Қазақстандық тренд тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мем лекетке: сырттай көзқарас



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата12.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1751
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

Нина ГОлиК 
– 
Ресейдің Федералды жазаны атқару  
қызметінің  Ғылыми –зерттеу институтының 
жетекші ғылыми қызметкері, 
заң ғылымдарының кандидаты,  
Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫ ӨТЕП ЖҮРГЕН 
АДАМДАР ҮШІН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ

140
тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен 
Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. 
«Ресей Федерациясының Конституциялық Соты туралы» федералды конституциялық заңның 3 б. 
1 б. сәйкес азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау Ресей Федерациясының 
Конституциялық Соты (бұдан әрі –РФ КС) РФ Конституциясының әрқайсысы сот арқылы қорғалу құқығы 
туралы 46 б. 1 т. іске асыру жөніндегі қызметінің мақсаттарының бірі болып табылады. 
Азаматтар өз конституциялық құқықтарын қорғау үшін РФ КС жүгіне алу үшін тиісті құқықтық құрал 
– конституциялық шағым институты бар. КС жүгіну құқығын Ресейдің барлық азаматтары, соның ішінде 
сотталғандар және бас бостандығынан айыру орындарындағылар да белсенді пайдаланады. Осылайша,  
1995-2013 жж. аралығында РФ КС 355 963 жүгіну түсті, соның ішінде, 69 651 (жалпы санының 20%-ға 
жуығы) анықтау және тергеу барысында құқықтарды бұзу, үкімдерге шағым беру және рақымшылық жа-
сау, үкімдерді орындаған кезде заңдылықты сақтау мәселелері және қылмыстық құқық пен іс жүргізудің 
басқа мәселелері бойынша [1]. Аталған кезеңде РФ КС осы тақырыптар бойынша бірнеше рет істерді 
қарап, РФ ҚК, РФ ҚАК, РОСР ҚІК және РФ ҚІК, сондай-ақ, қылмыстық жазаларды өтеуге байланысты 
бірнеше федералды заңдардың нормаларының конституцияға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырды.
РФ КС қылмыстық жазаларды өтеумен байланысты құқықтық ұстанымдардың маңызы зор, олардың 
арасында кесімді мерзімді өтеуден босату және оларды шешу тәртібі мәселелерін атап өтуге болады. 
А.А. Кизимов тергеу изоляторының әкімшілігіне абақтыға алынған сотталушыны шартты түрде 
мерзімнен бұрын босатуға өкілеттік бермейтін және тергеу изоляторында тұрған сотталушының өзіне 
осы мәселені қарауға сотқа жүгінуге мүмкіндік бермейтін дауға түскен нормалар РФ Конституциясының 
21 б. 1 т., 45 б. 2 т. және 50 б. 3 т. кепілдік берілген оның конституциялық құқықтарын бұзады деп РФ КС 
РФ ҚАК 77.1 және 77.2 бб. РФ ҚАК 175 б. 1 және 10 тт. және РОСР ҚІК 363 б. ережелерінің конституцияға 
сәйкестігін тексеру туралы шағыммен жүгінді.
РФ КС өзінің 2002 ж. 26 қарашадағы № 16-П Қаулысында [2] сотталғандар, соның ішінде тергеу 
изоляторы ішінде ұсталатындар, өз бетімен, әкімшіліктің ұсынуынсыз мерзімнен бұрын шартты түрде 
босату туралы өтінішпен сотқа жүгіне алатынын таныды. РФ КС осы қаулыда жеке адамның қадір-
қасиетін, адамгершілікті, әділдікті, заңдылықты құрметтеу жөніндегі конституциялық қағидаттарының 
тікелей көрінісі әр сотталғанның жазаны жеңілдету туралы өтініш беру құқығы болып табылады (РФ 
Конституциясының50 б. 3 т.). Сотталушының жазаны жеңілдету туралы өтініш беру құқығы мемлекеттің 
осы өтінішті тиісті қарау тәртібін реттеу жөніндегі міндетін болжайды. Сотталушыны мерзімінен бұрын 
шартты түрде босату үшін негізі болуын анықтау және оны қолдану туралы шешім қабылдау – соттың 
дәргейі болғандықтан, РФ КС жазаны өтеп жүрген сотталушыға тиісті өтінішпен нақ сотқа жүгіну құқығы 
қамтамасыз етілуі тиіс екені туралы қорытынды шығарды. Бұл қорытынды БҰҰ Бас Ассамблеясының 
1990 ж. 45/110 қарарымен қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Абақтыға алумен байланысты емес 
шараларға қатысты стандартты ең аз қағидаларындағы ұсыныстарға жолдайды (Токия қағидалары). Осы 
Қағидалардың 9-тармағы құқық бұзушының өтініш бойынша үкім шығарылғаннан кейінгі шаралар тура-
лы, соның ішінде жазаны өтеуден босату туралы шешімді шығаратын органдарға сотты жатқызады. РФ КС 
өтініш берушімен дауға салынған нормалар сотталушының, соның ішінде, басқа іс бойынша қылмыстық 
жауаптылыққа тартылып, тергеу изоляторында ұсталынғанның сотқа кесілген жазаны мерзімнен бұрын 
шартты түрде босату арқылы жеңілдету туралы жүгінуге құқығы бар екенін, сондықтан бұл РФ Конститу-
циясына қайшы келмейтінін таныды.
2003 жылғы 8 желтоқсандағы №161-ФЗ федеральды заңмен РФ ҚАК 175 б. 1 т. редакциясы өзгертілді, 
онда оған шартты түрде мерзімнен бұрын босату қолданылуы мүмкін сотталушының, сондай-ақ оның 
адвокатының (заңды өкілінің) жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішпен 
сотқа жүгіну құқығы көзделген және жазаны өтеуден босату туралы өтінішпен сотқа жүгіне алатын 
адамдар тобы едәуір кеңейтілген. Осылайша, РФ КС 2002 ж. 26 қарашадағы № 16-П Қаулысы көптеген 

141
сотталушыларға әкімшіліктің шартты түрде мерзімнен бұрын босатудан заңсыз бас тартуына сотқа шағым 
беру арқылы өз құқығын қорғауға мүмкіндік берді [3, 29 б.]. 
РФ ҚАК 175 б. ережелерін тексеруге РФ КС 2005 жылы А.Ю. Елисеевтің шағымын қарастырған кезде 
қайта оралды. А.Ю. Елисеев үкімді орындаумен байланысты сотталушының өтінімі және жазаны атқаратын 
мекеме немесе орган ұсынысы бойынша шешілетін мәселелер тобын белгілейтін РФ ҚІК 399 б. 2 және 
5 тт. және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы ұсынымның 
мазмұнын регламенттейтін РФ ҚАК 175 б. конституцияға сәйкестігін дауға салды. Өтініш берушінің пікірі 
бойынша, жазаны өтеп жүрген сотталушыға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ау-
ыстыру туралы өтінішпен жүгіну құқығын бермейтін бұл нормалар оның РФ Конституциясының 46 б. 1 т. 
және 50 б. 3 т. кепілдік берілген құқықтарын бұзады.
РФ КС 2005 ж. 20 қазандағы №388-О [4] Ұйғарымында 2002 ж. 26 қарашадағы № 16-П Қаулының 
күші жойылған жоқ деп көрсетілген, демек, А.Ю. Елисеевпен дауға салынған нормалар ондағы құқықтық 
ұстанымға қайшы түсіндіріле және қолданыла алмайды, және РФ КС 2002 ж. 26 қарашадағы № 16-П 
шығатын РФ ҚІК 399 б. 2 және 5 тт. және РФ ҚАК 175 б. конституциялық-құқықтық тұрғыдан түсіндірілген 
ережелері жазаны өтеп жүрген сотталушыға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ау-
ыстыру туралы өтінішпен сотқа жүгінуге кедергі жасамайды және соттың осындай өтінішті мәні бойынша 
заңмен белгіленген тәртіпте қарау міндетін болжайды. 
«Ресей Федерациясының Конституциялық Соты туралы» ФКЗ 6 б. сәйкес осы ұйғарымда анықталған 
аталған ережелердің конституциялық-құқықтық мағынасы жалпыға бірдей міндетті болып табылаты-
нына және құқықты қолдану практикасында оларды кез келген басқаша түсіндіруді болдырмайтынына 
қарамастан, заң шығарушымен аталған нормаларға тиісті өзгерістер ұзақ уақыт енгізілмеген болатын, ал 
заң әдебиетінде сотталғанды жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен аустыруға тек түзету 
мекеменің әкімшілігі ғана ұсына алады деген пікір айтылып жүрді. [5, 30 б.]. 
Тек қана 2012 жылғы 1 ақпандағы № 208-ФЗ Федералды заң, сотталушының (оның адвокатының, 
заңды өкілінің ) жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішпен сотқа 
жүгіну құқығын көздеп, РФ ҚАК 175 б. шегін кеңейтті. 
РФ КС 2002 ж. 26 қарашадағы № 16-П Қаулысында білдірілген құқықтық ұстаным, жалпы мағынаға ие 
бола тұра, сотталушының жағдайын сот үкімі бойынша тағайындалған түзеу мекемесінің түрін ауыс тыру 
сияқты жеңілдету нысанын қолданумен байланысты мәселелерді шешкен кезде пайда болатын құқықтық 
қатынастарға да толық таралады. Бұл заңда көзделген негіздер болған жағдайда және шарттарда 
сотталушыға түзеу мекемесінің түрін ауыстыру туралы өтінішпен тікелей сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз 
ету және сотқа осындай өтінішті мәні бойынша заңмен белгіленген тәртіпте қарау қажеттілігін күні бұрын 
белгілейді. 2004 жылғы 18 қарашадағы №363-О Ұйғарымында [6] РФ КС РФ ҚІК 399 б. 2 және 5 тт. олардың 
күшін сақтаған РФ КС 2002 ж. 26 қарашадағы № 16-П Қаулысынан шығатын конституциялық-құқықтық 
түсіндірілуінде сотталушыға сот үкімі бойынша тағайындалған түзеу мекемесінің түрін ауыстыруға өтінішпен 
сотқа жүгінуге кедергі жасамайды және соттың осы өтінішті мәні бойынша қарау міндетін болжайды.
2004 жылғы 4 қарашадағы №342-О Ұйғарымында [7] КС 2002 ж. 26 қарашадағы Қаулысы күшін 
сақтағанын және өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген шартты түрде сотталушыға қатысты шартты түрде соттаудың 
күшін жою және сотталғандықты алып тастаумен байланысты мәселелерді шешкен кезде пайда болатын 
құқықтық қатынастарға толық таралады және осындай сотталушыға заңда белгіленген негіздер болған 
жағдайда шартты түрде соттаудың күшін жою және сотталғандықты алып тастау туралы өтінішпен сотқа 
жүгіну құқығын қамтамасыз ету қажеттілігін күні бұрын белгілейтінін растады. С.А. Сидоровпен дауға 
салынған РФ ҚК 74 б. 1 т. және РФ ҚІК 399 б. 1 т. ережелері шартты түрде сотталушыға шартты түрде 
соттаудың күшін жою және сотталғандықты алып тастау туралы өтінішпен сотқа жүгінуге кедергі жа-
самайды және шартты түрде сотталушының тәртібін бақылауды жүзеге асыратын органның осы мәселе 
бойынша ұсынымы болуына қарамастан, соттың осы өтінішті мәні бойынша қарау міндетін болжайы. 

142
РФ КС 2002 ж. 26 қарашадағы Қаулысында жазылған құқықтық ұстаным РФ ҚАК 177 б. бірінші 
бөлігінде редакциясын өзгерткен кезде заң шығарушымен есепке алынды, онда түзеу мекемесінде жа-
заны өтеп жүрген және оған жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыру ұсынылуы мүмкін сотталушы, оның ад-
вокаты, заңды өкілі РФ ҚК 82 б. 1 т. сәйкес, жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішпен сотқа 
жүгінуге құқылы (2010 жылғы 21 ақпандағы №16-ФЗ федералды заң).
Осы заңмен РФ ҚК 82 б. өзгерістер енгізілді және жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы 
үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоспағанда, жүктi 
әйелдердiң және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерден басқа, 14 жасқа дейінгі балаларды жалғыз 
өзі тәрбиелейтін еркектердің де жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру құқығы берілді. Сот бұл жағдайда жаза-
ны нақты өтеу мерзімін бала он төрт жасқа толғанға дейін кейін қалдыра алады 
Бәлкім, заң шығарушы РФ Конституциясының ережесіне сүйенген шығар, оған сәйкес неке мен отбасы, 
ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады, мемлекеттік жәрдемақы және басқа әлеуметтік 
қорғау кепілдіктері белгіленеді (7 б. 2 б.); ана мен бала, отбасы мемлекеттің қорғауында, балаларды күту, 
оларды тәрбиелеу – ата-ананың тең құқықтары мен міндеттері (38 б. 1 және 2 тт.). Балалардың ерекше 
күтімге және көмекке құқығы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында жарияланған және 
мемлекеттің барлық өмір салаларында балалардың мүдделері мен игілігінің басымдығы қағидатымен 
қатар Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген  (1989 жылғы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы-
мен мақұлданған). Конвенцияда балаларына қамқорлық жасау - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті 
болатынын және олар баланы тәрбиелеу үшін жауапты екенін және Конвенцияға қатысушы елдер онда 
салынған бала құқықтарын іске асыру үшін ата-аналарға және заңды қамқоршыларға олардың бала-
ны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындауға және олардың дамуы үшін тиісті материалдық жағдай 
жасауға, соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйелері арқылы тиісті 
көмек көрсететінін белгіледі (18, 26 және 27 б.). Бұдан басқа, КС-тың баланы тәрбиелеуде ана мен әке 
құқықтарының теңдігі туралы тұжырымдамасын заң шығарушы есепке алады деп есептейміз [8].
Осы қорытындылар ұлттық заңнама үшін, соның ішінде, қылмыстық және, жазаны өтеу мерзімін кейінге 
қалдыруды реттейтін қылмыстық атқару заңнамалары үшін міндетті болып табылады. Заң шығарушы он төрт 
жасқа дейінгі баласы бар әйелдер мен еркектердің жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыру құқығын бекітті, 
бірақ сонда әйел мен еркекті тең емес жағдайға қойды, ер адам мен әйелдің басқа шарттары бірдей болған 
жағдайда, ол тек баланы жалғыз өзі тәрбиелеген жағдайда ғана жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыру 
құқығына ие болады. Он төрт жасқа дейінгі балалары бар адамдарға жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыру, ең 
алдымен, ата-аналар оларды күтуге және тәрбиелеуге міндетті балалар мүдделеріне сүйене отырып беріледі. 
Сондықтан РФ ҚК 82 б. 1 т. редакциясын, «және жалғыз өзі тәрбелейтін» деген сөздерді алып тастап, өзгерту 
қажет. Осыған орай, РФ ҚК 145 б. үш жасқа дейінгі баласы бар еркекті жұмысқа алудан дәлелсіз бас тартқаны 
немесе жұмыстан шығарғаны үшін жауаптылықты белгілеп, өзгерістер енгізген қисынды болар еді. 
Сонымен бірге, РФ Конституциясының 50 б. 3 т. және жоғарыда аталған шешімдерге сәйкес 
сотталушының жағдайдың өзгеруіне байланысты босату туралы өтінішпен сотқа жүгіну мүмкіндігін 
қарастыру қажет [9, 66 б.]. 
РФ КС 2006 ж. 11 шілдедегі №406-О Ұйғарымында РФ ҚҚ 79 б. өз конституциялық-құқықтық 
мағынасында, оларға кесілген өлім жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдарға 
қатысты мерзімнен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға кедергі жасамайтынын таныды [10]. 
2007 ж. Т.С.-М. Идаловтың шағымы бойынша РФ ҚАК 175 б. 1 т. тағы да РФ КС қаралды, осы бапқа 
сәйкес сотталушының мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішінде ол қылмысымен келтiрген 
залалын өтеу жөнiнде шаралар қолданғаны, зиян орнын ішінара немесе толық толтырғаны себебінен, 
ары қарай түзеу үшін толық өтеудi қажет етпейтiні, жасаған қылмысқа шын өкінгені туралы және 
сотталушының түзелгені туралы басқа мәліметтер болуы тиіс. Өтініш берушінің пікірі бойынша, аталған 
норма мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы мәселе қойлғанына байланысты, өзін ол жасамаған 

143
қылмысты жасағанға кінәлі деп тануға мәжбүр етеді, өйткені керісінше жағдайда жазаны өтеу мерзімінде 
үлгілі мінез-құлқына қарамастан оған мерзімнен бұрын шартты түрде босатудан бас тартылады. 
РФ КС, дауға салынған норманың конституциялық-құқықтық мәнін анықтап, өтініш берушінің пікіріне 
қарамастан, РФ ҚАК 175 б. 1 т. сотталушының өтінішінде қандай да бір, соның ішінде шын өкінгені тура-
лы мәліметтердің болмағаны осы өтінішті қарауға немесе жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде 
босатуды қолдануға кедергі жасамайтынын көрсетті. 
РФ КС құқықтық мемлекетте танылған заңдылық қағидатына сәйкес қылмыстық әрекет, сондай-ақ 
оның жазаланатындығы және басқа қылмыстық-құқықтық салдарлары қылмыстық заңмен, бұл жағдайда 
РФ ҚҚ 79 б. 1-5 т., белгіленеді деген қорытындыға келді, оған сәйкес сотпен жаза мерзімін өтеп жүрген 
адамды түзеу үшін сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн деп танығаны және заңда 
көрсетілген жаза бөлігін өтегені мерзімнен бұрын шартты түрде босату үшін жеткілікті дәлел болып та-
былады [11]. 
РФ КС 2002 ж. 26 қарашадағы №16-П және 2005 жылғы 20 қазандағы №388-О Ұйғарымда 
тұжырымдалған құқықтық ұстанымға сәйкес, түзеу мекемесі бастығының қаулысы бойынша (РФ ҚАК 119 
б. 1 т.) оған бекітілген жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін жазалау шараларын, соның ішінде, жазаны өтеу 
тәртібін қасақана бұзушылар болып табылатын бас бостандығынан айыруға кесілген ер адамдарды бір 
жылға дейінгі мерзімге камера типті бірыңғай жайларға (КТБЖ) ауыстыруды қолдануына байланысты 
жазаны өтеу жағдайлары өзгерген жағдайда да сотталушыны өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну 
мүмкіндігінен айыруға болмайды. 
Сонда құқыққа қарсы мінез-құлықтың қасақана сипаты РФ ҚАК 116 б. сәйкес белгіленеді, ал кесілетін 
жаза, 117 б. 1 т. көрсетілгендей, бұзушылықтың ауырлығына және сипатына сәйкес болуы тиіс, бұзушылық 
жасалған жағдайларды, сотталушының жеке басын және оның бұдан бұрынғы мінез-құлқын ескере оты-
рып, яғни, сот жазаның көлемін, түрін және өтеу тәртібін таңдаған кезде басшылыққа алатын критерий-
лерге сәйкес қолданылуы тиіс. КТБЖ ауыстыруды регламенттейтін ережелер олардың өзара байланы-
сында тиісті нақты жағдайлармен расталған заңмен көзделген негіздерді көрсетусіз түзеу колониясының 
әкімшілігімен жөнсіз шешімді қабылдауын, әсіресе, түзеу колониясы бастығының шешімі бойынша сот 
үкімі бойынша жазаны өтеу үшін тағайындалған түзеу мекеменің түрін өзгертуді тұспалдамайды, демек, 
қолданылатын жазаның дәлелділігін сот арқылы тексеру жүргізілуі мүмкін.   
А.А. Астафьевтың шағымы жөніндегі 2007 жылғы 1 қарашадағы №948-О-О Ұйғарымында РФ КС 
қылмыстық-іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасымен сотталушыларға ұсынылған олардың 
құқықтарына және заңды мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша тек жазаны атқаратын мекемелердің 
және органдардың жоғары тұрған басқару органдарына ғана емес, тікелей сотқа да жүгіну құқығы 
олардың бұзылған құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылатынын (РФ ҚАК 12 б. 4 т. , 15 б. 1 және 
6 т.) және тәртіптік жазаға тартылған сотталушыларға, соның ішінде оларға РФ ҚАК 115 б. 1 т. «д» 
негізінде түзеу мекемелерінің лауазымды тұлғаларының шешімі бойынша КТБЖ ауыстыру түрінде жаза 
қолданылған сотталушыларға, қандай да бір шектеулерді болжамайтынын көрсетті. Сонымен бірге, РФ 
КС көрсеткендей, федералды заң шығарушы – жазаларды атқару практикасында сотқа қолжетімдік 
конституциялық құқығын толық іске асыру мақсатында – сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеу 
жағдайларының өзгеруін алдын ала да, сондай-ақ кейінгі сот арқылы бақылау тәртібінде жүзеге асыры-
латын қорғау рәсімін нақтылауға құқылы. Бірақ осы уақытқа дейін заң шығарушы КС аталған шешімдерін 
орындаған жоқ және сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеу жағдайларының өзгеруін сот арқылы 
қорғау мен бақылау рәсімін қарастырған жоқ [12]. 
Осыған орай, РФ ҚАК 119 б. 1 т. мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтыру ұсынылады: «оған 
сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеу жағдайларының өзгеруіне әкеп соққан жаза қолданылған 
сотталушы, оған жаза қолданған түзеу мекемелерінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне сот 
тәртібінде шағым беруге құқылы».

144
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының Шешімдері және статистикалық деректер 
1995 жылдан бері келтірілген, «Ресей Федерациясының Конституциялық Соты туралы» 1994 жылғы 21 
шілдедегі №1 - ФКЗ жаңа Федералды конституциялық заң қабылданғаннан кейін,  және 2014 жылғы 1 
қаңтардағы жағдай бойынша. 
2. А.А. Кизимовтың шағымы бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық-атқару кодексінің 77.1, 
77.2 бб., 175 б. бірінші және оныншы бөлімінің және РСОР Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 363 б. 
ережелерінің конституцияға сәйкестілігін тексеру туралы РФ КС 2002 жылғы 26 қарашадағы №16-П 
Қаулысы // СЗ. – 2002. - №49. 
3. Колоколов Н.А, Давыдова И.А., Павлухин А.Д. Сот арқылы бақылау және қылмыстық жазаны 
атқару сатылары // Қылмыстық –атқару құқығы: құқық, экономика, басқару. – 2009. - №2. 
4. Азамат Елисеев Алексей Юрьевичтың РФ ҚАК 399 бабының бірінші бөлімінің 2 және 5 
тармақтарымен және РФ ҚАК 175 бабымен оның конституциялық құқықтары бұзылғаны туралы 
шағымы бойынша РФ КС 2005 жылғы 20 қазандағы №388-О Ұйғарымы // РФ КС хабаршысы. – 2006. – № 2.
5. Колоколов Н.А., Давыдова И.А., Павлухин А.Н., Эришвили Н.Д. Сот арқылы бақылау және қылмыстық 
жазаны атқару сатылары // Қылмыстық –атқару құқығы: құқық, экономика, басқару. – 2009. - №2. 
6. Азамат Гладков Владимир Михайловичтың РФ ҚАК 175 бабымен және РФ ҚІК 399 бабының 2 және 
5 тармақтарымен оның конституциялық құқықтары бұзылғаны туралы шағымы бойынша РФ КС 2004 
жылғы 18 қаңтардағы № 363-О Ұйғарымы// РФ КС хабаршысы – 2005. - №2.
7.  Азамат Сидоров Степан Анатольевичтың РФ ҚК 74 бабымен және РФ ҚІК 399 бабының бірінші 
бөлігімен оның конституциялық құқықтары бұзылғаны туралы шағымы бойынша РФ КС 2004 жылғы 4 
қарашадағы №342 – О Ұйғарымы // РФ КС хабаршысы. – 2005. - №2.
8. Самара облысы Тольятти қ. Автозавод аудандық сотының сұрау салуы бойынша «Міндетті 
әлеуметтік сақтандыруға жататын азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша, 
жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақымен қамтамасыз ету туралы» ФЗ 5 бабының 1 
бөлігінің конституцияға сәйкестігін тексеру туралы іс жөніндегі РФ КС 2009 ж. 6 ақпандағы №3-П 
Қаулысы// Российская газета. – 2009. – 25 ақпан.
9. Скобелин С. Жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтемеген 
бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру. // Қылмыстық құқық – 2009. - №6.
10. Азамат Груздев Алексей Александровичтың РФ ҚҚ 79 бабымен және РФ ҚІК 399 б. 3 т. оның 
конституциялық құқықтары бұзылғаны туралы шағымы бойынша РФ КС 2006 ж. 11 шілдедегі № 406-О 
Ұйғарымы // СЗ РФ. - 2007. - №2 - Ст.403.
11. Азамат Идалов Тимур Саид-Магомедовичтың РФ ҚАК 175 бабының бірінші бөлімімен оның 
конституциялық құқықтары бұзылғаны туралы шағымы бойынша РФ КС 2007 ж. 20 ақпандағы №173-
О-П Ұйғарымы// СЗ РФ. – 2007. –№22. 
12. Астафьев Александр Александровичтың РФ ҚАК 115 бабының 1 бөлімінің «д» тармағымен, РФ 
ҚАК 117 және 119 баптарымен оның конституциялық құқықтары бұзылғаны туралы шағымды қарауға 
қабылдаудан бас тарту туралы РФ КС 2007 ж. 1 қарашадағы №948 –О-О Ұйғарымы// РФ КС хабаршысы 
– 2008. - №2.

145
Н
егізді экономикалық-саяси шешімдерді меншікті жеке адамдардың қолында орталықсыздандыру, 
және орталықсыздандырудан шығатын алмасу қатынастарына рұқсат беру қажеттілігі пайдасы-
на қабылдаған, басқаша айтқанда, нарықтық экономикалық қатынастарды ресмилендіру және 
заңдастыру пайдасына шешім қабылдаған барлық мемлекетпен белгіленген қоғам түрлері, олар соны-
мен бірге бәрін тегіс қамтитын азаматтық құқықты құру пайдасына шешім қабылдағанын белгілеуі тиіс. 
Қоғамдық ақиқатта туындайтын проблемалар құқықтық құралдармен реттелуі тиіс. 
Меншіктің екі жақтың келісімі бойынша өтуі, яғни шарт бойынша өтуі сияқты, меншікті ұстау, қорғау, 
иелену, сақтау және мұра етіп алу мүмкіндіктері де реттелуі тиіс. Азаматтық құқық олардың ішінде 
нарықтық экономикалық қатынастарды іске асыру үшін шарттар, келісімдер қауіпсіз жасалатын сенімді 
шеңберлерді құрып, олардың әрекет етуін және, қажет болған жағдайда, оларды мәжбүрлеп орындатуын 
қамтамасыз етуге тиіс. Бұл коммерциялық та, сондай-ақ коммерциялық емес те қатынастарға қатысты. 
Олар кәсіпкерлердің немесе тұтынушылардың, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік құндылықтармен 
алмасуымен сипатталады. Сонда «алмасу» дегені заңды ұғым емес, өйткені нарықтық экономикада 
көбінесе алмасу жасалмайды, тауарды ақша үшін береді. Осылайша, нарықтық экономикадағы шарттың 
түптұлғасы сатып алу –сату шарты болып табылады. 
Азаматтық кодекстер жалға алу, көлік, лизинг, сақтандыру, банктік мәмілелер, қызмет көрсету немесе 
тауарларды жасау сияқты шарттардың басқа түрлерін де қамтитыны және реттейтіні осы сөзге қайшы 
емес. Қандай да бір мүлік затын ақшаға өндірудің немесе берудің негізгі констелляциясы ешнәрсені 
өзгертпейді.  
Рольф КНиПЕР 
– 
Германияның техникалық ынтымақтастық
қоғамының (GTZ) «Өтпелі экономика
елдеріндегі құқықтық реформа» жобасының
жетекшісі, Албаниядағы, Армениядағы,
Әзербайжандағы, Грузиядағы, Тәжікістандағы,
Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Монголиядағы,
Ресейдегі, Өзбекістандағы, Молдавиядағы, Қытайдағы,
Украинадағы азаматтық және экономикалық заңнама
мәселелері бойынша кеңесші, өтпелі экономика
елдерінде жеке құқық саласындағы заңнаманы
жетілдіруге бағытталған жобаның үйлестірушісі,
«Сыни әділет» және «Әлеуметтік және заң ғылымдары»
мамандандырылған журналдардың бірлесіп
шығарушысы, заң ғылымдарының  докторы,
профессор (Германия Федеративтік Республикасы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ 
КОДЕКСІНЕ ЕСКЕРТУЛЕР

146
Ерекшеліктер мүліктің игілік ретіндегі сипаттамаларынан немесе қызметтердің («жұмыстардың») 
ерекшелігінен пайда болуы мүмкін. Мысалы, шарттардың түрлері қандай да бір зат немесе материалдық 
емес игілік, немесе қызмет жасалуы тиіс пе екенін есепке алып, осыған сәйкес сатып алу-сату, лицензия-
лау, қызмет көрсету шарттарына бөлінеді,  соңғылар арасында қызметтік шартқа, мердігерлік шартқа, та-
сымалдау, сақтандыру немесе банктік шарттарға және т.б. бөлінеді. Ары қарай олар, егер мүлік біржола 
берілетін болса, бұл сатып алу- сату шарты екенін, уақытша берілсе, онда бұл жалға алу шарты екенін 
есепке алады.  Бірақ нарықтық экономикаға тән ақша түрінде қарсы орындау барлық осы шарттар үшін 
константа болып табылады. 
Бұдан әрі, азаматтық құқық ықтимал негізсіз баюдың және заңсыз басып кірудің салдарларын 
теңдестіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Ақырғы соңында, нарықта әрекет ете алу үшін әрекет етушілер қандай қасиеттерге ие болуы тиіс 
екені белгіленуі тиіс. Мысалы, жеке тұлғалардың– балалар немесе ақылы кем адамдар сияқты – ерекше 
қорғауды талап ететін және олардың нарықтағы әрекет ету мүмкіндігі шектеулі болуы мүмкін белгіленген 
топтары үшін критерийлер белгіленуі тиіс. Азаматтық құқық заңды тұлғаларды құруға, әрекеттілігіне 
және жауаптылығының ықтимал шектелуіне жағдай жасауы тиіс. Ол мемлекет нарықта әрекет етуге тиіс 
пе, және қандай шарттармен әрекет ете алатынын белгілеуі тиіс.  
Осының барлығы заң шыгарушы билікпен шығарылатын заңдарда белгіленуі тиіс. Бірақ бұл ұзаққа 
созылған сот практикасынан да дамуы мүмкін, онда бұл, Ұлыбританияның Жоғарғы Соты айтқанындай, 
«whatisthelaw» (құқық деген не) белгілейтін сот билігінің прецедент-шешімдері. Қазақстан құқықты 
заң шығарушы билікпен жүйелі кодификациялаудың континенталды-еуропалық дәстүрлерін нық 
ұстануда.
 Ең алдымен, нарықтық экономика пайдасына қабылданған негізгі нарықтық-экономикалық шешімдер 
басымды позитивті құқық ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында іске асырылған, 
атап айтқанда, меншік және мұрагерлік құқығына (6 және 26 бб.), кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне және 
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына (26 б. 4 т. және 24 б.) және нақты әлеуметтік құқықтарға (1,17, 
28, 29, 30 және 31 бб.) кепілдік беру арқылы. Ары қарай, қазақстандық Азаматтық кодекс (ҚР АК) - 
Конституциямен және аталған континенталды-еуропалық дәстүрмен үйлесе отыра – жоғарыда аталған 
немесе төменде келтірілген міндеттерді адамдардың құқықтарында (ҚР АК 12 б. 1144 б. дейін), заттық 
және меншік құқықтарында (ҚР АК 115 б. 146 б. дейін және 188 б.  267 б. дейін), ерік қалауын білдіру 
құқығында және шарт жасасу құқығында (ҚР АК 147 б. 187 б. дейін және 268 б. 916 б. дейін), сондай-ақ, 
деліктті құқықта (ҚР АК 917 б.  952 б. дейін) және жөнсіз баюға қатысты құқықта (ҚР АК 953 б. 960 б. 
дейін) толық қамтыған және нақтылаған. 
Азаматтық құқық мемлекет те нарықтық қатынастарға қатыса алатыныны, және бұл жағдайда басқа 
заңды тұлғалар сияқты қарастырылуы тиіс екені туралы пікірін білдіреді  (ҚР АК 1 б. және 111 б.). Со-
нымен жеке құқықтық және жария құқықтық қатынастар және салалар арасындағы дұрыс және қажетті 
саралау енгізілген және іске асырылған. Бұл өте заманауи көзқарас азаматтық іс жүргізу құқығында 
жалғасын тапты, онда Қазақстанда мемлекеттің иммунитеті туралы жеке тарау арқылы ұлттық құқық 
үшін үлгі ретінде халықаралық құқықтың ережелері енгізілген болатын.  
Барлық осы салаларда Азаматтық кодекс кредиторлар мен борышкерлер, коммерциялық 
кәсіпорындар мен тұтынушылар, құқық бұзушылар мен зардап шеккендер арасындағы түрлі мүдделерді 
өлшеп, тәуекелдіктерді үлестірді, жауапкершілікті белгіледі және қорғау механизмдерімен жабдықтап, 
субъективті құқықтарды жасады.
Әсіресе, шарт жасасу құқығында азаматтық құқық әр шарт түрлері үшін нарық қатысушылары ара-
сында олардың қатынастырының негізі ретінде пайдаланыла алатын және, олар, өз шарт жасасу еркіндігі 
құқығын іске асыра отырып, оларды қабыл алмауға болатын үлгілерді құрды.  Заң шығармашылығы 
үлгілері сондай-ақ, шарттарды жасасу жөніндегі келіссөздер үшін белгілі бір бағыт болып табылады. 

147
Олар тәуекелдіктерді шамалас үлестіру үшін мүдделерді дұрыс бағдарлауға арналған үлгілерді қамтиды. 
Егер шарт бойынша тараптар осы келіссөздерге шамамен тең алғы шарттарды енгізетін болса, олардан 
ауытқұға болады. Егер, мысалы, шарт бойынша бір тараптың нарықтағы билігі екінші тараптан үстем 
болса, ол бұл билікті, мысалы, мәмілелерді жасау жағдайында, әдепсіз шарттарды күштеп таныту үшін 
пайдалана алмайды. Осындай жағдайларда не әдепсіз болатынын Азаматтық кодексте әзірленген шарт 
түрлерінен белгілеуге болады. ҚР АК 388 және 389-баптары осы көзқарастың негізін белгілейді, оларды 
сот практикасында одан гөрі нақтылап қалыптастыруға болады немесе – бұл одан да жақсы болушы еді 
– олар заңдағы новелламен нақтылануы мүмкін.  
Бұдан басқа, Азаматтық кодекс 961-1037-баптарында зияткерлік меншік құқығының негіздерін 
белгіледі, мұрагерлік құқығын толық дамытты  (ҚР АК 1038-1083 бб.) және халықаралық жеке меншікті 
енгізді  (ҚР АК 1085-1124 бб.). 
Көптеген батысеуропалық кодекстермен салыстырғанда, отбасылық құқық енгізілмеген. Сондай-ақ
еңбек құқығы да басқа заңдарда қаралады, бұл, бәлкім, ұжымдық шарттар тарифтік мөлшерлеме тура-
лы шарттарда соншама көп ерекшеліктерді көрсететінімен байланысты шығар, олар азаматтық кодекстің 
біртұтастығын «жарып» жіберуші еді.  
Сауда құқығында да өз проблематикасы бар. Германия мен Францияда жеке кодекстер бар, бұл жер-
де, ол шынында тікелей әрекет ететін құқық болмаса да, америкалық Uniform Commercial Code атап өтуге 
болар еді. Қазіргі голландиялық, итальяндық және квэбектік сияқты азаматтық кодекстер, арнайы сау-
да кодексінен бас тартып, осындай кодестермен реттелетін мәнді азаматтық кодекспен ықпалдастырды.  
Қазақстан да, Укранинаны қоспағанда, кеңестен кейінгі елдердің заң шығарушыларының көбі сияқты, 
осы жолға түсті. Менің ойымша, бұл саналы жол.  Жеке сауда кодексінде қажеттілік жоқ. Украинаның 
үлгісі көрсеткендей, заң көпшілік және жеке құқықтың араласып кетуі қауіпіне тап болуы мүмкін, бұл 
құқықтың даму жүйесін бұзады және іс жүзіндегі қиындықтарға әкеп соғады. Бұдан басқа, Фран-
цияда да, Германияда да осындай бөліп шығарылуға құрылымдық себептер емес, белгілі бір саяси 
және конституциялық-құқықтық констеляциялар әкеп соққанын атап өту қажет. Осылайша, ең ба-
сында Германиядағы орталық мемлекеттің жалпыға бірдей азаматтық құқық үшін заңдарды шығару 
құқығы болған жоқ және асығыстан сауда құқығы қабылданды. Uniform Commercial Code осыған ұқсас 
алғышарттар сүйемелдеді. 
 Белгілі бір салалар (нақт. «материялар»), бір жағынан, олардың күрделілігіне, сондай-ақ серпініне, 
және, екінші жағынан жария құқық пен жеке құқық элементтерінің қажетті араласуына байланысты, 
жеке заңдарда одан жақсы реттелуі мүмкін емес пе деген сұрақ туындайды.  Сол кезде мен, бір жағынан, 
мысалы, патенттік ведомствоның ұйымдастыруға қатысты жария – құқықтық ережелерді міндетті түрде 
қамтитын патенттік құқық туралы, және, екінші жағынан,  экономикалық қатынастардың күрделенуіне 
байланысты қауырт өзгерістерге ұшырайтын фирмалардың (қоғамдардың) құқықтары туралы ойлаймын. 
Бұл саяси-құқықтық ойлану. Олар қашанда болса, арнайы заңдар жасалған кезде, барлық жалпы матери-
ал азаматтық кодекстен алып тасталуы тиіс екенін есепке алуы тиіс. Оған сәйкес азаматтық кодекс кейбір 
жалпы ережелерді қамтитын, ал басқа жағдайда материя жекелеген заңда реттелетін кодификациялау 
техникасы екі есе көбейуге, немесе, одан жаманы, қайшылықтарға әкеп соғады. 
Қазақстандық Азаматтық кодекстің жалпы бөлімі 20 жыл бұрын күшіне енді, ал Ерекше бөлімі - 15 
жыл бұрын. Бұл кеңестік экономикалық жүйенің күйрегенінен кейін және жаңа нарықтық экономикалық 
қатынастар басталғандағы жедел іске асырылған үлкен қадам болды.  Кодекс, оны әзірлеуге екі әйгілі 
ғалым, атап айтқанда, профессор Басин мен профессор Сүлейменов қатысқан, ТМД елдерінің Үлгілі 
Азаматтық кодекспен рұхтанған болатын. Осындай уақыт кезеңі өткеннен кейін сыни көзбен қарап, 
мәнін түсіну және, Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан нарықтық экономикалық қатынастарды 
ескере отыра, шоғырландыру қажет екені анық. Осы қатынастарға тұрақты және шамалас шеңберлерді 
құру қажет. 

148
Осындай одан әрі дамыту мен шоғырландыруға қатысты ойлар барысында, менің пікірімше, мысалы, 
кейде, ҚР АК 152 б. талап ететін, шарттардың жазбаша нысандарына қойылатын шамадан тыс талаптарды 
алып тастаған жөн болар еді. Сондай-ақ, «жария шарт» деп аталатын құқықтық фигурасына (ҚР АК-
нің 387-бабы) қазіргі азаматтық кодексте орын болмауы тиіс деп ойлаймын, өйткені ол коммерциялық 
кәсіпорындардың шарт жасасу еркіндігін асыра шектейді. Келісім-шарт жасасу міндеттілігі тек қуатты 
нарықтық кәсіпорындар және монополия-кәсіпорындар үшін әрекет етуі тиіс. Бұдан әрі, мен бүгінгі күнге 
дейін өзекті рим құқықтық қағидатын бұрынғыдан гөрі дәйекті іске асыруды ұсынамын, бұл қағидатқа 
сәйкес жерге меншік құқығы барлық өз констеляциясында онымен байланысты ғимараттарды қамтиды. 
Сондай-ақ, өзгеден басқа, жылжымалы заттарды адал иеленуін жеңілдету үшін, заттық құқыққа иеленуге 
қатысты арнайы тарауды енгізу дұрыс болар еді. Жылжымайтын мүлік үшін тізілімнің мазмұны өзіне ие-
лену рөлін алуы тиіс, ал сенім тізілім мазмұнының дұрыстығымен қорғалуы тиіс.  
Бұл новеллаларға арналған үлгілер мен ұсыныстар, оларды жүйелі шолу кезінде кеңейтуге болар еді. 
Олар Азаматтық кодекстің жоғары сапасына күмән туғызбайды және оның толық жаңа редакциясы үшін 
жаңа ұсыныстарды да, белгілі бір материялар бойынша арнайы заңдар арқылы осы заңның маңызын ішінен 
жоюды да имплицияламайды. Керісінше: Азаматтық кодекс – бұл үлкен еңбек, ол мүмкіндігінше тұрақты 
сақталуы тиіс және оны түсіндіру арқылы күтіп ұстау қажет. тек осылайша ғана құқықтық сенімділікті 
құруға болады. Құқықтық сенімділік – Қазақстандағы нарықтық экономикалық қатынастардың бұдан 
арғы серпіні үшін негізгі критерийлердің бірі. 

149
1. Қоғамды құрудың демократиялық қағидаттарына сәйкес Болгария Республикасы мен Қазақстан 
Республикасының Конституциялары азаматтардың негізгі еңбек құқығы ретінде еңбек ету бостандығын 
жариялайды [1].  Осындай бола тұра, ол заңмен жойылмайды немесе шектелмейді және іргелі болып 
табылады, бұл еңбек құқығының негізгі– еңбек ету бостандығы және мәжбүрлі еңбекке тыйым салу 
қағидатын білдіреді. Еңбек ету және жұмысты еркін таңдау  құқығын жариялаған 1948 жылғы Адам 
құқықтары декларациясының 23 б. сәйкес,  Болгария Республикасының Еңбек кодексі (1б. 3т.) және 
Қазақстан  Республикасының Еңбек кодексі  (4 б. 2 т. және 6 б.)  осы қағидатты заңнаманың қызметкерлер 
және қызметшілер мен олардың жұмыс берушілері арасындағы қатынастарды құқықтық реттеудің жо-
лын және бейнесін белгілейтін бұйрығы ретінде анық белгілейді. Осы іргелі қағидат құқықтық еңбек 
қатынастары дамуының барлық сатыларында бар (ол туындаған кезде, өзгергенде және тоқтатылғанда).   
2. Еңбек ету бостандығының конституциялық қағидаты, ең алдымен, құқықтық еңбек қатынастары 
туындаған кезде білінеді. Ішкі заңнама бірнеше әмбебап  және өңірлік актілерде (Жалпыға бірдей 
адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінде, 
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінде, Адам  құқықтарын және негізгі 
бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияда және ХЕҰ №29 және 105 Конвенцияларында) 
регламенттелген мәжбүрлі еңбекке тыйым салу жөніндегі  қолданыстағы халықаралық заңнамамен 
келісетіндіктен, Болгария Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының Еңбек 
кодексі әрқайсыға еңбек қатынастарына ерікті қатысу және еңбек қызметін өз таңдаған қызмет сала-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет