ульяна ФилАТОВА
–
Ресей сот төрелігі мемлекеттік университетінің
Шығыс Сібір филиалының доценті, заң
ғылымдарының кандидаты
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
КЕПІЛДІКТЕРІ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ – ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ:
ОРТАҚ ҮЛЕСТІ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ҮЛГІСІНДЕ
КЕЙБІР ШЕКТЕУЛЕРДІ ТАЛДАУ
190
Негізгі заңда салалық заңнамада ары қарай дамитын іргелі негіздер қамтылады. Қазақстан
Республикасының АК 218 б. 6 т. осы баптың 3-5-тармақтарында баяндалған ережелер бойынша ортақ
мүлiктi бөлу iсiн жүргiзудiң не одан үлестi бөлiп шығарудың тиiмсiздiгi айқын болған жағдайда сот
мүлiктi жария саудаға салып сатып, кейiн одан түскен соманы ортақ меншiкке қатысушылар арасында
олардың үлестерiне сәйкес бөлiп беру туралы шешiм шығаруға құқылы екенін бекітіп, меншік құқығының
шектеулерін көздейді.
Осы норманың бар болуы Қазақстан Республикасының азаматтық құқық тәртібін Германияның
азаматтық жинағы, Швейцарияның азаматтық кодексі, Австрияның азаматтық жинағы сияқты қазіргі
еуропалық алдыңғы қатардағы азаматтық кодификациялау әзірлемелеріне бағытталған ретінде сипат-
тайды. Бірақ, АК 218 б. 6 т. қолдану көптеген сұрақтарды тудырады, соның ішінде осы баптың Қазақстан
Республикасы Конституциясына қайшы келмейтіндігі жайында [1].
Аталған проблеманы егжей-тегжей қарастыру үшін ортақ үлестік меншік қатынастары табиғатына,
шетелдік тәжірибеге және Қазақстан Республикасы заңдарын жүйелі түсіндірмелерге жүгіну қажет.
Роман-германдық құқықтық отбасының бірнеше мемлекеттеріне ортақ үлесті меншік құқығында
тиесілі мүлікті сауда-саттықта сату таныс. Германияның азаматтық жинағының § 749 1 абзацына сәйкес
(бұдан әрі мәтін бойынша – ГАЖ) [2] кез келген қатысушы және кез келген уақытта үлесті меншік
қатынастарын тоқтата алады. «Кез келген уақытта» - бұл маңызды себептер мен енгізулерді күтпеуге бола-
ды, сондай-ақ қолайсыз жағдайларға тәуелсіз дегенді білдіреді. §§ 752-753 ГГУ тоқтату тәртібін реттейді.
Ортақтықты тоқтату заттай бөлу жолымен жүргізіледі, онда ортақ зат немесе, олар ортақ болғанда,
бірнеше зат, құнын азайтусыз қатысушылардың үлесіне сәйкес келетін бөліктерге бөлінуі мүмкін. Неміс
құқығында заттың физикалық қасиеттерімен алдын ала белгіленген физикалық бөлінбестігі, сондай-ақ
экономикалық бөлінбестігі, яғни бөлу нәтижесінде мүлік құнының азаюы танылады. Заттың құнының
азаюы бөлінбеген зат құнынан бөлу нәтижесінде алынған үлестер құнының сомасын алып тастау жо-
лымен анықталады. Егер тұтас заттың құны оның бөлінген бөліктері жинағының құнынан асса, демек,
бөлу заттың құнын азайтуға әкеп соғады, және бөлу оны сату арқылы жүргізілетін болады. [3, 567 б.].
Егер зат заттай бөлуге жататын болса, онда заттың тең үлестерін қатысушылар арасында үлестіру же-
ребе арқылы жүргізіледі. Егер заттай бөлу болмаса, ортақтықты тоқтату ортақ затты кепілге берілген
мүлікті сату қағидалары бойынша сату арқылы, жер учаскелері үшін – сауда-саттықта мәжбүрлеп сату
және алынған қаражатты үлестіру арқылы жүргізіледі. Егер меншік иелері арасындағы шарт бойынша
үшінші адамға иеліктен шығаруға рұқсат етілмесе, зат сауда-саттықта ортақ қатысушылардың біреуіне
сатылуы тиіс.
Швейцарияның Азаматтық кодексі (бұдан әрі мәтін бойынша - ШАК) [4] 650 б. әр меншік иесінің
үлесті меншікті тоқтату құқығын таниды. Осы құқық заңмен (мысалы, ғимараттың бөлігіне үлесті меншік
құқығында),тараптардың келісімі бойынша немесе затты пайдалану мақсатының ұзақтығы себебімен
шектелуі мүмкін. Келісім тоқтату құқығын ең көбі 50 жылға алып тастауы мүмкін. Жер учаскесіне қатысты
осы келісім жер кітабына тіркеуге жатады, бұл оның құқықтық мирасқорға қатысты әрекетін қамтамасыз
етеді. Тоқтатуды қолайсыз жағдайда, яғни меншік иесі затты пайдалануға мүдделі болған кезеңде (мыса-
лы, егін жинаған кезде ауылшаруашылық жинау техникасын) сұратуға болмайды.
ШАК 651 б. ортақтықты тоқтатудың мынадай нұсқаларын көздейді: затты заттай бөлу; зат-
ты әдеттегідей тәртіпте немесе аукционда табысты үлестерге пропорционалды бөлу арқылы сату;
затты бір немесе бірнеше ортақтасқа беру. Егер тараптар бөлу әдісі жайында келісімге келмесе,
оны судья таңдайды. Ең алдымен затты заттай бөлу мүмкіндігі талқыланады, егер бұл оның құнын
мәнді азайтатын болса, зат сатылады. Егер тараптар тең емес заттай бөлуге келіссе, ақшалай өтемакы
тағайындалуы мүмкін.
Австрияның азаматтық жинағы осыған ұқсас тәртіпті көздейді (бұдан әрі мәтін бойынша– ААЖ) [5],
оның § 830 «тоқтату уақытсыз болып табылған немесе қалғандарды шығынға әкелетін» жағдайларды
191
қоспағанда, әр меншік иесі үлесті ортақтықты тоқтатуды талап етуге құқылы екенін көздейді. §841 екі
бөлініс түрін көздейді: заттай және азаматтық.
Заттай бөлу бірауыздан қабылданған шешім бойынша § 841 бойынша жүргізіледі, бірауыздылыққа
жетпеген жағдайда азаматтық бөлу қолданылады. § 843 сәйкес, егер ортақ зат мүлдем бөлінбесе немесе
оны құнын мәнді азайтусыз бөлу мүмкін болмаса, онда кез келген меншік иесі сот арқылы сатуды және
алынған қаражатты қатысушылар арасында үлестіруді талап етуге құқылы. Демек, азаматтық бөлу, шын
мәнінде, ортақ затты алынған табысты үлестерге шамалас үлестірумен ашық саудада сатуды білдіреді.
Франция Азаматтық кодексінің 815-бабы [6] ешкім ортақ меншік иесі болып қалуға мәжбүрленбеуін
көздейді, және, егер сот шешімімен немесе тараптардың келісімі бойынша оны кейінге қалдыру
белгіленбесе, оны бөлу туралы мәселе кез келген уақытта қозғалуы мүмкін.
Егер бөлуді дереу жүзеге асыру ортақ меншіктің құнын азайту қатерін тудырса немесе оның меншік
иелерінің бірі мұраның құрамына кіретін ауыл шаруашылық кәсіпорынды осы мерзім өткеннен кейін пайда-
лана алатын болса, меншік иесінің талабы бойынша сот бөлуді екі жылдан аспайтын мерзімге кейін қалдыруға
құқылы. Кейін қалдыру жалпы мүлікке немесе оның жекелеген объектілеріне қолданылуы мүмкін.
Аталған баптың 3 т. бекітілген үлесті бөліп шығару механизмі ден қоярлық. Егер меншік иелері
меншікті ортақ түрінде сақтағысы келсе, сот, олардың бірінің немесе бірнешесінің талап-арызы бойын-
ша бар мүдделеріне байланысты сараптаманы жүргізгеннен кейін бөлуді талап еткенге үлесті, осы үлес
басқа мүліктен оңай бөлінетін болса, заттай немесе егер заттай бөлу мүмкін болмаса немесе талапкер
осындай ниетін білдірсе, ақшалай түрде беруді кесуге құқылы; егер ортақ үлес құрамында жеткілікті
сома болмаған жағдайда, онда жетпейтін бөлігі талап-арызды таныған меншік иелерімен төленеді, бұл
басқа меншік иелеріне олар осындай ниет білдірген жағдайда, осыған қатысуға кедергі болмайды.
Әрқайсысының ортақ меншіктегі үлесі олар төлеген сомаға шамалас ұлғаяды.
Егер барлық меншік иелері қатысқан және іс-әрекетке қабілетті болса, бөлу тараптар жарамды деп
есептеген тәртіппен және мәміле арқылы жүзеге асырылуы мүмкін (Франция АК-нің 819-бабы). Егер
меншік иелерінің бірі бөлуге келісім бермесе немесе бөлу тәртібі, немесе әдісі туралы дау туындаса, сот
жеңілдетілген сот өндірісі тәртібінде шешім қабылдайды немесе, қажет болған жағдайда, бөлуді жүзеге
асыру үшін судьялардың бірін тағайындайды, оның баяндамасы негізінде дауды шешеді (Франция АК-нің
823-бабы). Мұрагерлердің әрқайсысы жылжымайтын және жылжымалы мүліктегі өз үлесін заттай талап
етуге құқылы: бірақ мүлікті өндіріп алуға жүгінген кредиторлар болған жағдайда, немесе мұрагерлердің
көбі мұраны қалдырушының қарыздарын және мұраны алумен байланысты шығындарды өтеу үшін сату
қажет деп есептесе, жылжымалы мүлік жария саудада әдеттегідей тәртіппен сатылады. (Франция АК-нің
826-бабы). Егер жылжымайтын мүлік келісуге боларлық түрде бөлінбейтін болса, ол сатылуы тиіс.
Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бағалау және сатудан кейін, қажет болған жағдайда, судья-
комиссар тараптарды олар өздері таңдаған немесе, олар келісе алмаған жағдайда, судья тағайындаған
нотариусқа жолдайды. Осы лауазымды тұлғаның қатысуымен қатысушылар арасындағы міндеттемелер
бойынша есеп айырысылады, мүліктік масса қалыптастырылады, үлестер құрылады және бөлудің әр
қатысушысына тиесілі үлестер анықталады (Франция АК-нің 828-бабы).
Осылайша, шетел құқық тәртіптерінде ортақ затты меншік иелері бірінің ортақ мүлікті бөлу талабы
бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығару механизмі ұзақ мерзім бойы қолданыста бар, бірақ ол тек зат-
ты заттай бөлу мүмкін емес болғанда, немесе осындай бөлу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болса ғана
жүзеге асырылады.
Ортақ заттарды сауда-саттықта сату туралы норма бар елдерде үлес ұғымының түрлі теоретикалық
негіздері бар, өз мазмұны бойынша олар үлесті жеке меншік құқығына ұқсастырмайды.
К. Энглендер үлестің мазмұны жалпы құқыққа байланысты, бірақ үлестер синтезі салдарынан ерекше
жағдай пайда болады, ол меншік үлестерінің жинағы - жеке құқықты білдірмейтінін көрсетеді деп атап
өткен. [7, 209 б.].
192
Басқа неміс зерттеушісі К. Хильбрандт, үлесті түсіну теориясын жалғастыра отырып, үлесті меншікте
меншік құқығы тек абстрактті түрде бар, бұл құқықтар жинағы тұтас алғанда бәрін қамтитын қожалық ету
билігі болып табылады деп жазған [8, 635 б.]. К. Хильбрандт пікірі бойынша, бір меншік иеленушінің ортақ
заттағы «үлеске» құндылық тұрғысынан қатысуын білдіреді. Затқа құқықта үлес жоқ (құқық бөлігі), тек
қана бірнеше адамға толық тиесілі затқа құқық бар. Әр ортақтас иеленуші ұқсас заттық құқықтарымен
шектелген, тұтас құқық иесі ретінде қабылданады. Бұл ретте оларды шектелген заттық құқықтар ретінде
қарастыру дұрыс болар (мысалы сервитут), сонда басты айырмашылығы үлесті ортақтықта толық құқық
шектеусіз, және тек басқа меншік иелерінде де осы құқық болуымен шектелуі мүмкін.
Ортақ меншікке қарасты классикалық неміс теориясы (құқықтың көптігі теориясы) әр меншік
иеленушінің тек басқа меншік иелерінің толық құқығымен шектелген, толық құқығы бар екеніне сүйенеді.
Осы теория оның пікірі ГАЖ құрған кезде маңызды рөлін атқарған А.Тур еңбектерінде егжей-тегжей
пысықталды. Бәсекелес толық құқықтар теориясы сот практикасында көрсетіледі, ол қазіргі түсіндірмелерде
және оқулықтарда кеңінен жарияланады. Бәсекелес толық құқықтар теориясын дамыта отырып, Р. Шнорр
кезінде заттық құқықтар қатысушыларының ішкі қатынастарымен шектелген толық құқықтың көрінісін
ұсынды. Үлес – бұл заттың құқықтарды және өкілеттіктерді шектеу градусының сандық ауқымы [9, 85-
90 б.].
Осылайша, ортақ үлесті меншікте тұрған мүлікті сот шешімі бойынша сату жетекші еуропалық коди-
фикациялармен көзделген және оның мол қолдану тәжірибесі мен терең теориялық негіздемесі бар [10,
224 б.].
Меншік құқығы қол сұғылмаушылықтың конституциялық кепілі – ортақ мүлікті мәжбүрлеп сату
механизмін бұзбайды, өйткені ортақ үлесті меншік құқығы өз мазмұны бойынша жеке меншік құқығына
ұқсас емес. Жеке меншік құқығы тек үшінші адамдардың бар құқықтарымен шектелген (яғни, сыртқы
шектеулермен). Меншіктегі үлестен шығатын құқық басқа меншік иесінде осындай үлестің болуымен
шектелген. Әр меншік иесі өз затын басқа меншік иесінің құқықтық саласын бұзбайтын көлемде иеле-
нуге, пайдалануға және жұмсауға құқылы. Сондықтан, егер меншік иелерінің бірі өз меншік құқығын
тоқтатқысы келсе, және сотқа жүгінуден басқа жолдарды таба алмаған болса (бөлу туралы келісімге
келу мүмкін еместігі, затты үлестерге сәйкес шамалас бөлу мүмкін еместігі), бұл ретте бұл басқа меншік
иесінің құқығын бұзу емес, тек қана оның өз меншік құқығын іске асыруы. Құқықты жүзеге асырудың
мәжбүрлеу әдісі басқа меншік иелеріне санкцияларды қолдану немесе көпшілік мүдделерін қорғау
мақсатымен үәжделген емес, қатынастардың сипатымен себептелген. Осылайша, меншік құқығындағы
үлесінің шектеулі сипатымен алдын ала белгіленген ортақ меншік қатынастарын тоқтатуға меншік иесінің
құқық механизмі іске асырылады.
«Анық мақсатқа сай еместігі» терминін, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, заттай немесе
экономикалық бөлінбеушілік деп түсінуге болады.
ҚР АК 218 б. 3-5-тармақтарында көзделген қағидаларды орындау ҚР АК 2018 б. 6 т. орындаудың
міндетті шарты болып табылады, өйткені:
1) АК 218 б. 6 т. мәтінінде 218 б. 3-5 тт. сілтеме бар;
2) 6 т. қолдану ерекше шара болып табылады, ол тараптар мүлікті заттай бөлуге тырысып, келісімге
келе алмағанын, мүлік заттың қасиеттеріне байланысты бөлінбейтінін, немесе заң бойынша талапкердің
үлесі мәнді болмағанын сот анықтаған жағдайда ақырғы әдіс ретінде қолданылады.
ҚР АК 249 б. сәйкес меншік иесі өз мүлкін иеліктен шығарған кезде меншік құқығы тоқтатылады, бұны
ортақ затты сауда-саттықта иеліктен шығаруға да қолдануға болады. 2018 б. 6 т. жағдайында меншік
құқығының ауысуы негізі сот шешімі емес, сауда-саттық нәтижесінде жасалған сату-сатып алу шарты
болып табылады. ҚР АК-нің 218-бабының 6-тармағы – бұл мүлiктi меншiк иесiнен мәжбүрлеп иеліктен
шығару емес, меншік иелерінің бірінің ортақ үлесті меншік қатынастарын тоқтауға құқығын іске асыру
механизмі, бұл, біріншіден, үлеске қатысты меншік институтының табиғатымен алдын ала белгіленген,
193
ал екіншіден, ақырғы шара ретінде қабылданады, өйткені осы мәселе бойынша басқа меншік иелерімен
келісімге келу және оны басқа әдістермен шешу істен шыққан жоқ. Сот өзіне тән емес функцияны орын-
дайды, ол өз шешімімен затты иеліктен шығарумен келіспейтін басқа меншік иелерінің еркін ауыстыра-
ды, сондай-ақ, АК 218 б. 6 т. көзделген иеліктен шығару механизмін сақтау арқылы, келіспеген меншік
иелерінің мүдделерін сақтауды қамтамасыз етеді .
Мүлікті сауда-саттық арқылы сату туралы сот шешімі меншік иесінің ортақ меншік қатынастарын
тоқтатуға және өз затына билік етуге кепілдік береді.
АК 218 б. 6 т. көзделген норма өз мәнінде – бұл озық норма, оның маңызын айтып жеткізу қиын.
Меншік иесінің ортақ затты сатуды талап ету құқығы меншік құқығының іске асырылуына кепілдік
беретін маңызды құқықтардың бірі. Осы құқықтың жоқтығы құқықтық коллапс жағдайына, ортақ үлесті
меншік қатынастарын тоқтату механизмінің реттелмейтіндігіне әкеп соғады. Зат бөлінбейтін, оны бөлу
туралы немесе бірге пайдалану туралы келісімге келу мүмкін емес, үлесті арзанға сату экономикалық
тиімсіз болған жағдайда жалғыз әдіс затты тұтас сату. Осы құқықты бекітудің кепілдік әсерінің басқа ын-
таландыру әсері де бар, өйткені ортақ затты пайдалануға мүдделі меншік иесі ымыраға ынталана барады
және басқа меншік иелерімен тезірек келіседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР:
1. Қарағанды облыстық сотының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
2018 б. 6 т. конституцияға сәйкестігін тексеру туралы (Жалпы бөлімі) 1994 ж. 27 желтоқсандағы
№ 268-XIII: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2014 жылғы 11 маусымдағы №2
нормативті қаулысы.
2. Buergerliches Gesetzbuch Bundesrepublik Deutschland vom 18. August 1896 RGBI. S. 195 Inkrafttreten
am 1. Januar 1900.
3. Rebmann K., Säcker F., Rixecker R. Münchener Kommentar zum Bürgerlichen Gesetzbuch.
4. Schweizerisches Zivilgesetzbuch vom 10. Dezember 1907 SR 210 Inkrafttreten am1. Januar 1912.
5. Allgemeines bürgerliches Gesetzbuch für die gesamten deutschen Erblaender der Österreichischen
Monarchie vom 1. Juni 1811 JGS № 946/1811 Inkrafttreten am 1. Jaenner 1812.
6. Loi n° 65-557 du 10 juillet 1965 fixant le statut de la copropriйtй des immeubles bвtis. Version consolidйe
au 22 juin 2013 [Электронный ресурс]. Выходные данные. URL: http://www.legifrance.gouv.fr/affichTexte.
do?cidTexte=JORFTEXT000000880200
7. Engländer K. Regelmäßige Rechtsgemeinschaft. Berlin, 1914.
8. Hilbrandt C. Der bei der Bruchteilsgemeinschaft – eine Untersuchung der Rechtsstruktur des Bruchteils.
9. Schnorr R. Die Gemeinschaften nach Bruchteilen (§§ 741-758 BGB). Tübingen., 2004.
10. Еуропалық құқықтық тәртіптегу ортақ үлесті меншік құқықтарының ерекшеліктері туралы
толығырақ Филатовой У.Б. монографиясында: Ресейде және шетелде ортақ меншік институтын да-
мыту тұжырымдамасы: монография. – М.: Юрлитинформ. 2013.
194
I. Кіріспе
Қазақстан көлемі бойынша – Кеңес Одағының құқықтық мирасқоры ретінде екінші орынға ие, және
бүкіл әлемде тоғызыншы орынға ие мемлекет. Тәуелсіздікті жариялағаннан кейін Қазақстан Республи-
касы барлық күшін демократияға және құқықтық мемлекеттілікті қарқынды құруға салды. Осы даму-
ды халықаралық қауымдастық зор ықыласпен, ал демократиялық құқықтық мемлекеттер – зор үмітпен
қадағалауда.
Құқықтық мемлекеттіліктің ең маңызды элементтерінің бірі қылмыстық іс жүргізуді реттеу болып табы-
лады, өйткені қылмыстық құқық арқылы мемлекет қолда бар ең қатаң мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.
Қазақстан Республикасы өзіндегі қылмыстық іс жүргізуін мұқият және ынтамен әзірледі. 1960
жылғы үлгідегі социалистік Қылмыстық іс жүргізу кодексіне аса маңызды өзгерістерді енгізгеннен кейін,
1997 жылы Қазақстанның кеңестік кезеңнен кейінгі бірінші Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданды.
Ол үнемі жаңа жағдайларға бейімделіп отырды. Бірақ ос мыңжылдықтың басынан Қылмыстық-іс
жүргізу кодексін ауқымды реформалау қажеттілігі туды. 2002 жылдың соңында «Қазақстан Республи-
касы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қылмыстық іс жүргізуді одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында жоспарланған өзгерістердің толық салыстырмалы
кестесі ұсынылды. Соңынан, 2011 жылдың көктемінде заң жобасының «тұжырымдамасы» шықты.
Фридрих-Кристиан ШРЁДЕР
–
профессор, заң ғылымдарының
докторы, құрметті доктор
(Германия Федеративті Республикасы)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ:
ГЕРМАНИЯ ТАРАПЫНАН КӨЗҚАРАС
195
Осы уақыт ішінде реформалау мақсатымен бірнеше шет елдерден және ЕҚЫҰ-дан кеңесшілер тар-
тылды. Немістер тарапынан консультация беруге Германия халықаралық құқықтың ынтымақтастық
қоры (IRZ) қатысты. Оның тапсырмасы бойынша Жоғарғы федералды соттың отставкадағы вице-
президенті д-р Буркхард Йенке 2002 жылғы жоба туралы толық тұжырымдама жасады. Қазақстаннан
келген жұмыс тобы 2012 жылғы ақпан айында Берлинде реформаларды талқылауға қатысты. Сөз
«Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу» туралы емес, Қылмыстық іс
жүргізу кодексінің жаңа жобасы туралы болды. Бақытына қарай, реформаны жүргізетін инстанциялар
қоғамды реформалау жөніндегі жұмыстар туралы үнемі хабарландырып тұрды. Көптеген өзгерістер
жобаға ең соңғы сәтте қосылғаны, немесе алып тасталғаны осыдан білінеді. Қоғам реформалау
жұмысына қатысқанына қарамастан, жалғастырылып жатқан өзгерістер жаңа нормалардың жақсы
ойластырылғанына күмән тудырады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымы ескі құрылымға ұқсағаны таң қалдырады. Бөлімдердің
нөмірлеуі – 11 бөлімнің алып тасталуын және алқалық соттағы істер бойынша өндірісті 13 бөлімнен 14
бөлімге ауыстырудан басқа – бұрынғыдай қалған, және төрт жаңа бөлім қосылған: 12. Халықаралық
ынтымақтастық, 13. Іс жүргізу келісімдері кезіндегі істер бойынша өндіріс 15. Үкім шыгаруға дейін тәркілеу
кезіндегі өндіріс, 16. Өтпелі және қорытынды ережелер. Тараулардың нөмірленуі және атаулары, кейбір
жіктемелерді және толықтыруларды қоспағанда, бұрынғыдай қалған, мысалы, медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу туралы тараудың нөмірі ескі кодексте де жаңада да
бірдей (54). Осылайша заңның «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деген алғашқы жоспарланған
атауы бекітілді. Бұл заңды қолданатын адамдарға жаңа кодексті пайдалаануды жеңілдетеді, сондай-ақ
өзгерістерді тезірек тануға мүмкіндік береді.
II. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу құқығының неміс құқығымен жақындасуы
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінде аса маңызды
өзгерістер бар. Бірнеше мысалдарда реформалар арқасында Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу құқығы
неміс қылмыстық іс жүргізу құқығымен қаншалықты жақындасқанын зерттеу қажет. Бұл бұдан кейінгі
құқықтық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың негізі болады.
1. өндірісті алдын ала жетілдіру
Қолданыстағы құқыққа сәйкес алдын ала өндіріс «қылмыстық істі қозғаудан» басталады (186 б.).
Бірақ, бұның алдында алдын ала қарау жүргізіледі, ол уақытпен шектелмеген және кейде тергеуден
ұзақ жүргізіледі. Бұл кезде жәбірленуші мүлдем құқықсыз: өйткені «қылмыстық істі қозғағаннан»
кейін ғана жауабын хаттамалауға болады (218 б.), тергеу кейде екі рет жүргізіледі. Сондықтан, жаңа
норма қылмыс туралы өтініш, немесе басқа хабарлама тіркелгеннен кейін, немесе алғашқы шұғыл
тергеу әрекеттерінен кейін қылмыстық істі бастауға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес «қылмыстық
істі қозғау» институты «сотқа дейінгі тергеуді бастаумен» ауыстырылады. Бұл неміс құқығына сәйкес
келеді, онда тіркеуге байланыс болмаса да, қылмыстық ізге түсу әрекетерімен келісіледі (§ 397 Салық
туралы ережелер).
Германияда ерекше «тергеушілер» жоқ, тергеуді полиция қызметкерлері жүргізеді, олар формалды
болса да, прокуратураның қадағалауында, бірақ, әдеттегідей, дербес жұмыс істейді және прокуратураға
тек «қорытынды есепті ұсынады», прокуратура айыптау қорытындысын жасайды да, оны сотқа береді.
Қазақстанда тергеуші бұрынғыдай айыптау қорытындысын жасай алмайды (278 б.), бірақ, айыпқа
тартылған қылмыс және сезікті туралы маңызды мәліметтерді қамтитын «айыптау актісін» жасайды (298
б.). Прокурор оны «растайды», бірақ ол өзі де жаңа айыптау актісін жасай алады (302 б.). Бұл екі тең
құқықты қылмыстық ізге түсу органдарының бәсекесі, неміс көзқарасынан сәтсіз болып табылады. Оның
үстіне, жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі қиын емес жағдайларда «тексеру» және «тергеу» арасындағы
196
айырмашылықты сақтады. Бұл құзыретті көптеген көзге ілінбес шектеулерге әкеп соғады (187 б.). Адам-
дар қызмет етіп жүрген лауазымды кенет қысқарту, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан мүмкін емес.
Қазақстанның жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі жаңа ұйғарымды енгізді, оған сәйкес, Адам
құқықтары туралы Еуропалық конвенцияның 6 б. сүйене отырып, өндіріс бойынша алдын ала тергеу
«орынды мерзім» ішінде аяқталуы тиіс (192 б.). Ұйғарылған мерзім екі айды құрады, бірақ ерекше
күрделілік болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
2. Тергеу судьясы лауазымын және құзыретін енгізу
Тергеу судьясы лауазымын енгізу Қазақстаның қылмыстық іс жүргізу құқығын неміс құқығына
едәуір жақындатады (55, 56 бб.). Осылайша, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына араласуына
рұқсат беруге жауапты ерекше судья лауазымы құрылатын болады. Осы орынды енгізумен соттың арала-
суын талап ететін шаралар тізімдемесі айтарлықтай кеңейтілді (55 б. 1абз.). Бұл құқықтық мемлекет та-
лаптарына сай. Өкінішке қарай, жасырын шаралар үшін жоғары тұрған прокурордың рұқсаты жеткілікті
деп есептепті (234 б.). Оның үстіне, тергеу судьясы куәгерлердің және жәбірленушілердің жауаптарын
«сақтауға» құқық алды (55 б. абз. 2 № 3, 217).
Неміс қылмыстық іс жүргізу кодексі тергеу судьясы лауазымын оны жасаған кезден біледі (§ 162).
Бірақ ол тергеу судьясының құзыреттер тізілімін қамтымайды, тек қана сот арқылы тергеу әрекеті қажет
болған жағдайда, прокуратура тиісті өтінім бергенін талап етеді. Көптеген мәжбүрлеу шараларында сот
рұқсаты қажет және ол сонда реттеледі. Сот арқылы тергеу әрекетінің қажеттілігі туралы тұжырымдама
сот арқылы істі қарау барысында куәлардан жауап алу мүмкін болмаған жағдайда, осындай жауап
алу алдын ала сот отырысында жүргізілген жағдайларды да қамтиды. Жауап алу хаттамасы ешқандай
«сақтауды» талап етпей, сот ісінің бөлігіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |