Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#6475
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Əрбір  этностың  тарихында,  этностың  қуаты  жинақ талғанда 
пассионарлық  бұлқыныс  міндетті  түрде  көрініс  тауып  тұрады. 
Көптің қолдауына ие бола бастаған мұндай қуат іште қала алмай-
ды,  сондай  сəттерде  ержүрек  тұлғалар  халықты  соңынан  ертеді. 
Əлихан Бөкейханның ұйымдастыруымен, Ахмет Байтұрсыновтың 
қолдауымен дүниеге келген Алашорда қозғалысы қазақ тарихын-
да осындай бұлқыныс туғызған бір мезгіл еді.
Сол  кездердің  көсемдеріне  əмбебап  болуды  мезгілдің  өзі 
бұйырды. Себебі қай бағыт болмасын өзгеріс күтіп тұрған сəт еді ол. 
Сондықтан өткен ғасыр басындағы тұлғалар тіл мен ділді, дін мен 
тұрмысты бірдей зерделеп, сол бағыттардың əрбіріне қалам тербе-
уге, қалам тербеп қана қоймай, өздері жандарын аямастан тікелей 
араласуға, ұйымдастыруға, орындалуын тексеруге тиіс болды.
Сол  мерзімнің  жетекші  тобы  мен  зиялылары  елдің  ертеңгі 
экономикалық жағдайы қай бағытта өрбитініне бейтарап қарамады, 
белсене араласты, өз пікір-ұсыныстарын ашық айтты.
Ол заман зиялылары Кеңес Үкіметін ықыласпен қабыл алды, 
ол  үкіметтен  халықтың  жағдайында  бетбұрыс  жасар  өзгерістер 
күтті, қалың елді сол үкіметке мойынсұнуға үндеді.
Алаш  көсемі  Əлихан  Бөкейхан 1918 жылдың  басында  «Мен 
кадет партиясынан неге шықтым» деген мақала жазып, онда қазақ 
Мырзагелді Кемел
экономика ғылымдарының 
докторы, профессор

95
елі үшін ең басты мəселеге – жерге меншік көзқарасына өз ойын 
білдірді: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де 
жөн  дейді.  Біздің  қазақ  жерді  меншікті  қылып  алса,  башқұртша 
көрші  мұжыққа  сатып,  біраз  жылда  сыпырылып,  жалаңаш  шыға 
келеді», - деді. Жер жекешеге сатылмайтын болғандағы қуанышын 
былай  бейнелейді: «Қазақ  жері  өзінің  меншігі  болып,  сатуға  бо-
латын болса, біздің жұрт... біраз жылда жердің жақсысын сатып, 
қайқайып  шыға  берер  еді.  Құдай  сақтап,  біздің  қазақ  бұл  күнге 
келді. Енді жер жұрт қазынасы болғаны – өз пайдасы».
Əлихан халқын оқу-білімге, кəсіпке үндеді: «Адам баласының 
өзге  хайуаннан  айырмасы,  бұларда  ақыл,  қол  шеберлігі  болады. 
Ақыл  да,  ұсталық  та  оқумен,  істеумен  жүре  ұлғаяды.  Дүниедегі 
жер билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрттың қолына ауып бара-
ды», - деп болашақтың қай бағытта дамып келе жатқанын, қазақ та 
көштен қалмауын тілек етеді.
Ахмет Байтұрсынов та Əлихан Бөкейханмен бір қатарда қазақ 
халқы кездесіп отырған жүйелі дағдарыс кезеңіне талдау жасап, ке-
ле жатқан жаңа толқын – жастарды, қазақ қоғамындағы мерездер ді 
терең түсіне отырып негізгі шешімдерге келіп, бел байлап күреске 
шығуға шақырады. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сата-
ды, сол шикізатынан жасалған өнімді көп есе қымбатқа сатып ала-
ды. Бұл – надандықтан келген кемшілік», - дей тұрып: «Өткенге 
салауат,  ол  үшін  біреулерге  ренжу  керексіз,  алдымен  кінəні 
өзімізден  іздейік.  Біз – енжар  халықпыз,  қиялға  берілгішпіз.  Біз 
төніп  келген  қауіпке  уайымсыз  қарап  отыра  бердік,  бұдан  бы-
лай  өткенге  уайым  шеге  бермей,  сағым  қумай,  қараңғы  қалыпта 
қала бермей, енді ғана жүйеге түсіп келе жатқан істерімізге батыл 
кірісейік. Басқалардың қолынан келетін істерге біз де үйренейік. 
Сонда ғана біз өз үйімізде жетімектің күйін кешпейтін боламыз», - 
дейді.
Ахмет  Байтұрсыновтың  идеяларымен  үндес,  айналысқан 
бағыттары  ұқсас,  артынан  ерген  ізбасары  іспеттес  Смағұл 
Сəдуақасов Ахаңнан отыз жылға жуық кейін туылса да, екеуінің 
зерттеген тақырыптары, айтқан сөздері, үндеген ұрандары бірдей, 
олар: өрбу заңы, шаруа жайы, оқу мен оқыту, қазақ салты, жəрдем 
комитеті, кооперация, өндіріс.

96
Жиырмасыншы ғасыр басында дүниеге келіп, небары 33 жыл 
ғана  ғұмыр  кешсе  де,  Смағұл  Сəдуақасов 15 жасынан  бастап-
ақ  жастар  ұйымдарының  істеріне  араласады. 1918 жылы  Омбы 
политехникалық институты жанындағы кооперация курсын бітіре 
сала оқытушылар даярлайтын курста кооперация қисынынан дəріс 
береді,  одан  соң  біржарым  жылдай  Батыс  Сібір  кооперативтер 
бірлестігінде  қызметте  болады.  Осы  тақырыпқа 1924 жылы  екі 
кітапша жариялайды. 
Смағұлдың 20-жылдардан əрі қарайғы жолы кеңсе қызметіне 
байланысты  болады,  ол  Қазақ  жастар  одағының  өлкелік 
бюросының  секретары,  содан  кейін  Ахмет  Байтұрсыновтың - 
халық ағарту комиссарының орынбасары, Қазаткомның секретары, 
Жоспарлау  комитеті  төрағасының  орынбасары, «Еңбекші  қазақ» 
газеті  редакторының  міндетін  атқарушы,  Халық  ағарту  халық 
комиссариатының  бастығы  болды,  Ташкенттегі  педагогикалық 
жоғарғы  оқу  орнының  ректоры  қызметтерін  атқарды.  Сөйте 
жүріп  ол  баспасөз  беттерінде  түрлі  тақырыпқа,  əсіресе  ауылдың 
жай-күйі,  азық-түлік  мəселелесі,  кооперация,  индустрияланды-
ру  жағдайларына  қатысты  танымдық-көсемсөздік,  талдамалық 
мақалалар жазады.
Ол  «Жастарға  жаңа  жол»  деген  еңбегінде: «Жер  мəселесі – 
шешілмеген мəселенің бірі. Оны шешу керек. Азық-түлік мəселесі 
бар.  Оған  көзқарасымыз  айқын  болуы  керек.  Бұл  екі  мəселе 
бұрынғыдай болып шешілуі дұрыс емес» дейді. «Қазақстан» деген 
мақаласында: «Жер асты байлығы мол, солардың иесі жоқ, соны 
ұқсатып пайда шығара алмай отырмыз. Соны алуға мəдениетіміз 
əлі кем» дейді.
«Егін  салатын,  көбінесе,  орыс  халқы.  Мал  бағатын  қазақ 
жұрты»  дей  келе: «осылай  жалғасып  кете  беруі  тиіс  пе?  Қазақ 
шаруасының  өз  жерінен  ығыстырылып,  тек  мал  бағуға  ғана  жа-
райтын жерге ауып жатқанының себебі осы ғой», - дейді.
Кооперация  жайын  айтқанда  автор  кооперация  деген  не,  ол 
қайда  пайда  болған,  оны  қалай  ұйымдастыру  керек  дегендерді 
тəптіштеп  түсіндіреді,  қалай  болғанда  бірлесуден  ұтымдылыққа 
жетуге болатынына мысалдар келтіріп, айқын жолдармен көрсетіп 
береді.  Тіпті,  кооперацияны  насихаттаймын  деп  «Салмақбай – 

97
Сағындық»  деген  көлемді  хикаят  та  жазады.  Сондағы  айтатыны 
–  күшті,  білімді,  қаржыны  кооперациялау  нəтижесінде  егін  са-
лушы  ешкімге  жалынбастан  бірлесіп  комбайн  сатып  алып,  бірге 
пайдаланады,  комбайндары  ұйымға  кірмегендердің  егінін  орып 
қаржы  табады,  оған  жанар-жағармай,  керек  бөлшектер  сатып 
алуға,  тракторшыға  еңбекақы  төлеуге  болады, «кедей  шалғымен 
бір жұма шапқан шөбін, кооперативтің машинасы бір-екі сағатта 
шабады, соның қайсысы тиімді?» - дейді.
Бидайды өндіріп алған соң, оны нанға айналдыратын наубай-
хана  салуды,  егістен  қалған  астық  қалдықтарын  малға  жемшөп 
етуді кооперация жолымен жасауды түсіндіреді. Малдың еті-сүті 
ғана  емес,  терісі  мен  жүн-жұрқасы  да  бірлескен  жолмен  тиімді 
өңделіп,  лайықты  бағаланады  дейді.  Соның  үшін  фабрика,  за-
уыттар салуға үндейді. Жүн күйінде киіз басуға ғана жұмсағанша 
жіп иіріп, кездеме тоқу, одан киім тігу, яғни дайын өнім жасауды 
ұсынады. Осының барлығы кооперациялау жолымен тиімді орын-
далады дейді.
«Саудагерге  жегізбейтін  де  айла  бар.  Ол  айла – коопера-
ция.  Кооперацияның  бір  негізі – сауданы  ұқсату.  Кооперация 
саудагердің өз қаруын өзіне жұмсайды. Халық кооперация арқылы 
өз саудасын саудагерге істетпейді, өзі істейді. Халықтың сайлаған 
адамдары  қаладан  топтап  өз  бағасымен  нəрсе  алып  келеді.  Ол 
арзанға түседі. Ауылдың жүн-жұрқа, тері-терсегін қалаға алып ба-
рып, саудагердің қосатынын өзі қосып, қымбат бағамен өткізеді. 
Сөйтіп  саудагердің  көрген  пайдасын  халық  көреді.  Осы  секілді 
халықтың ұйымын Европа тілінде кооперация дейді. Сол коопера-
ция бізде де болса, шаруаға тиімді», - дейді.
Смағұл  Сəдуақасұлы  осыны  жазғанда  бар  болғаны  жиырма 
жастан сəл-ақ асқан еді. Ол кооперацияның үш түрде бөлінеді деп, 
олардың  əрқайсысын  барынша  түсінікті  тілмен  жеткізеді.  Оның 
біріншісі – ағылшын  ғалымы  Рочдель  негізін  қалаған  тұтыну 
кооперативтері. Елу шақты адам жиналып, қаржы салып бір кəсіп 
түрін ашады, мəселен – дүкен. Сөйтеді де, қаладан əкелген тауа-
рына он-жиырма пайыз қойып сатады, сөйтіп қаржысын молайта-
ды. Қаржы көбейгенде олар бірнеше жерден дүкен ашады, сөйтіп 
тауарды қымбатқа сатып жүрген саудагердің жолын қырқады деп 

98
түсіндіреді.  Ақша  молайғанда  кооператив  шаруалардың  артық 
өнімдерін жинап қалаға апарып өткізеді, əрі қарай олар қалада ша-
руалардан  жиналған  жүн-жұрқа,  ет  секілді  өнімдерді  сататын  өз 
дүкендерін ашады. Осылайша бұл жүйе кеңіп, байи түседі.
«Кооперацияның  екінші  түрі  қарыз  серіктестіктері,  ол – 
шаруалардың  артық  ақшасын  аз  ғана  өсіммен  жинап  алады  да 
қажетсіндерге оған аз ғана қосып несиеге береді. Олар қарызға алған 
ақшасына    түрлі  құралдар  мен  машина  сатып  алады  да,  егінінің 
өнімін өзі өңдейді, машина босаған кезде басқалардың өнімдерін 
ақшаға өңдеп береді. Кооперативтің бұл түрі тек ақшамен жұмыс 
істейді, яғни ортақ банк ұйымы десе болады. Кооперативтің бұл 
түрін немістің Райффайзен деген кісі ойлап тапқан». 
Смағұл  кооперация  жөнінде  құрғақ  кеңес  бергісі  келмейді, 
осы  істі  өмірге  енгізуге  шаруалардағы  оқығандарға  деген, 
үкіметке  деген  сенімсіздік  те  залал  келтіруі  мүмкін  екенін  де 
айтады: «Ауыл  шаруасындағы  кедейлердің  көбі  еңбегін  біреу 
жегендіктен емес, олардың өздері еңбек етпегендіктен кедей бо-
лып  жүр  дейді.  Кедейдің  еңбек  етпейтін  себебі:  еңбегінің  жан-
байтынына көзі жетеді. Біреуден тұқым сұрап алу керек, біреуден 
ат  сұрайды,  біреуден  ақша  сұрайды.  Олар  өсімсіз  бермейді. 
Ақырында  еңбектеніп  салған  егіннің  өнімінің  көбін  бергендерге 
өсімге төлейді. Сөйтіп өмірінде шаруасы құралмайды. Ақырында 
шаруа: «Бір теңге тепкілесең де кетпейді, мың теңге қайтсемдағы 
бітпейді»  дегенге  түседі.  Ол  ой  еріншектікке  салындырады. 
Ұйқыға айналады. Сөйтіп кедей еңбектен шығады», - дейді. 
Мұндай жағдай осы күнге дейін жалғасып келеді, оңтүстіктегі 
мақташылардың  бүгінгі  жағдайы  дəл  осындай.  Мақтадан  өнім 
алу  көп  шығын  жұмсауды  талап  етеді,  оған  шаруаның  шамасы 
келмейді де, жан-жақтан несие алады, кейін алған өнімінің құны 
қарыздарды қайтаруға бірде жетеді, бірде жетпейді. Бірақ, сонда 
да  олар  кооперация  жасап,  бірігуге  асықпайды,  себебі  ауылдағы 
шаруаның үлеске алған 2-5 гектар жерінен басқа байлығы жоқ, со-
дай айрылып қалам ба деп қорқады.
Кооперацияның үшінші түрі кəсіп ұйымдары. Бұл – өндірістік 
кооперативтер. Бұларда адамдардың қаржысы мен мүліктерімен, 
жерімен бір қатарда еңбектері де біріктіріледі.

99
Осылардың бəрін лайықты ұйымдастыру үшін ол: «Халықтың 
тілін білу керек. Білмейді екенсің, білуге тырысу керек. Ел ішінде 
істейтін  жұмысыңды  елдің  тұрмысына  жанастыру  керек.  Жана-
стыра алмайды екенсің, онда жанастыруға тырысу керек. Қандай 
əдемі  пікір  тұрмысқа  жанаспаса  құрғақ  сөз  болып  шығады»  деп 
аталық сөз айтады.
«Қазақтардың  бүгінгі  бірігуінің  кемшілігі:  ыңғайлы,  епті 
жігіттер  елден  көп  пайда  түсіріп  алуда.  Олар  келеді  де: «Біз  ко-
операция ашамыз» дейді. Кооперацияның мүшелері төлейтін пай 
ақшаны  сол  жерге  өз  жанынан  салады.  Сөйтеді  де  ол  көп  нəрсе 
алады. Бірақ «Бірліктен» алған нəрсесін елге апарып, кооперацияға 
салудың орнына, саудагерше жұмсайды. Əрине, пайдасын бір өзі 
көреді».
Осы  жағдай,  Смағұлдың  мақаласы  жазылғанына 90 жыл 
өтсе  де,  бізде  əлі  қайталанып  келеді.  Бүгінде  де,  жалған  тұтыну 
кооперативтері  құрылып, «ҚазАгродан»  қаржы  алып,  егіншілік 
пен  мал  шаруашылығына  салудың  орнына,  саудагерлікке 
жұмсап жүр. Сөйтіп Смағұлдың: «Қазақ ішінде кооперация ісіне 
қатысқысы  келіп  жүргендер  жабайы  ғана  адамдар.  Коопераци-
яны  іргелі  қызмет  көріп,  бұл  жұмысқа  белсеніп  кірісіп  жүрген 
кісі аз. Сондықтан біздің бұл уақытқа дейін жасап келген коопе-
рациямыз  тиіп-кетті  қылып  істей  салған  ермек.  Сондықтан  коо-
перация қазақ ішінде жөнді болмай отыр», - деген сөзі əлі күнге 
дейін,  мемлекетіміздің  қолдаймыз  деген  уəделеріне  қарамастан 
сол кездегі күйінде қалып отыр.
Смағұл  Сəдуақасұлы  мал  шаруашылығының  байлығын 
дұрыстап  ұқсатуда  да  кооперацияны  пайдалануды  жөн  санай-
ды.  Бұл  ой  да  біздің  бүгінгі  қалпымызбен  астарлас:  Елбасының 
2020  жылға  қарай  ет  экспортын 60 мың  тоннаға  жеткіземіз  де-
ген  нұсқауы  да  іргелі  жеке  меншік  иелерімен  қоса  заң  мен 
халықаралық  тəжірибеге  негізделген  кооперативтер  арқылы  да 
жүзеге асырылыларлық жұмыс. 
Смағұлдың  кооперация  жайлы  ұсынысы  делдалдықпен 
байып  жүрген  саудагерлерге,  ұсақ  шаруаларды  сорып  жатқан 
ірі  кəсіпорын  иелеріне  ұнамайды,  олар  Смағұлды  кооперация 
принциптерін дұрыс түсіндірмейді деп айыптайды. Оған Смағұл: 

100
Мені  Ленин  салған  кооперация  жолын  басқаша  түсіндіреді  деп 
айыптайды,  ал  мен  коммунистік  партия  көсемінің  өзі  ұсынып 
отырған кооперация идеясы неге басқаша ұйымдастырылады, - де-
геннен басқа айыбым бар деп санамаймын дейді.
Смағұл Сəдуақасұлы елді индустрияландырудың да жақтасы 
болды.
«Ауыл шаруашылығы да, басқа кəсіп те шойын жол арқылы 
өркендейді. Қазақстанның жері үлкен болғанмен жолы жоқ. Жол 
жоқтықтың есебіне сауда қатынасы да кем. Өніміңді Европаға апа-
рып сата алмайсың, жақын жердегі орындарға ғана өткізесің. Сол 
үшін біздің алдымыздағы үлкен мақсұттың бірі – шойын жол салу 
жұмысы» дейді де, бүгінде жүзеге асырылған «Алматы - Семей», 
«Қызылжар – Көкшетау – Ақмола жолын Түркістанға дейін салу-
ды», «Жетісу шойын жолын Бишкектен əрі қарай Алматыға дейін 
жеткізуді» арман етеді. 
Смағұл Сəдуақасұлының Əлихан, Ахметтерден айырмасы, ол 
–  Кеңестік  Үкіметтің  қызметіне  араласа  жүру  үшін  коммунистік 
партия құрамына кірді, биліктің түрлі саласында жүріп, олардың 
мінезін,  пиғылын  зерттеді,  Үкіметтің  қазақ  халқына  қатысты 
əрбір  шешімдерінін,  ел  басшыларының  сөздерінен  туындайтын 
елдің алдағы тірлігінің бағыттарын бақылап, оларға өз пікірімен 
үн  қатып  отырды.  Ол 1928 жылы  «Правда  Востока»  газетінде 
«О  национальностях  и  националах»  деген  мақала  жазып,  онда 
қазақ  крайкомының  басшысы  И.Голощекинді  Қазақстанда  ірі 
өндіріс орындарын ашудың керегі жоқ, тек диірмен, жүн жуатын, 
май  шығаратын,  цехтар  сияқты  ауыл  шаруашылығына  қызмет 
ететін  майда  өндіріс  болса  болды  деген  сөзі  үшін  қатты  сынға 
алады. «Голощекиннің  бұл  сөзі  Қазақстан  бірыңғай  аграрлық 
ел  болып  қала  беруі  тиіс»  деген  астамшылдық  пиғылдан  туған, 
ол  «Қазақстанда  өндіріс  ошақтары  болса,  қазақ  елі  өз  алдына 
оқшауланып кетеді» деп қателеседі, сонда Қазақстанда шойынжол 
салсақ, онымен жуылған жүн тасыған дұрыс па, жоқ, дайын кезде-
ме мен киім тасыған дұрыс па? – деп, қазақтың жүні тек Мəскеуде 
ғана  кездеме  мен  киімге  айналудың  қаншалықты  қажеті  бар, 
-  деген  ойын  бүкпесіз  ашық  айтады. «Егер  біз  өзімізде  өндірісті 
дамытсақ,  онда  ауылдағы  «екі  қолға  бір  жұмыс»  таппай  жүрген 

101
адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеміз, сол арқылы ауыл адам-
дарын  қалалар  мен  қалалық  поселкелерге  қоныстандыруға  жол 
ашамыз, яғни елді мəдениетті болуға қарай сүйрейміз, сондықтан 
біз  индустрияландыруды  үлкен  күшпен  дамытуға  тиіспіз,  сол 
арқылы  біз  ауыл  шаруашылығын  да  рационализациялауға 
жетісеміз», - деген сөзі бүгінде көріпкелдің сөзіндей көрінеді, бұл 
ойды ол қазақ зиялыларының ішінде алғашқылардың бірі болып 
айтыпты.
«Бізге  керегі – индустриялық-дамыған  кəсіпорын,  ондай 
кəсіпорын  ешуақытта  Рыков  айтқандай  «оқшау»  мекемеге  ай-
налмайды,  бүкіл  Одаққа  қызмет  етеді», - деп  Мəскеудің  басшы 
шенеуніктерімен де келіспейтінін білдіреді. Смағұлдың бұл сөзінен 
біз бүгінгі «индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының 
бастауын  көреміз  жəне  оның  көрегендігі  мен  кемеңгерлігіне  бас 
иеміз.
Смағұл сол кезде белең алған ұжымдастыру, кеңшарлар құру, 
астық  дайындау  секілді  істердегі  зорлық  пен  əпербақандыққа 
тайсалмай  қарсы  шығады.  Сол  кезде  ғой  Голощекиннің: «когда 
я утверждаю, что в нашем ауле нужно пройтись «маленьким ок-
тябрем», он против всякого Октября... Я утверждаю, что наш аул 
требует революционных методов. Тов. Садвокасов это отрицает... 
Мы не против гражданской войны в ауле. Тов. Садуакасов же про-
тив такой гражданской войны... в этом суть наших разногласий» 
дейді  «Казахстан  на  путях  социалистического  переустройства» 
деген еңбегінде. Осы сөздерден-ақ сол жылдары басталған аштық 
пен  оған  жалғасқан  зұлмат  билік  кінəлі  екенін  жазбай  тануға 
болады.
Смағұл Сəдуақасұлы 1927 жылы өлкелік VI партия конферен-
циясында сөйлеген сөзінде: «все время доверяться тов. Голощеки-
ну не следует, руками Ежова коммунизм в Казахстане не постро-
ишь» деп Голощекинмен келіспейтінін айтып, оны ашықтан-ашық 
ащы  сынайды.  Бұл  сөзден  кейін  Смағұлға  қарсы  түрлі  шаралар 
жасалынады, оған Голощекин ғана емес, Құрамысов, Исаев сынды 
елдің өзге басшылары да, Бейсембиев, Джагафаров, Осипов секілді 
«сыншылар» да қарсы мақалаларды қарша боратады. Сөйтіп, Го-
лощекинге  мұндай  ауыр  сындарды  жиі  айтуы,  оның  билік  тара-

102
пынан қысымға ұшырауына, ақыр соңында жұмбақ жағдайда, бар 
болғаны 33 жасында  Мəскеу  ауруханасында  қаза  табуына  алып 
келіп соғады.
Смағұл  Сəдуақасұлы 1925 жылы  жазылған  «Жаңа  дəуірдің 
негізгі  мəселелерінің  бірі»  деген  мақаласында: «Баяғы  көйлекті 
шекпенмен  киген  заман  енді  қайтып  келмейді.  Сондықтан  мата 
(кездеме)  шығаруды  барынша  жолға  қоюымыз  керек,  ол  үшін 
жүннен мата тоқитын фабрика керек, сонымен бірге Түркістанның 
бізге қосылған ауданында өндірілетін мақтадан да мата тоқитын 
фабрика салуға тез арада қам қылуымыз керек», - дейді. 
Бір  сөзбен  айтқанда  Смағұл  Сəдуақасұлының  экономикалық 
тұжырымдамалары дер кезінде дұрыс бағыт алған ұсыныстар деп 
тануға тиіспіз. Оның ауыл шаруашылығын кооперациялау жайлы 
ұсыныстары  болсын,  Қазақстанның  аграрлық  ел  болып  қалмай 
индустрияландыруға көшуге тиіс дегені болсын, Қазақстанда темір 
жол құрылысын жолға қою керек дегені болсын, бүгінгі күндері де 
өзекті, жүзеге асырылып жатқан бағыттар. Ол Смағұлдың жасаған 
ұсыныстарының  дұрыстығын,  елге  жанашырлық  қызметін 
көрсетеді. Оның экономикалық көзқарастары бүгінге дейін өзекті, 
елдің ілгері дамуына қызмет етіп келеді. 
Жоғарыда  біз  Смағұл  Сəдуақасов  кооперацияны  елге 
қарапайым тілмен түсіндіруге тырысып, арнайы көркем шығарма 
да  жазғанын  айттық.  Сол  еңбекте  кейіпкерінің  аузына  мынадай 
сөз  салады: «Біз,  міне,  бəріміз  де  жаспыз!  Бір-екі  ауылдың  ара-
сында  қыдыруды  білеміз!..  Баяғыдан  бері  қыдырумен  келеміз... 
қыдырумен  ата-бабамыз  өтті.  Қыдырумен  əке-ағамыз  өтті!  Бəрі 
де  əуелде  біздей  болзбала  еді!  Осы  күні  қартайып  шал  болды. 
Ертең  өледі...  Біз  де  бүгін  бозбала!  Ертең  біз  де  шал.  Бізге  де 
өлім!  Біз  осы  күні  не  істеп  жүрміз!  Ертең  неге  жарамақпыз?  Біз 
неге оянбаймыз? Біз неге ұйқыдамыз?» - депті. Осы сөз бүгін де 
өзекті  емес  пе?!  Бүгін  де  осылайша  ағысқа  ерумен  болмаса  ата-
анасының  байлығымен  тоқтықтан  есіріп  жүргендеріміз  аз  ба?! 
Смағұл  Сəдуақасовтың  экономикалық  тұжырымдары  біздердің 
əрбірімізді,  біздерді  қоршаған  ортадағы  адамдарымызды  ойлан-
дыра жүруі тиіс.

103
Жүсіпбек 
Аймауытовтың 
Əлихан 
Бөкейхан 
туралы 
мақаласындағы: «Тіршілік  тартысы,  тұрмыс  талқысы  адамды 
адамға айуандай жегізіп, қара пейіл үкімет қорғансыздарды қарадай 
қанап,  қара  күндер  туғанда,  табансыздардың  тауы  шағылып, 
имандылар  иманынан  айрылып,  қайғы-қасірет  басқанда,  көптің 
ауқымына  ермей,  толқынға  бойын  бермей,  сүрінгенді  сүйеп, 
жығылғанды жебеп, кім мұңдықта, зарлықта жүрсе, сол үшін жа-
нын пида қылып, қолына шырақ ұстап, үмітке, жарыққа жол ба-
стап  шығатын  қажымас  алыптар  болады.  Ондай  адамдар  болма-
са, дүниеде өзгеріс болмас та еді», - деген сөздері, Əлихан, Ахмет 
бастаған аға буыннан тартып, Смағұл Садуақасұлына дейінгі қазақ 
мұңын мұңдаған толқынның бəріне берілген баға деп санауымыз 
керек.

104
Амантай Шəріп
Л.Н.Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті
«Алаш» мəдениет жəне 
рухани даму институтының 
директоры, филология 
ғылымдарының докторы
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ 
ҮДЕРІСТЕР ЖƏНЕ АЛАШ ТƏЖІРИБЕСІ
1924  жылы  Орта  Азия  республикаларын  ұлттық-терри-
ториялық межелеу жүргізілді де, Жетісу мен Сырдария облыста-
ры  Қазақстанға  қаратылды.  Түркі  дүниесін  дүр  сілкіндірген  бұл 
өзгерістің  кезінде  талас-тартыс,  қарама-қайшылық  көп  болды. 
Бөліну  мен  бірігу  процестері  қатар  жүріп  жатты.  Тарихы  мен 
тағдыры ұқсас ұлттардың арасына сына қағылды. 
Сол жылғы наурыздың 10-ы күні Ташкентте өткізілген кеңесте 
Түркістан  Коммунистік  партиясы  Орталық  Комитетінің  хатшы-
сы  Абдолла  Рахымбаев  «Түркістанның  ұлттық-территориялық 
межеленуі  туралы»  баяндама  жасап,  Орта  Азияны  ұлт  респу-
бликаларына  жіктеуді  бірден-бір  дұрыс  жол  деп  бағалады.  Оны 
өзіміздің Санжар Аспандияров, сондай-ақ түрікмен қайраткерлері 
Недірбай  Айтақов  пен  Қайғысыз  Атабаев  сөйлеген  сөздерінде 
қолдады. 
Ал  Ортаазиялық  экономикалық  кеңестің  төрағасы  Николай 
Антонович Паскуцкий мен Сұлтанбек Қожанов екеуі межелену ісін 
мақұлдамады. Олар экономикалық жəне саяси-əкімшілік жағынан 
біртұтас Орта Азия Федерациясын құруды жақтады. Сұлтанбек өз 
тұрғыластары Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Махмуд Бехбуди, 
Абдурауф Фитрат секілді, «түркі жұрттары бірыңғай түркі тілдес 
халықты құрайды», «оны жасанды түрде айыруға болмайды» деп 

105
дəлелдеп  бақты.  Бірақ  Паскуцкий  мен  Қожановтың  жоспарлары 
жүзеге аспай, қолдаусыз қалдырылды. 
Орта Азия республикаларын межелеу жөніндегі территориялық 
комиссияның 1924 жылғы 17 тамыздағы пленумында да, одан кейін 
Түркістан республикасының басшы ұйымдарының сол жылғы 14 
қыркүйекте  болған  біріккен  Пленумында  да  Қожановтың  Орта 
Азия Федерациясы туралы талаптарына тойтарыс берілді. Кейінгі 
басқосуда  РК(б)П  Орталық  Комитеті  Орта  Азия  Бюросының 
пікірін  білдірген  ТКП  Орталық  Комитетінің  хатшысы,  ұлты 
литвалық  Иосиф  (Юозас)  Варейкис: «...Қазір  баршаның  көңіл-
күйі  бірігуге  емес,  бөлінуге  бейім  тұр», - деп  мəлімдеді.  Сөз 
жоқ,  сондай  жағдайда  Сұлтанбек  Қожанов  қайраткер  ретінде  ең 
алдымен  өз  елінің  жайын  қамдады,  жоғын  құрады.  Оны  қатты 
қинағаны – шекара бөлісіне қазақтардың шала-шарпы əзірлікпен 
келгендігі.  Қалыптасқан  ахуалға  ақыл  көзімен  қараған  ол  «Ақ 
жол» газетінің 1924 жылғы 14 қарашадағы санында жарияланған 
«Дау тоқтап, іс басталсын» атты мақаласында: «Осы күнге дейін 
бір болып келген, шаруа жағынан жігі ашылмаған Түркістан енді 
тозып, төрт-бес мемлекет болып отыр. Басқалар Орта Азия шаруа 
бірлігін жасап, бірден бөлініп кетпестен, шаруа істерін бір жөнмен 
жүргізбек  болып  отырғанда,  Орта  Азиядан  қазақ  облыстары 
шықты саналып отыр. Арқа сүйеу болатындай Қазақстанның ша-
руа байлығының да, билеу түрінің де шамасы белгілі. Жетісу мен 
Сырдария шаруа жағынан, əлі де болса, Қазақстаннан гөрі, Орта 
Азия мемлекеттеріне байланысты», - деп, қазақ жұртының əрі-сəрі 
күй кешіп отырғандығына қамықты.
Қазақтың сол қалпын «Тоқал ешкі мүйіз сұрап, құлағынан ай-
ырылды» дейтін мақалмен меңзеген Сұлтанбек: «Су аққан жерден 
су ағып», тарысы піскендердің тауығы көбейіп жатыр. Су да жоқ, 
су ағатын сай да жоқ, тары да жоқ, тарысыз келіп жатқан тауық 
та  жоқ  болып,  бір  шетте  шошайып,  бүкіл  дүниеге  өкпелеген  не-
мене ұқсап қазақ отыр», - деп суреттеді (Ақ жол, 1924, 26 қараша). 
Өйткені енді-енді есін жиып келе жатқан Түркістан қазақтарының 
аяқ  астынан  басталған  мал-мүлік,  қазына-қаражат  бөлісінде 
қамсыздықтың  салдарынан  көп  нəрседен  құр  қалғандығы, 
сөйтіп  шаруашылығын  ақсатып  алғандығы;  талан-таражға 

106
түскен  мемлекеттік  мекемелердегі  қызметкерлердің  күнкөріс 
жолында  жан-жаққа  босып-бытырап  кеткендігі,  сөйтіп  билік 
ісінің  босаңсығандығы – тағысын-тағы  берекесіздіктерге  душар 
болғандығы өтірік емес еді.
Қайраткер-қаламгер Орта Азияны ұлттық-территориялық ме-
желеуден кейін бұл аймақты мекендеген халықтардың араларының 
мүлде  алшақтауына  келіспеушілік  көрсеткен.  Ол  сол  күндері 
былай  деп  жазды: «Қазақстан  Орта  Азия  бірлігіне  қосылғысы 
келеді.  Бірақ  қосылу  үшін  екі  жақ  бірдей  сол  талапта  болуы  ке-
рек.  Орта  Азиядағы  Өзбекстан  барлық  мəдениетті  аудандарды, 
барлық байлығы мол, базары қызық қалаларды иемденіп отырып, 
қазаққа  ұсаған  ұлтпен  бірігіп,  сүйемелдесуге  əзір  мұқтаж  емес. 
Екінші қатар жатқан мемлекет – Қырғыз облысы əзір автономия-
сымен ыстық-суығы басылмай, жан-жаққа көз салатын емес. Жəне 
қазақтан енді бөлініп шыққандықтан, қазаққа тым жақын болудан 
əзір бой тартып тұр, - қайтадан қырғыз-қазақ болып кетеміз бе деп... 
Түрікпендер Қазақстанды Орта Азия бірлігіне тілеп-ақ жүр, бірақ 
олардың  жері  шалғай  жəне  талапкер  бір  өздері  ғана.  Сондықтан 
келесіде  тұрмыс  шарттары  керек  қылып,  екінші  жақтан  да  жал-
пы талап туғанша, Қазақстан Орта Азия бірлігінде бола алмайды». 
Осылайша,  ол  келешекте  қоңсылас  отырған  түбі  туыс  елдердің 
бір-бірімен жаңаша қарым-қатынас жасайтындығына сенеді жəне 
«шекара  ажырату – екі  жақ  болып  қонып  алып,  жауласу  емес, 
мемлекет жасау», «мемлекет жасау – қатынаспай қашықтау емес, 
қанаттасып, сүйемелдесіп іс қылу» деп сөзін түйіндейді (Ақ жол. 
1924, 26 қараша). 
Əсіресе, «Қазақстан мен Қырғызстан ынтымағы бір болсын!» 
атты мақаласында (Ақ жол. 1924, 28 қараша) бұл мəселені егжей-
тегжейлі  қарастырған.  Оның  ойынша,  сол  уақыттағы  қазақтар 
мен  қырғыздар – Түркістандағы  кенже,  кейін  қалған  халықтар. 
Тұрмыс-тіршілігі,  күнкөріс  көзі  ұқсас,  шаруашылықтары  шақтас 
болғандықтан да, бұл екі жұртқа ара ажыратып, бас бөлектегеннің 
тиімсіздігін қайраткер дəйекті түрде дəлелдеген. Сондықтан олар-
ды өзара септесіп, сүйемелдесіп жұмыс жүргізуге шақырған.
Қазақ қоғамының дерттеріне дəл диагноз қоя білген Сұлтанбек 
Қожанов  ол  замандағы  Қазақстанның  мемлекетшілігіне  негіз 

107
бола  алатын  негізгі  ел  шаруасы  ретінде  бақташылық  пен 
диқаншылықты атады. 
Сондықтан  да  қайраткер  шаруашылықтың  осы  екі  саласы-
на жете көңіл бөлгенді жөн көреді. «Орта Азия бірлігі һəм қазақ 
ұлты» атты мақаласында ол шикізат шығыны жөнінде: «Қазақ мал 
шаруасы күйзеліп, əлі оңала алмай тұрған 1922 жылда Түркістан 
мемлекетінің ішкі қажетіне керек болып һəм Түркістаннан шетке 
жіберілген 26 мың жылқы, 100 мыңдай қара мал, 3 мыңнан артық 
түйе, жарым миллиондай уақ мал, 55 мың жылқы терісі, 412 мың 
сиыр терісі, бір миллионнан асық уақ мал терісі, 34 мың түйе терісі, 
4 мыңдай қаракөл елтірісі һəм басқа мал, аң шикі тауарлары қазақ 
ауданынан жиналған екен», - деген мағлұматтарды алға тартады. 
Бұл  деректер,  бір  жағынан,  қазақ  өлкесінің  байлығын  білдірсе, 
екінші  жағынан,  Қазақстанды  сауын  сиырдай  пайдаланған 
орталықтың  отаршыл  əрекетін  сан  тілімен  сипаттайды.  Мұндай 
кіріптарлықтан кішігірім құтқарар жалғыз жол – шаруашылыққа 
қажетті  шикізатты  қымбат  бағамен  өткізу.  Осыны  ойластырған 
түркістандық  қайраткерлер  жүн-жабағы,  тері-терсек  сияқты 
шикі тауарларға күні бұрын кесімді баға белгілеп, саудагерлерді 
сыртқа итермек ниетпен жарлық жариялапты. Өкінішке қарай, бұл 
істің баянды болмағаны жайында Сұлтанбек: «Бірақ бұл жарлық 
жарыққа шықпай, саудагерлер жұртты түртіп жатқанға ұқсайды. 
Жабағыға пұты 7 сом тағайындалған еді, ел ішінде 3 сомнан алып 
жатыр. Бұған кім жауапкер? Бұл қашан ескерілер екен?» (Ақ жол, 
1924, 29 маусым), - деп  құлаққағыс  қылды.  Шаруашылық  шарт-
тары  осылайша  орнықсыз  жергілікті  жұрттың,  келімсектерге 
қарағанда, күнкөрісі төмен екендігі айтпай-ақ анық еді.
«Қазақстанда  мал  шаруасын  тұтынған  һəм  шала  диқан  орыс 
үйлерінің  саны 6 мыңдай-ақ,  мал  шаруасы  һəм  диқан  қазақ 
үйлерінің  саны 400 мыңдай,  яки  орыстың 1,5 проценті – мал 
тұтынатын  шаруа  һəм  шала  диқан,  қазақтың 87 проценті – мал 
тұтынатын шаруа һəм шала диқан. Сөйтіп отырып, екі жұрт малға 
тең жарым, егіндікке қазақ бестен бір, кедейлікке орыс үштен бір, 
кооперацияға  қазақ  он  үштен  бір  ие.  Бұл  қалып  тұрғанда  қазақ 
еңбекшілеріне құр интернационализм үйретіп, «бейбауырмалдық» 
деп  ойбайлаумен  іс  бітпейтіні  анық», - деп  жазды  соған  сəйкес 

108
өзінің  «Міндет  ауырлады,  үдесінен  шығу  керек»  атты  мақа ла-
сында (Ақ жол, 1924, 21 қыркүйек).
Сырдария  мен  Жетісу  облыстары  Қазақстанға  қосылғаннан 
кейін  ол  жаңа  деректерге  жүгініп: «Жарым  көшпелі  қазақтардан 
санақ  алынған  кезде  бестен  бірінің  егіні  жоқ  болғаны,  егін  ша-
масы – үй санына бөлгенде – бір жарым десятинаға жетпей, мал 
санағы – үй санына бөлгенде – 14 бастан келгені қазақтың «жарым 
көшпелі» деп жүргенінің өзі кім екенін көрсетеді. Санақ алынған 
кезде  орыс  отырықшы  диқандарының  орта  есеппен  үй  басына 
7 десятина егін, 13 бас малы болған, орыстың жүзден тоқсанының 
егіні  болған,  қазақтың  бестен  екісінің  егіні  болған.  Мұның 
барлығын  есепқойлықты  көрсетуге  жазып  отырған  жоқпыз. 
Қазақстанда қырғыз-қазақ ұлтының тұрмысында мал шаруасының 
қандай мəнісі барлығын ашығырақ түсіндіргеніміз», - деп жазды 
(Еңбекші қазақ, 1925, 4 наурыз). Сөйтіп, орталық өкіметтің қазақ 
қауымын  «көшпелі»  жəне  «жартылай  көшпелі»  деп  жіктеуінде 
солақай тапшылдықтың саясатына сүйенген, шындыққа сəйкесіп-
сыйыспайтын  жалаң  шарттылықтың  жатқандығын  жұқалап  қана 
жеткізді.
Ал  Алаш  елінің  алтыдан  бірі  диқаншылықпен  айналыса-
тын  еді.  Қожанов  «Ақ  жолда»  жарияланған  «Ыңғайлы  шарт-
тар  қолға  кіргенде,  қазақ  жоғын  ұмытып  кетпеңдер», «Еңбек 
ие,  еккен  алады», «Көп  жұмылса,  іс  бітеді»,  т.б.  мақалаларында 
егіншілік  мəселелерін  екшеп-ежіктеген.  Бұлардың  барлығында 
отырықшылықтың  озық  үлгілері  насихатталып,  кезіккен  кесір-
кедергілер  ащы  сынға  алынған,  сондай-ақ  шиетүйін  проблема-
лардың шешімдері нұсқалған.
Қазақ  жұртының  басты  кəсіптері – малшылық  пен  егін-
шіліктің  əсіресе  жаңа  экономикалық  саясат  (НЭП)  тұсында 
қиыншылықтарға ұшырасқандығы сөзсіз.
Ең жанды мəселе – жер мəселесінің шешілмеуімен бірге, аза-
мат соғысы жылдарындағы «соғыс коммунизмі» саясаты жəне онан 
кейінгі кезеңдегі əлгі жаңа экономикалық саясат қазақтың рулық-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет