«Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында эссе


Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы



бет2/2
Дата12.05.2023
өлшемі16,68 Kb.
#92086
1   2
Байланысты:
« аза станды тарды экологиялы м дениетіні алыптасуы мен даму

Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы.
Қазіргі экологиялық жағдайда актуалды бола бастаған экологиялық апаттың қауіптілігі адамның табиғат күштері алдындағы әлсіздігін табу жолындағы мистикалық көзқарастың туындауына мүмкіндік туғызды.
Қоғамдық сананы экологияландыру үрдісін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады: біріншіден, адамның табиғатқа қарым – қатынасын әр түрлі сезім формасында көрсетуі(немқұрайлылық, үрей, байбалам т.б); екіншіден, экологиялық мәселеге аса қызығушылық таныту( биосферадағы эволюциялық өзгерістердің мәнін көрсету, оның тұтастығының детерминациясын көрсету); үшіншіден, табиғи құбылыстарды түсінуден әлеуметтік іс — әрекетке көшу, жағымды іс — әркетке көшу; төртіншіден, адамның табиғатқа қатысты жауапкершілік деңгейінің жоғарылауы, күнделікті өмір барысында көрініс табатын экологиялық сананың тұлғаның ішкі мәдениетінің элементі ретінде болуы. Қазіргі кезде ауыр экологиялық тоқырауға технократиялық өркениеттің жолын таңдаған және сол мүмкіндіктер арқылы ондағы бар, бірақ қажетті деңгейде талап етілмеген әлеуметтік – мәдени дамуды ескермеген адам кінәлі. Экологиялық мәдениет білім берудің барлық салаларына енуі қажет және тұрғындардың барлық топтарын қамтуы абзал. Ол қоғамның табиғатпен тепе – теңдік ұстай алу қабілеті ретінде дамуы керек. Көптеген ғалымдар мен мамандардың ойынша экологиялық дағдарысты тек экологиялық мәдениеттің негізінде ғана еңсеруге болады, оның негізгі маңызы адам мен табиғи ортаның бірге үйлесімді дамуы, сондай – ақ қоршаған ортаға тек материалдық қана емес, сонымен бірге рухани құндылық ретінде қарау.
Қазақстандықтардың экологиялық мәдениет
Дамыған елдерде осы мәселе бойынша иық тірестіре қимыл жасайтын қоғамның үш жетекші күшінің — мемлекеттік құрылым, кәсіпкерлік сала және «үшінші сектор делінетін беймемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік мүдделестігіне қол жеткізуге бізде әлі ертерек. Алайда, өркениетті даму жолына біржола маңдай түзеген әрқандай ел жоғарыда аталған шаралар кешеніне арнап, соның ішінде әлем құлақ түріп, көз тігіп отырған экология саласында да берік құқықтық негізді бүгіннен бастап қалап қоюы тиіс» [7]. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап өзінің статусын жан – жақты және белсенді көтере бастады, экологиялық қарама – қайшылыққа көп көңіл бөле бастады. 1997 жылғы 23 маусымдағы БҰҰның арнайы сессиясында ел басым ыз Н.Ә.Назарбаев әлемдік қоғамдастықты экологиялық мәселелерді күш біріктіре отырып, соның ішінде оның ойынша әлемдік маңызы бар Семей полигоны және Арал теңізі мәселелерін шешуге шақырды. Халықтың табиғи ортаны қорғауға белсенді қатысу қажет екендігін түсінбейінше салынған күш күтілетін нәтиже әкелмейді. Әрине экологиялық мәдениеттің қалыптасу процесінде мемлекет, мемлекеттік саясат қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен рөл ойнайды. Мемлекет экологиялық саясаттың субъекті ретінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету керек. Әсіресе, бүгінгі экологиялық апат біздің елімізге қауіп төндіріп тұрғаны барлығымызға да белгілі. Ғасырлар бойы адам баласы өзін табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде сезініп, одан өзіне керектің барлығын алды. Бірақ оған келтірілген зиянның орнын толтыруға, дер кезінде қамқорлық жасауға әдеттенбеді. Экологиялық тәрбие беру – адамзат баласының әр бір іс – әрекетіне шек қоя отырып, экологиялық жағдайды жақсартудың бірден – бір жолы. Осыған қатысты « Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасында» берілетін пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар факторлармен толықтыру арқылы осы үдерісті жүзеге асыру керек екендігі айтылған. Ғылыми – техникалық даму кезінде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – біздің өмір сүріп, күнделікті тіршілік қажеттілігімізге қолданып отырған табиғатты қорғау, сақтау және оның сан алуан байлықтарын қолдан келгенше орынды да ұқыпты пайдалану болып отыр. Қоршаған ортаны шексіз игерудің себебінен табиғат тепе – теңдігі бұзылды, жер эрозияға ұшырады, судың тазалығы өзгерді, тірі организмдердің саны азайды және адам баласының денсаулық жағдайы өзгерді т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет