Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы



бет5/5
Дата27.11.2022
өлшемі30,45 Kb.
#52962
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өзінің ішкі

5.


ІІ. Дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлердің нацистік партиясының басқаруындағы Германияның
соғысқұмарлығы Шоқайдың Париждегі күнделікті өмірінің толықтай өзгеруіне себеп болды.
Неміс армияларының Польшаны басып алуы Еуропада соғысқа жетелейтін керістікті жағдайдың
тууына жол ашты. Мұнымен тек Шоқайдың ғана емес, бүкіл Еуропа елдерінің, әсіресе
Германияға көршілес Франция халқының тұрмыс-тіршілігі астаң-кестең болды. Осыған мезгілдес
неміс армиясы мен кеңес армиясы жаулап өзара бөлісіп алған Польшаның астанасы Варшавада
“Прометей Одағының” жұмыстарының тоқтап қалуы заңды еді. Алайда әлі соғысқа араласпай
бейбіт жатқан Францияның өзінде аласапыран жағдай қалыптаса бастады. Соғыс қаупіне
байланысты бұл елдегі босқындардың барлық шығармашылық іс-қимылдары тоқтап қалды.
Олардың ішінде Шоқайдың 1929 жылдан бері үздіксіз шығарып келе жатқан “Яш Түркістан”
журналы да бар еді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен сабақтары



Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен сабақтары

Екінші дүниежүзілік соғыс - адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Бұл соғысқа 61 мемлекет қатысты. Соғыс жылдарында 70 млн астам адам өлдi. КСРО жағынан 26 млн адам қаза болды. Германия барлық майданда 12 млн адамынан айрылды. АҚШ-тың 405 мың адамы, Ұлыбританияның 375 мың адамы өлдi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың негiзгi қорытындысы. КСРО және АҚШ, Ұлыбритания, Франция мемлекеттерiнiң антигитлерлiк қарсылық бiрлiгiнiң барысында фашизм талқандалды. Фашистiк мемлекеттер Германия, Италия, Жапония жеңiлдi. Фашизмнiң қол астындағы халықтар күрес жүргiзiп, өз елдерiнiң тәуелсiздiгiн орнатты. Фашистiк Германия мен 178 милитаристiк Жапонияны жеңуде КСРО халықтарының Ұлы жеңiсi маңызды роль атқарды, соғыстың негiзгi ауыртпалығын КСРО мемлекетi көтердi. Фашистiк Германияның КСРО-ға қарсы жасаған соғысы қарама-қарсы екi қоғамдық жүйенiң күресi болды. Кеңес халықтарының Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлiгi бүкiл дүниежүзiлiк тарихта маңызды орын алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес коммунистiк партиясы И.В.Сталиннiң басшылығымен өз Отанының бостандығы мен тәуелсiздiгiн сақтап, дүниежүзi халықтарын фашистiк құлдықтан қорғап қалды. Көп ұлтты Кеңес халықтарының Отан сүйгiштiгi мен социализмнiң болашағына деген сенімі бүкiлхалықтық сипат алды. Кеңес халықтарының туысқандық семьядағы ұлдары мен қыздарының ерлiктерiн елiмiз жоғары бағалады. 11618 кеңес жауынгерлерiне Совет Одағының Батыры атағы берiлдi. Олар: 8160 орыс, 2068 украин, 309 белорус, 161 татар, 108 еврей, 104 қазақ, 90 грузин, 90 армян, 69 өзбек, 61 мордван, 47 дағыстан, 18 түркмен, 15 литван, 14 тәжiк, 12 қырғыз т.б. Кеңес әскерлерiнiң азаттық миссиясы Еуропа және Азияның бiрқатар мемлекеттерiн фашизмнен азат еттi. Бұл елдер де халықтық-демократиялық революциясының барысында капитализмнен социализмге өттi. Соның нәтижесiнде дүниежүзiлiк социалистiк жүйе пайда болды, капитализм жүйесiнде дағдарыс жалғасты. Дүниежүзiлiк социалистiк жүйенiң пайда болуы соғыстың аса көрнектi қорытындысы болып табылады. Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропада мына елдер социалистiк қоғамға өттi: Албания, Югославия, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Польша, Герман Демократиялық Республикалары. Милитаристiк Жапонияны талқандаудың барысында Азияда Корей Халық Демократиялық Республикасы (Солтүстiк Корея), Въетнам Демократиялық Республикасы (Солтүстiк Въетнам), 1949 жылы Қытай Халық Республикасында социалистiк қоғам орнады. 1959 жылы Кубада Социалистiк қоғам орнады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет