Аслан АБАШиДЗЕ
–
БҰҰ Экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің
мүшесі, БҰҰ-ға жәрдемдесу Ресей
Қауымдастығының халықаралық құқық
комиссиясының төрағасы, Ресей халықтар
достығы университетінің заң институтының
халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі,
заң ғылымдарының докторы, профессор
47
ҚР Конституциялық Кеңесі барлық өз қызметімен халықаралық және мемлекетішілік құқықтың
теориясы мен практикасы деңгейінде анық белгіленген қазіргі заманға сай беталысын растайды,
ағылшын тілінде ол былай айтылады: «Constitutionalization of International law, Internationalization of
Constitutional law».
Сөз халықаралық құқықты түрлі салаларда және бағыттарда одан әрі үдемелі дамыту ісіндегі және
БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді (олар 193) одан әрі демократияландыру ісіндегі халықаралық құқық пен
мемлекетішілік құқықтың өзара і-қимылының және өзара ықпалының нәтижелері туралы болып отыр.
Кез келген қоғамды деморкатияландыру ісінде адамның құқықтары мен бостандықтарын
халықаралық-құқықтық стандарттар бойынша қамтамасыз ету және сақтау, осы қызметті ынталандыру
бағытында күш салу маңызы шешуші болмаса да, зор деуге болады.
Осы саладағы нәтижелер анық: БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің (соның ішінде Ресей Федерациясының
және Қазақстаннның) барлық негізгі заңдарында адам құқықтары туралы Халықаралық билльдің адам
құқықтары мен бостандықтарының барлық негізгі санаттарын көрсететін «адам құқықтары туралы
билль» толық бөлімі бар.
Мемлекеттердің конституцияларында олар бір-біріне қайшы болған жағдайда, халықаралық
шарттардың ұлттық заңдардан басымдығы расталады. Іс тәжірибесінде БҰҰ-ның құқық қорғау
механизмдерінің жүйесі жұмыс істейді (БҰҰ Жоғарғы комиссарының адам құқықтары жөніндегі
басқармасы (ЖКАҚБ), БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі (АҚК), Әмбебап мерзімді шолу механизмі
(ӘМШ) механизмі, арнайы тақырыптық баяндаушылар, жұмыс топтары және т.б. түріндегі АҚК-нің 45-тен
астам арнайы рәсімдері). Қатысушы мемлекеттердің адам құқықтары жөніндегі негізгі келісімдер бой-
ынша міндеттемелерінің орындалуын халықаралық мониторингілеуді жүзеге асыратын адам құқықтары
жөніндегі шарттық органдардың жүйесі әмбебап деңгейде қалыптасты (тұтас алғанда әлемнің барлық
өңірлерінен 172 тәуелсіз, жоғары білікті сарапшылардан тұратын 10 шарттық орган).
Барлық БҰҰ мүше мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан Республикасы да аталған үрдістің ықпалына түседі.
БҰҰ жүйесіндегі адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың қызметінде біз қарастырып отырған
аспект, адам құқықтары жөніндегі тиісті комитетпен осы мемлекеттің баяндамасымен танысқаннан кейін
мүше мемлекеттерге жолданатын сұрақтар тізбелерінің бірі түрінде немесе адам құқықтары жөніндегі
тиісті комитет пен тиісті шартқа қатысушы мемлекеттің делегация мүшелері арасындағы интерактивті
сұхбатта немесе тиісті комитеттің баяндама жөніндегі қорытынды ескертпелерінде көрсетіледі.
Әдетте, бұл сұрақтар мынадай болады: Адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттың оның
қатысушысы болып табылатын тиісті мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі мәртебесі қандай? Сот органда-
ры өз шешімдерінде адам құқықтары жөніндегі тиісті халықаралық шарттың ережелеріне сүйене алады
ма? Егер алса, ұлттық сот парктикасынан тиісті мысалдарды келтіре аласыз ба?
Қатысушы мемлекеттер, «монистік», «дуалистік» немесе «аралас» деп аталатын көзқарастарға сүйене
отырып, осы міндеттерді әр түрлі шешеді [2, 23-33 б.].
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы жағдай қалай екен? Біз бұл туралы бұрын жазғанбыз [3, с.
60-65]. Бұл жерде негізгі ережелерді қысқаша атап өтеміз.
Референдумда (1995 ж. 30 тамызда) қабылдануының 20 жылдығын тойлап отырған Қазақстан
Республикасының қолданыстағы Конституциясында: «Республика бекіткен халықаралық шарттардың ре-
спублика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару
талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» делінген (4 б. 3 бөл.). Конституцияның
4-баптың 4-тармағында «Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жариялана-
ды» деп белгіленген.
«Жалпы ережелердің» 1-бөлімінде келтірілген дәйексөзбен қатар 8 баптың мазмұнын келтіруге де
болады, онда былай делінген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нор-
маларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау,
48
олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу
саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады».
Халықаралық шарттарды қолдану үрдісіндегі маңызды жағдай - тиісті халықаралық шарттар
«қолданыста» деп есептелуі тиіс екені, себебі тек қана осындай шарттар оларға қатысушылардың
құқықтары мен міндеттерін туындатады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
1996 ж. 28 қазандағы (№ 6/2) Қаулысында анық түсіндірілген. 1-тармаққа сәйкес «қолданыстағы
құқыққа» нақты жағдайда тоқтатылмаған, ал осы шарттар бойынша халықаралық міндеттемелер
бұзылмаған Қазақстанның халықаралық шарттарының нормалары жатады.
Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясында Республикамен жасасқан барлық халықаралық
шарттардың оның заңдарынан басымдығы туралы норма болған. 1995 ж. Конституцияда тек Қазақстанмен
бекітілген, яғни белгіленген рәсімді сақтаумен Парламентпен тиісті заңды қабылдау жолымен бекітілген
халықаралық шарттардың заңдардан басымдығы болатыны белгіленген. Осындай халықаралық шарттар,
халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде,
тікелей қолданылады.
Конституциялық Кеңестің 2000 ж. 11 қазандағы Қаулысында (№ 18/2): «Ратификацияланған халық-
аралық шарттардың заңдардан басымдығы мен Республика аумақтарында тікелей қолданылуы мұндай
халықаралық шарттардың заңдардың нормаларына қарама-қайшы келген жағдайда жағдайға қарай
басымдығын көздейді» деп белгіленген. Заңдардың қарама-қайшылығы және бекітуге жатпайтын
халықаралық шарттар пайда болған жағдайда заңдар басымдыққа ие болады. Бұл қарама-қайшылықтар
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде халықаралық құқық нормаларына
сәйкес келісімдік рәсімдер арқылы шешілуі мүмкін.
Конституциялық Кеңестің осы шешімі бекітілмеген, бірақ бұрынғы 1993 жылғы Конституцияға сәйкес
жасалған халықаралық шарттарға да қатысты жауап береді. Оларға қатысты былай делінген: «Бекітуді күшіне
енудің шарты ретінде көздемейтін 1995 жылғы Конституцияны қабылдағанға дейін жасасқан халықаралық
шарттар, заң күші бар деп есептеледі, және, егер осы халықаралық шарттар үшін басымдық Республиканың
тиісті құқық қатынастары салаларын реттейтін заңдарымен тікелей көзделсе, Республиканың заңнамасынан
басымдығын сақтайды». Бұл жағдайда ақырғы шешімді Конституциялық Кеңес қабылдайды.
Халықаралық шарттарды қолданыстағы құқыққа жатқызу, оларды басым деп есептеу басталған сәтін
белгілеу үшін оларды бекіту күні мен олардың әрекеті басталған сәті ғана емес, нақты халықаралық
шарттың тиісті ережелері де маңызды.
ҚР 1995 жылғы Конституциясының ережелеріне түсіндірмелерде заң ғылымының докторы, профессор
Ударцев С.Ф. барлық халықаралық шарттарға қатысты былай деп жазады: «жаһандандыру жағдайында
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі мен мүмкіндігінің шоғырландырылған көрінісі
ретінде Конституция нормаларының басымдығы қағидаты сақталады». Осыған орай, Конституциялық
Кеңеске халықаралық шарттардың олар бекітілуіне дейін Конституцияға сәйкестігін тексеру құқығы
берілген [4, с.23-24].
Конституциялық Кеңестің 2009 жж. 5 қарашадағы Нормативті қаулысындағы ережелерде маңызды
(№ 6). Онда Қазақстан қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдары, олардың органдары,
халықаралық сот мекемелері шешімдерінің заң күші туралы мәселе қозғалады. Конституциялық Кеңес 1995
жылғы Конституцияның 4-бабында Республикамен бекітілген халықаралық шарттардың оның заңдарынан
басымдығы және тікелей қолданылуы туралы нормалары Қазақстанның халықаралық шарттарына сәйкес
құрылған халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдеріне таралады деп бекітті.
Халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдері Конституцияға қайшы болма-
уы тиіс. Оның үстіне, «халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының адамның және азаматтың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын шешімдері тікелей қолданыла алмай-
ды, демек, олардың Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінен басымдығы бола алмайды».
49
Түсіндірмеде «Республика олардың қатысушысы болатын халықаралық шарттар, олардың бекітілуіне
қарамастан, міндетті жариялануға жатады» делінген [5, с.25].
Қазақстанның бекітілген халықаралық шарттарымен байланысты аспектілерді нақтылау үшін,
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 1995 ж. 30 мамырдағы (№ 54) Заңның
ережелеріне жүгіну қажет. Осы Заңның 11-бабына сәйкес, мынадай:
1) нысанасы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылатын;
2) орындалуы қолданыстағы заңдарды өзгертудi немесе жаңа заңдарды қабылдауды талап ететiн,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгiлейтiн;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының ерекше экономикалық аймағын және құрлықтық қайраңын межелеп бөлу туралы
халықаралық шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық
межелеп бөлiнуi туралы;
4) мемлекетаралық қатынастардың негiздерi туралы, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық
бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелер бойынша,
сондай-ақ бiтiмгершiлiк халықаралық шарттар мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы халықаралық шарттар;
5) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы
туралы, егер мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының
бiр бөлiгiн жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнiң
Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттiлiгiн белгiлесе;
6) мемлекеттiк қарыздар туралы;
7) гуманитарлық көмектi қоспағанда, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де
көмектер көрсетуi туралы;
8) қол қою кезiнде келiссөздерге қатысушы тараптардың кейiннен оларды ратификациялау туралы
келiскен;
9) егер халықаралық шарттарда мұндай келiсiм ратификациялау арқылы бiлдiрiлетiнi көзделсе,
халықаралық шарттар ратификациялауға жатады.
Халықаралық шарттармен байланысты ережелерді Заң деңгейінде нақтылау, сөзсіз, халықаралық
шарттардың нормаларының ұлттық құқықтық жүйедегі мәртебесіне қатысты көптеген тұжырымдамалық
және практикалық тұрғыда күрделі аспектілерді дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес түрлі шарттық органдарға
(БҰҰ комитеттеріне) бір немесе басқа міндеттемелерді (мысалы, азаматтық және саяси құқықтар туралы,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою туралы
және басқа халықаралық пактілерді) орындау бойынша ұлттық баяндамаларды ұсынады.
Қазақстан Республикасымен ЖКАҚБ ұсынылған қатысушы –мемлекеттер баяндамаларының бөлігі
болып табылатыны Жалпы базалық құжаттың [6], 83-тармағында былай делінген: «Конституция адамның
негізгі құқытары мен бостандықтарына кепілдік береді» (Конституцияның II бөлімі). Осы құжаттың 90
т. былай айтылған: «Адам құқықтарын қорғау мәселесін реттейтін негізгі заңдар арасында Азаматтық
кодексті, Қылмыстық кодексті, Қылмыстық-іс жүргізу кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық
атқару кодексін, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті, Экологиялық кодексті,
Зейнетақы жүйесі туралы заңды, Неке және отбасы туралы заңды, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексті, Әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңды, Бала құқығын қорғау туралы заңды, Әйелдер мен ер
адамдардың тең құқықтары және бірдей мүмкіндіктері туралы заңды, Білім туралы заңды, Медиация туралы
заңды, Көші-қоны туралы заңды, Босқындардың құқықтары туралы заңды және басқа заңдарды атау қажет».
Жалпы базалық құжаттың 91 т. мынадай статистика берілген: «Бүгінгі күнде Қазақстан 825 халықаралық
шартты бекітті (заңдар деңгейінде − 702, Жоғарғы Кеңестің қаулылары − 57 және Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлықтары − 66). Осы бекітілген халықаралық шарттардың 33-і адам құқықтары саласындағы
50
әмбебап көпжақты конвенциялар болып табылады (Қазақстанның БҰҰ, ХЕҰ мүшелігі аясында). Аталған 33
конвенциядан БҰҰ-ның 7 конвенциясы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын белгілейтін болып
табылады, олар бойынша Қазақстан осы ұйымға мерзімді ұлттық баяндамаларды ұсынып отырады».
Бұдан әрі осы құжаттың 92 т.: «ТМД кеңістігінде Қазақстан біріншінің бірі болып адам құқықтары
саласындағы Ұлттық іс-әрекеттер жоспарын қабылдады. Ұлттық жоспар азаматтық қоғаммен бірлесіп
әзірленді және мемлекеттік Құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында іске асырылуда» деп баяндалған.
Біз қарап жатқан құжаттың 93 т. «барлық халықаралық шарттар бекітілгендіктен Қазақстан Ре-
спубликасы Конституциясының 4 б. сәйкес олардың республика заңдарынан басымдығы болады және
халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттер-
де, тікелей қолданылады». ҚР Президенті және ҚР Үкіметі Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.
Жалпы базалық құжаттың келесі 94 т. былай деп айтылған: «ҚР Орталық мемлекеттік органда-
ры, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасымен халықраралық шарттар бойынша қабылданған
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді, осындай халықаралық шарттардан шығатын, Қазақстан
Республикасына тиесілі құқықтардың іске асырылуын бақылайды».
Құжаттың осы бөлімінің қорытындысында: «бекітілген халықаралық нормаларын сот практика-
сында белсенді қолдануды қамтамасыз ету үшін 2008 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы»
нормативті қаулыны қабылдады. Онда ол «судьяларды Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы
заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылатын Республика қатысатын халықаралық шарттардың норма-
ларын басшылыққа алуға міндеттеді» деп баяндалған.
Құжаттың «Халықаралық ынтымақтастық» бөлімінде: «Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық
институционалдық механизмдер арасынан мемлекет Адам құқықтары жөніндегі комитеттің, Азаптауларға
қарсы комитеттің, Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің, Әйелдерге қатысты кемсітушілікті
жою жөніндегі комитеттің жеке шағымдарды қабылдау құзыретін таныды. Қазақстан, шарттық органдарға
өз баяндамаларын мерзімді ұсына отырып, олардың ұсынымдарын орындау үшін бар күшін сала және өз
заңнамасын аталған шарттарға сай келтіре отырып, адам құқықтары саласындағы халықаралық-құқықтық
бақылау механизмдерімен тұрақты түрде ынтымақтасады. Осы сәтте мемлекет алғашқы баяндамаларын, ал
кейбір комитеттерде – екінші және үшінші мерзімді баяндамаларын табысты қорғады, бұл Қазақстанның өз
міндеттемелерінен бұлжымастығының маңызды дәлелі болып табылады. 2010 жылы Қазақстан Адам құқықтары
жөніндегі Кеңес аясында Әмбебап мерзімді шолу рәсімінен табысты өтті» деп айтылады (174-175 тт.).
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы заңнаманың қалыптасуын және
халықаралық ұйымдарға есептерді беруді шағын (мақала шеңберімен шектелген) шолу, елде осы бағытта
ұйымдастырушылық, заң шығарушылық, әлеуметтік-экономикалық және басқа мазмұнды қамтитын
бірталай қызмет атқарылып жатқанын көрсетеді.
Қазақстан ӘМШ бірінші кезеңінен өткен кезде ұсыныс ретінде «заңнаманың және практиканың
халықаралық құқықтық жүйе қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін, «құқықтың үстемдігін,
соның ішінде сот билігінің тәуелсіздігін және сот процестерінің әділдігін нығайта беру», «судьялардың
өз функцияларын бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес орындауын қамтамасыз ету үшін нақты
шараларды қолдану» деген тілектер айтылды. Осы және басқа ұсынымдарға Қазақстан «олар немесе
орындалған, немесе орындалуда» деп хабарлады [7]. Осы мәлімдемемен Қазақстанның үкіметі өзіне
аталған ұсыныстарды орындауға «ерікті міндетті» алды.
Елдегі адам құқықтарын қорғауды жетілдіру көп аспектілер бойынша Конституциялық Кеңестің
және Жоғарғы Соттың сан қырлы қызметімен бағытталады, түзетіледі, толықтырылады. Қазақстан
Республикасының Конституциясы бойынша «Республикада мемлекеттік билік біртұтас» екенін ескере
отырып, мына ұсыныстарды айтуға болады деп есептеймін .
51
• Женевадағы адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардағы интерактивті сұхбаттасу кезінде Қазақстан
Республикасының делегациясы құрамына Конституциялық Кеңестің өкілдерін енгізу, бұл конституциялық
бақылау органының халықаралық ынтымақтастың осы бағытында заттық қатысуына мүмкіндік берер.
• Жоғарғы Сот басқа мемлекеттердің, мысалы, адам құқықтарының ең маңызды салалары бойынша сот
практикасын қорытып, шарттық органдармен әзірленген және олардың жалпы тәртіптегі ескертулерінде
көрсетілген халықаралық-құқықтық стандарттарға негізделген тиісті қаулыларды қабылдаған Колум-
бия, ОАР сот практикасынан үлгі ала алатын еді. Осындай қаулылар ұлттық құқық қорғау жүйесіндегі
кемшіліктерді анықтауға және жоюға және құқық қолданушы органдарға адам құқықтары жөніндегі
тиісті халықаралық шарттардың ережелерін түсіну және мемлекетішілік деңгейде іске асыру бойынша
кәсіби кеңестер беруге мүмкіндік жасайды.
• Әділет министрлігінің, Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Соттың қамқорлығымен адам
құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық стандарттарды зерттеу бойынша, адам құқықтары
жөніндегі ұлттық мекемелердің жұмысы бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру. Лектор-
лар ретінде адам құқықтары жөніндегі түрлі шарттық органдардың мүшелерін шақыру қажет. Осындай
курстардың маңызды сегменттерінің бірі, онда тиісті комитеттердің адам құқықтары жөніндегі негізгі
келісімдердің ережелерін қалай түсінуге және қолдануға болатыны туралы пікірлері жазылған, адам
құқықтары жөніндегі шарттық органдармен қабылданған Жалпы тәртіптегі қорытындыларды зерт-
теу болуы тиіс. Осы саладағы білімді тереңдету адам құқықтары саласындағы халықаралық-құқықтық
стандарттарға негізделген құқықтық ұстанымдарды анықтауға мүмкіндік береді.
• Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Соттың осы үрдістердегі белсенді рөлі Қазақстан Респу-
бликасы қатысушысы болып табылатын адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдер ережелерінің
мәртебесін анықтау және жалпы юрисдикция сотымен тікелей қолдану бөлігінде белгіленген
қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Құқықтық демократиялық мемлекетті құру жолы әрқашан мемлекетішілік, сондай-ақ халықаралық
ауқымдағы қандай да бір қазіргі заманғы сын-қатерлердің ең тиімді шешімін іздестірумен сүйемелденіп
отырады. Көптеген ғалымдар мен практиктер сияқты, Қазақстан Республикасының негізгі Заңының
мазмұны сарқылмас екеніне сенімдімін, осыған сәйкес Конституциялық Кеңестің де қызметі әрқашан
қажетті болады. Осы қиын және игілікті жұмыста әріптестеріме табыс тілеймін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабының 1 тармағын ресми түсіндіру туралы.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001 ж. 21 желтоқсандағы № 18 Қаулысы //
http://www.ksrk.gov.kz.
2. Aslan Abashidze The relationship between international law and municipal law: significance of monism
and dualism concepts // Basic Concepts of Public International Law - Monism and Dualism / Ed. by Marko
Novakovic, Belgrade, 2013.
3. Абашидзе А.Х. Мемлекеттердің конституциялары халықаралық шарттардың мәртебесі тура-
лы (салыстырмалы–құқықтық талдау) // Ресей Халықтар достастығы университетінің хабаршысы.
Топтамасы: заң ғылымдары. М: РУДН, 2012, № 5.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы: Ғылыми-практикалық түсіндірме. - Алматы: Ра-
ритет, 2010.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы: Ғылыми-практикалық түсіндірме. - Алматы: Ра-
ритет, 2010.
6. БҰҰ құж. HRI/CORE/KAZ/2012, 2012 ж. 19 қыркүйек.
7. БҰҰ құж. A/HRC/14/10, 23 March 2010.
52
Қ
азақстан үстіміздегі жылда мерейлі тойын - қолданыстағы Конституцияның 20 жылдығын атап өтеді.
Осыған орай конституциялық даму саласындағы жұмыстардың кейбір қорытындыларын шығарғымыз
келеді. Контситуцияны қабылдау Қазақстан Республикасының бүкіл заңнамасын дамытуға қуатты
күш берді. Сонымен бірге, жеке және қоғамдық, саяси және мәдени, әлеуметтік және экономикалық
тіршіліктің түрлі аспектілерін нормативті реттеуді жүйелі, ретті және бірте-бірте енгізуді қамтамасыз
ету маңызды. Басқаша айтқанда, конституциялық іргетаста дұрыс және үйлесімді заңнамалық ғимаратты
тұрғызу үшін ақылға салынған құқықтық саясат қажет. Осыдан он жеті жыл бұрын, елдің даму перспекти-
валары туралы сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның Консти-
туциясы мықты президенттік республиканың орнығуын және өкілеттіктерді билік тармақтары арасында
бөлуін заңды ресімдеді. Азаматтық қоғамның институттары құрылды, адам құқықтарының кепілдіктері
сақталады, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс істейді» деп айтқан [1, 165 б.]. Осылайша,
қолданыстағы Конституция күшіне енгеннен кейін көп ұзамай Қазақстанның ұзақмерзімді құқықтық
саясатының негізі салынды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Конституциясының 40 б. 1 т. сәйкес,
мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын одан әрі анықтау мақсатында 2009 жылы маңызды
құжат – Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі құқықтық саясатының
тұжырымдамасы (2014 жылғы 16 қаңтардағы өзгерістермен және толықтырулармен), ал бұдан бұрын
2010 жылға дейінгі осыған ұксас бағдарлама қабылданғанын еске алу қажет.
Ресей ғалымы А.В. Мальконың пікірі бойынша, «қазір, құқықтық реформа жағдайында, алдыңғы
қатарға құқықтық саясат шыға бастады, оны тиісті құрылымдардың (ең алыдмен мемлекеттік және муни-
ципалды органдардың) тиімді құқықтық реттеу механизмін құру жөніндегі, адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын әбден толық қамтамасыз ету, тәртіпті, заңдылықты және қоғам мен жеке тұлғаның
құқықтық мәдениеті мен құқықтық өмірінің жоғары деңгейін нығайту сияқты мақсаттарға жету үшін заң
Алексей АВТОНОМОВ
–
БҰҰ Нәсілдік кемсітушілікті жою
комитетінің мүшесі (2012-2014 жж. – оның
төрағасы), ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының
нәсілдік алалаушылыққа, ксенофобияға және
кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі,
«Мемлекет және құқық» журналының бас редакторы,
Ресей Ғылым академиясының Мемлекет және құқық
институтының бас ғылыми қызметкері, заң
ғылымдарының докторы, профессор
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА)
53
құралдарын өркениетті пайдалану жөніндегі ғылыми негізделген, бірізді және жүйелі қызметі ретінде
түсінуге болады» [2, 54 б.]. Жоғарыда айтылғандай, құқықтық реформаны іске асыру тек Ресей үшін ғана
емес, Қазақстан үшін де өзекті. Және, әрине, құқықтық саясатты мемлекеттің тиісті реттеуді талап ететін
маңызды даму салаларында заң қорын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты қызметі ретінде
жүргізу өзекті болады. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі құқықтық
саясатының тұжырымдамасы туралы» (2014 жылғы 16 қаңтардағы өзгерістермен және толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығында ұйғарылғандай
«қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістеріне, жинақталған тәжірибеге және Қазақстандық мемлекет
пен қоғамның таяу және алыс перспективалары туралы ғылыми негізделген, іргелі ұсынымдарға сүйенген
бірыңғай құқықтық саясат қажет». Қазақстанда кезекті Құқықтық саясат тұжырымдамасы белсенді іске
асырылуынан басқа, ұлттық және халықаралық деңгейдегі эккономикалық, әлеуметтік және саяси өмірдегі
өзгерген жағдайларға және жаңа сын-қатерлерге орай құқықтық саясатты түзетулер де жүргізілуде,
2014 жылдың қаңтар айында (яғни, Жарлықты және, тиісінше, Тұжырымдаманы іске асыру басталғаннан
кейін төрт жыл өте) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі
Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасына арналған Жарлығына өзгерістер
мен толықтыруларды енгізу осыған дәлел бола алады.
Кезекті құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мерзімі аяқталуына дейін бес жыл қалғанына
қарамастан, осы және бұдан бұрынғы Тұжырымдаманы іске асырудағы мемлекеттің және қоғамның ин-
ституттарын одан әрі демократиялауға бағытталған жетістіктері мен проблемалары енді байқалды. Атап
айтқанда, қолданыстағы Конституцияны мақұлдаған күннен өткен жылдары Қазақстан Республикасының
тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік және қоғамдық институттардың
дамуына шынында позитивті әсер еткен маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Сонымен қатар, кейбір
жоспарлар іске асырылмай қалды. Осылайша, ол үшін заңнамалық база дайындалғанына қарамастан,
ювеналды юстицияны толықауқымды енгізу әлі де аяқталған жоқ.
Алайда, Тұжырымдаманы іске асыру барысында ұлттық заңнаманың негізгі салалары елеулі
жаңартылды: конституциялық, азаматтық, Әкімшілік, салықтық, банктік, қаржылық, кедендік,
экологиялық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамалары. Өткен жылда-
ры кодификацияланған жаңа актілер қабылданды, олардың қатарында Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері
(2003), Еңбек, Экология кодекстері (2007), Бюджеттік, Салық кодекстері (2008). Көбінесе осылар арқылы
елдегі норма шығарушылық үрдісті жаңа сапалы деңгейге шығару мүмкін болды.
Елдің үдемелі дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қолданған шаралар арасында заң
жобалық қызметті перспективалық жоспарлау; нормативті құқықтық актілер жобаларының ғылыми са-
раптамасын, атап айтқанда, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминалистік сараптаманы жүргізу,
сондай-ақ, қабылданатын заңдарды толық қаржылық қамсыздандыру. Парламент палаталарының рөлін
және бір уақытта елдегі жағдай үшін жауапкершілігін нығайтқан, 2007 жылы қабылданған «Қазақстан
Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңы туралы жеке
айтуға болады. В.А.Малиновскийдің айтуынша, «конституциялық реформа – Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету үшін қатаң бәсеке жағдайында да қара бастың қамы емес. Бұл оны
жоғалту салдары насырға шабатын елдің басқарушылығы шүбәсіз сақталған жағдайда саяси өмірді бел-
сендете түсу құралы» [3, 43 б.] . Ендеше, Конституция құндылықтарын құрастырушылардың бірі құқықтық
реттеудің тұрақтылығы, ал екіншісі қоғамдық дамудың маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру болып
табылатынына назар аударайық. Кез келген мемлекеттің Конституциясы (әрине, ол жалған болмаса) ел-
мен бірге дамып, өмір сүреді. Кез келген Конституцияны дамыту конституциялық ережелерді нақтылайтын
заңнаманы қабылдау жолымен, Конституцияның заңи үстемдігін қамтамасыз ететін органдардың актілерін
түсіндіру жолымен, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен жүргізіледі.
Сол кезде Конституцияны дамытудың алғашқы екі жолы Конституцияның өзінің әріпімен және ру-
хымен, мәтінімен және мәнімен шектеледі, ал үшіншісі – Конституцияны өзгертуге мүмкіндік береді, бұл
оған бұрын болмаған сын-қатерлерге орай әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Сондықтан, әр Конституция
54
уақыт өте бере түзетулерді енгізуді қажетсінеді, бірақ Конституцияны жөнсіз жиі өзгертулер құқықтық
реттеу тұрақтылығын бұзбас үшін, осындай түзетулердегі қажетсінудің шынында уақыты жету керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер дүркін-дүркін енгізіліп отырады, бірақ сонша
жиі емес, оның үстіне, олар Республиканың қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістерден туын-
дайды және қолданыстағы Конституция жүйесіне сай келеді.
Азаматтық қоғам мен мемлекет институттарының диалогын және өзара іс-қимылын дамытуға, жергілікті
өзін-өзі басқаруды дамытуға бағыталған беталысты бірізді жүзеге асырудың маңызды мәні бар екендігі сөзсіз,
бұл кейіннен тұтас социум мен мемлекеттің жағдайына игілікті әсер етеді. М.Ә. Әбішева атап өткендей, «Қоғамдық
құрылысты бірізді демократияландыру мемлекеттің де, ұлттың да бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қажетті
шарты ретінде қабылданады. Оған қоса, оның аясында қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік
жаңғыруы жүзеге асырылатын қолданыстағы Негізгі Заңның әлеуетін және ресурстарын бағалау заңға сай
жүріп отырады» [4, 29 б.]. Азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылы қазіргі
жағдайда тұрақты демократияның нақты іргетасы болып табылады. Қоғам мен мемлекеттің арақатынасы М.Т.
Баймахановтың әйгілі «Мемлекет және құқық негiздерi» [5] деген жұмысында ашылған, алайда, әр елдің нақты
демократиясы әр тарихи кезең жиынтығында халық атынан мемлекеттік билікті жүзеге асыратын құрылыстар
мен органдардың азаматтық қоғамның жұмысы барысында еркін қалыптасатын тура және кері байланысының
ерекше нысандары мен әдістерін ашуды және пысықтауды қажеттенеді. Сол кезде ел дамуының ахуалына және
шарттарына сайма-сай азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік органдары институттарының өзара іс- қимылы
тиісті құқықтық базаны қажетсінеді. Сондықтан аталған өзара іс-қимылды нормативті реттеуді қамтамасыз
ету құқықтық саясаттың түбегейлі бағыттарының бірі болуы тиіс. Қазақстанда осы салада заңнамалар
қабылданады, бірақ азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік органдары институттарының өзара іс- қимылын
толығымен нормативті реттеуді қамтамасыз ету жөніндегі резервтер әлі де едәуір.
Бұдан бұрын атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының Конституциясындағы өзгерістер кейбір
мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктерін нақтылауды қозғады. В.А.Малиновскийдің орынды ескертпесі
бойынша, «қандай да бір құрылымның мемлекеттік механизмдегі орнын және рөлін талдау мақсаты органның
мақсатын, функцияларын, мәртебесін және нысанын, басқаша айтқанда, басқарушы организмнің басқа инсти-
туттарымен өзара іс-қимылдағы ұйымдастырушылық әлеуетін түсіну болып табылады; сондай-ақ басқарушы
құрылымды осы әлеуеті барынша пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайда ұстау жөніндегі шараларды
әзірлеуді тұспалдайды» [6, 13 б.]. Осындай көзқарас мемлекеттік құрылыс саласындағы құқықтық саясатты
билікті іске асыру механизмінің функционалдық және институционалдық компоненттерін уақыт жағдайына
қарай өзгеріп отыратын міндеттерді шешу үшін оның жұмысын жетілдіру бағытында түрлендіру жолымен
құруға мүмкіндік береді. Салыстырып дұрысталған құқықтық саясат билік органдары мен деңгейлері арасында
өкілеттіктерді үлестіруді және қайта үлестіруді түзетуге мүмкіндік береді. Билікті жүзеге асыру механизмінде
жергілікті өзін-өзі басқару демократияның базалық деңгейі ретінде ерекше орынға ие.
Қолданыстағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқаруды дамы-
ту нәтижесі халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі белсенділігін және жергілікті жерде
қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру болады. 2010-2020 жж. арналған Тұжырымдама, оған сәйкес
мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін жасау мақсатында осы жұмысты мемлекеттік
биліктің әртүрлі деңгейлерінің арасындағы қызмет салаларының, функциялары мен жауапкершілігінің
аражігін одан әрі ажыратумен бір мезгілде жүргізу қажет болатын ережені көздейтінін атап өту қажет.
Бұл жерде құқықтық реттеу механизмдерін жетілдіру көбінесе құқық шығару және құқықты қолдану
үрдістеріне ақпараттық технологияларды, сондай-ақ, ғылыми сараптаманы енгізумен байланысты.
Конституция құқықтық саясатты әзірлегенде де, сондай-ақ, оны іске асырғанда да маңызды рөлді
атқарады. М.Т. Баймахановтың айтуынша, «барлық нормативті реттеудің өзегі бола отырып, Конститу-
ция демократиялық азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, республиканың
тәуелсіздігін нығайтуға, оның экономикасы мен мәдениетін жандандыруға, жеке адамдардың
мәртебесін жетілдіруге мүмкіндік жасауы тиіс» [7, 362 б.]. Конституция бір уақытта Құқықтық саясат
тұжырымдамасының іргетасы да, және ол бағытталған объектілердің бірі де болып табылады.
55
Демек, аталған Тұжырымдамада заң жобаларының сараптамасына ғылыми құқықтық сараптаманың
барлық түрлерін бекітетін, «құқық шығару үрдісі барысында нормативті құқықтық актілерді қабылдаудың
қаржылық-экономикалық, саяси-әлеуметтік салдарларын толық есепке алуды қамтамасыз етуге»
мүмкіндік беретін дұрыс көзқарас ұсынылған. Сонымен ғылыми сараптама жүйесін дамыту мемлекет пен
қоғам дамуының қазіргі жағдайына және келешек перспективасына сай нормативті құқықтық актілердің
жобасын дайындау міндетін шешуге көмектеседі.
Конституциялық бақылау да маңызды рөл атқаратыны күмәнсіз. Бұл барлық мемлекеттерге қатысты,
өйткені, әр жеке алынған елдің олардың мемлекеттік-құқықтық дамуына байланысты ерекшеліктеріне
қарамастан, конституциялық бақылаудың бір ғана маңызды міндеті бар– бұл қабылданатын және
қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерінің конституцияға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру,
сондай-ақ, қандай да бір қайшылықтар анықталған жағдайда, тиісті шаралар қолдану.
Әрине, сот-құқықтық реформасы барысында сот төрелігін іске асырған кезде соттардың тәуелсіздігін
нығайту, сондай-ақ, сотты ізгілендіру бағыты конституциялық деңгейде жалғастырылуы тиіс екенін атап
өтпеуге болмайды. Атап айтқанда, қамауға алуды сотпен санкциялау енгізілді, прокуратурамен және сот-
пен тергеуді жүргізу мүмкіндігіне конституциялық тыйым салу алып тасталған, өлім жазасын қолдану
саласы қысқартылды, бұл Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын білдіреді.
Тұжырымдама халықаралық стандарттарды пайдалануға, сондай-ақ «қазіргі кезеңде басым ұлттық
жобаларды табысты іске асыру, қоғамдық маңызы бар өзекті міндеттерді шешу теңгерімді құқықтық сая-
сат жүргізуден тікелей туындайды, бұл үшін тек өз тәжірибесі мен практикасын ғана ескеріп қана қоймай,
қажет кезде біздің құқықтық жүйемізге дәстүрлі түрде тән болмаса да, іс жүзінде өзінің тиімділігін
дәлелдеген, біздің ұлттық мүдделерімізге сай келетін басқа да институттарды пайдаланатын барынша
прагматизмді» пайдалануға бағыттайды. Бүгінгі әлемде бір құқықтық жүйенің институттарын басқа
жүйеге пайдалану үрдісі байқалады, бірақ кез келген табысты пайдаланулар тек осы мәселені мейлінше
пысықтау, алынатын құқықтық институт жұмыс істейтін жағдайларды зерттеу, оларды өз еліндегі
жағдаймен салыстыру, шетел институтын отандық құқықтық жүйеге және институт жұмыс істейтін
рецепиент-мемлекеттегі жағдайға бейімдеу негізінде ғана мүмкін болады.
Алға қойылған міндеттерді жоспарлы түрде жүзеге асыру Қазақстан Республикасына мәлімденген
аса күрделі, бірақ маңызды стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік берері сөзсіз – 2050 жылға
қарай әлемнің ең дамыған отыз мемлекеті қатарына кіру, бұл тек заңның үстемдігін, ел азаматтарының
құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды, олардың өмір сапасын және мемлекеттің тұрақтылығын арт-
тыруды қамтамасыз ететін құқықтық жүйе жағдайында ғана мүмкін болмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан XXI ғасыр қарсаңында. Алматы: Өнер, 1998.
2. Ресейдің құқықтық саясаты: теория мен практика. / Н.И.Матузов және А.В.Малько. ред. М.: ТК
Велби, Проспект басп., 2006 ( «Құқықтық саясат қазіргі Ресейдегі құқықтық реформа жағдайында»
бөлімі А.В.Малько жазылған).
3. Малиновский В.А. «Қазақстан: жаңа әлемге жаңартылған Конституциямен» // Конституциялық ре-
форма – Қазақстан дамуындағы жаңа кезең. 22 мамыр 2007 ж. Алматы: ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, 2007.
4. Абишева М.А. «Қазақстан Республикасының партиялық жүйесін дамыту перспективалары
конституциялық реформа тұрғысынан».
5. М.Т. Мемлекет және кұқық негiздерi. Алматы: Жетi жарғы, 2001, 5-7 б. («Коғам және мемле-
кет»), 75-76 б. («Мемлекет және коғамдық ұйымдар»).
6. Малиновский В.А. «Қазақстан Республикасының Президенті: билік және қызметті қамтамасыз
ету құралдары». Алматы: АЮ-ВШП «Әдiлет», 2003.
7. Баймаханов М.Т. Мемлекет және құқық теориясы бойынша таңдаулы еңбектер. Алматы: АЮ-
ВШП «Әдiлет», 2003.
56
Б
иыл Қазақстан өз Конституциясының жиырмажылдығын атап өтеді. Мен Қазақстан елін құқықтың
үстемдігі және азаматтардың конституциялық құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген
мемлекет пен қоғамды құру жолындағы жетістіктермен құттықтауға қуаныштымын.
Америка Құрама Штаттары бүгінге дейін мемлекеттің негізі болып келе жатқан бұрынғы Консти-
туциясын мақтан тұтады. Ол Штаттармен 1787 жылы әзірленіп, бекітілген. Келесі екі жүз жыл ішінде
оған америкалық қоғамдағы өзгерістердің көрінісі болып табылатын өзгерістер 26 рет енгізілді. Тарихи
бола тұра, Америка Құрама Штаттарының Конституциясы қолданыстағы құжат болып табылады және
американдықтардың өміріне қатысты барлық дауларға, соның ішінде АҚШ Жоғарғы Сотының шешімдеріне
қатысады. 220 жыл бұрын пергаментте жазылған конституцияның түпнұсқасы қазір қорғауда және біздің
Ұлттық мұрағатта сақталатынына қарамастан, Жоғарғы Соттың судьялары өз қаулыларының көбінде осы
конституцияға тікелей сүйенеді.
1789 жылы америкалық мемлекеттің негізін қалаушылары «одан гөрі жетілген одақты құру үшін»
конституцияны құру қажет деген ойға келді. Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алып, штаттар құрамы
адамдардың қауіпсіздігі мен өркенді өміріне кепілдік беретін бірізді басқару нысанын дамыта отырып,
көптеген қиыншылықтарға тап болды. Филадельфияда өткізілген жиналыс нәтижесінде Одақтың барлық
көп санды да, аз санды да, Оңтүстік де, Солтүстік де штаттары атынан әрекет ететін Құрама Штаттардың
федералды үкіметін құруға мүмкіндік беретін құжат жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |