1941 жылы 18 шілдеде БКП (б) ОК «Неміс əскерінің тылында күресті ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда ерекше айтылатын міндет герман жаулаушылары үшін адам төзгісіз жағдай жасау, олардың байланыстарын үзіп, əскери техникаларын істен шығару, барлық іс- шараларын жүзеге асыруға жол бермеу, басқыншылар мен оларды қолдаушылардың көзін жою, атты жəне жаяу əскер партизандық бөлімдерді, диверсиондық жəне атқыштар топтарын құруға барынша көмектесу, басып алынған территорияларда жауға қарсы барлық жұмыстарды басқару үшін большевиктік астыртын ұйымдардың желісін құру болды. Сонымен қатар онда жау тылындағы күресті барынша белсендендіру туралы айтылды, бұл істі ұйымдастыруды республикалық, облыстық, аудандық, партиялық жəне кеңестік ұйымдардың жетекшілеріне жүктеді. 1941 жылы 28 шілдеде кеңес халқын жау уақытша басып алған аудандарда, жекелеген жау əскері бөліктерімен күресу үшін партизандық отрядтар мен диверсиондық топтарды құруға шақырды [2; 63].
Кеңес адамдарының асқан патриотизмінің көрінісі болып неміс-фашист басқыншыларының тылындағы бүкілхалықтық күресі болды. Тіптен басып алынған территориялардағы көпшілік кеңес азаматтары өлім қауіпін сепкен қатаң террор жағдайында да басқыншыларға мойынсұнбады, неміс билігінің экономикалық жəне саяси шараларын бұзу мен бүліктер ұйымдастыруға қатысты, олардың полицайларын жазалады. 1941 жылдың жаз-күзінде уақытша басып алынған аудандарда жасырын партизандық астыртын жұмыс жүргізушілер, комсомолдық ұйымдар жұмыс жасады. 1943 жылдың аяғында миллионнан астам кеңес халқы партизандық қозғалысқа белсенді қатысты.
Отан согысы жылдарындагы тыл енбеккерлердин корсеткен ерлиги 1. Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.
Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.
1941 жылы темір жолда әскери жағдай енгізіліп, әскер тәртібіне көшу темір жол арқылы жүк, шикізат тасуды жақсартты. Ескі жолдарда поездардың өтуі жиіледі. Ақмола-Қарталы жол бөлігі іске қосылды. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар теміржолшылардың 35 пайызын қамтыды.
1944 жылы Текелідегі қорғасын-мыс комбинатының бірінші кезегі, Өскемен мыс зауыты іске қосылды. Республикада қара металлургия, мүнай өңдеу өнеркәсібі қалыптасты. Ертісте халықтық құрьілыс Өскемен ГЭС-І салынып бітті.
Бұл жылдарда Қарағанды көміршілері Сібір, Орал, Поволжье өнеркәсіп аудандарын жоғары сапалы кокстелген көмірмен жабдықтап тұрды. Жер астында жұмыс істеген лавалардың саны 1941-1945 жылдары 63-тен 158-ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Шын мәнінде тағы бір жер асты Қарағандысы пайда болды. Соғыс жылдары Қарағанды көмір алқабында 34 млн. тонна көмір шығарылды, бұл соғысқа дейінгі бассейнде шығарылған көмірден 3 млн. тонна артық деген сөз. Мұнай кәсіпшілігінің қуаты артты. Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай мұнайшылығы іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2 мын тонна сапалы мұнай өндірді. 1941 жылғы қаңтардан 1945 жылға қаңтарға дейінгі аралықта Қазақстанның электр энергиясын өндірудегі Одақ бойынша үлес салмағы 1,31-ден 2,67 пайызға дейін өсті. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және басқа өндірістер салынды. Өнеркәсіптің өсу қарқыны артуы нәтижесінде оның республикадағы халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан 1945 жылы 66 пайызға дейін өсті. Темір жолдың ұзындығы 1940 жылғы 6581 шақырымнан 8400 шақырымға дейін жетті. Руда мен мұнай өнімдерін тасымалдау 4 есе, көмір мен қара металды тасымалдау екі есе артты. Қазақстан өнеркәсібінің соғыс жылдарындағы Жеңіске қосқан үлесі Кеңес халкының ауыр күндердегі сүйеніш, тірегі болғандығын қазақ халқы орынды мақтан етеді.
Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке қала тұрғындары келді. Республиканың колхоз- совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі - Батыс Қазақстан облысының Теректі МТС-інде істеген Украинаның атақты тракторшысы Паша Ангелинаның бригадасы. Оның берекелі бастамасы мен тәжірибесі жергілікті механизаторлар тарапынан қызу қолдау тапты. Украинаның даңқты қызылшасысы М. С. Демченко Жамбыл облысы Талас өңірінде қант қызылшасын өңдеу әдістерін өндіріске енгізуде шынайы шеберлік танытты.
Соғыс тұтқындарының тағдырым
Соғыстың алғашқы айларында кеңес әскерлері жанталасып, ауыр қорғаныс ұрыстарын жүргізіп, еріксіз шегінуге мәжбүр болып, топ-тобымен қоршауда қалып тұтқынға түсіп жатқан кездерінде 1941 жылдың 16 тамызында Мемлекеттік қорғаныс комитетінің № 270-жарлығы шықты. Бұл құжатта кеңес әскерлері қатарында жасқаншақтық, қорқақтық көрсетіп, жауға тұтқынға түсу жиілегенін атай келіп, жауынгерлерге жауға соңғы мүмкіндігі қалғанша қарсылық көрсету бұйырылды және тұтқынға түскен қолбасшылар мен саяси қызметкерлердің жанұясы қудаланатыны туралы айтылды. Шегінуге немесе жауға тұтқынға түсуге дайын тұрғандарды табанда атуға рұқсат берілді.
1941 жылдың 12 қыркүйегінде барлық атқыштар дивизияларында өте сенімді жауынгерлерден бөгеуші батальондар құру туралы № 227-бұйрық шықты. Бөгеуші батальондар шегініп, қашып бара жатқандарды тоқтатуға, егер тоқтамаса, оларға оқ атуға тиісті болды. Бөгеуші батальондар бұйрық шыққан сәттен бастап бес күн ішінде құрылып, іске кірісуге тиісті деп көрсетілді. Осылайша ауыр жағдайда қорғаныс ұрыстарын жүргізіп, аса көп шығынға ұшырап жатқан әскерлерді жүйелі түрде белгілі бір шепке шегіндіріп, болашақ шайқастар үшін сақтаудың орнына оларды екі оттың ортасында жанталасуға ұшыратты.
Алайда бөгеуші бөлімдердің әрекетіне қарамастан, алғашқы үш айда жау 3 миллионнан астам кеңес жауынгерлері мен офицерлерін тұтқындады. Бүкіл соғыс барысында тұтқынға түскендердің саны 5 миллионнан асты, олардың 57 пайызы қаза тапты. Соғыс тұтқындарының Отанына қайтып келгеннен кейінгі тағдыры да ауыр болды. 1943-1947 жылдарда 5,5 миллионға жуық соғыс тұтқындары мен Германияға жұмысқа айдалған азаматтар елге оралды. Олардың 20 пайызы ату жазасына немесе 25 жыл лагерьде жазасын өтеуге кесілді, 15-20 пайызы 5-10 жылға лагерьлерге жіберілді, 10 пайызы Сібірдің алыс аудандарына жер аударылды, 15 пайызы соғыста қирап қалған аудандарда ауыр жұмысқа салынды, 15-20 пайызы туған жерлеріне оралды, ал қалғандарының тағдыры белгісіз. Бұл қайғылы статистиканың түпкі себебі Кеңес өкіметінің тұтқынға түскен өз азаматтарының барлығын сатқындар деп санауы еді.