АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ПАССИОНАРЛЫҚ ҚУАТЫ
Тəуелсіздік алған жи-
ырма жылда Қазақ Елі
адамзатқа
бейбітшілік,
даму тілейтін, əрі сол
жолдағы жарысқа адал-
дықпен, біліммен əділетті
түсе алатын мемлекет
екенін əлемдік қауымдастыққа дəлелдей алды. Қазақ Елінің осын-
дай қуатқа ие болуы кездейсоқтық емес еді, жас мемлекетке күш
беретін қуат көздері көп болатын. Сол қуат көздерінің ішіндегі
бірегейі – Алаш қозғалысы. Қазақ этносы үшін оның стату-
сы – асқақ. Алаш алыптарының барлығы биік мəдениет, терең
білім иелері болатын. Бүгінгі Алаштану ғылымына талаптың
күшті болатыны сондықтан. Алаш ұғымы – қазақ этносы үшін
қасиетті метаұғым. Кезінде ғалым Кеңес Нұрпейіс оған мынадай
анықтама берген: «Алаш немесе Алашорда қозғалысы – бірнеше
құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. Олардың негізгілері:
біріншіден – саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден – мемлекеттік
құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден – осы автоно-
мияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін) басқаруға тиісті оның
ордасы немесе Алашорда үкіметі. Басқа сөзбен айтқанда, осы
нақты үш мəселенің жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы
деген ұғымды бейнелейді»(Нұрпейіс Кеңес. Қазақ қоғамы жəне
алаш қозғалысы. // Кітапта: «Алаштану мəселелері»: Сериялық
ғылыми жинақ. / Құрастырған.: Т.Шаңбай – Семей: Алаш-Таным,
2008. -240 б.).
Бүгінгі Алаштану ғылымы – Алаштың тереңіне бойлай алатын
байыпты, əлемдік аренада оның мəнін асқақтатып көрсете алатын
ғылыми таным мен ғылыми зерттеудің методологиясын іздестіру
жолында əрқашанда ізденісте болғаны абзал.Алаш қозғалысы –
Шанбай Тұрдықұл,
Алаштану ғылыми-зерттеу Орталығының директоры,
Семей қаласы.
72
этносаяси феномен ғана емес, мəдени-философиялық құбылыс бо-
латын. Оны сол кездегі орталық бірден түсінді, халық санасынан
тұтас алып тастауға, теріс түсіндіруге ұмтылыстың күшті болуы
сондықтан. Қазақтың барлық-болмысы жəне оның болашағының
алдындағы жауапкершілік деген концептуальды мəселе — алаш
идеясында көрініс тапты. Сол кездегі орталықтағы большевиктік
бағыттағы басшылар төңкерісшіл танымдағы саясаткерлер бол-
са, алаштың алыптары саясатпен қатар, бір-бір ғылымның ба-
сында тұрған марқасқалар еді. Мəселен, сол кездегі орталықтың
саясаткерлері қоғамдық аренадан кеткенде, бүгінде олардың иде-
ясы өзімен бірге келмеске кетті. Ал, алаш алыптарының танымы
қазақ қоғамына қандай саясат келмесін, жаңарып жанданып оты-
рады. Алаш алыптары сыңар езу бір жақты емес, энциклопедиялық
масштабтағы философиялық танымдағы тұлғалар еді. Олар
ғалым ғана емес, ғылымның басында тұрған даналыққа құштар
пассионарлық тұлғалар болғандықтан ой еркіндігімен ерекшеленді.
Не ғылымға, не саясатқа қазық қағып соған өзін байлап қоймады,
керісінше екеуін де халқына қызмет етудің жолы деп түсінді.
Сондықтан да халық алдында алаш алыптарының абыройы асқақ
болды. Алаш қозғалысының пассионарлық қуатының мəні осында
болатын.
Алашта бар елдік рухты байқамау жəне аттап өту қазақ
дүниетанымына қатысты мəселеде ешқашан мүмкін емес. Бұл
бүгінгі қазақ мəдени-философиялық ойтанымның негізгі əрі өзекті
мəселесі ретінде қалып отыр. Əрине, оның байқалмағанын ауру
ақыл қалайды. Ал, сау ақыл оны санаңа үнемі салып отырады. Алаш
қозғалысы, ондағы алаш идеясы – тұтас мəдени-философиялық
құбылыс дейтініміз сондықтан. Ұлттық дүниетаным мəселесінде
адасқан сайын алаш танымы алдыңнан шығып отырады. Ол – алаш
идеясындағы барлықтың(болмыс) қуаты. Алаштық сана – алаш
алыптары бар кезінде, барлық таласына бел шешіп кіріскен кезінде,
патшалық болсын, төңкерісшіл болсын, жалпы империялық
санаға үрей əкелсе, бүгінгі жаһандану заманындағы əлемдік жорға
санаға да тиімсіз болуы əбден мүмкін. Олай дейтініміз, өнер мен
ғылымда нақтылы зерттеле бастағанымен, бүгінгі саяси-қоғамдық
өмір процесінде Алаш танымын өткен шақтық мəселе ретінде
қарастырудың сызы басым.
73
Алаш идеясы – болмысынан субстанциялық болатын,
сондықтан да мəңгілікке құштар еді. Алаш алыптары айтты, Жа-
ратушы адамзат баласын тең қылып жаратты, сондықтан да
қазақ та теңдігін алсын деді. Қазақ тіліне таршылық болмасын,
қазақ атажұртына, оның байлығына өзі ие болсын деді. Қазақ
Еліндегі басқа этнос өкілдеріне өз қатарынан орын берді. Ешкімге
қаратылған қарсылық жоқ, адал ниеттен туған ойтаным болатын.
Оған бірінші кедергі «ұйқы» екендігі, оның «өлімге»
апаратындығын алаш алыптары тура айтты. «Оян, қазақ!» ұран
ғана емес, жан айқайы болатын. Жан айқайы рухқа қауып төнгенде
шығады. Осылайша, бірінші сөз, алаштың өз баласына қаратылып
айтылды.
Екінші сөз баршасына, сыртқа қаратылып айтылды.
Адамзаттың бəрін бауырым деп сүйетін алаш баласының əділетті
ойы сол кезде сыртқа ұнамады, ал бүгінде іште оған деген
немқұрайдылық пен енжарлық қатар бар. Ұнамау жақсы, өйткені
кімге ұнамағанын білесің. Немқұрайдылық пен енжарлық жаман,
онда – іш пен сыртты тұтастандырып жіберетін əділетсіздік бар.
Ерте тарихтан бері Алаш ұғымы – қазақ танымындағы ең қасиетті
метаұғым. Ежелгі Ер Түріктен бері бауырластар, қандастар, туы-
стар деген мағынаны білдіретінін əр қазақ біледі. Алаштың идеясы
да сол – бауыр болайық, туыс болайық, адамзат баласы тең деген
терең танымға өріс ашқан болатын. Қазақ та сол адамзаттың бір
баласы бəріңмен барлық мəселеде тең болсын деді. Қазақтың тура
мағынасындағы, əділетті мағынасындағы ұлтшылдығы, нағыз
демократия салтанат құрсын деген идеясы империялық санаға
ұнамады. Ол туралы қазақ философы Ғарифолла Есім: «Сондықтан
алаштың Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан
Жұмабаев, Міржақып Дулатов сынды озық азаматтарының «Оян,
қазақ!» деп көтерген ұраны большевизмге қарсы атылған оқ бол-
ды», – дейді. (Есім Ғарифолла. Қазақ ұлтшылдығы. -21-34 беттер.
// Кітапта: «Қазақ елі – мəңгілік»: Жазушы, академик, профессор
Ғарифолла Есімнің 60 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек
үстел материалдары. / Құрастырған.: А.Құлсариева. – Алматы:
Қазақ университеті, 2008. -240 б.).
Алаш алыптары əділетсіздік жолындағыларға ұлттық сананың
ұнамайтынын білді, бірақ олар саналы түрде ауыр болса да əділет
74
жолын таңдады. Алаш алыптары сау ақыл мен əділетті ту етіп
ұстады, əділетсіздік жайлаған сана оны өзіне атылған оқ ретінде
қабылдады. Бұл заңдылық болатын. Əл-Фараби, Абай сынды
даналар шыққан ұлы даланың пассионарлық қуатты білімпаз
ұлдарынан сескенді.
Семейдің сол жағалауының 1917-1927 жылдары Алаш
қаласы атанғаны тарихтан белгілі. Қаланың солай аталуына
қарашекпенділердің тарапынан қаншама қарсылықтар болды.
Алаш дүниетанымында тұтастық бар еді. Сол санадағы тұтастыққа
қарсылық бір қарағанда байқалмайтын барлық деңгейде тоқтаусыз
жүріп жатты. Соған қатысы бар мың мысалдың бір-екі материа-
лынан үзінді келтірейік. «Воля народа» газетінің 1917 жылы 11
шілдеде жарық көрген №5 нөмірінде осы қала тағдырына қатысы
бар мақалада мынадай ой айтылған: «На днях состоится передача
общественного имущества и делопроизводства Слободки город-
скому самоуправлению. Таким образом, обособленному бытию ее
наступает конец. Как известно, Киргизский Комитет предпо-
лагал превратить ее в самостоятельный город Алаш (в перево-
де – отечество)» (Город Алаш. Сборник документов. Е.Сыдыков,
В.Кашляк.(Составители). – Семей. 2010. – 366 стр.).
Сондай-ақ, 1919 жылы 9 көкектегі Семейдегі ерекше
комиссиясының мəжілісінің хаттамасында мынандай мəлімет бар:
«С начала февральской революции население Заречной Слободки
вновь стало усиленно добиваться выделение и даже образовало
свой Исполнительный Комитет, именовав его Алашским (Алаш
по-киргизский означает их род.). В своем докладе областному
комиссару Алашский исполнительный комитет от 20 июня 1917
года за №20 пишет, что с провозглашением свободы сердце каж-
дого слобожанина /алашца/ забилось радостью, и стало мучить и
давить прежнее недовольство властей, у всякого родилась мысль:
«Нельзя ли нам начать жить по-новому, как живут другие! У всех
единение, дружба и, как читаешь, они устраивают свои хозяй-
ственные дела!». Но недолго продолжалась эта радость: 6 апре-
ля месяца сего года пришло постановление областного исполни-
тельного комитета о присоединении Слободки /Алаша/ к г(ороду)
Семипалатинску…» (Восточное отделение Правительства Ала-
шорды. Сборник документов.// Семей, 2010.-425 бет.).
75
Осыдан байқаңыз, сол кездің өзінде алаш ұғымының мəніне
«іштегі» сырттың өзі қаншалықты назар аударғанын. Алаштану
ғылыми-зерттеу Орталығы «Күншығыс Алашорда» жəне «Алаш
қаласы» деген құжаттар жинағын шығарды. Онда Алашордаға
қатысы бар құнды материалдар жинақталған. Мысалды сол
еңбектерден беріп отырмыз.
Алаш қозғалысының болмысына талдау жасауда отандық
тарих ғылымы мен филология саласы қайраткерлік көрсетіп
отыр. Дегенмен, империялық таным аясында қалған санада алаш
қозғалысын орталық пен аймақтың қарым-қатынасынан пайда
болған фактор ретінде түсіндіруге ұмтылыс та жоқ емес, онда
ұлттық дүниетанымның бүтіндігі деген танымға деген қимастық
бар.
Барлық салада, барлық тарапта аласапыран кезеңде жеке
тұлғаның серке шығуы адамзат тарихында жиі кездескенімен,
тұтас тұлғалар тобының біртұтас жоғары сананың бірлігін
көрсетуі сирек. Бұл сол этностың ұлттық дүниетанымының биік
сапасын көрсетсе керек. Алаш қозғалысының пассионарлық қуаты
дегеніміз осы.
Сол биік сана бүгінде өзін қалай байқатып отыр. ХХ ғасырдың
басында жүзден астам жоғары білімді азаматы бар халық тұтас
ұлттық идеяға ұйыды, ал сол халық ХХІ ғасырдың басында мил-
лионнан астам жоғары білімді азаматы бар болса да этностың
болмысына қатысты проблематикада неге немқұрайдылық пен
енжарлық танытып отыр. Олай болса этностың тағдырына қатысты
мəселеде проблема бар. Мəселен, алаштың алыптары газетті ту-
расынан «Қазақ» деп атады. Ахаң, яғни, қазақтың данасы Ахмет
Байтұрсынов сол «Қазақ» газетіне қазақтың субстанциялық қазығы
не екенін ақиқатпен анық етіп жазды: «Өз тілімен сөйлескен, өз
тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай
жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын
нəрсенің ең қуаттысы – тіл». Өз тілімен сөйлескен жəне жазған
жұрттың ұлттығы жоғалмайды екен. Орыс ғалымдары отандық
ғылымның орыс тілінде дамығанын қалап отыр. Əйтпесе дейді
олар, тілдің сол саласы ғылыми ұғымдар жүйесі қалыптаспаған
соң, қатып-семіп жойылады деген мəселені көтеріп отыр. Космос,
тағы басқа ғылым саласын айтпай-ақ қояйық, күнделікті тіршілік
76
қамына қазақ тілі толық ие болмай отыр. Осындайда, ойыңа
хакім Абайдың сөзі түседі: «Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған,
күлген сөздеріміз қайда?». Алаштың дүниетанымдық ұстанымы
қазақ философиясының темірқазығы ретінде қарастырылуы көп
мəселеге сəулесін түсірер деген ойдамыз.
Саны аз болғанымен, сапасы биік, бойында пассионарлық
қуаты бар алаштың дана ұлдары тұтас этносты ұйыта білді.
Қазақстан Республикасындағы бүгінгі жаңашылдарға алаш
алыптарының биік мəдениеті, асқақ идеясы қашанда үлгі болары
хақ.
77
ОБ ЭКОНОМИЧЕСКОМ НАСЛЕДИИ
АЛАШ-ОРДИНЦЕВ
Современное развитие Казахстана наиболее ярко под-
тверждает необходимость исследования экономических и об-
щественно-политических взглядов Алашординцев, поскольку
многие основы становления суверенного, экономически неза-
висимого государства закладывались тогда, в ходе трагиче-
ских политических событий начала прошлого века.
В целом, взгляды Алашординцев принято относить к пред-
ставителям мелкобуржуазных взглядов. Для данного направле-
ния экономической теории характерно отождествлять крупный
капитал в целом с торговым и ссудным капиталами, а эксплуата-
цию трактовать как неэквивалентный обмен, нарушающий закон
стоимости. Представители этого направления предполагают дости-
жение гармонизации общества с помощью реформ. К нему мож-
но отнести экономические теории либерального народничества в
России 19 в., современные экономические доктрины африканских,
азиатских, индийских и т.п. «социализмов». Примером также мо-
гут выступать теории «демократического социализма» в развитых
капиталистических странах, трактующие гармоничное обществен-
ное устройство как некую «смешанную экономику», сочетающую
частную собственность на средства производства, свободу предпри-
нимательства, конкуренцию с регулированием экономики буржуаз-
ным государством.
Екатерина Сергеевна
Никитинская
Депутат,
Секретарь Комитета по финан-
сам и бюджету Мажилиса Парла-
мента Республики Казахстан,
Заместитель Руководителя Пар-
ламентской фракции ДПК
«Ак жол»
78
Для м елкобуржуазных концепций характерно, с одной сто-
роны, предложение реформистских решений рыночных противо-
речий, поиск компромисса и «третьего» пути общественного раз-
вития, с другой — нередко острая, хотя и не всегда последователь-
ная, критика наиболее одиозных противоречий существующего
товарного производства, обоснование необходимости борьбы за
обеспечение демократических прав, ограничение власти моно-
полий, национальная независимость и некапиталистический путь
развития.
И это в начале двадцатого века было чрезвычайно актуально
для становления казахстанской государственности.
Сегодня для нас экономическое наследие Алашординцев –
это их рукописи, материалы местных съездов, программные до-
кументы.
Еще задолго до Октябрьского переворота лидеры казахского
либерально-демократического движения широко пропагандиро-
вали свои программные взгляды на социально-экономическое и
политическое развитие Казахстана, а сразу же после революции
в Петрограде в газете “Казах” от 21 ноября 1917 г. опубликовали
проект программы партии “Алаш”, составленной А. Букейхано-
вым, А. Байтурсыновым, М. Дулатовым, И. Гумаровым, А. Жун-
дебаевым, А. Беремжановым, Е. Турмухамедовым.
Программа обеспечила партии “Алаш” большой успех на вы-
борах в Учредительное собрание и объединила представителей
различных слоев казахского народа на Втором всеказахском съез-
де, состоявшемся 5-13 декабря 1917 г. в Оренбурге.
Аграрный вопрос
Насколько справедливы были требования казахской интелли-
генции наиболее ярко свидетельствует их позиция по земельному
вопросу. Их суть можно свести к следующим положениям. В част-
ности, в резолюции Уральского областного съезда киргиз от 19
апреля 1917г. (председатель съезда Жаханши Досмухамедов) го-
ворилось, что «Окончательное решение земельного вопроса долж-
но исходить из того принципа, что земля должна быть представле-
на тем, кто прилагает к ней личный труд, безразлично в каком бы
то ни было виде: в виде посева, пастьбы скота, огородничества и
т.д. Киргизская земля должна быть предоставлена исконным вла-
79
дельцам ее – киргизам, с принятием надлежащих мер к огражде-
нию интересов киргизской демократии.».
В качестве временных мер до разрешения вопроса в законода-
тельном порядке предлагалось:
● приостановление переселения в область и приостановление
землеотводных работ;
● запрещения впредь отчуждения и сдачи в аренду киргиз-
ских земельных угодий;
● передача во временное пользование киргиз всех монастыр-
ских, архиерейские, церковные, дворянские земли, до на-
стоящего времени незаселенных и необорудованных в хо-
зяйственном отношении;
● предоставление в пользование киргиз все образованные до
сего времени переселенческим управлением участки для
переселенцев, если участки эти никем не заселены;
● предоставление киргизам права скосить траву в казенных
лесных дачах и степях, однако, не допуская ни в коем слу-
чае самовольной порубки леса; допустить киргиз пасти
скот на опушках этих лесных дач, не допуская скот в лес;
● все состояние в пользовании переселенцев и других лиц по
арендным договорам земли оставить в пользовании аренда-
торов до истечения срока аренды или разрешения земель-
ного вопроса в законодательном порядке;
● вопрос о спорных озерах, все существующие земельные
споры, равно и споры о рыболовстве оставить впредь до
разрешения их в законодательном порядке, поручив област-
ному киргизскому комитету войти в сношение с заинтере-
сованными сторонами для улаживания могущих возникнут
острых осложнений в пользовании означенными угодьями:
● предоставить право киргизами и татарам иметь постройки
на ярмарочной земле. [1, С. 39].
Аналогичные подходы получили отражение в материалах 1-го
Тургайского областного киргизского (казахского) съезда (2 – 8
апреля 1917г.) и первого Общеказахского съезда, состоявшегося
21-26 июля 1917 года, на котором присутствовали делегаты от
Акмолинской, Семипалатинской, Тургайской, Уральской, Семи-
реченской, Сырдарьинской, Ферганской областей и Внутренней
Букеевской Орды.
80
В дальнейшем в программе Алаш-Орды указывалось (10 па-
раграф):
«При выработке земельного закона в учредительном собрании
в основу должно ложиться наделение землею в первую очередь
туземцев. Надел переселенцев крестьян, до окончания полного на-
дела туземцев, не должен производиться. Все ранее отобранные
у киргиз переселенцами земли должны быть возращены обратно.
Киргизы должны получать земли с более плодотворной почвой
через местные комитеты. Личные земельные участки должны при-
надлежать только земству, причем при росте населения они отре-
зываются для прибывших, т.е. надел происходит из этих земель.
В Туркестане, кроме наделов землей, должны быть также наделы
водой. Пользование землей вообще должно происходить так, что-
бы районные и аульные пользовались землей родами, а не отдель-
ными семействами. Продажа земли категорически воспрещается.
Все богатства земли: большие леса, реки принадлежат государству
и управляются земством.» [1, С. 90-91].
О животноводстве
В связи с тем, что А. Букейханов участвовал в ряде много-
численных исследований уклада жизни казахского населения раз-
личных уездов еще в дореволюционный период, им были созданы
своеобразные очерки по вопросам рационального обустройства
киргиз-скотоводов в плане оптимальных земельных наделов и
устройства на зимовых стойбищах.
Их основы нашли свое первое отражение в Материалах кир-
гизского землепользования, собранные экспедицией под руко-
водством статистика Ф.А. Щербины, в составе которой самое ак-
тивное участие принимал А. Букейханов, составляя схемы земле-
пользования и схемы территориального размещения родов (1903
г.). В них отмечалось, что «вообще устройство киргиз-скотоводов
на новых зимовых стойбищах представляет одну из труднейших
колонизационных задач. Это дела во всяком случае более труд-
ное, чем устроение переселенца-земледельца. Самый трудности
зависят столько же от того, что киргизу-скотоводу требуется в не-
сколько раз больше земли, чем земледельцу, сколько и от сложно-
сти тех условий, с которыми соединено устройство зимовников и
зимовых стойбищ в каждой местности. Не для идеального, а про-
81
сто таки для сносного «кыстау» требуется очень многое – есте-
ственная защита, наличность пресных водных источников, доста-
точная площадь для содержания зимой домашнего скота, близость
и достаточное количество сенокосных угодий, пригодность части
земель для хлебопашества, удобные проходы на другая угодья,
близость родовичей, а главное, такой приблизительно характер
всех пастбищных угодий, к какому принаровлен исторически со-
став стад, так как пастбища, годным, положим, для верблюдов и
овец, могут быть мало пригодными для лошадей и рогатого скота.
Натурально, что для того, чтобы скомбинировать все эти условия,
требуется специальное знакомство с местностью и детальное из-
учение всех ее особенностей. Необходимы, следовательно, если не
более сложные, то о всяком случае столь же основательные и ос-
мотрительные работы, как и образование переселенческих участ-
ков земле - устроительными чинами…» [2, С. 466-467].
На примере Павлодарского уезда были рассчитаны примерные
размеры земельных участков киргизов-скотоводов. Приблизи-
тельно в правобережной части уезда одно хозяйство (на 25 единиц
скота) располагает в правобережной части уезда 845 десятинами,
а в левобережной – 470 десятинами.
В ходе социалистической перестройки хозяйственной жизни
Казахстана кочевому скотоводству был нанесен невосполнимый
урон.
Мустафа Чокай писал, что «…новая сталинская теория о со-
циалистическом и даже коммунистическом кочевом скотоводстве
появилась после отобрания большей части годных для хлебопаше-
ства земель в пользу русских переселенцев. До 1930-го, даже до
1932-33 г.г. самое упоминание о кочевом хозяйстве при советском
режиме считалось совершенно недопустимым...
В статье – «Пятнадцать лет Казахстана» («Правда» от 23 окт.
1935 г.) секретарь Казакского Крайкома ВКП Мирзоян с торже-
ствующим видом сообщает, что «Казакстан пришел к своему
юбилею, имея 7.120 тыс. голов скота!) Тому, кто не знает про-
шлого казакского животноводческого хозяйства, цифра эта, по-
жалуй, может показаться и внушительной. Не уходя далеко в до-
революционную эпоху, я ограничусь только данными о казакском
скотоводстве за 1927 год. После всех катастроф, беспрерывно
82
продолжившихся с 1916 по 1923 год, на территории, тяготеющей
к линии Турксиба, имелось 28.883.480 голов скота. Из этого ко-
личества 63% приходится на долю казакского и 14,4% - на долю
киргизского населения. На этой же территории численность на-
селения равнялось (в 1916 г.) 5.540.700 душ, из них казакского
населения – 49,1% и киргизского – 9,4%». Цифры эти сообщены
Тураром Рыскуловым в статье «Туркестано-Сибирская ж. д. и ее
значение для народного хозяйства СССР» в книге – «ТУРКЕСТА-
НО-СИБИРСКАЯ МАГИСТРАЛЬ» (Москва 1929). Следователь-
но, на долю казак-киргизского населения приблизительно в 3 мил.
душ приходилось около 22 млн. голов скота. В нынешнем сов.
Казакстане численность населения приближается к 7 млн. душ, а
количество скота 7.120 тыс. или 6.400 тыс. Количество же скота в
т. н. Сов. Ср. Азии в 1934 г. определялось в 9.617 млн. гол., против
около 40 млн. до «Октября».» [3, С. 20-21].
Сравнение соотношения
населения и количества голов скота в 1916 г. и 2012 г.
3
16,8
22
25,4
8
1,5
1916
2012
,
.
.
,
.
1
Сегодня в Казахстане крупного рогатого скота 5,7 млн. голов,
овец и коз – 18,1, лошадей 1,6, т.е. всего 25,4 млн. при населении в
16,8 млн. чел. Т.о. на 1 казаха приходилось 7-8 голов скота в 1916г.
И в настоящее время эта цифра сократилась до 1,5 голов.
А. Букейханов так писал об экономическом значении лоша-
дей, овец и верблюдов в киргизском хозяйстве:
«…Лошадь является основою благосостояния киргизского
(казахского) скотоводческого хозяйства».
83
«...Верблюдь разводится киргизами (казахами) как рабочий
скот, необходимый для перевозкий юрт и домашней утвари, об-
щих для всех хозяйств; поэтому понятно, почему верблюдь одина-
ково дорог для хозяйств бедных и богатых».
«...Овца состовляет почти 1/5 скотного имущества всех слоев
без различия- богатого и бедного – киргизского (казахского) насе-
ления. С овцеводством связаны насущные интересы всего кочево-
го населения. Овцеводство, по числу в нем заинтересованных хо-
зяйств, более нежели коневодство и скотоводство может считаться
отраслью народного хозяйства киргиз».
По мнению автора, именно эти животные являлись столпами
казахского скотоводства.
Им были выявлены определенные закономерности соотноше-
ния указанных видов животных в зависимости от уровня благосо-
стояния хозяйства и их территориального размещения (см Табли-
ца № 1).
Таблица №1
Достарыңызбен бөлісу: |