Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#6475
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жұмамұрат  Шəмші
тарих ғылымдарының  
кандидаты
АЛАШ ОРДАНЫҢ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІНЕ 
ƏСЕРІ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
Қазақ  əдебиетінің  тарихын,  мұқият  оқып  шыққан  адам, 
əлімсақтан  қазіргі  күнге  дейін  жалғасы  үзілмей  келе  жатқан 
ұлттық идеяны көре алады. Ол—халықтың бірлігі мен ынтымағы, 
егемендік  үшін  ешкімге  бодан  болғысы  келмеген  ел  жан  берісіп 
жан  алысты.  Соның  арқасында  халық  өзінің  ар-  намысы  мен 
беделін биікке көтеріп, абыройын асқақтатып, мерейін үстем ету-
ге тырысты. Мұның арғы тегі ғұн, сақ, түрік, түркештерден бастау 
алатыны сөзсіз. Ғұндар дəуірі, көк түрік қағанаты мен шығыс түрік 
қағанаты  тұсындағы  ойшылдарымыз  бен  ірі  билеушілерімізден 
Түмен  қаған,  Боғда  хан  ие,  Елтеріс  қаған  жəне  Тұнықұқ  би  мен 
Білге  қаған,  Күлтегін  батыр  қатарлылар  сол  Чаңан  қаласын 
өздеріне бағынышты ел ретінде қараған. Ол кез түркі тектестердің 
аталмыш аумаққа үкімі жүріп, үстемдігі асқан бір дəуір болатын. 
Қытай жазба деректері де мұны растап отыр. Алма-кезек өмірмен 
бірде толып, бірде солып жататын кезеңдер көлі біздің ұлтымызды 
тарихта талай рет шомылдырған болатын. Қай заманда болмасын 
қандастарымыз ешқашан өз бірлігін ұмытқан емес, керісінше, кез 
келген қиыншылықты бірлікпен жеңіп отырды.
Бабалар  аманаты – бірлік  еді.  Бірлік  елім  деген  тарланыңды 
талауға  бермеуден  танылады.  Бірлігі  мықты,  санасы  сергек  елге 
сырттан келер сергелдең жоқ. Сол себепті, біз қазақ үшін, сананы 

191
серпу үшін бірлікті ту, татулықты тұғыр ету тура жол. Əрине, рухы 
күшті, болашаққа сенімі кəміл халық қана қандай қиындыққа да 
шыдас бере алады. Мүмкін бұл арада атадан балаға жеткен əртүрлі 
аңыз-əңгімелердегі  қазақ  ханының  өзінің 30 ұлына  бір-бір  садақ 
беріп, алдымен бөлек-бөлек, жеке-жеке сындырып, кейін əлгі 40 
жебені  бірге  қосып,  оны  сындыра  алмауы  болашаққа  қалдырған 
үндеуі болса керек. 
Кезінде  мұны  естіген  орыс  патшайымы II Екатерина  да 
оған  үлкен  таңданыс  білдірген.  Қазақ  халқы  əу  бастан  ондаған 
ру-тайпалардан  құралғанымен,  тілі,  діні,  рухани  тұрмыстық 
байлықтары  жағынан  біртұтас  халық.  Неше  бір  қиын-қыстау 
кезеңдерде  де,  атап  айтқанда,  талай-талай  аумалы-төкпелі  сапы-
рылыстарда,  моңғол  шапқыншылығы,  орыс  отарлауы,  қалмақ-
жоңғар қысымшылығы немесе оңтүстегі қоқан хандығының бода-
нына түскен кезеңде де Еділ мен Алтай аралығын мекендеген ұлт 
пен ұлыстар ешқашан қазақтығын жоғалтқан жоқ. 
 Қазақ хандығын жасақтаған кемеңгерлер ə дегеннен мықтап 
ескерген, сахара төсінде судай сапырылысып, мидай араласқан ру-
тайпалардың хандық аясындағы ішкі құрылымын жаңаша түзген. 
Көшпелі  ру-тайпалардың  таным-түсінігіңдегі  ең  киелі  жаралым 
болып табылатын этнотекті негіз етпей тұрып жұртшылықты бір 
мүддеге  жұмылдыру  мүмкін  емес  еді.  Таза  қазақ  əдебиеті  туған 
кезде, хандық дəуірде бұл идея үзілген де, бəсеңдеген емес. Бұқар 
жырау  да  кезінде  Сабалақ,  кейін  Абылай  ханға  сондай  ақылгөй 
оппозиция болған. Ұрдажық оппозиция емес, ақылгөй оппозиция, 
Абылайға кісінің сан-сүйегін сырқыратарлық сындар айтқан. 
«Желкілдеген ту келіп, 
Жер қайысқан қол келіп, 
Сонан сасып тұрмауды, 
Алпыс басты ақ орда, 
Ардақтаған аяулы, 
Күнінде  біреуге  тегін  олжа  болмауын»  тіледі.  Мұрат  ақын 
болса  «Еділді  тартып  алғаны - Етекке  қолды  салғаны,  Жайықты 
тартып  алғаны - Жағаға  қолды  салғаны,  Ойылды  тартып  алғаны 
-  ойындағысы  болғаны»  жырлады.  Махамбеттің  Жəңгір  ханға 
«Хан  емессің  қасқырсың,  дұшпаның  сені  басқа  ұрсын.  Хан 
емессің  ылаңсың,  қара  шұбар  жылансың»  деп  айтқаны  секілді. 

192
Ел  отаршылдыққа  мойын  ұсынды.  Бірақ  тəуелсіздікті  аңсау 
тоқтамады.  Іштен  тыну,  заманның  өзгерісін  күтіп  торығу—«Зар 
заман» сарынын туғызды. 
 XX ғасырдың  басында  қазақ  киген  отаршылдық  қамыты 
қатайып, мойын бұрғызбай, күшейе түсті. Қазақтарды орыстанды-
ру, шабындық шұрайлы жерлерді тартып алып, Ресейдің түкпір-
түкпірінен  əкелінген  жерсіз  шаруаларды  қоныстандыру  саясаты 
жедел жүрді. Дамудың мешеу күйінде тұрған елді отаршылдық пен 
ұлттық езгі екі жақтан қыспаққа алды. «Отырса опақ, тұрса сопақ» 
деп үнемі сөйлеген сөзін, істеген ісін əжуалап мазақ етті, соның сал-
дарынан қазақтар бір-бірінен ұялатын жағдайға жетті, мəңгүртке 
айнала  бастады.  Қазақ  ұлтының  болашағына  қауіп  төнді.  Бұдан 
кейінгі  уақыттарда,  əділет  принциптері  бұзылып,  адамшылықты 
таптаған зұлмат жылдар, нəубет, селебе, қан қырғын - репресси-
ялар басталған кезде, көп нəрсе мүлде бұрмаланды, «байтал түгіл 
бас қайғы» дейтін күндер туды.
Отаршылдыққа  қарсы  күрес,  елдің  тəуелсіз  даму  жолына 
түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге теңелу, оқу-білім үйрену, халық 
тұрмысының  ауыртпашылықтарын  ашына  сөз  ету  бүкіл  дəуір 
əдебиетінің  ерекшеліктеріне  айналды.  Ахмет  Байтұрсынұлы  сөз 
тыңдауға  салғырт  надан  қандастарының  құлағына  маса  болып 
ызыңдаса, Міржақып Дулатұлы бар дауысымен «Оян қазақ!» деп 
жар  салды.  Соның  арқасында  ұшқыр  ой  өрісі  бар  жас  таланттар 
оянды. Ж. Аймауытов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, 
М.  Жұмабаев,  С.  Дөнентаев,  С.  Торайғыров,  М.  Əуезов  секілді 
бірін-бірі толықтыратын жастар тобы қазақ əдебиетіне жанрлық, 
тақырыптық  ізденістерін  байытып,  ел  өмірінің  шындығын  кең 
көлемде  бейнелеуге  тырысты. 1905-1907 жылдардағы  алғашқы 
орыс революциясы тұсында «бүкіл дала саясат аясына тартылып, 
азаттық жолындағы қозғалыс тасқыны құрсауына енді» деп жаз-
ды  Əлихан  Бөкейхан.  Ал,  Ахмет  Байтұрсынұлының  өз  «Қазақ» 
газетіне  əрбір  санын  шығаруға  ақша  керек  болып  жатқанда 
оған  салынған  айыппұлды  төлегенше,  өз  еркімен  абақтыға 
жабылғанды дұрыс көріп, сонда шығарған өлеңі адамды терең ойға 
жетелейді.
Қазағым, елім, 
Қайқайып белің, 

193
Сынуға тұр таянып.
Талауға малың,
Қамауда жаның, 
Аш көзіңді оянып –
деген сөздерді патша цензурасы кезінде жібермей тастаған. 
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бəрінен,
Өз  ауылымның  иттері  үріп  қапқаны, – деген  жолдары  кісіні 
таң қалдырады. 
Тəн көмілер, көмілмес еткен ісім, 
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, 
Ел  бір  күншіл,  менікі  ертеңгі  үшін, - деген  уақытта  ақын 
болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенеді. Сондай-ақ Мағжан 
Жұмабаевтың  өлеңдері  бұл  дəуірдегі  қазақ  əдебиетінде  ерекше 
орын алады. 
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім. 
Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер
Істей берсін қолдарынан келгенін.
Мағжан  отаршылдыққа  қарсы  түрік  халықтарының  бірлігін 
көтерді,  шығыстың  абыройын  көкседі.  Сəбит  Дөнентаев  бол-
са  патшалық  Ресейдің  бодан  халық  жөніндегі  саясатына 
сенімсіздікпен қарап, əкімшіліктің зорлық-зомбылығына қарсы үн 
көтерді.
Кез келген арыстанның арбауына, 
Тап болып қу түлкінің алдауына,
Бірі ойнап, бірі шындап итермелеп,
Тықсырды жердің биік жарлауына.
1917  жылғы  бір  мақаласында  Мұхтар  Əуезов  «Қазақтың 
ұлттық қалпы өзгерілді. Тізгін мақсаты басқа, ниеті шалғай, суық 
бауыр  жаттың  қолына  тиді...Кемеңгер  билердің  заманы  құрып, 
адамды мал мен пұлға сатып алатын заманға киліктік», - деп жа-
зыпты. Халықтың дербестігін сақтау, ұлттық намыс, ұлт абыройы 
Мұхтардың өмір бойғы арманы болып қалды.
Ол халқын, оның елдігін, көшпелі мəдениеттің үлгісін əлемге 
«Абай жолы» арқылы паш етті.

194
Ахмет  пен  Міржақыптың  қазақ  əдебиетіне  əсері  ақын-
жазушылардың  Алаш  Ордаға  қатысуымен  өлшенбейді.  Олар 
көтерген  ұлттық  тəуелсіздік,  бодандыққа  қарсылық,  халықты 
оқу-ағарту  жолына  тарту,  ұлт  мүддесіне  адалдық XX ғасырдың 
əдебиетіне түгелдей осы идея арқылы тарады. Мұны біз сол дəуір 
əдебиеті  өкілдерінің  бəрінен  табамыз.  Орталық  Комитетінен 
партияның  саясаты  мен  идеологиясын  тұрақты  орнатуға 1925 
жылдың 13 қыркүйегінде Ф. Голощекин Қазақ Өлкелік Комитеті 
хатшылығына арнайы жіберілді.
Ф.Голощекин  қазақ  зиялылары  арасындағы  «жікшілдер», 
«топшылдарды»  жанталаса  іздеп  саяси-партиялық  шара  қолдана 
бастады. Бұл идеяның астарында қазақ халқының берекесін кетіру, 
төңкеріс салдарынан əбден қалжыраған халықты партия саясаты-
на ауыз ашпастан бас шұлғып көне беретін құлға айналдыру сая-
саты тұрды. Бұл пиғылды дөп басып түсінген Смағұл Садуақасов 
«Қазақ  елі...мақсатына  жету  үшін  ең  əуелі  өзінің  ұлт  екенін 
біліп,  ұлттығын  танып  білу  керек...Ұлт  сарыны  дегеніміз—қазақ 
ұлтының əрбір қаулыларда, декларацияларда жарияланған право-
сын  іс  жүзінде  жүзеге  шығару.  Мекемені  қазақыландыру,  оқу-
ағарту  жұмысында  қазақты  басқа  ұлттардың  қатарына  жеткізу, 
шаруашылық  жағынан  қазақтың  шикізатын  тиісті  бағасымен 
өткізу жəне басқа ұлт мəселесінің жетіспеген жерлерін жөндеу...»-
-деп ойын айтты.
Ол  заман  шындығына,  тəуелсіздік  пен  азаттық  жолындағы 
күреске  ұмтылған  халықтың  ой-санасына,  арман-тілегіне  сай  да-
мыды. Қазақ қоғамының мешеу қалпында, халықтың қараңғылық 
пен  надандығына  сыншылдықпен  қарау  реализмнің  сыншылдық 
бағытын  өрістетті.  Ауыз  əдебиетінен  ауысқан  дидактикалық  са-
рын азайып, көркем суреттер мен жанды бейнелер молырақ көріне 
бастады. Əдеби тілдің дамуы мəселелері күн тəртібіне қойылды. 
Бұл  жайлар  қазақ  əдебиетінің  озық  дəстүрінің  жалғасуын,  Ах-
мет  Байтұрсынұлы  мен  Міржақып  Дулатұлы  бастаған  жолдың 
өміршеңдігін  дəлелдеді.  Жаңа  əдебиет  азаматтық  рухтың 
биіктігін,  гуманизм  мен  демократтық  көзқарасты,  Отанға  деген 
сүйіспеншілік пен патриотизмды оятты. 
 Мыңжылдықтарды артқа тастап, қауымдастық пен мемлекеттік 
құрылымдардың  сан  түрлі  алмастырып,  əрқилы  қоғамдық 

195
формациялардың  қызығы  мен  шыжығын  көріп,  соқтықпалы 
соқтықсыз өмірдің талай тар жол, тайғақ кешуін бастан өткерген 
біздің  ата-бабаларымыздың  да  ұлт  болып  ұйысқан  халықты 
уақыт  құрдымына  құлатпай,  қадір-қасиетімен  бүгінге  жеткізуі 
сол қажеттілік талабын орындай алғандығынан деп білемін. Олай 
болмағанда бұл күнде қазақ деген ұлт та, яғни біз де болмас едік. 
Біздің  бар  болуымыз,  нар  болуымыз  сол  ата-бабаларымыздың 
тұтастық туын жықпай, қазақтық қалпына қылау түсірмей, ұлттық 
ұйтқының қаймағын бұзбай, заманнан заманға, ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізуінің  арқасы.  Ата-баба  жолын  жалғастыру,  аманатқа 
адалдықты сақтау - ел боламын, жұрт боламын деген ұрпақ үшін 
киелі міндет, перзенттік парыз. Сондықтан биыл Алаш Орданың 
құрылғанына 95 жылдығын  республикалық  деңгейде  атап  өту 
перзенттік міндетіміз деп ойлаймын. 

196
Ахмет
, Əлих
ан
 жəне
 Міржақып
. Орынб
ор
, 1913 
жыл
.

197
Бахыт
жан
 Қара
таев
 пен
 Т
емірға
ли
 Нұрек
ено
в 
М
емлек
еттік
 ду
м
аның
 анк
ет
асын
 т
олтыр
уд
а. 
Б
. Қара
таев
 –
 Ора
л
 об
лысынан
 М
емлек
еттік
 ду
м
аның
 II 
шақырылымы
 б
ойынша
 депут
ат
. Т
. Нұрек
ено
в – 
С
емей
 об
лысынан
 
М
емлек
еттік
 ду
м
аның
 ІІ
 шақырылымы
 б
ойынша
 депут
ат
. Б
улланың
 а
телье
сі

Санкт
-Петерб
ург
. Ақпан

ау
сым
, 1907 
жыл
.

198
Санкт
-Петерб
ург
 университетінің
 ст
уденттері
. Со
лдан
 
оңға
 қарай

Б
. Қара
таев
, М
. С
ер
да
лин
, Б
. Сыр
тано
в, 
Ж
. С
ейда
лин
. Санкт
-Петерб
ург
. 1886-1890 
жылдар
.
Сұлт
анм
ахмұт
 Т
орайғыро
в (
со
л
 жақт
а) 
пен
 
Пазыл
 Əб
ут
алипо
в «
Айқа
п
» 
журна
лының
 
ре
дакциясында
. Т
роицк
, қараша
 1913 
жыл
.

199
Халел Досмұхамедов, Орал 
облысынан Алаш Орда 
үкіметінің мүшесі. Алматы, 
1929 жыл.
Жаханша Досмұхамедов. 
Мəскеу университетінің 
студенті, 1906 жыл

200
Алаш
 зиялы
 қа
уымы

С
емей
, 1918 
жыл

Со
лдан
 оңға
 қарай

бірінші
 қа
та
рд
а: 
Ж
ақабай
 Əтік
еұлы

Жұбандық
 
Бо
лғанбайұлы

Тұрағұл
 А
байұлы

Əлих
ан
 Бөк
ейх
ан

Райымжан
 Марс
ек
ов

Екінші
 қа
та
рд
а: 
со
л
 жақт
ан
 екінші
 
Мұқан
 Жəк
ежанұлы
, к
еле
сі
 Көк
бай
 Ж
ана
тайұлы
.

201
Мағжан Жұмабаев, танымал 
ақын, прозашы, аудармашы 
жəне педагог
Мұстафа Шоқай. 
Мемлекеттік жəне саяси 
қайраткер 

202
Смағұл Садуақасов, көрнекті 
мемлекеттік қайраткер, 
публицист
Жүсіпбек Аймауытов 
(1889-1931)

203
А.Т.  Перуашевтің  Алаш  қозғалысының 95 жылдығына 
арналған  «ХХІ  ғасырда  Қазақстан  қоғамын  жаңғыртудағы 
«Алаш»  қозғалысы  идеяларының  өзектілігі»  атты  ұлттық 
ғылыми-практикалық  конференциясын  жабардағы  қоры-
тынды сөзі
Құрметті конференцияға қатысушылар! 
Конференция жұмысын аяқтайтын уақыт та келді. Менімше, 
бүгін  өте  мазмұнды  əңгіме  болды  деп  ойлаймын.  Біз  «Алаш» 
қозғалысы идеяларының өміршеңдігіне, оның Қазақстан қоғамын 
жаңғыртуда, ұлт игілігіне қызмет етуде қазіргі таңда – ХХІ ғасырда 
да өзектілігіне көз жеткіздік. Алға қойған мақсатымыздың бірі де 
осы еді. Бүгінгі жасалған баяндамалардан жан-жақты мəліметтер 
алдық. Өмірде, тəжірибеде қолдануға болатын нақты ұсыныстар, 
құнды ойлар айтылды. Оны талқылауға қатысқандар байыта түсті.
Алаш  көшбасшылары  ұстанымдарының  ұлтпен  бірге  өмір 
сүретін  концепциялық  мағынасы  бар  екендігін  əрқайсымыз  да 
сезінген сияқтымыз. Əрине, идеялар да заманның өзгеруіне қарай 
дамып отыратынын біз түсінеміз. Дегенмен де Алаш идеясы сол 
кезеңдегі  тамырын  тереңнен  алған  ұлтымыздың  құндылықтар 
жиынтығы - экономикалық,  саяси,  философиялық  ойлаудың  ке-
мелденген  үлгісі  болғандығы  анық.  Большевиктер  Алаш  идея-
ларын  біржолата  құртып  жіберуге  қаншама  күш  жұмсағанмен 
олардың  идеялары  Тəуелсіздікке  ие  болуымыздың  арқасында 
қайта  жаңғырып,  күш  алып  келеді.  Алаш  рухы  өшпепті,  оны 
бүгінгі  конференция  да  көрсетті.  Тəуелсіздік  жылдарында  тура 
ойлағанымыздай болмағанмен, бəрібір Алаш рухы бойымызға сіңіп 
жатқанын байқап отырмыз. Сонымен қатар Алаш қозғалысының 
бостандық  пен  тəуелсіздік  мұраттары  үшін  күрестегі  рөлі  мен 
маңызын  одан  əрі  зерттеуді  жаңа  серпінмен  жалғастырудың 
қажеттілігі күмəн тудырмайды. 
Біз  Алаш  идеяларының  потенциалын  толық  аша  түсу 
бағытындағы  шараларға  өз  үлесімізді  аз  да  болса  қосып  отырмыз 
деп ойлаймыз. Сондай-ақ, Алаш рухын ардақтауда, асқақтатуда əлі 
атқарылмай  жатқан  істер  көп  екендігі  де  жасырын  емес,  ол  тура-
лы бүгін аз айтылған жоқ. Біз Алаштың халықтың ұлттық санасын 

204
жоғарыға  көтерген  ең  көрнекті  қайраткерлерінің  ісі  баршаға  үлгі 
болуы  тиіс  деп  санаймыз. «Ақ  жол»  партиясы  баспасөз  беттеріне 
шыққан  Алаш  тақырыбындағы  ғылыми  еңбектерге,  тарихи, 
журналистік  зерттеулерге  студенттер,  жас  ғалымдар  жəне  журна-
листер  арасында  бəйге  жариялап,  оның  қорытындысын  жыл  сай-
ын шығарып тұруды жоспарлаудамыз. Орыс тілді аудиторияларды 
Алаштың бай мұрасына тарту, үрей мен күдіктен арылту мақсатында 
орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан жұмыстар үшін 
байқаудың  жеке  номинациясы  белгіленеді.  Байқау  жеңімпаздары 
атанғандар осы жұмыстарын негізге ала отырып, біздің келешекте 
өткізетін  конференцияларымызда  баяндамалар  жасайтын  болады. 
Яғни, біз «Алаш» партиясының жолын қуған партия ретінде дəстүр 
қалыптастыру ниетіндеміз. Партиямыздың Ақылдастар алқасының 
мүшесі, елімізге танымал ақын Ханбибі Есенқарақызының тікелей 
бастамасымен Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Сұлтанбек 
Қожановтың  басқаруымен 1920-1926 жылдарында  Ташкент 
қаласында  шығып  тұрған,  Алаш  ардақтыларының  мінбері  болған 
«Ақ жол» газетінің сандарындағы төтенше араб тілінде жарияланған 
материалдарды  қазіргі  қазақ  əрпіне  көшіріп,  жазылған 2 томдық 
зерттеу  кітаптарын  жарыққа  шығармақ  болып  отырмыз.  Бұл 
ортақ іске қосылған азғантай болса да үлесіміз болмақ. Қазақстан 
Тəуелсіздігінің бастауында тұрған Алаш арыстарына қандай құрмет 
көрсетсек те артық емес. «Ақ жол» партиясы Алаш арыстарының 
есімі мен ісін ұлықтау мақсатында нақты іс-қимылдар жасайтын бо-
лады. Жасала да бастады. 
«Алаш»  жеке  ұйымның,  жеке  партияның  басыбайлы 
меншіктеп алатын «мүлкі» емес, біз Алаш жолымен жүреміз деп 
тірлік  жасап,  іс  тындырамыз  деп  ниеттенгендердің  неғұрлым 
көп  болғанын  қалаймыз.  Былтырғы  жылы  «Нұр  Отан»  пар-
тиясы  Əлихан  Бөкейхановтың 145 жылдығына  орай  ғылыми-
практикалық  конференция  ұйымдастырды,  шет  елдерден  де 
ғалымдар шақырылды. Оған біраз ақжолдықтар, мен де қатыстым. 
Бүгінгі  конференцияға  Нұр  Отан  партиясының  мүшелері,  менің 
Парламенттегі əріптестерім келіп отыр. Мұны айтып отырғаным: 
басқа  партиялар,  қоғамдық  ұйымдар  үшін  де,  əсіресе,  ғылыми 
қауым  үшін  бұл  бағытта  атқарылғаннан  атқарылмаған  істер 
көп. 

205
Енді 5 жылдан  кейін - 2017 жылы  Алаш  қозғалысының, 
Алашорданың  құрылғанына 100 жыл  толады.  Алаш  мұрасымен 
сан  ұрпақ  сусындап,  халыққа  қызмет  етудің,  əлемдік  бəсекеге 
төтеп  берудің  үлгісін  алуы  керек. «Ақ  жол» - бір  күннің  парти-
ясы  емес,  саяси  ұйым  ретінде  еліне,  мемлекетіне  қызмет  еткісі 
келетін,  мемлекетшіл  азаматтардың  партиясы.  Біз  ұзақ  мерзімді 
стратегиялық  бағдарларымызды  белгілеп,  партияның  бүгінгі  ғана 
емес, ертеңгі істерін жүйелеуіміз керек. Сондықтанда осы бағытта 
жұмыс  істеп,  алдағы 4-5 жыл  аралығында  қоғамдық  санаға  ой 
енгізіп,  Алашорданы,  Алаш  қайраткерлерін  лайықты  ұлықтау 
қажет екендігіне Қазақ елінің үкіметінің, баршаның көзін жеткізіп, 
табандылықпен  түсіндіре  береміз.  Біз  «Алаш»  қозғалысының 100 
жылдығын еліміздің өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға ретінде 
бағалап,  оның  дайындығына  Үкіметті,  Парламентті,  басқа  да 
мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық  ұйымдарды  қазірден  кірісуге 
шақырамыз. 
Мен Сіздердің барлықтарыңызға бүгінгі конференцияға келіп, 
баяндама  жасағандарыңыз  үшін,  талқылауға  қатысқандарыңыз 
үшін,  тыңдаушылар  ретінде  қатысқандарыңыз  үшін  рахмет  ай-
тамын.  Еліміздің  өркендей  беру  жолындағы  іргелі  істерімізде 
бəрімізді Алаш арыстарының мұқалмас рухы жігерлендіріп, жаңа 
жетістіктерге жетелей берсін!

206
Асылбек Кожахметов
ректор Международной 
Академии Бизнеса 
Приветственное слово на 
круглом столе, МАБ, 21.12.2012
НАСЛЕДИЕ «АЛАШ» КАК ОСНОВА НАЦИОНАЛЬНОГО 
БИЗНЕСА НЕЗАВИСИМОГО КАЗАХСТАНА 
Выход на мировую арену конца XIX – начала XX вв. интеллек-
туальной казахской и политической элиты, вызвал к жизни движе-
ние, а в последующем способствовал появлению партии “Алаш” и 
казахской автономии “Алаш Орда”. Идея национальной автономии 
во  главе  с  национальным  парламентом  и  президентом  по  своей 
сути была тождественна суверенной государственности.
«Как реальность казахской истории “само существование 
такой группы реформаторов – относительная аномалия в му-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет