Жак АТТАли
–
Қазақстан Республикасының Президентi
жанындағы Қазақстан Республикасы жаңа
Конституциясының жобасы жөніндегі
Сараптамалық-консультативтiк кеңесінің
сарапшысы (1995 ж.), Франция Мемлекеттік
кеңесінің экс-кеңесшісі,
экономика профессоры
19
толығымен өтуі тиіс, және осы саладағы көршілерге үлгі болу үшін Қазақстанның әлеуеті бар.
Ел онда ол өз институттарын жетілдіре алатын конституциялық негізге сене алады. Шынында, биыл
жиырмажылдығы тойланатын 1995 жылғы Конституция биліктің заңнамалық, атқарушы және сот тармақтары
арасындағы бөлініс пен теңгерім қағидаттарын орнатады және олар қоғамдық мүдделерге сай әрекет ететініне
кепілдік береді. Екіншіден, ол түрлі этнос топтары арасындағы қатар үйлесімді өмір сүрудің алғы шарты болып
табылатын және елдегі діни төзімділікпен белгіленген идеологиялық және саяси алуан түрлілікке кепілдік
беретін шарттарды қамтиды. Үшіншіден, бұл халықтың егемендігін және халықты және халық үшін басқаруды
растайды, бұл әмбебап, тең және тікелей сайлауларға шақыратын конституциялық қағидаттармен расталады.
Бұдан әрі осы бірінші конституциялық негізге ере отыр, Қазақстан өз реттеу құрылымын асқан
тиімділік жағына жетілдіруге тырысты. ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының)
Реттеу Саясатын Шолуда мәлімденгендей, ел, онлайн-заңнамалар деректер қорын дамытып, қолданыстағы
заңнаманы терең шолумен нормативті-құқытық актілер жобаларының «ғылыми сараптамаларын» жүргізу
талабын енгізіп және қоғамдық консультацияларды өткізу үшін консультативті кеңестерді құрып, оның
реттеуші саясатын және мекемелерін күшейту үшін бар күшін салды.
Осы қағидаттарды толық іске асыру және, мәдени, этникалық және тілдік алуан түрлілікті ескере оты-
рып, конституциялық және реттеуіш шеңбер шегінде жұртшылықтың елді басқаруға және саяси шешімдерді
қабылдауға белсенді қатысуын жылжыту үшін жағдайларды дамыту қазір Қазақстанның қолында. Бұл
әр азаматқа елді және оның институттарын дамытуға толығымен қатысуға мүмкіндік берер еді. Қазіргі
заманғы және демократиялық институттар соңғы онжылдықтар ішінде жасалған экономикалық прогресті
нығайтуға жағдай жасайды және оның халқы үшін жаңа өркендеу мүмкіншіліктерін ашады. Осы өзгерістерге
жәрдемдесу үш қиын-қыстау саладағы басты реформаларға шынайы берілгендікті талап етеді.
Бірінші кезекте, Қазақстан жаппай білім беруге инвестицияларын күшейтуі тиіс. Білімді және саяси сауатты
халық – қазіргі заманғы күшті және жұмыс істейтін мекемелердің кілті. Қазақстан осы салаға айтарлықтай күш сал-
ды, оның нәтижесінде Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті және «Болашақ» бағдарламасы
құрылды. Бұл білімді және білікті элитаның пайда болуына мүмкіндік туғызды. Енді мемлекет осы прогрестен
пайда алып, білім беру жүйелерінде және халықтың барлық топтарында ең үздік білімді таратуға тиіс.
Екіншіден, Қазақстан оның мәдени, этникалық және лингвистикалық алуан түрлілігі шегінде ұйымдасқан,
жігерлі және белсенді азаматтық қоғамды дамытуға мүмкіндік туғызуға тиіс. Осы азаматтық қоғам саяси
талқылауларды қоғамның игілігіне қызмет ететін елдегі проблемалардың инновациялық шешімдері тура-
лы ұсыныстармен байытады. Осы азаматтық қоғамның үндері, олардың сенімділігі, кредит қабілеттілігі,
плюрализмі және тәуелсіздігі – Қазақстанның Конституциясында бекітілген қағидаттарды іске асырудың
негізгі шарты болып табылатын Парламент сияқты саяси мекемелердегі және БАҚ қоғамдық саласындағы
жоғары білікті өкілдермен ұсынылатын болады. Бұл қоғамдық жарыссөздерге және идеологиялық әр
түрлілікке мүмкіндік жасайды және одан гөрі мықты, тұрақты және инклюзивті экономикаға жол салады.
Ұзақмерзімді перспективада тек қана белсенді азаматтық қоғам ел бірлігінің кепілі бола алады.
Соңғы, бірақ маңыздылығы кем емес, Қазақстан үшін оның мекемелерін жетілдіру пайдалы болады.
Бұл оның тиімділігін арттыру үшін, бюрократияны азайту үшін, мемлекеттік басқаруды өзгертуді, сыбай-
лас жемқорлықпен күресті және транспаренттіктің ұлғайуын қамтиды. Бұл реформа саяси биліктің және
мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан азаматтары алдындағы жауапкершілігін арттыруға шоғырландырылуы
тиіс. Институционалды жетілдіру Қазақстан халқына және шетелдік инвесторларға жоғары білікті судья-
лармен атқарылатын тәуелсіз және тең құқықты сот төрелігін ұсыну үшін сот жүйесінің реформасын қамтуы
тиіс. Ақыр аяғында, Парламент пен Үкіметтің автономиясын, міндеттері мен жауапкершілігін бекіту үшін,
жетілдіру мемлекеттің ең жоғарғы деңгейдегі мекемелерін реформалауды қамтуы тиіс. Бұл Қазақстанға
халықтың жаппай келісімі арқылы одан гөрі тиімді мекемелер жүйесіне жылжуға мүмкіндік береді.
Осы үш аспектілі реформалар жігерлі және плюралистік демократия арқылы тым қуатты Қазақстанды
құруға үлесін қосады. Тек қана қуатты мемлекет ұзақмерзімді перспективада елдің бірлігін нығайтатын
мықты және тұрақты демократияны жасай алады. Осы жол бүгінгі әр түрліліктің жақсы қоспасы болатын
жаңа және нағыз қазақстандық мәдениет пен сәйкестіктің пайда болуына әкеледі. Бұл оған өз эконо-
микасын жан-жақты дамытуға, дағдарысқа төзімділігін арттыруға, өз халқының өмір деңгейін көтеруге
және, тұтас алғанда, өз мақсатына жетуге және 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елдері қатарында бо-
луына мүмкіндік жасай отырып, Қазақстанның жарқын келешегінің кепілі болады.
20
К
еңес Одағы қарқынды ыдырағаннан кейін Солтүстік Еуразияның орасан зор аумағында ондаған
жаңа мемлекеттер бой түзді. Олардың барлығы тоталитарлық кеңестік жағдайдан қазіргі заманғы
үлгідегі тұрақты заңды және демократиялық мемлекетті құруға көшуді талап етті.
Өткен екі онжылдықтан кейін ашық және тура айтуға болады – бұрынғы КСРО одақтас
республикаларының кейбірі осыған қол жеткізе алмады!.. Кеңестік кейінгі кезеңнен көптеген «жаңа
құрылымдар» тек қана сыртқы «демократиялық келбетін» суреттей алды. Олардың арасында – «сәтсіздікке
ұшыраған мемлекеттердің» саяси құлдырауға түсіп кеткендері де бар. Және бұрынғы Одақтың тек қана екі
мемлекеті – Ресей мен Қазақстан – барлық халықаралық критерийлер бойынша табысты «қалыптасқан
мемлекет» бола алды.
Кеңестік кезеңнен кейінгі барлық кеңістікте Қазақстан Республикасы өз экономикалық-саяси
дамуының ойластырылған стартегиялық бағытымен ерекшеленеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуын-
ша, ел тәуелсіздіктің жиырма жылын «революциясыз және күйзеліссіз» өтті. Астана тиімді және әділ
мемлекеттік тәртіпті тарихи өлшемдер бойынша жылдам құруға қабілетті болып шықты. Оның үстіне, бұл
жаңа демократиялық және нарықтық негіздерде жасалды, және, көп кешікпей, Қазақстан Республикасы
Орталық Азиядағы көпшілік мойындаған көшбасшы және халықаралық аренадағы жаңа беделді ойыншы
болып қалыптасты.
Бірақ Республиканың Бірінші Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси еркі мен
стратегиялық даналығы болмаса, Қазақстан Республикасындағы саяси транзит сонша тегіс өтпеуі де
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ:
КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРИЗМНЕН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ
Юрий сОлОЗОБОВ
–
Ресей Федерациясының Ұлттық
стратегия институтының халықаралық
бағдарламалары жөніндегі директоры,
саясаттанушы
21
мүмкін еді. Бұл кезде көршілес Ресейдегі қайғылы оқиғаларды еске түсірсе жеткілікті болар: мысалы,
1993 жылы «Ақ үйді» - Ресей Парламентін танктерден ату. Бұл қайғылы күндерді әлем осы күнге дейін
есте сақтауда. Биліктің екі тармағының – бұрынғы, Жоғарғы Кеңестің, және, жақында сайланған пре-
зидент Борис Ельцин атынан жаңаның – қарама-қарсылығы Ресейде қарулы қақтығыспен аяқталып,
көптеген адамдар құрбан болды. Қосөкіметтік: бұл кеңес үкіметінен қалған мұра Кеңес Одағының
көптеген республикаларының соңынан қалмай қойды. Тек Қазақстан ғана осы қақтығысты бейбіт, сын-
дарлы жолмен жөнге сала алды.
«Қазақстандық үлгі» табысының бірінші маңызды жерін атап өтейік –
Қазақстан Республикасындағы
барлық басты стратегиялық шешімдер мемлекет Басшысы –Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қатысуымен
басталып, жүргізіліп отырды. Осындай табысты «жоғарыдан реформалау» үлгісі халықаралық саясаткер-
лерден көпшілік мақұлдаған «қазақстандық жол» деген атқа ие болды. Ол мықты жоғарғы билікпен сипатта-
лады және көпшілік мақұлдаған демократия қағидаттарына және адамның құқықтары мен бостандықтарын
құрметтеуге негізделген. Қазақстандық мемлекеттілік қалыптасуының алғашқы, ең қиын кезеңінде билікті
және жаңартушы мемлекеттік жігерді бір негізгі институтқа шоғырландыру табиғи және қисынды қадам
болды. 1990 жылдың сәуір айында құрылған президенттік институты осыған әбден лайық еді.
Бұрынғы – кеңес кезіндегідей авторитарлық, мемлекеттік институттар құрып кеткен
және құлдыраған жағдайда, нақ президенттік институты Қазақстанда жаңа демократиялық
мемлекеттілікті құратын билік өзегі болды. Осы маңызды институттың беріктігі барлық жағынан
егеменді Қазақстанның ойдағыдай қалыптасуын қамтамасыз етті. Және бұл Қазақстанның ең жаңа саяси
тарихының екінші маңызды ерекшелігі.
Елдің формалды жоғарғы инстанциясы – КСРО-ның соңғы Жоғарғы Кеңесі 1989 жылы сайланғанын
еске саламыз. Ол көп жұмыс істеген жоқ: 1991 жылдың 8 желтоқсанында КСРО-ны тарату туралы Бе-
ловеж келісімдеріне қол қойылды. Осыдан кейін Ресей Федерациясы бірден КСРО Жоғарғы Кеңесінен
өз депутаттарын шақыртып алды, ал Кеңес автоматы түрде кворумнан айырылды. Осымен оның жұмысы
нақты тоқтатылды деп айтуға болады. Алайда, одақтық республикаларда – Қазақстанда, Қырғызстанда,
Өзбекістанда, Тәжікстанда және Түркменияда - республикалық Кеңестер «инерция бойынша» өз жұмысын
жалғастыра берді. Саяси қайта құрылудың қауырт айлары өте берді, бірақ кеңестер айналасындағы
жағдай өзгерген жоқ. Бұл әлеуметтік өзгерістердің қайнап жатқан қазанындағы кішкентай тыныш авто-
ритаризм аралындай болды.
Бірақ саяси өмірді тоқтатуға болмайды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда Президенттің
алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтті. Олар баламасыз болды, жалғыз кандидат – Нұрсұлтан Назарбаев –
сайлауға қатысушылардың 88,2 %-ның 99%-ы дауыс беріп, жеңіске қол жеткізді. Бұл нағыз жеңіс болды!
Бірақ, жұртқа мәлім, көшбасшылықты жеңіп алудан гөрі, оны ұстап қалу қиынырақ болады. О
сы мағынада
ҚР Президентінің барлық кейінгі сайлалулары бүкіл халыққа қадірі артқан Н.Ә.Назарбаевтың
көшбасшылық қасиеттерін көрсетті.
Құрғақ цифрларды мұқият қарап шығайық. 1995 ж. 29 сәуірінде жалпыхалықтық референ-
дум нәтижесінде Президент Н. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. Осы үшін сайлауға
қатысушылардың 91%-ның 95,26%-ы дауыс берді. 1999 ж. 10 қаңтарында өткен ҚР Президентінің ке-
зектен тыс сайлауының қорытындысы бойынша Н. Назарбаев 79,78% дауысқа ие болып, жеңіске қол
жеткізді. 2005 ж. 4 желтоқсанында Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 91,15 пайыз дауысына иеленіп,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен сайлау-
да Нұрсұлтан Назарбаев рекордты 95,55 % дауыс жинады.
ҚР Президенті өз Ұлт Көшбасшысының халық мандатын жылдан жылға әрдайым құптап және
нығайтып келеді.
Менің ойымша, жас елдің нақты тәуелсіздігі 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнан басталды. Онда
22
заң елдің жаңа конституциясын әзірлеу үшін негіз болатыны жарияланды. Сол кезде ол бойын-
ша ел өмір сүрген Конституция, Қазақ КСР Конституциясы, 1978 жылы қабылданған болатын және
онда Қазақстан олар бойынша ары қарай өмір сүргісі келген тым болмаса ең негізгі – нарықтық,
экономикалық, ықпалдастыру қағидаттары бектілмегендіктен, ел қарқынды өзгеріп жатқан
жағдайға сай болмады.
Қазақстан тәуелсіздік туралы мәлімдемеге қол қойғанына қарамастан, негізгі шешімдерді
бұрынғыдай формалды Жоғарғы Кеңес - бұрынғы авторитарлы саяси құрылыстан қалған құрылым
– қабылдайтын.
«Қазақстан жолы» деген кітабында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Қеңес болған кезде
шешімдерді уақтылы қабылдау қаншалықты қиын болғанын еске түсіреді. Жаңа билікке президент аты-
нан елдің даму стратегиясын және Конституцияның жобасын әзірлеу қажет болды, бірақ осы идеялар-
ды ой-өрісі кертартпа, сірескен және командалық-әкімшілдік Жоғарғы Кеңес алдында қорғау мүмкін
емес дерлік болды. Сірә, кеңес құрылысының адепттері болып жатқан өзгерістердің мәнін түсіне алмай,
Жаңадан мүлде қорқатын болса керек. Жоғарғы Кеңестегі жарыссөздер қыза түсті.
Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының бірінші нұсқасы тез арада дайын болды. Бірақ дәл осы
жерде проблемалар басталды. Жоғарғы Кеңес оны қабылаудан бас тартты. Оның мүшелерінің ба-
сты міндеті сол кеңес кезіндегі билік сатысын сақтау болып көрінді. Жоғарғы Кеңес сұхбатқа дайын
емес еді. Ең қызу талас ұлттық мәселе жайында болды. Конституциялық комиссияның кейбір мүшелері
үшін өзге ұлт азаматтарының мүдделері мен құқықтары мүлдем маңызсыз болды: олар президент және
Жоғарғы Кеңестің төрағасы тек қана қазақтар бола алатынын ымырасыз бекіткісі келді. Тіл туралы бапта
алауыздықты тудырды: әрине, қазақ тілін жандандыру үшін жедел шаралар қолдану қажет болды, бірақ
еш уақытта орыс және басқа тілдерді кемсіту арқылы емес...
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы» кітабында осы қиын кездер туралы былай дейді: «Пікір
алалықтарының болуына қарамастан, мүмкін болса, Конституцияны тезірек қабылдау керек еді. Себебі,
тәуелсіздік мәртебесі бар ел, екінші жыл, сол бұрынғы, қоғам талаптарына жауап беруден қалған кеңестік
дәуірдің Конституциясы бойынша өмір сүріп жатты. Менің жаңа құжатты қабылдату үшін мәмілеге бару-
ыма тура келді. Амалсыздан көптеген мәселелер бойынша шегініске барудың нәтижесінде, бірінші Кон-
ституция қоғамдық және мемлекеттік дамудың өмірлік мәселелеріне жауап бере алмады».
Қос палаталы Парламент идеясын қорғап қалу әрекеті, меншіктің барлыќ түрлерінің, әсіресе жеке
меншіктің, тепе-тең дамуы, Негізгі Заңға демократиялық құқықтық мемлекеттің қарапайым ережелерін
– Парламентті тарату мен Президентке импичмент жасау құқығын енгізу – нәтижесін берген жоқ.
Ұсыныстар Жоғарғы Кеңестің Төралқасы оқшауланды. Депутаттардың ешқандай сындарлы ұсыныстары
болған жоқ, олар тек қана кез келген өзгерістерге бөгет жасаумен әлектенді. Олардың әр сессиясы нағыз
«арқан тартысқа» айналды. Және әлемдік қауымдастықтың Қазақстанға қарағанда оптимизмі азая ба-
стады. Сол жылдары жас мемлекеттің перзиденті осы қиын жағдайды шеше алатанына сенетін адамдар
саны шамалы болды.
Қазақстан және оның Көшбасшысы, түрлі күйреуік болжамдарға қарамастан, әрқашан барлық
қауіп-қатерлерді еңсере білді. Қазақстанның Көшбасшысы өз қоғамын шоғырландырып, елдің дамуын
дұрыс жолға бағыттады. Көп адамдар (соның ішінде президенттің өз ортасында) Нұрсұлтан Назарбаевты
мәмілеге келуге шақырды. Бірақ Президент өз айтқанынан қайтпады. Және бұл өз жемісін берді – жаңа
Конституция бірауыздан қабылданды. Және Жоғарғы Кеңес мәжіліс залындағы электронды таблода да-
уыс беру нәтижелері шыққанда, зал қол шапалақтап дүр сілкінді.
Демек,
Қазақстан Республикасының конституциялық дамуының бастапқы кезеңі 1993 жылғы
28 қаңтарда оның Жоғарғы Кеңесімен тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Конституциясын қабылдаумен
аяқталды. Оны енгізу қоғамның саяси-билік ұйымдастырылуы туралы бұрынғы тоталитарлық
ұғымдардың көбімен формалды айырылуды білдіретінін белгілеуге болады. Ол қазіргі мемлекеттік
23
механизм мен құқықтық жүйе үшін дайындаманы жасап, тиімді нарықтық экономиканың іргетасын
қалады; алғашқы рет адамның құқықтары мен бостандықтары, экономикалық бәсекелестік және саяси
плюрализм қамтамасыз етіле бастады.
сонымен, Қазақстан ескі кеңес режиміне негізделген үлгілерден алшақтап, либерализм мен
демократия жағына батыл қадам басты.
Алғашқы Конституцияны қабылдау Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуына әкеп соққаны мәлім.
Және бұл елдің уақыт талаптарына және халықтың еркін қалауына шынында сай болатын басты заңын
жаңадан дайындауға жол ашты. Осы сәттен бастап статус-кво жағдайын сақтау орынсыз еді.
Елге қауырт
демократиялық реформалар қажет болды. Және бір– бірыңғай – билік. Және халық таныған бір
Көшбасшы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Шешім қабылдау – бұл өте күрделі және жауапты. Ол үшін өзіңдікі жөн екеніне анық сенімді болу
қажет. Көбінесе көптеген мамандардың және өзге де құзырлы адамдардың кеңесінсіз шешім қабылдау
мүмкін емес. Көшбасшының жауапкершілігі – бұл әрқашан екі есе жауапкершілік. Ол және тек қана ол, ең
ақырында, өз стратегиялық шешімдерінің салдары үшін тарихи жауапкершілікке тартылады.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінде саяси көшбасшы үшін аса маңызды екі қасиетті біріктірген. Оның
алдын ала болжау қабілеті бар, ол алысты болжайды. Және екінші – Қазақстан Президенті тек қана
болжап қоймай, ойлағанын іске асыра біледі. Қазақстан Президентінің даналығы және дипломатиялық
дарыны тез арада жемісін берді.
1993 жылғы 16 қарашада Алатау аудандық халық депутаттары кеңесі өзін-өзі тарату және депутат-
тарды жаңа заңдар бойынша сайлау туралы теңдессіз шешім қабылдады. Републиканың және жергілікті
кеңестердің халық депутаттарына: «Кеңестер көбіне көп бұрынғы үрдіс пен ескі идеологияның бейнесі
болып қалып отыр. Жоғарғы Кеңес бұдан былай сайлаушылардың еркін іске асыра алмайды» деген үндеу
жарияланды. Осы үндеу шешуші маңызға ие болып шықты. Екі күннен кейін астананың Ленин және Ок-
тябрь аудандық кеңестері де өз өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, оларға
тағы екі ауданның, ал бірнеше күн өте – барлық республиканың депутаттары қосылды. Бір айдан кейін
Жоғарғы Кеңес жоқ болды.
«Турасын айтатын болсам, мен еліміз үшін аса маңызды осы бір кезеңде үлкен жауапкершілік
көрсеткен сол депутаттарға ризамын. Парасат жеңіске жетті және Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтатуға қатардағы депутаттар бастамашы болды. Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы
тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы аса бір драмалы оқиға болды» - Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан
жолы» кітабында осылай жазған.
Ресей және бұрынғы одақтың кейбір басқа республикалары конституциялық дағдарыстан
туындалған жан тебірентерлік оқиғалардан кейін әзер есін жинап жатқан кезде, Қазақстан
жаңа саяси жүйеге бейбіт деморкатиялық жолмен келді. Көптеген әлем елдерінің басшылығы
Қазақстан Президентінің осы жетістігін жоғары бағалады. Мысалы, Түркияның экс-Президенті
Сулейман Демирель: «Елдің сол оңай емес қалыптасу кезеңіне құрметті Нұрсұлтан Назарбаев қомақты
үлес қосты. Мемлекетті құру жеңіл жұмыс емес. Ал Қазақстан сияқты үлкен мемлекетті соншама қысқа
мерзімде, ішкі күйзеліссіз және ұлтаралық қақтығыссыз құру, бұл құрметтеуге және таңдандыруға
лайық әрекет».
Сірескен Жоғарғы Кеңес болмағанда, елдегі жаңа демократиялық парламент идеясын әлдеқайда ерте
іске асыру мүмкін болар еді. Жаңа парламенттің құрылымы Конституцияның жобасында 1993 жылға дейін
жазылған болатын. Ол шет мемлекеттердің, атап айтқанда, Францияның, оң тәжірибесіне негізделген.
Сонымен бірге, ол ешкімнің де парламентін дәл көшіріп алған жоқ: жұмыс тобы алдында халықаралық
тәжірибені талдап, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, нақты Қазақстан үшін жобаны дайындау міндеті
тұрды. 1993 жылдың соңында парламенттің идеясы Жоғарғы Кеңестің мақұлдауына ұсынылды. Бірақ
толығымен қабыл алынбады.
24
«Осы ұсыныстарға Төралқаның көпшілігі және Жоғарғы Кеңестің басшылығы үзілді-кесілді қарсы
шықты. Қазақстан заң ғылымының кейбір корифейлерінің өздері керітартпа позиция ұстанды. Қос
палаталық Парламентті енгізу қазақ халқының ұлттық мемлекеттігін жоққа шығарады дегендері де бол-
ды». (Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстан жолы» кітабы).
Және Қазақстанда парламенттік демократияға бейбіт жолмен– мақсатты және бірізді - өту үшін
қаншама күш салынғаны – таңқалдырарлық. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – қоғамның ой-
өрісін оң трансформациялаудың және қазіргі заманғы демократиялық құрылымға көшудің жарқын
үлгілерінің бірі. Қазақстанның Парламенті – Н.Ә. Назарбаевтың осындай даналық шешімдерінің жарқын
үлгісінің бірі, өйткені көптеген кеңестік кезеңнен кейінгі елдерге қарағанда, 1995 жылдан бастап Респуб-
ликада парламенттік дағдарыс бір рет де болған жоқ ...
Қазақстанға мемлекетті құруды нөлден бастауға тура келді. Мысалы, екі палатадан – Сенат пен
Мәжілістен тұратын – тұрақты негізде әрекет ететін заман талабына сай демократиялық Парламентті құру.
Онда алуан түрлі мүдделерді білдіру қамтамасыз етілетін және оның мүшелері толығымен заңнамалық
қызметте шоғырлана алатын кәсіби екі палаталық Парламент.
Қазақстан осы демократиялық жолға бет
бұрған бірінші ортаазиялық ел болғаны есте қаларлық. Қалған республикалар болса қазақстандық
тәжірибені пайдаланды.
1994 жылғы 7 наурызда жаңа парламентке сайлау өтті, оған 177 кәсіби депутат кірді.
Осылайша,
Қазақстан номиналды Кеңес халық депутаттарынан қазіргі заманғы демократия форматындағы
кәсіби қос палаталық Парламентке дейінгі жолдан өтті. Парламенттік заңнама әлем елдерінің 90%-
ында бекітілген. Сол кезде, 90-шы жылдардың ортасында, кеңестік кезеңнен кейінгі елдер үшін осындай
парламент идеясы революциялық идея болды.
Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы елдің уақыт талаптарына және халықтың еркіне шынында сай
келетін басты заңын жаңадан дайындауға жол ашты. «Алатау» санаторийінде, Алматының шетінде,
толық құпиялылық жағдайда 12 адамнан тұратын ең үздік сарапшылар тобы жұмыс істеді... Олар көп
күндер бойы әлемнің түрлі елдерінің ондаған конституцияларын зерттеді. ҚР Президенті олармен бірге
жұмыс істеді: «Қазақстан жолы» кітабында Нұрсұлтан Назарбаев кемінде 20 әлемдік конституцияны өзі
конспектілегені туралы баяндайды. Әлем елдерінің конституцияларынан ең жақсысын алып, қателерді
жібермеу – басты міндет осы болды.
Сол жобада Қазақстан үшін көп мәселелер жаңа болды. Егер бұрын азаматтардың құқықтары кез кел-
ген уәкілетті орган атынан және кез келген себеп бойынша мемлекетпен шектелсе, енді Конституцияның
39-бабында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек қана заңдармен шектелуі
мүмкін деп бекітілді. Және де тек қана конституциялық құрылысты, тәртіпті, адамның құқықтары мен
бостандықтарын қорғау үшін қажетті шамада. Осы Конституция – Негізгі Заңның мәтінінде, 1993 жылғы
Конституцияда тек қана жоба болып қалған қос палаталы Парламент бекітілді. Басты бағдар ретінде тек
қана Батыс елдері демократиясының тәжірибелері ғана емес, сол сияқты Азия елдерінің тәжірибелері де
есепке алынды.
Президент және жұмыс тобы Конституцияның мәтінін біржола құрғаннан кейін, ол бүкілхалықтық
талқыға салыну үшін БАҚ-та жарияланды. Осы жұмысқа барлық ел ат салысты. «Қазақстан жолы:
тәуелсіздік хроникасы» телехикаяның авторларының бірі және жүргізушісі ретінде мен мұрағаттан
әкелінген, елдің түпкір-түпкірінен келген қап-қап хаттарды өз көзіммен көрдім. Нәтижесінде са-
рапшылар санауы бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |