Григорий ВАсилЕВиЧ
–
Беларусь Республикасы
Конституциялық Сотының төрағасы
(1997-2008 жж.), Беларусь Республикасының
еңбек сіңірген заңгері, заң ғылымдарының
докторы, профессор
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯСЫ – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІ
ҚАЙТА ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ
132
Қазақстан Конституциясы қоғамның, адамдардың ілгері дамуына қызмет етеді, өйткені онда дамудың
ұлттық, тарихи, мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекет пен жеке тұлға мүдделерінің қолайлы
тепе-теңдігі көрсетілген. Олар – тең құқықты және тең жауапты субъектілер.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ұлттық мемлекет пен қоғамның конституциялық дамудың
түбегейлі жаңа бағытын белгіледі. Жаңа конституциялық бағыттың негізгі идеясы – демократиялық, за-
йырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру. Конституцияның бірінші және басқа бөлімдеріндегі
нормалар оны жүзеге асыруға бағытталған. Конституцияның өзі Республикадағы қолданыстағы құқық
болып табылады. Конституцияның нормалары қолданыстағы заңнаманың барлық жүйесі оның негізінде
құрылатынын, мемлекеттік органдардың құзыреті онда белгіленетінін білдіреді. Осы себеппен Консти-
туцияны кейде құқықтық жүйенің өзегі деп атайды. Ондағы ережелерді одан әрі дамыту үшін қандай
жағдайларда заңдар қабылдануы тиіс екені Конституцияның өзінде жиі көрсетіледі. Конституция
құқықтық жүйенің дамуына әсер етеді, мемлекеттік органдардың құқық шығармашылық құзыретін
белгілейді, онда құқықтық реттеу объектілері анықталады. Конституцияда нормативті актілердің түрлері
және олардың қатар бағынушылығы бекітіледі.
Конституцияның 5 б. мемлекетте идеологиялық және саяси әр алуандылық танылатыны тура-
лы ережені бекіту абсолютті дұрыс болып табылады. Осылайша, Конституцияның әріпіне және рухына
сүйене отырып, конституциялық мемлекет (демократиялық, құқықтық, әлеуметтік) «идеологиясы» даму
үлгісіне айналады. Оның өз белгілері, стандарттары бар. Осындай мемлекетке, социалистік қатынастарға
ұқсамайтын, өзіндік қоғамдық қатынастар тән. Оған басқарудың, адам, мемлекет және қоғам арасындағы
қатынастардың оңтайлы парадигмасы тән.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясында саяси және әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер бейнеленген, халық билігін жетілдіру бағдарламасы, құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі
көзделген. Бұл конституциялық құрылыстың негізін бекітуде, мемлекет пен адам арасындағы серіктестік
қатынастар тұжырымдамасында көрсетілген. Бірақ, бұрын қалыптасқан дәстүрлерге сүйене отырып,
әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың конституциялық идеялары сақталды. Президенттік
басқару нысанын бекітумен қатар, Президенттен, қос палаталы Парламенттен, Үкіметтен, соттардан,
прокуратуралардан, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарынан тұратын теңгерімделген
(ұтымды) билік жүйесі көзделген, олардың өкілеттіктері анық шектелген. Биліктің бөлінісінен басқа,
биліктің өзара іс-қимылы идеясы іске асырылған.
Конституцияда (4 б.)тек жоғары заң күші ғана емес, оның бүкіл аумақта тікелей қолданылатыны да
бекітілгені өте маңызды. Сонымен конституциялық нормалар мен басқа құқықтық актілердің нормала-
ры арасында қайшылық пайда болған жағдайда қалай әрекет ету жайындағы даулар алып тасталады:
Конституцияның нормалары соттармен және өзге мемлекеттік органдармен тікелей қолданылуы тиіс.
Кейбір Конституцияларда оның нормаларының тікелей әрекеті көрсетілмеген, осындай қорытындыны
конституциялық нормалардың жиынтығын талдау негізінде жасауға болады.
Ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыратын Конституция халықаралық шарттарға қатысты бірнеше
маңызды нормаларды қамтиды: 8 б. сәйкес Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері
мен нормаларын құрметтейді, ал 4-бапта Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика
заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап
етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады деп анық белгіленген.
Қазақстан Конституциясының нормаларының жиынтығын талдау Қазақстанның мемлекетаралық
құрылымдарға кіру ықтималдығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ең тығыз ықпалдастыру
үрдістері Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында дамуда. Қазақстанда Конституциялық Кеңес
Қазақстанның мемлекетаралық бірлестіктерге қатысу мүмкіндігін заң тұрғысынан белгілеуге өз үлесін қосты.
Мемлекетаралық бірлестікке кіру мемлекеттің егемендігін кемітпейді, ол осы мәселені өзі шешеді. Оның
үстіне, керісінше, олардың тиісті бірлестігі аясында басқа мемлекеттерге әсер ету мүмкіндіктеріне ие болады.
133
Адам мен азаматқа арналған тарауда құқықтар мен бостандықтардың – жеке, саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени кең кешені бекітілген. Конституциялық мәтінде көрсетілген олардың мазмұны Кон-
ституцияны дайындаған авторлардың жоғары құқықтық мәдениетін дәлелдейді. Осы тарауда Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, 1966 жылғы халықаралық пактілердің негізгі
ережелері қабылданған.
Беларусь Республикасындағы жалғасып келе жатқан өлім жазасына кесу туралы үкім шығару прак-
тикасын есепке ала отырып, біздің Конституцияның және Қазақстан Республикасы Конституциясының
тиісті баптарының мазмұнын салыстырып көрейік. 15 б. сәйкес Қазақстанда ешкімнің өз бетінше адам
өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар
жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде
заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтінуге хақы бар. Беларусь Кон-
ституциясында өлім жазасы оны тоқтатуына дейін ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза
ретінде заңға сәйкес және тек қана сот үкіміне сәйкес белгіленетіні көзделген. Осылайша, Қазақстанның
Конституциясында өлім жазасын қолданатын жағдайлар оң бастан шектелген болатын. Белорусь Консти-
туциясы осы жаза түрінің уақытша сипатын, оның ерекше сипатын бекітеді. Қазақстанда өлім жазасын
қолдануға мораторий енгізілген. Беларусьте, ол сақталғанына қарамастан, өлім жазасына кескен үкімдер
саны қысқартыла бастады. Беларусь Республикасының өлім жазасын қолдануды реттейтін қылмыстық
заңнамасының дамуы, оның осы жазаны қолдануды қысқарту тенденциясы болуын дәлелдейді, бұл
мемлекеттің осы жазаға деген кері көзқарасты қалыптастыру жөніндегі тиісті әрекеттердің перспекти-
васын күні бұрын белгілейді.
Осы тенденцияны сот практикасы да куәландырады. Біріншіден, өлім жазасы онжылдықтар бойы тек
ауырлататын мән-жайлар бар қастықпен әдейі өлтіру үшін ғана қолданылады. Екіншіден, егер 1999 ж.
дейін қоса алғанда өлім жазасына кесілгендер жыл сайын ондықтармен саналса (мысалы, 1995, 1996,
1997, 1998, 1999 жж. өлім жазасына тиісінше 37, 29, 46, 47, 13 адам кесілді), 2000 ж. бастап бол бірен-
саран болды (2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011 жж. тиісінше 4, 7,
4, 4, 2, 2, 9, 4, 2, 2, 2, 3 адам кесілді; бұл цифрлар сотталғандардың жалпы санының мыңнан бір бөлігін
құрады). 2012 ж. бірде бір өлім жазасына кесу үкімі болған жоқ, 2013 ж. -3, 2014 ж.– 4.
Ауырлататын мән-жайлар бойынша кісі өлтіргені үшін сотталған адамдардың жыл сайынғы орта саны
шамамен 360 адамды құрайтынын атап өтеміз. Сонда олардың көбі өлім жазасына балама түрінде өмір
бойы бас бостандығынан айыру жазасына емес, түрлі мерзімге, соның ішінде 25 жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі (Қылмыстық Кодекске 1997 жылдың соңында ғана енгізілген
өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы 1998 - 2006 жж. тиісінше 3, 29, 18, 11, 15, 12, 12, 8 және 7
сотталғандарға қолданылды). Осы ерекше жазаның екеуінің де ауырлататын мән-жайлар бойынша ерек-
ше ауыр қылмыстар жасағаны үшін жаза қолдану практикасындағы үлесі шамалы. Мысалы, соңғы 10 жыл
ішінде (2002-2011 жж.) өлім жазасына және өмір бойы бостандықтан айыруға барлығы 117 адам кесілді,
бұл олар үшін заңмен осындай ерекше жазаларды қолдану көзделген қылмыстар үшін сотталғандардың
жалпы санының 3,2% -ын құрады. 2012 ж. бірде-бір өлім жазасына кесу үкімі шығарылған жоқ. Бірақ,
өкінішке орай, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында үш адам осы ерекше жазаға кесілді.
Осылайша, республикамыздағы сот практикасының, өмір бойы бостандықтан айыру сияқты ерекше
жаза қолдануға абайлап қарайтынын, өлім жазасына мораторий жариялауға тырысатынын көрсетеді.
Бірақ Қазақстанның тәжірибесі біз үшін үлгі тұтарлық.
Қазақстанның Конституциясында адамның ажыратылмас құқықтарына арналған басқа да баптар
өте мұқият тұжырымдалған, мысалы: жеке бас бостандық құқығы, адамның қадір-қасиеті, жеке өмірге
қол сұғылмаушылық, сөз бен шығармашылық бостандығына құқығы, еркін жүру құқығы, ар-ождан
бостандығына құқығы және т.б. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру және сонымен қатар мемлекеттік
ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілінің ресми түрде қазақ тілімен тең
134
қолданылатынын бекіту Конституцияның маңызды жетістігі. Беларусь Конституциясының 17, 50 бб.
тиісінше екі мемлекеттік тілдің (белорус және орыс) мемлекеттілігі, қай ұлтқа жататынын анықтауға
және ана тілін пайдалануға, қарым-қатынас тілін таңдауға құқық бекітілген. Басқа да саяси, әлеуметтік-
экономикалық құқықтар бекітілді.
Мемлекет адамның бостандығын қорғау үшін және оның игілігі үшін әрекет етеді. Әрине, жеке
адамның құқықтары мен бостандықтарын шамадан тыс ұлғайтуға болмайды, сөз жеке адам мен ұжым
(қоғам) мүдделерінің тепе-теңдігі туралы болуы тиіс. Құқық сияқты аса маңызды құралды пайдаланатын
мемлекет осы қатынастардың реттеушісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 б. көзделген (Беларусь Конституциясының 23 б.)
адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын шектеуге рұқсат беру негіздері және шартта-
ры жалпы алғанда халықаралық практикаға сай. Олар конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық
тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау
мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. Осылайша, онымен құқықтар
шектелетін акт нысаны (әңгіме заң туралы) ғана емес, ол үшін рұқсат берілетін мақсаттар да
көзделген. Ұлтаралық татулықты бұзатын әрекеттерге жол берілмейтіні баса айтылады: 39 б. осындай
әрекеттердің конституциялық емес деп танылатыны айқын көрсетілген. Сондай-ақ, саяси себептер бой-
ынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейтіні
айтылған. Осы норманың Конституцияда жазылауы өте маңызды, бірақ оны іске асыру көп жағдайда
саяси құқықтарға, сот билігі органдарына, Конституциялық Кеңеске қатысты тиісті дауларды шешкен
кезде заң шығарушының көзқарасына байланысты.
Қазақстан Респубикасы Конституциясында президенттік басқару нысаны бекітілгенін ескере отырып,
билік жүйесі де тиісінше құрылады. Қазақстан Президентінің мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының
негізгі бағыттарын айқындауы, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік
етуі аса пәрменді мәнге ие. Біздің пікірімізше, осындай норма Президент актілерінің ұлттық құқықтық
жүйедегі ең жоғары деңгейін тұспалдайды. Конституцияның 91 б. бекітілген мемлекеттің біртұтастығын
және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайтыны туралы ереже
мемлекеттік-құқықтық жүйенің тұрақтылығының қосымша кепілі болып табылады. Осындай шектеулер
басқа елдердің конституцияларында да бар, олар әбден құқықты.
Қазақстан Республикасының Парламенті екі палатадан тұратыны, біздің пайымдауымызша,
прагматикалық көзқарас болып табылады. Қос палаталы парламент біртұтас мемлекеттерде де сая-
си қатынастардың тұрақтандырғышы рөлін атқарады, оның билік тармақтары арасындағы ықтимал
қақтығыстардың алдын алу үшін көптеген құралдары бар. Сондықтан, палатаның бірі (әдеттегідей
жоғарғы) аумақтардың мүдделерін білдіретін болса, онда шиеленістер де аз болады. Өкінішке қарай,
тәжірибе көрсеткендей, кейбір полиэтникалық мемлекеттерде, әсіресе, тіл негізіндегі проблемалар
бар жерде, қос палаталы парламенттерді шиеленіс өршімей тұрып құру мүмкіндігін пайдалана алмаған
жағдайлар да бар. Сондықтан, Қазақстанда (Беларусь Республикасындағы сияқты) қос палаталы
Парламентті құру әбден дәлелді және көреген шешім болып табылады.
Конституццияда палаталардың бөлек өкілеттіктері де, сондай-ақ бірлесіп атқарылатын да өкілеттіктері
де бекітілгені назар аударарлық. Заң шығару бастамасы құқығын іске асыру мәселесі, соның ішінде, заң
жобасы мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздеген жағдайдағы
іске асыру мәселесі оң шешімін тапқан.
Конституциялық ақиқат пен конституциялық нормалардың сәйкес келуін қамтамасыз ету аса
маңызы міндет болып табылады. Бұл жерде мемлекет пен азаматтардың бірлігі, олардың конституциялық
мемлекетті, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекеттің стандарттары сақталатын
конституциялық мемлекетті құруға талпынысы көрінеді. Осы бағыттағы қозғалыс бұдан да қарқынды
болуы мүмкін. Бірақ, бұл – мемлекет міндеттеніп, ал азаматтар тек игілігін алып отыра беретін бір жақты
135
қозғалыс жолы емес. Әрине, мемлекет тиімді, сенімді экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге
асыруға, әр адамның қабілетін іске асыру үшін құқықтық жағдай жасауға, өзі қабылдаған нормативті
актілерді орындауға міндетті. Бірақ, конституциялық-құқықтық қатынастардың басқа да субъектілері,
қол қусырып отырмай, осы жұмысқа ат салысуы қажет.
Құқықты қолданудың аса маңызды проблемасы конституциялық нормалардың тікелей қолданылуын
қамтамасыз ету. Ол үшін Конституцияда қажетті алғышарттар бар. Ең алдымен, Қазақстанның
Конституциялық Кеңесінің жоғары мәртебесін және тежемелер мен тепе-теңдіктер жүйесіндегі рөлін,
оның Конституцияның нормаларын түсіндіру функциясын белсенді іске асыратынын атап өту қажет.
Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің қаулылары өзінің тиянақты құқықтық дәлелдемелерімен
(құқықтық даналығымен) ерекшеленеді. Мамандандырылған конституциялық бақылау органдарының
актілерін олардың өзінен басқа ешкім өзгерте немесе тоқтата алмайтын болғандықтан кейде олар туралы
«дана» деген сөздерді естуге тура келеді. Бұл формалды көзқарас қайсыбір шешімге сенімді дәлел іздеп
қиналғысы келмеуден туындайды. Мамандандырылған конституциялық бақылау органдарының шешімдері
дана болғанда ғана бір жолғы болатынын өз тәжірибемізден білеміз. Қазақстан Конституциясының норма-
ларын түсіндіруге қатысты Конституциялық Кеңестің терең мағыналы қаулыларын зерттеу, конституциялық
құқық саласы мамандарының айтуынша, ол соның арқасында тірі, әрекетті болып табылады. Бұны
Конституциялық Кеңеспен ресми түсіндірілген конституциялық нормалардың кең ауқымы дәлелдейді.
Қазақстан Конституциясының қолданыста болуының екі онжылдығында ондағы қағидаттар мен
нормалардың Қазақстанның ағымдағы қолданыстағы заңнамасында да, сондай-ақ құқықты қолдану прак-
тикасында да «тамырлануын» байқауға болады. Конституциялық нормалар мен қағидаттар құқықтық пара-
дигманы құрады, өйткені олар мемлекет пен қоғамның заңнамалық даму тұжырымдамасын көрсетеді және
қалыптастырады. Бәрінен биігінде Конституция тұрған қоғамдық қатынастардың, яғни, олардың ішінде
құқықтық нормалармен реттелгендердің, қонституциялығы нақты жағдай мен тиісті (Конституциямен
ұйғарылған) жағдайдың дәл келуін білдіреді. Салалық заңнама мен құқықты қолдану практикасын консти-
туционалдауды, яғни, конституциялық нормалар мен қағидаттарды Конституцияның әріпі мен рухына сай
келетін салалық реттеудің практикалық жағдайына «ауыстыруды» болжайды.
Мемлекеттің тұрақтылығына қоғамның бөлінуі, негізгі мәселелерді шешуде (меншік, саяси плюра-
лизм, саяси көзқарастарға қарамастан құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету) халықтың бірлігі
болмауы айрықша қауіп төндіреді. Әрине азаматтардың бірлігі Конституциядан тыс та қалыптасады,
бірақ Конституция оны нығайтады.
Конституция өз тұрақтылығының нормаларын бекітіп қана қоймайды, ол қазақстандық мемлекеттің
тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл егемендіктің аса маңызды кепілі болып табылады.
Тұрақты дамудың түрлі кепілдіктерін саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, заңдық атап өтуге бола-
ды.
Халықаралық құқықтың жалпыға бірдей нормалары мен қағидаттарының әсерін ескере отырып,
қазіргі мемлекеттердің конституциялық құқығы саяси қызметтің (саясаттың) құқықтық регламенттеу
шеңберіне барған сайын кірігетін даму деңгейіне ие болғандай. Өркениетті қоғам мен мемлекеттегі билік
қатынастарының қазіргі парадигмасы, әрине, қатып қалған емес. Саясаткерлердің, саясаттанушылардың,
конституционалисттердің және құқықтану саласындағы басқа да мамандардың қызметі үшін идеяларын
іске асыру үшін кеңістік бар. Бірақ осы бағыттағы негізгі батыл қадам ХХ ғасырдың екінші жартысында
жасалды.
Конституционалдықты нығайтуда, мемлекеттің құқықтық, демократиялық және әлеуметтік
қалыптасуында алқалы өкілді органдар, соның ішінде аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары,
депутаттар, аумақтық-әкімшілік бірліктер және олардың басшылары, қоғамдық бірлестіктер маңызды
рөл атқаруы тиіс (бұл арада саяси саланы алып тастаймыз, мысалы, сыбайлас жемқорлықты жоюға
кәсіпкерлер бірлестігін де қосуға болар еді).
136
Бұрын атап өтілгендей, Қазақстан Конституциясы, өзінің мәні жөнінен мемлекеттің, қоғамның және
жеке адамның мүдделерін теңдестіруді қамтамасыз етуге бағытталған құжат болып табылады.
ТМД-ның барлық қазіргі мемлекеттеріне соңғы екі онжылдық ішінде мемлекеттік биліктің әлсіздігінен
оның айтарлықтай күшеюіне дейінгі тербеліс тән. Бұл көбінесе жақында тәуелсіздікке ие болған жас де-
мократия елдері тап болған экономикалық және басқа да проблемаларды шешу құралы ретінде қоғамды
шоғырландырудан туындайды. Ең бастысы, биліктің бұл әрекетерінің осы жағдайларда сөзбасындағы
кіріспе нормалардан бастап, нақты сипаттағы нормаларға дейін Конституцияның құндылық парадиг-
масына сай болуы. Конституцияның сөзбасыныңдағы кіріспенің іргелі мағынасына назар аударайық.
Кейбіреулер Конституцияның кіріспесінде нормативті ережелер жоқ дейді. Онымен мүлдем келісуге
болмайды. Конституцияның кіріспесі нақты тұжырымдалған, онда конституциялық мәтіннің негізгі
бөлімінде дамытылатын мемлекеттің және қоғамның негізгі идеялары көрсетілген. Осыған орай, 1-бап-
та бекітілген Республика қызметінің негізгі қағидаттарын ерекше атап өтеміз (қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм;
мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу). Конституцияда аталған
қағидаттарды осылайша тікелей бекіту мемлекеттік биліктің норма шығармашылығын, құқықты қолданды,
олардың азаматтармен қатынасын реттейді.
Конституция – бұл мемлекет пен қоғамның жасы және басқа параметрлері туралы деректерді
қамтитын «төлқұжат». Қазақстанның Конституциясы алдыңғы тәжірибеге сүйенген нормаларды
жинақтап, қалыптасқан қоғамдық-құқықтық қатынастар деңгейін бекітті және Қазақстан халқының
одан әрі ілгері дамуына, өркендеуіне мүмкіндік береді.
137
Қ
азіргі заңнамалық жүйе алуан санды заңдар мен басқа да нормативтік актілер жиынтығынан тұрады.
Осы нормативті материалдың көлемі әрдайым үйлесімді ансамбль бола бермейді, бұл салааралық
өзара іс-қимылды қиындатады, құқықты қолданушылардың тиімді жұмысына кедергі жасайды, аза-
маттарды және тұтас қоғамды бағыттан адастырады.
Қылмыспен күрес саласы да бұдан тыс қалмайды. Осыған орай, қылмыспен күрес тиімділігін арттыру
үшін бірыңғай мақсат белгіленген, қатар бағынатын міндеттер тұжырымдалған, алға қойылған міндеттерді
шешу әдістері мен тәсілдері бір-біріне қайшы келмейтін үйлесімді заңнама жүйесін құру қажет.
Осындай жүйенің негізінде Конституция сияқты жоғары заң күші бар құжат тұруы тиіс. Өкінішке
қарай, бүгінгі күні Конституция мемлекеттің Негізгі Заңы болып табылатыны туралы нұсқама жоқ. Бұл
техникалық нұсқама емес, бұл мемлекет аумағында Конституцияға қайшы келетін қандай да бір басқа
нормативті заңдардың (соның ішінде, халықаралық-құқықтық актілердің құрамындағылар да) болуына
рұқсат бермейтін түбегейлі ереже. Біраз уақыттан кейін біздің мемлекеттеріміз – Ресей мен Қазақстан
өз конституцияларына осы нұқсаманы қайтаратынына сенімдімін.
Қазақстан Республикасының Конституциясы толық мәнінде осындай негіз болып табыла-
ды. «Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей
қолданылады» (Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 б. 2 т.). Ал осы баптың бірінші тармағында
барлық заңдар Конституцияға сәйкес болуы тиіс деген тікелей нұсқама берілген.Бұл өте маңызды
нұсқама, өйткені ол қылмыспен күрес саласында қандай да бір заңдарды әзірлеген және қабылдаған
кезде келіспеушілікті болдырмауға мүмкіндік береді.
Конституцияға жоғары заң күші берілгендіктен, барлық қалған заңдар оған жай ғана сәйкес келіп қана
қоймай, Конституцияның нормаларын негізге алуы тиіс. Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінде тікелей көрсетілген: «Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық
құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi. Конституцияның ең жоғары
заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Осы кодекстің және
Юрий ГОлиК
–
Ресей мемлекеттік сауда-экономикалық
университетінің Экономикадағы және
сауда-саттықтағы ұйымдасқан қылмысты
зерттеу орталығының директоры, Тәуелсіз
стратегиялық зерттеулер институтының
Арнайы құқықтық бағдарламалар орталығының
директоры, «Мафияға қарсы» қордың
вице-президенті, заң ғылымдарының докторы,
профессор
КОНСТИТУЦИЯ – ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСТІҢ
ЗАҢНАМАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ НЕГІЗІ
138
Қазақстан Республикасы конституциясының арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның
ережелері әрекет етеді. Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасының арасында қайшылықтар
болған жағдайда, Конституцияның ережелері әрекет етеді. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Ко-
дексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi
қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де
қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi» (ҚР ҚК 2б. 2 т.). Бұл декларация және тікелей
ұйғарым. Оның ҚК-нің мәтінінде қалай іске асырылғаны да маңызды.
ҚК 2 б. 1т.: «Осы Кодекстiң мiндеттерi: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi,
қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау,
бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады»
деп жарияланған. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Адам және азамат» деген II бөлімі
бар, онда қылмыстық заң нормалары нені қорғауға тиіс екені туралы толық және жан-жақты жазылған.
Қылмыстық Кодекске қатысты, оның Ерекше бөлімі «Жеке адамға қарсы қылмыс» атты 1 бөлімінен баста-
лады (99 – 131 б.б.). Бұл мемлекеттің жеке адамды қорғауға ерекше мән беретінін көрсетеді.
«Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар» деген 2 бөліміндегі қылмыстарды да
осыған жатқызуға болады (132 – 145 б. б.). Конституцияның 27 б. 1 т. «Неке мен отбасы, ана мен әке
және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп арнайы белгілегенін есте сақтау қажет. Әкелік ерекше
бөлінгені назар аударарлық. Бұл басқа конституцияларда өте сирек кездеседі. Және «Адамның және
азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар» деген 3 бөлімінде
(146 – 160 б.б.), сондай-ақ, басқа да баптар.
Қамту жағынан, бұл конституциялық ұйғарымдарды қылмыстық-құқықтық қорғау саласындағы ең
өңделген бөлім деп айтуға болады.
Конституцияның 6 б. мемлекеттік және жеке меншікті қорғауға арналған. Мұнда «мемлекеттік меншік
пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» деп баса айтылған.
Қылмыстық кодекске қатысты, онда осы конституциялық ережелер бірнеше тарауларда және ондаған
баптарда нақыланған және егжей-тегжей жазылған. Ең алдымен Ерекше бөлімнің «Меншікке қарсы
қылмыстар» деген 6-тарауын (187 – 204 б. б.) және «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар»
деген 8-тарауын (214 – 247 б. б.) атау қажет.
Құқықтардан басқа Конституцияда міндеттерге де нұсқау бар. Атап айтқанда, Конституцияның
38 б.: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты
қарауға міндетті» деп жарияланған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің «Экологиялық қылмыстар»
деген 13 тарауында оларды жасағаны үшін мемлекет кінәлілерді қылмыстық жазаға тарту қажетті деп
есептейтін қоршаған ортаға зиян келтіретін құқық бұзушылықтарды толық сипаттайды.
Қылмыстық–іс жүргізу заңнамасы, Конституцияға сүйене отырып, қылмыстан зардап шеккен
азаматтардың да, сондай-ақ, қылмысты жасаған адамдардың да құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау тәртібі мен нысанын регламенттейді. Бұл «Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар» деген
конституциялық талапқа толық сай келеді. (Конституцияның 13 б. 3 т.).
Конституция Республикада сот төрелігінің бірыңғай қағидаттарын және бірыңғай сот төрелігі жүйесін
орнатады. Бұл Конституцияның «Соттар және сот төрелігі» деген VII бөлімінде толық сипатталған және ҚІК
және жекелеген, мысалы, атқару өндірісімен байланысты мәселелерді регламенттейтін бірқатар заңдарда
нақтыланған.
Іс жүргізу-атқару кодексі де азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау идеясына
сүйенеді. Сотталғандар кең құқықтар жинағын пайдаланады, соның ішінде, сот төрелігіне құқығын, «Заң
мен сот алдында жұрттың бәрі тең» (Конституцияның 14 б. 1 т.).
Мәлімденген тақырыптың схемалық баяндалуы қоғамдық қатынастарды конституциялық реттеудің
тереңдігін және ауқымдығын түсінуге мүмкіндік береді. Оларды тереңдету және дамыту – салалық
заңнаманың міндеті. Алда үлкен жұмыс тұр. Осы жолмен жүруге бел байлағандарға табыс тілейміз!
139
1995
жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясы Республиканы демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат
қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті (Қазақстан Республи-
касы Конституциясының 1 б.). Ресей Федерациясы Конституциясының 2 б. да адам, оның құқықтары мен
бостандықтары жоғары құндылық болып табылатыны көзделген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (13 б. 2 т.) әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының
сот арқылы қорғалуына құқығы бар деп жариялады.
Ресей Федерациясының Конституциясы әр адамға өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы
қорғалуына кепілдік береді (46 б. 1 т.). Сот арқылы қорғалу азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың конституциялық кепілдерінің бірі болып табылады.
Конституциялық сот төрелігі Ресей Федерациясында да, Қазақстан Республикасында да бар. Ре-
сейде ол Ресей Федерациясының Конституциялық сотымен, Қазақстанда - Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесімен іске асырылады. Осы екі органның екеуі де конституциялық сот төрелігін іске
асырғанынана қарамастан, олардың құзыреттерінде белгілі бір айырмашылықтар бар. Біз заңдардың
Конституцияға сәйкестігін тексеруге тоқталамыз. Ресей Федерациясының Конституциясы 125 б. 4 т.
заңдардың Конституцияға сәйкестігін, соның ішінде, азаматтардың шағымдары бойынша, тексеруді
көздейді. Ал Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарда осындай құқық жоқ және
78 б. сәйкес, егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституци-
ямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп
Достарыңызбен бөлісу: |