық жүргізу нысандарына қарым-қатынасты 
бекітетін, халықтың және саяси жүйенің қоғамдық белсенділігін сипаттайтын, мемлекеттің экономикалық 
және әлеуметтік өмірдегі рөлін белгілейтін құжатқа айналды. 
Конституцияның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, 
соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен 
Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және 
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары 
заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
Негізгі заңның үстемдігі туралы нормалардың мазмұны Конституциялық Кеңестің бірнеше 
шешімдерінде ашылған. Осылайша, 2001 жылғы 7 мамырдағы № 6/2 қаулысында Республиканың бүкіл 
аумағында заңды күші бар Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық құқық субъектілерінің 
тәртібін реттейтін негізгі құқықтық құжат болып табылады деп белгіленген. Конституциялық Кеңестің 
бірнеше қаулыларында Республиканың аумағында Конституцияның үстемдігі қағидаты белгіленген, 
халықаралық шарттардың оған сәйкес болу міндеттілігі көрсетілген ( 1996ж. 28 қазанындағы № 6, 1997 
ж. 6 наурызындағы № 3, 2000 ж. 15 маусымындағы № 8/2 және 2000 ж. 11 қазанындағы № 18/2).
1995 жылғы үлгідегі Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстанда жаңа кезең басталды, оның 
аясында құқықтық жүйе адамның құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына ретінде тануға және 
оларға кепілдік беруге бет бұрды (Конституцияның 1-бабы 1-тармағы ). Конституция жаңа жеке тұлғаның 
құқықтық мәртебесі тұжырымдамасын бекітті. Конституциямен бекітілген конституциялық құқықтар 
мен бостандықтардың қазақстандық тұжырымдамасы негізінде өркениетті қоғам оған көп жылдар өте 
жаңа жеткен жалпыадамзаттық құндылықтар жатыр. Құқықтар мен бостандықтардың табиғи-құқықтық 
тұжырымдамасы Қазақстан Республкасының Конституцияларында барлығын қамтитын өз көрінісін 
тапты. Осы тұжырымдамаға сәйкес, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, 
олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 
үлгідегі Конституциясының 12-бабы). Адамның құқықтары мен бостандықтары азаматтығына байланыс-
сыз Қазақстан мемлекетімен танылады, оларға кепілдік беріледі және қорғалады. 
Қазақстанның конституциялық доктринасы жеке тұлға құқықтарының табиғи жаратылысы туралы 
ережені бекітті және 12-баптың 2-тармағында, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан 
жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды деп жариялады. Бұл Қазақстан 
Республикасының заңдарын шығарған кезде мемлекет жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен 
бостандықтарына, адамның және азаматтың мүдделеріне сүйенуі тиіс екенін білдіреді. Конституцияның 
осы бабы конституционализм қағидаттарын, атап айтқанда, адамның мемлекеттен басымдығын, адамның 
құқықтары мен бостандықтарын алғаш рет Қазақстан қоғамының өмірінде нақты іске асырады, 
заңдарды немесе өзге нормативті құқықтық актілердің мазмұнын және оларды қолдануды белгілейді, 
осы құқықтарды және бостандықтарды іске асыру шарттарын және тәртібін белгілейтін заңдарды және 
өзге нормативті құқықтық актілерді әзірлеген және қабылдаған кезде негізін қалаушы болып табылады. 
Тұтас алғанда, ҚР соңғы Конституциясына салынған адамның құқықтары мен бостандықтары пробле-
масына жаңа көзқарас жалпыадамзаттық құндылықтарды, соның ішінде, адам құқықтарын құрметтеуді, 
оның құқықтық қорғалуын, жеке тұлғаның автономиясын, мемлекет араласуынан, лауазымды тұлғалардың 
озбырлығынан бос саланың болуын тануға негізделген.
Жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының заңи табиғатын анықтау үшін 
олар адам мен мемлекет арасындағы қатынастар мен байланыстарға ара жүретіні аса маңызды. Қазақстан 
Республкасының Конституциясы жаңа тұжырымдаманы бекітті, оған сәйкес жеке тұлға Қазақстан Респу-
бликасымен өзара құқықтардан және міндеттерден және тұлғаның елдегі егеменді билікті жүзеге асы-
ратын Қазақстан халқына саяси-құқықтық тиесілігімен осы қатынастарға ара жүруден тұратын саяси-
құқықтық байланысқа тартылды (Конституцияның 3-бабының 1-тармағы). Оларда жеке тұлға өзін адам 
ретінде де, азамат ретінде де, сондай-ақ орайластырылған егемендікті қолдаушы ретінде де көрсетіледі. 

79
Бостандық, теңдік, гуманизм, жауапкершілік, кепілдік – бұл оларды Қазақстан Республикасының Кон-
ституциясында көзделген жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарында бекіту және 
сақтау, қоғамдық даму логикасын қазақстандық қоғамда адамның құндылықтарын барынша көтеруге 
бағыттайтын қағидаттар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы ережелерінің Қазақстан Республикасы 
Конституциясының кіріспесімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және 
азамат» атты 2-бөлімімен өзара байланыстылығының Қазақстанның барлық конституциялық-құқықтық 
жүйесі үшін анықтамалық маңызы бар. Осыған орай, жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен 
бостандықтарына кепілдік беру міндеті тек мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазымды тұлғаларға 
ғана емес, тұтас мемлекетке де жүктеледі. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы және онымен жүйелік байланысты 12, 40, 76-бап-
тары ережелерінің мағынасы олардың жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының конституциялық 
кепілдік механизмі болып табылатынында ғана емес, аталған конституциялық нормаларда тұтас мемлекет, 
мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар арасында тиісті заңды міндеттерді үлестіру негіздерін 
бекітетінінде жатыр.
Заңдылықтың конституциялық қағидаттарын, соның ішінде адам құқықтарын сақтау кепілдігі 
проблемасының бірнеше аспектілері бар, олардың әрқайсысы зерттеу үшін тәуелсіз тақырып бола ала-
ды. Бірақ, көтерілген тақырыпты ескере отыра, конституциялық ұйғарымдар арақатынасы және олардың 
конституциялық бақылау жүйесіндегі орыны туралы нақты мәселесіне тоқталайық. Нақ конституциялық 
бақылау арқасында жаңа демократиялардағы көкейкесті құқықтық проблемалар конституциялық аяда, 
Негізгі заңның шеңберінде және негізінде шешіледі.
Конституциялық Кеңестің адам құқықтарын іске асырудағы және қорғаудағы басымдығы 
Конституциялық Кеңестің нормативті қаулыларында, соның ішінде «Конституцияны ресми түсіндіру» 
қаулысында анық байқалады. Осыған орай, Конституциялық Кеңестің кейбір қаулыларына толық 
тоқталғым келеді. Конституциялық Кеңестің «Адам және азамат» бөлімін ресми түсіндіру жөніндегі 
қолда бар актілері оларды түсіндірілетін ережелерге байланысты жіктеуге мүмкіндік береді.
1. Адам құқықтары саласындағы іргелі конституциялық нормаларды ресми түсіндіру туралы 
қаулылар.
Осындай нормаларды түсіндірудің басты міндеті құқық шығармашылық және құқықты қолдану 
үрдісінде оларды сақтау мндеттілігін көрсету болып табылады. Мысалы, «Қазақстан Конституциясының 
4.б. 1.т. және 12 б. 2 т. ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1996 
ж. 28 қазандағы № 6 қаулысы «құқықтар мен бостандықтарды абсолютті деп тану олардың Қазақстан 
Республикасында тұратын кез келген адамға, оның Республика азаматтығына қарамастан тарайтынын 
білдіреді. Адамның құқықтары мен бостандықтарының ажыратылмастығы Конституцияда және оның 
негізінде қабылданған заңдарда көзделген жағдайлардан басқа, ешкім,соның ішінде мемлекет те, адам-
ды белгіленген құқықтары мен бостандықтарынан айыра алмайтынын білдіреді» деп жарияланған. 
Адам құқықтары қағидаттары арасында азаматтық туралы нормалар ерекше белгіленеді, сондықтан 
осы конституциялық норма топтарын түсіндіру туралы нормативті қаулылар арасында Конституциялық 
Кеңестің Қазақстан Республикасы азаматтығының конституциялық негіздерін түсіндіретін қаулыларын 
ерекше атап өту қажет. Негізіне алынатын түсіндірмелер «Қазақстан Конституциясының 10 және 12-бап-
тарын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 1 
желтоқсандағы №12 қаулысында берілген, онда Қазақстан Республикасы азаматтығы қағидаттарының 
мәні толық түсіндірілген: бірлік, азаматтықтың конституциялық-құқықтық заңдылығы, сондай-ақ 
азаматтық институтының қазақстандық мемлекеттілік үшін ерекше маңызы белгіленген. «Азаматтық ин-
ституты Республика егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі 
болып табылады, өйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана «мемлекеттік 
биліктің бірден-бір бастауы» болып табылады және «билікті тікелей республикалық референдум және 

80
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға 
береді» (Конституцияның 3-бабының 1 және 2-тармақтары). Конституция «Қазақстан Республикасының 
азаматы», «әрбір», «бәрі», «шетелдіктер» және «азаматтығы жоқ адамдар» деген ұғымдарды пайдала-
на отырып, адамның құқықтық мәртебесін саралайды. Бұл орайда, Конституцияның мәтінінде «әрбірі» 
және «бәрі» туралы айтылған кезде, Республика азаматы да, Республика азаматтығына ие емес адамдар 
да назарда ұсталынады; «Қазақстан Республикасының азаматтары» дегенде - Қазақстан мемлекетімен 
азаматтық байланысы бар адамдар ғана назарда ұсталады деп түсінген жөн. Сол арқылы Конституция бұл 
субъектілер үшін олар пайдалана алатын құқықтар мен бостандықтардың әр түрлі көлемін, және оларға 
жүктелетін міндеттердің әр түрлі көлемін белгілейді» 
2. Конституциялық Кеңестің бір немесе басқа конституциялық құқықтың мазмұнын түсіндіретін 
қаулылары.
Осы топқа сот арқылы қорғалуына құқықты, жеке салымдар және жинаған қаражат құпиялылығын 
сақтау құқығын, бірлесу еркіндігіне, қоғамдық бірлестіктер қызметіне құқықты, жұмыссыздықтан 
әлеуметтік қорғауға құқықты, ауырған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықты ресми 
түсіндіруді жатқызуға болады. Мысалы, «Қазақстан Конституциясы 13-бабының 2-тармағын, 14-бабының 
1-тармағын, 76-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық 
Кеңесінің 1999 ж. 29 наурыздағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 б. 2 
т. «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» деген нормасы 
кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қалпына 
келтіруге сотқа жүгіну құқығын білдіреді. Сот арқылы қорғалуына құқық та адамның және азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілі болып табылады, сондықтан, Конституцияның 
39 б.3 т. сәйкес, ол ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс. 13 б. 3 т. білікті заң көмегін алу құқығына 
кепілдік береді. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР заңы адвокатураға 
адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет 
кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге 
асыруға жәрдемдесуді жүктейді. «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 6-бабы заң көмегін тегін көрсету 
жағдайларын көздейді: сенім білдірушілер олардың өтініші бойынша төлемнен босатылады, ал заң көмегі 
адвокатпен адвокаттық кеңсе немесе адвокаттар алқасының қаражаты есебінен көрсетіледі.
 3. Адамның конституциялық құқықтарын шектеу шектерін және негіздерін түсіндіретін 
қаулылар.
Конституциялық Кеңестің осы қаулылары ең алдымен, адам құқықтарын шектеудің конституциялық 
шектерін сақтауға міндетті заң шығарушыға бағытталған. Осылайша, мысалы, 2008 ж. 27 ақпандағы №2 
қаулысында Конституциялық Кеңес «заң шығарушы заң қабылдау кезінде конституциялық құқықтар 
мен бостандықтардың мән-жайын бұрмаламай, конституциялық тұрғыдан айқындалған мақсатқа сай 
келмейтін шектеулер енгізбей, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің 
жол берілетін конституциялық шектерін негізге алуға міндетті» деп атап өткен болатын. 1996 ж. ба-
стап Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі азаматтардың мынадай конституциялық 
құқықтарының шектеулеріне ресми түсіндірме берді: өмір сүру құқығы, жеке бостандық құқығы, 
жеке салымдар мен жинаған қаражат құпиясының құқығы, жеке меншік құқығы және т.б. Қазақстан 
Республикасының Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 20 тамыздағы «Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 18-бабы 2-тармағын ресми түсіндіру және «Заңсыз жолмен алынған кірістерді 
заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан 
Республикасы Заңының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз 
жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы 
іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №5 Қазақстан Республи-
касы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы» нормативті 
қаулысы да үлгілі болып табылады. Онда жеке салымдар құпиялылығы құқығын шектеудің ерекшелігі 

81
түсіндіріледі, оған рұқсат етіледі, бірақ ол заң шығарушының дәргейі болып табылады және заң 
шығарушы басқа мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жеке салымдар мен жинаған қаражат 
құпиялылығы құқығын шектеу шегін заң күшіндегі нормативті құқықтық актілермен реттеуге өкілеттік 
беруге құқылы емес»
Конституциялық Кеңестің кез келген қаулысының құқықтық ұстанымының іс бойынша қорытындылардың 
мәні мен көзі ретінде ерекше маңызы бар. Қандай да бір құқықтық ұстаным бір шешімнің ішінде болуы 
мүмкін, бірақ ол басқа ұқсас істерге қатысты да қолданылады, осылайша, бірте-бірте ресми құқықтық док-
трина сипатына ие болады. Құқықтық ұстанымдар, конституциялық бақылау органы қызметінің қажетті 
элементі бола тұра, заңды ұғымдардың, нормалардың және қағидаттардың түсіндірмесі болып табылады 
және осы ретінде конституциялық-құқықтық ақиқат саласына тікелей әсер етеді.
Конституциялық Кеңеспен қалыптастырылған құқықтық ұстанымдар пайда болған конституциялық-
құқықтық белгісіздікті жояды және, сонымен барлық құқық субъектілері тәртібінің бір ғана ықтимал 
нұсқасын белгілейді де қандай да бір шамада заң шығарушы қызметінің шегін белгілейді. Сонымен 
бірге, заңдардың және заң шығарушы биліктің өзге актілерінің конституцияға сәйкестігін бақылауды 
заң шығарушының функцияларына қол сұғушылық деп қарастыруға болмайды, ал атқарушы биліктің 
актілерін бақылау басқарушы салаға араласпайды. 
Позитивті құқық едәуір кертартпа, сондықтан жаңа институттардың, санаттардың, ұғымдардың пайда 
болуы көбінесе қарама-қайшы қатынасқа соқтығады. Құқықтық ұстанымдарға қатысты сондай-ақ, белгілі 
бір, мысалы, оларды құқық көздерінің бірі ретінде бағалауға байланысты проблемалар анықталды. Негізгі 
Заң мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінісін құқықтық мемлекетті 
қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің негізіне алынған қағидаттарының бірі ретінде бекітті. 
Бірақ биліктердің өзара іс-қимылынсыз, үйлесімді теңгерімді қамтамасыз ететін тиісті құқықтық 
кепілдіктер, тежемелер және тепе-теңдік жүйесін құрусыз, қағидатты іске асыру мүмкін емес.
Бір жағынан, билік тармақтарының өзара іс-қимылының және өзара әсерінің бір түрі, заң шығарушы 
Конституциялық Кеңестің құзыретін, оның мүшелерін сайлау тәртібін олардың өкілеттіктері мерзімін 
белгілеу арқылы, оған әсер етуі мүмкін. Екінші жағынан, заңнамалық актілерге түсіндірме бере отырып, 
сот оларды, онсыз заңның мәтіні толық болып есептеле алмайтын, жаңа мәнмен толтырады, сонымен, шын 
мәнінде, заң шығарушы тармағының негізгі функциясымен - заң шығармашылығымен айналысады.
Заңдылықтың билік бөлінісі – конституциялық қағидат туралы айтқанда, осы қағидат бұзылған кез-
де құқық өзінің шын мақсаты мен мәнін жоғалтады. Қағидатты іске асырудан ауытқулар неғұрлым көп 
болса, құқық нормаларының құлдырау ықтималдығы соғұрлым жоғары, онда заңды билік құқықтық мәні 
жойылған шешімдерін қабылдауға және қолдануға тырысумен ауыстырылады. Құқықтық мемлекетте бір 
де бір билік тармағы өзін шектелмеген деп сезінбеуі тиіс, өйткені шектелмеген болғанда, ол құқықтар мен 
бостандықтарды бұзады. Сондықтан, билік бөлінісі заңдылықтың конституциялық қағидаттар санына кіреді.
Аталған қағидат Қазақстан Республикасының Конституциясында да бекітілген. 3-бабына сәйкес,  
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы 
және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-
қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. 
Әсіресе өтпелі қоғамда Конституциялық Кеңес мемлекеттік билікті озбырлықпен басып алуды 
жібермеуге, тек қана құқықпен шектелген билік болуы мүмкін жағдайды сақтауға міндетті. Конституциялық 
Кеңес мемлекеттік биліктің өзін құқықтың қағидаттары пайдасына шектеуді қамтамасыз ететін негізгі 
мемлекеттік билік органы болып табылады деп белгілеуге болады. Ешнәрсе, ешқандай билікті бөлу ту-
ралы қасаң қағидалар, ешқандай сот билігінің классикалық схемалары конституциялық сот төрелігінің 
мәнін объектіивті, жан-жақты зерттеуге қысым жасамауға тиіс. Конституциялық Кеңес саяси шешімдер 
құқығына бағындыру функциясын атқаратындықтан, ол осы қоғамның серпінді дамуына кедергі 
жасайтындардың «бір сарынды жойылуын» қамтамасыз ете отырып, қоғамның терең құндылықтары мен 
мүдделерін қорғауда тұр.

82
Мемлекет органдары жүйесінде Конституциялық Кеңеске ерекше рөл берілген. Бұл Конституциялық 
Кеңес арнайы құзыретке ие болғанымен және ол оның функциясы –Конституцияның және конституциялық 
заңдылықтың үстемдігін қамтамасыз ету болатын жалғыз орган болып табылатынымен себептеледі. 
Оның конституциялық мәртебесі заң щығармашылық үрдісінде Парламентпен қабылданатын заңдардың 
сапасына және қабылданатын заңдардың Конституцияға сәйкестігіне айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік 
береді. Конституциялық бақылау органы негізінде француз үлгісі алынғанын атап өту қажет. 
Конституциялық Кеңес, мемлекеттік орган бола отырып, мемлекеттік биліктің бір де бір тармағына 
ықпалдастырылмаған. Өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде Конституциялық Кеңес дербес және 
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан тәуелсіз және өз қызметінде тек қана 
Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа алады. 
Сонымен бірге Конституциялық Кеңеске заң шығармашылық үрдісінде құрылымдық рөлі беріледі. 
Конституциялық Кеңес заң шығарушы үрдісінің барлық сатыларында мынадай түсіндірмелер берген: 
заңнамалық бастаманы іске асыру, заң жобасын Парламент палаталарынан өткізу, заң жобасын шұғыл деп жа-
риялау, келісу рәсімдерді қолдану, түзетулерді енгізу тәртібі, олардың көлемі, заңдарды жариялау мәселелері.
Республикада құқықтық мемлекетті құру және конституциялық заңдылықты нығайту заңнаманың 
серпінді дамуымен байланысты. Бұл мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік өмірдің негізгі салала-
рын реттейтін заңдарды қабылдауды талап еттеді. 
Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан 
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын 
орындау үшін, Қазақстан Республикасы Парламентімен адамның және азаматтың конституциялық 
құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық 
жүйелерін дамытуға мүмкіндік жасайтын заңдар қабылданды. Халықаралық құқықтың талаптарын ұлттық 
заңнамаға кезең-кезеңмен имплементациялауға көмектесетін бірнеше халықаралық шарттар бекітілді. 
Өз кезегінде Конституциялық Кеңес жыл сайын «Республикадағы заңдылықтың жай-күйі туралы» 
жолдауларын дайындайды. Қазақстан Республикасы конституциясының 53 б. 1 тармағымен көзделген 
бұл өкілеттік Конституциялық Кеңеспен конституциялық өндіріс практикасының жалпы қорытындысы 
бойынша жүзеге асырылады.
Қорытындысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И.Роговтың сөздерін 
келтіргіміз келеді: «Конституционализмді нығайту жөніндегі салмақты, тұрақты және мақсатты қызмет 
арқасында Қазақстан демократиялық өрлеу еліне айналды. Ал демократия жоғары заңдылықсыз мүмкін 
емес. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан осы мұратқа қарай едәуір жылжыды. Қоғамдық құрылыстың өзгеруі 
саяси, экономикалық және әлеуметтік айтарлықтай күйзелістермен, дамудың түрлі нұсқаларын іздестірумен 
және оларды сынаумен сүйемелденді. Либерализм мен адамдардың талаптары мұраттарының арақатынасын, 
реформалардың басымдықтарын дұрыс анықтауды; адам құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін және 
т.б. біз өз тәжірибемізден түсініп білдік. Ел жеткен табыстар, бейбіт және тыныш өмір, халықаралық аренада 
Қазақстанның беделі өсуі Конституциямен белгіленген құқықтық негіздерге негізделеді. Конституция арқасында 
қоғам өмірінің барлық салаларында адамның басымдығы қамтамасыз етіледі. Конституция мемлекеттің ең 
жоғарғы құндылықтары ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын белгілейді».
Мемлекеттің қуаты, бұдан басқа, азаматтардың өз конституциялық құқықтары мен бостандықтары 
қорғалуының кәміл болуына сенімділігінде тұрады. Тиімді жұмыс істейтін конституциялық бақылау 
органының болуы осы сенімділікті нығайтуға мүмкіндік береді. 
Бүгінгі таңда Қазақстанның әр азаматы Конституциялық Кеңес қызметінің нәтижесін тікелей не-
месе жанама пайдаланады. Ол осыны сезінсе де, сезінбесе де, Конституциялық Кеңес Конституциямен 
белгіленген адамгершілік стандарттарын сақтайды және қорғайды. Конституциялық Кеңестің қауыларын 
барлық құқықты қолданушылармен жалпыға бірдей орындау бөлек алғанда конституциялық құрылысты 
және тұтас алғанда құқықтық мемлекетті нығайтуға мүмкіндік береді. Онда адамның құқықтары шынын-
да ең жоғары құндылық болып табылатын, заңдарды қатаң сақтауға негізделген мемлекет.

83
Қ
азақстан Республикасы Негізгі заңының 20 жылдығын тойлау қарсаңында мен шын жүректен осы 
қуанышқа ортақтаспын. 
Қазақстан Республикасы, Қырғызстан сияқты, 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялағаны баршаға 
мәлім. Ал Қазақстан Республикасының Конституциясы мәтінінің редакциясы 1995 жылғы 30 тамызда 
жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Осы қиын кезеңдерде қазақстандықтар бір адамдай бірігіп, 
өз Тұңғыш президентіне сенім білдірді.
Конституциялық құрылыстың жаңа қазақстандық үлгісін және елдің негізгі заңының – Конституцияның 
жобасын жасау – бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы. 
Бұл Конституция барлық Қазақстан халқы игілігінің және өркендеуінің кепілі болды. Көбінесе соның 
арқасында Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге жетіп, КСРО ыдырағаннан кейін құрылған тәуелсіз мем-
лекеттер арасында алдынғы орынға ие болып отыр.
Қазақтар мен қырғыздар арасындағы қатынастар ежелден тату көршілік және достас болып келе жа-
тыр. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 
жылғы 15 қазанда орнатылған болатын. 1993 жылдың 8 маусымында Алматы қаласында Қазақстан Ре-
спубликасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара жәрдем туралы 
шартқа қол қойылды, онымен біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары 
бекітілді. 
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық 
базасын 150-ден астам екі жақты келісімдер мен шарттар құрады, соның ішінде Мәңгілік достық туралы 1997 
жылғы 8 сәуірдегі шарт және Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шарт бар.
Қазақстан мен Қырғызстан көпжақты келісімдерде де ынтымақтастықты дамытады. Бұл Тәуелсіз 
мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ), 
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Орта Азиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет